Оқытушыға арналған ақпарат

Студенттің өзіндік жұмысына арналған

ДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Пән: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ

ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ

Мамандық: 5В110300 - «Фармация

Курсы: 3

Оқу семестрі: 6

Шымкент

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама № 16, 18.04.2016 ж.

Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.

Кіріспе

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) жоғары оқу орындарында оқытудың маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдайда оқытушы студенттің танымдық қабілеттерін дұрыс бағыттап, ұйымдастырады және білімге деген құштарлығын арттырады. Студенттің өзіндік жұмысы - студенттердің жеке және ұжымдық қызметтерінің көптеген түрлерін өз бетінше және оқытушы көмегімен орындауы. Бұл оқыту түрі оқытушының көмегімен белсенді ойлау қабілетін талап етеді. Сондықтан білімді өз бетінше меңгеру - жоғары оқу орындарында оқытудың ерекшелігі.

Студенттердің өзіндік дайындалуы олардың ойлау қабілеттерін күшейтіп, өзіндік жұмысты орындауға кететін уақытты дұрыс үнемдеп және пайдаланып, пәнді толық меңгеруге және кәсіптік ақпаратты дұрыс пайдалануға ықпал етеді. СӨЖ студенттердің ұйымшылдығын, тәртіптілігін, еркіндігін, дағдылануды, өзіндік ойлауды, өзіндік жұмыс істеу стилін және танымдық дағдыларын арттырады.

СӨЖ дұрыс ұйымдастыру жоғары білімді маманның өзіндік даму қабілетін арттырып, студенттерге пәнді толық меңгеруге және ақпарат жұмыстарын толықтыруға ықпал етеді:

§ пән білімін толық игеруге;

§ өз алдына дайындалудың әдістері мен тәсілдерін игеруге (ақпарат көздерін дұрыс тауып, алынған ақпаратты толықтыру);

§ өзіндік білімді толықтыруға талпыну;

2.Мақсаты:студенттердің өзіндік творчестволық еңбекке баулуын және ғылыми, практикалық мақсаттарды шешуде дұрыс танымдылықты меңгеруін қалыптастыру.

ҚР МЖБС 3.08.388-2006 сәйкес «Дәрілік заттарды зерттеудің және талдаудың жалпы әдістері» пәнін оқытуға 135сағат берілген. Оның ішінде студенттің өзіндік жұмысына 45 сағат бөлінген.

З.Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары және тапсыру мерзімдері

Тақырыбы Тапсыру түрі Бақылау кестесі (апта) Сағат саны
  Кредит 1  
Фармацевтикалық химияның негізгі даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының бақылау-рұқсат беру жүйесі. Дәрілік заттардың қолданылу кезеңдерінің барлық сатыларында сапасын бақылау жүйесі. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Фармацевтикалық талдау. Дәрілік заттардың өзі екендігін анықтауда қолданылатын физикалық және химиялық қасиеттері. Дәрілік заттардың тазалығын анықтайтын жалпы фармакопеялық ережелер. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Бейорганикалық дәрілік заттарды идентификациялаудың жалпы реакциялары презентация, презентация ға рецензия дайындау
Дәрілік заттардың сандық мөлшерін анықтайтын жалпы фармакопеялық әдістер. Титриме- триялық әдістер. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Натрийдің бейорганикалық қосылыстарының дәрілік заттарын талдау: натрий гидрокарбонаты, натрий тиосульфаты, натрий нитриті, натрий тетрабораты. презентация, презентация ға рецензия дайындау
  Барлығы:
  Кредит 2
Гадолиний қосылыстары дәрілік заттар ретінде. Радиофармацевти- калық препараттар. Висмут, мырыш, мыс, алюминий және темірдің кешенді қосылыстарының дәрілік заттарын талдау. Платинаның кешенді қосылыстары (платин, цисплатин, цисплатам). Сапасына қойылатын талаптар презентация, презентация ға рецензия дайындау
Органикалық дәрілік заттарды функционалды топтары бойынша талдау. Көмірсулар. Глюкоза, леовист, сахароза, лактоза, крахмал. презентация, презентация ға рецензия дайындау
Аралық бақылау. Коллоквиум тестілеу/ ауызша
Жартылай синтетикалық пенициллиндер. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. презентация, презентация ға рецензия дайындау
Пролин (каптоприл, эналаприл) және фенилаланин (мелфалан) туындылары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Дитиокарбамин (тетурам) қышқылы туындылары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. презентация, презентация ға рецензия дайындау
  Барлығы:
  Кредит 3
Макролидтер және азалидтер. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Бета-лактамаза ингибиторы. Сульбак- там, клавулан қышқылы. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. презентация, презентация ға рецензия дайындау
Дитерпендер дәрілік заттар ретінде. Циклогексан, циклогексинилизопреноидты витаминдер, А тобы витаминдері. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері.Тритерпендер дәрілік заттар ретінде. Мия тамырының препараттары – глицирам, биосластилин, глидеринин. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Андрогенді гормондар дәрілік заттар ретінде. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Анаболикалық әсер көрсететін жартылай синтетикалық туындылары: феноболин, ретаболил. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Андростанның синтетикалық ацетокситуындылары: ципротерон ацетаты, пипекуроний бромиді. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. Эстрогендердің синтетикалық аналогтары. Сапасына қойылатын талаптар және талдау әдістері. рефераттар дайындау және қорғау, рефератқа рецензия дайындау
Аралық бақылау : коллоквиум тестілеу/ ауызша
Барлығы:
Жалпы

4.СӨЖ орындалу түрі:

– реферат жазу және қорғау;

– рефератқа пікір жазу

– презентация;

– презентацияға пікір жазу;

– тест тапсырмаларын құрастыру;

5.Орындау критерийлері (тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар)

Оқытушыға арналған ақпарат

Академиялық периодтың басында әрбір студентке СӨЖ тапсырмалары беріледі (әрбір кредит бойынша бір тақырып).

СӨЖ тапсырмаларын дайындауда студенттің СӨЖ-ді дайындаудың барлық түрлерін қамтығанын қадағалау керек. оқытушы төмендегі критерийлерді ескеруі тиіс:

Реферат дайындау және оны қорғау (презентация)Реферат тақырыптары студентке академиялық периодтың басында таратылады. Студент рефератты дайындап,қорғаудан 1 апта бұрын кафедрадағы кесте бойынша кафедраға тапсырады. Реферат пікір беретін студентке тапсырылады, оған пікір берілген соң қорғауға жіберіледі. Жұмысты қорғау және талқылау топ алдында жүргізіледі.Рефератқа және оғанг пікір берушіге қойылатын баға бағалау критериилері бойынша жүргізіледі.

Наши рекомендации