Жүрек гликозидтерін сапалықанықтау.

- кардиогликозидтердің стеродті бөлігіне реакция:

v Либерман- Бурхард реакциясы. Құрғақ қалдықты мұзды сірке қышқылында ерітіп, сірке ангидрінің және концентрлі күкірт қышқылының (50:1) ерітіндісін қосады.Біраз уақыттан кейін ерітінді түсі қызғылттан жасыл не көкке өтеді.

-лактон сақинасына реакциялар:

v Кедде реакциясы- 3,5 динитробензой қышқылы сілтілі ортада карденолидтерді көгілдір-қызыл немесе күлгін түске бояйды.

v Легаль реакциясы- натрий нитропруссиді сілтілі ортада карденолидтер қызыл түске бояйды.

v Раймонд реакциясы- м.динитробензол сілтілі ортада карденолидтерді көк немесе күлгін түске бояйды.

v Пикрин қышқылымен реакция- карденолидтерді сары түске бояйды.

- жүрек гликозидтерінің қант бөлігіне реакциясы:

v Келлер-Килиани реакциясы. Екі ерітінді дайындайды: 1- Fe2 (SO4 )3 іздері бар мұзды сірке қышқылы;2- Fe2 (SO4 )3іздері бар концентрлі күкірт қышқылы; 1 ерітіндіде құрғақ тазартылған гликозидтер бөліндісін ерітеді және абайлап пробирка қабырғасымен 2 ерітіндіні қосады. Дезоксиқанттар болған жағдайда жоғарғы қабаты бірнеше уақытқа көк түске боялады.

2. Сандық анықтау. Меруертгүл гүлдерінің, шөбінің және жапырағының әсерін бақалар мен мысықтарда биологиялық әдіспен Мемлекеттік стандартты үлгі меруертгүл экстрактімен салыстырып анықтайды.

Бақаларда сынау.Сынауды шөп бақаларында жүргізеді. Ерітінділерде лимфатикалық сан қапшықтарына(тері астына) немесе жүрекке(қарыншасына) немесе сулы бақаларға да жүргізуге болады. Бақалардың көпшілігінде жүректің систолалық тоқтауын туғызатын стандартты және зерттелетін үлгілердің ең аз дозаларын анықтап, шөп бақасының массасына мл-де немесе мл-де су бақасының 1г массасына 1 г меруертгүл шикізатындағы БӘБ-ті есептейді.

Мысықтарда сынау.Ұсақталған және кептірілген меруертгүл шикізатынан 1:250 (жапырақтары), 1:300 (шөбі), 1:500 (гүлдері) қатынаста тұрынды дайындайды.

Тәжірибе күні меруертгүлінің стандартты үлгідегі экстрактін 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 1:35 қатыната араластырады.

Мысықтың 1 кг массасына сәйкес келетін өнімге әкелетін тұрынды дозасын мл-де анықтап( әр жануарға жеке), тұрындының активтілігін меруертгүлінің стандартты МӘБ құрамын есептейді.

5-кезең

5. Тұнбаны (Tinctura Convallaria) мамыр меруертгүлі шөбінен (Herba convallariae) 1:10 қатынасында дайындайды, экстрагент-70% спирт, перколяция тәсілімен алады.

Тұнбаны дайындау процесі мынадай сатыларын тұрады:

1. Ұсақтау. Шикізатты 0,5-1 мм ірілікте ұсақтайды,таразыда өлшеп экстракторға жібереді.

2.Спиртті сұйылту. Сұйылту арқылы 70% спирт алынады.

3. Перколяторды жүктеу.Ұсақталған шикізаттың аздаған бөліктермен экстрактрге салып, мұқият 70%-дық спиртте араластырады. Қоспаны ісіну үшін 30 мин бөлме температурасында қалдырады.

4. Ығыстыру. Өсімдік шикізаты экстрагентпен толық қапталуы үшін, перколяторға ауыстырады және жай бөлме температурасында перколяциялайды. Перколяция процесін бөліндінің мөлшері 1:10 қатынасына жеткенше ұсақтайды.

5. Тұндыру және стандартизациялау. Тұнбадағы құрғақ қалдықты тексереді, ауыр металдарға анықтама жүргізеді, спиртке сандық анықтама жүргізеді, сондай-ақ тұнбаның микробиологиялық тазалығын тексереді.

6. Сүзгілеу және өлшеп орау.Бөтелкелерге құяды, бөтелкелерді бірден қалпақшалармен және бітеушелермен қымтап жабады және бөтелкелерге этикетка жабыстырады.

6. Медициналық қолданысы:жүрек ауруларына қарсы зат ретінде қолданылады. Жедел және созылмалы қанайналым жетіспеушілігінде, жүрек декомпенсациясында, пароксизмалды тахикардия ұстамаларын жинақтау үшін, тахиаритмияда, невроздар кезінде. Кардиотоникалық әсер көрсетеді.

Препараттары: коргликон препараты – тек жүрек гликозидтерінің қосындыларынан тұратын сұйық және егуге арналған түрінде шығарылатын дәрі, ішке қабылдауға арналған, флакондарда, ампулада шығарылады. Меруертгүл тұнбасы 70% спиртпен алынатын сұйық дәрі.

Нұсқа – «З» кәдімгі шетен 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:

1. Өндірілетін өсімдік – кәдімгі шетен - рябина обыкновенная

Peanta productiva- Sorbus aucuparia. L

2. Дәрілік өсімдік шикізаты – кәдімгі шетен жемісі- плоды рябины обыкновенной- Materia vegetabilis medicinalis- Fructus sorbi aucupariae

3. Тұқымдасы- раушан гүлділіер- розоцветные - Familia – Rosaceae

Шетен жемістерінің морфологиялық сипаттамасы: жемісі алма тәрізді, жеміс сабағы жоқ, 2-5 ұялы дөңгелектенген немесе сопақша жұмыр, көлденеңінен 9мм дейін,жылтыр, қатты әжімделген, бас жағында безді білінбейтін тістері бар, тостағаншасы бар, жемісінің жұмсақ жерінде 2-7 орақ тәрізді майысқан ұзынша келген,аяғы өткір, қатты тегіс қызыл қоңыр тұқымы орналасқан, жемістің жұмсақ жері борпылдақ, етті, беті қабықты.Жемісін көлденең кескен кезде 2-5 дән ұялары көрінеді, ұялар қабырғасы шеміршектелген, қатты, жұмсағымен бірге. Әр ұяның ішінде 1-2 қызыл қошқыл қабығы және ақ ядросы бар жемістерінің дәндері бар. Жұмсағы борпылдақ, етті, үстінен терімен жабылған.Жемістері қара- қызғылт сары немесе қоңыр қызыл түсті, иісі әлсіз, өзіне тән дәмі бар, қышқыл ащы.

2 кезең Дұрыс жауап эталоны:

Шетен жемістерінің морфологиялық сипаттамасы: жемісі алма тәрізді , жеміс сабағы жоқ 2-5 ұялы дөңгелектенген немесе сопақша жұмыр көлденеңнен 9 мм ге дейін , тамыры қатты бұжырланған бас жағында без білінбейтін тістері бар тостағаншасы бар жемісінің жұмсақ жерінде 2-7 орақ тәрізді майысқан ұзынша келген қатты тегіс қызыл қоңыр тұқымы орналасқан жемістің жұмсақ жері борпылдақ етті беті қабықта . Жемістері қара- қызғылт сары немесе қоңыр өызыл түсті , иісі әлсіз өзіне тән дәмі қышқыл ашты.

2. Химиялық құрамы.Жемістері каротиндерге бай, соның ішінде β-каротин 18-20мг/100г (құрғақ затқа есептегенде), сонымен қатар С дәрумені бар (40-200мг/100г), P, B2, E.

Моно және дисахаридтер кездеседі, (8% дейін), кето қант L- сарбоза және спирт сорбит бар. Органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон) - 4% дейін, тритерпен қышқылдары (урсол, олеанол)- 1,8-1,9%. Катехиндер, фенолкарбон қышқылдары, флаваноидтар (кверцетин, рутин, гиперозид) және антоциандар.

3.Микроскопиясы.Ұсынылған кәдімгі шетен жемісін микротом немесе алмастың көмегімен жұмсартылған шикізаттан көлденең кесіндіні дұрыс жасады. Шетен жемісін ағарту үшін дәрілік өсімдік шикізатын калий гидроксидінің 5% ерітіндісінде 3-5 минут қайнатты.Петри табақшасына ауыстырып,2-3 рет ағын сумен жуды.

репаровалдық иненің көмегімен сынама заттық шыныға көшіріледі.

Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабылады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.

Кәдімгі шетен жемісінің препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: жеміс эпидермісі өлшемсіз жуан қабырғалы жасушалардан, қабырғасы өткізгіш жасушалардан тұрады, устьицасы жоқ, клеткада көрінетін ұсақ көптеген сары түсті майлы майлардың тамшысы бар, ұлпа қиындылары тасты клеткалы немесе жалғыз тасты клетка, шашақтары бір клеткалы, ұзын, жұқа қабырғалы, ирегі бар және көбірек ірі жуан қабырғалы түзу шашақтар немесе олардың сынығы, жемістің жұмсақ жерінің жасушасы кристалдар тобынан және призма тәрізді кристалды кальций оксалатынан тұрады .

3 кезең Дұрыс жауап эталоны:

1. Қажетті зертханалық құралдар (колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.

Шетен жемісін келіде ұсақтайды.

1г салмақтағы кәдімгі шетен жемісінің ұсақталған шикізатын алып, көлемі 100 мл колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 10 мл тазартылған су құяды.

Су моншасында 2-3 минут қайнатады.

Шетен жемісінен алынған бөліндіден 2 мл өлшейді.

Каротиноидтарды анықау үшін реактивті таңдап алады.

Бөліндіні ЖҚХ арқылы н-бутанол:сірке қышқылы:су (4:1:5) жүйеде анықтайды, УК сәуледе дәрумендер дақтары пайда, дақтарды йодты камерамен көру кезінде Rf = 0,17 (тиамин), Rf = 0,40 (рибофлавин) сары түс, Rf = 0,70 (аскорбин қышқылы) қоңыр сары түсте болады.

Сан көрсеткіштері.

· Каротиноидтар -1% кем емес,

· ылғалдығы 18% көп емес;

· жалпы күлділігі 3% көп емес;

· ашық сары жемістері 3% дан көп емес;

· өсімдіктің басқа бөліктері ( жапырақтары, сабақ бөліктері ) 0,5% көп емес; қатты пісіп жетілмеген және күйген жемістері 3% көп емес;

· органикалық қоспалар 0,5% көп емес;

· минералды қоспалар 0.2% көп емес.

4 КЕЗЕҢ Дұрыс жауап эталоны:

Сапалық анықтау. Сапалық реакциялар

· Флаваноидтарға: спиртті бөліндісін (1:3 70% спирт ) фильтрлеп, буландырады,1мл буландырған бөліндіге, 0,1г магний сульфаты және 1 мл конц тұз қышқылын қосады алқызыл түс пайда болады.

· Каротиноидтарға - Карра - Прайс реакциясы.2мл хлороформдағы сурьма хлориді ерітіндісін қосқанда қошқыл түске көшетін жасыл көк түс түзіледі.

2.Сандық анықтау.Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады. Кәдімгі шетен жемісін, тесіктерінің диаметрі 3мм елеуіш арқылы елейді.

Кәдімгі шетен жемісінің 5г нақты өлшемін алып, фарфор келіге салады және келсаппен езеді .

Тығындалып жабылатын 100мл колбаға салып, 50мл гексан:этил спирті 96% қосады, араластыра отырып 2 сағатқа қалдырады.

Сосын қоспаны араластырады және бөлінідіні фильтрлейді .

Сыйымдылығы 25мл колбаға 15мл фильтрат қосып, гексан:этил спирті 96% қоспасын қосады (1:1) 450нм толқын ұзындығында оптикалық тығыздығын өлшейді, кювета қалыңдығы 10мм болуы керек. Салыстырушы ерітінді ретінде гексан:этил спирті 96% алынады.

Параллельді түрде СО калий бихроматы ерітіндісінің оптикалық тығыздығын өлшейді. β-каротинге өлшегенде каротиноидтарды келесі формула бойынша анықтайды :

X=D1×0,00208×25×50×100×100\D0×m×15×(100-W)

D1 - 450нм толқын ұзындығында зерттелетін ерітінді оптикалық тығыздығының мөлшері.

0,00208- β каротин мөлшері,мг

D0 - 450нм толқын ұзындығында СО калий бихроматы ерітіндісінің оптикалық тығыздығы ның мөлшері;

W - шикізатты кептіргендегі салмағын жоғалтуы.

5 КЕЗЕҢ Дұрыс жауап эталоны:

1.Медициналық қолданысы: витаминотерапияда, яғни, витамин жетіспегенде, гипотензивті зат ретінде қолданылады. Халық медицинасында цинга кезінде, диуретикалық зат ретінде, гипертония ауруларын емдеу үшін қолданылады.

2. Шетен жемісінен алынатын препараттар : шетен жемісінің қайнатпасы, дәрумендік шәй, шәрбат.

Наши рекомендации