Тұқымдастығы – Aстралылар - Asteraceae
3. ДӨШ морфологиялық сипаттамасы: Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түбінен бастап немесе көбінесе жоғарғы жақтары көп бұтақталған. сызықты, жапырағы мол. Жапырағы ұзын, қауырсынды және екі есе қауырсынды тарамдалған, ұштары сүйір, отырыңқы. Гүл шоғыры себет, ұзын гүлі Жапырақ ширатқысы бір қатар, жасыл, қоңыр, шеттері ақ қабыршақты, жиектері бүтін. Шет гүлдерінің тілшері майысқан, ақ. Тұқымдары өте ұсақ, имек, бүйі мыжылған, жоғарғы жағы қиғаш кесілген, жалаң, үш дөңес ақ сызығы бар, тұқымының арқасы жалаң, қоңыр айдарсыз. Мамыр-масымда гүлдейді, тұқымы шілдете пісіп жетіледі. Бүтін немесе жартылай түсіп қалған жарты шар пішінді гүл себеттері.
2-кезең
1. Шикізаттың сапасы себеттердің сақталуына байланысты анықталады; түскен себеттердің мөлшері 20%-дан жоғары болмауы керек. Гүл табанының ұзындығы 3 см-ден жоғары емес, гүл шоғырының мөлшері де осы шамадан аспауы керек.
Органолептикалық сараптама:
- Тілді гүлдің түсі – ақ, трубкалы гүлдің – сары сыртқы қабаты сарғыш-жасыл.
- Иісі қатты, хош иісті.
- Дәмі кермек, аштылау,сәл шырышты.
3. Гүлдерін (Flores Chamomillae) гүлдей бастағанда, тілді гүлдерінің көлденең орналасқан кезінде жинайды. Гүл себеттерін тарақшалардың немесе арнайы жабдықталған машилардың көмегімен жинайды. Жаз бойына себеттерінің ашылу ретіне қарай 4-5 рет жиналады. Шикізатты ашық ауада немесе кептіргіште 40-50 0С температурада гүлдерді шашылып қалмайтындай етіп сақтықпен кептіреді. Хош иісті түймедақ гүлдерін қолмен жұмып тереді.Түймедақ гүлдерін тек фанер жәшіктерде сақтайды.
4. Микроскопиясы.Гүл себетінің бөліктерінде түтікше гүлдердің созылыңқы иірімді эпидермис клеткалары көрінеді; тілше гүлдерінің эпидермисі емізік тәрізді өсінділермен сипатталады; ал гүлдін жабынды жапырақшасының эпидермисі торлы, ұзыннан созылған қабырғалары қалынданған жасуша-лардан тұрады.Тілше және түтікше гүлдерінің беткі қабаттарында эфир майлы бездері байқалады,олар 6-8 жасушадан тұрады және 2 қатар мен 3-4яруста орналасады. Гүлдің жабынды жапырақшасының ортанғы жүйкесінде және гүл тұғырында сары түсті майлы сұйықтығы бар секреторлы жолдар кездеседі.Түтікше гүлдердің мезофилінде ұсақ кальций оксалатының друздары болады.
3-кезең
1. Дәрілік түймедағы гүлінің химиялық құрамы. Шикізатта 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, басты компоненті хамазулен (7% жуық) , сонымен қатар флаванойдтер – туындылары апигенин, лютеолин, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы.
2. Эфир майының бөлінуі: эфир майын суда булау әдісі арқылы шығару. Ұсақталған шикізат мөлшерін а-кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000млколбаға салады, 300мл. су құяды, б- кері шарикті тоңазытқышы бар резенке тығынмен тығындалады. в- тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г-градусты қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне , қабырғаларына тимей судан 50 мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градусқа бөлшектелінген бөлігінің бағасы 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті-техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлшектелген бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.
4-кезең
Эфир майлары-0,3% -дан кем емес; ылғадылығы-14%-дан артық емес; жалпы күлі-12%-дан артық емес; хлорсутекті қышқылда ерімейтін күлі- 4%-дан артық емес; қарайған гүл себеттері- 5%-дан артық емес; органикалық қоспалар 3%-дан; минералды қоспалар 0,5%-дан артыұ емес;
Аналитикалық үлгіні диаметрі 2мм тесігі бар сүзгіден өтетіндей етіп ұсақтайды. Эфир майын 15г ұсақталған шикізатты 1 немесе 2 ҚР МФ ұсынған әдісімен анықтайды. Айдау уақыты – 2 сағат.
1әдіс
Гинзберг әдісі
1 – домалақ түпті колба
2 – қабылдағыш
3 – тығын
4 – кері тоңазытқыш
2 әдіс
Клевенджер әдісі
1. колба 6. Қабылдағышты кеңейген жері
2. пар өткізетін майысқан түтік 7. Жанындағы түтік
3. тоңазытқыш 8. резенке шланг
4. градуирленген қабылдағыш 9. Ағызатын түтік
5. ағызатын кран
5-кезең
Г дәрілік түймедақ гүлдерін ыстық суда 5 минут тұндырамыз. Ертіндіге шикізат қалдығы өтпейтіндей етіп, сүзгі арқылы сүземіз. Қажет болған жағдайда сүзуді бірнеше рет қайталаймыз. Дайын болған тұндырманы тамақ алдында 5-10 минут бұрын қабылдайды.
Препараттар: ішуге, шайқауға, ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Асқазан мен жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Кептірілген май шешек немесе аптек түймедағының экстракты мен эфир майы «Хомазулен»препаратының құрамына кіреді.
Дәрілік түймедағы гүлінің медициналық қолданылуы: гүлін қабынуға, асқынуға қарсы, аллергияға қарсы және тер шығаратын зат ретінде пайдаланады.
НҰСҚА –«Е» ДӘРІЛІК ШАЛФЕЙ ЖАПЫРАҒЫ 1 кезең Дұрыс жауап эталоны:
1. Өндірілетін өсімдік – Дәрілік шалфей
Planta productivа- Salvia officinalis L.
2. Дәрілік өсімдік шикізаты – дәрілік шалфей жапырағы
Materia vegetabilis medicinalis- Folium Salviae
3. Тұқымдасы- Ерінгүлділер
Familia – Lamiaceae
Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады. Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см,сағақты,сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан.Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз). Гүлдері сабақтарының ұштарында кішкентай жапырақтардың қолтығында шоқтанып орналасқан,сондықтан сирек масақты гүл шоғырын түзеді. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы.
2 КЕЗЕҢ (нұсқа –«Е» дәрілік шалфей жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:
1. Шикізатытұтас жапырақтардан ұзындығы 1мм-ден 35 мм-ге дейін кесінділерінен басқа да бөліктерінен тұрады – сабақ кесінділері,гүлдері. Жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащылау, татымды және аздап қармаушы қасиеті бар.
2.Химиялық құрамы.Шалфей жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар–эфир майы оның мөлшері 2,5%.Эфир майынын негізгі компоненті - цинеол (15%-ке дейін), сонымен қатар L – α – туйон, Д – β – туйон, Д – α – пинен, Д – борнеол, Д – камфора бар.Үшциклді сесквитерпен цедрен анықталған, ал дитерпендерден - корнузол қышқылы, розманол.
Дәрілік шалфей химиялық құрамында ілеспелі заттары: илік заттар, тритерпендер қышқылдар - урсол және олеанол қышқылдары бар.
3.Микроскопиясы.Ұсынылған шалфей жапырағын калий гидроксидінің
2,5 % ерітіндісінде 5 минут қайнатады, Петри табақшасына ауыстырып, бірнеше рет ағын сумен жуады. Препаровалдық иненің көмегімен сынаманы заттық шыныға көшіреді. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат немесе глицериннің ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.Шалфей жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады:жапырағында жоғарғы жағынан қарағанда эпидермис клеткалары көрінеді: көпбұрышты әлсіз иілген қабырғалы, төменгі жағынан қабырғалары көбірек иілген болады.Лептесік (устьицасы) негізінен төменгі жағынан, екі лептесік маңы жасушаларымен қоршалған, олар лептесік шеліне перпендикуляр орналасқан (диацидті тип). Эфир май бездері жапырақтың екі бетінен де дөңгелек формалы, бір бірінен қиын ажыратылатын, жарық өткізетін аяқтары бар,олар 6 – 8 бөлгіш клеткалармен радиальды түрде орналасқан, талшықтары көп, әсіресе, төменгі бөлігінен, жай және бірнеше бастары бар. Жай талшықтар көп клеткалы, төменгі клеткалар (2-4 жиі) қысқа, қабырғалары қалың, жоғарғы клеткасы ұзын, иілген, қабырғалары жұқа. Басы бар талшықтар ұсақ, қысқа, бір не ұш аяқтардан тұрады және шар тәрізді бір екі жасушалы бастары бар, жиегінен және астынан да жақсы көрінеді.
3 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«Е» дәрілік шалфей жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:
1. Эфир майының бөлінуі: эфир майын суда булау әдісі арқылы шығару. Ұсақталған шикізат мөлшерін а-кең ауызды, домалақ түпті немесе жалпақ түпті 1000мл колбаға салады, 300мл. су құяды, б- кері шарикті тоңазытқышы бар резенке тығынмен тығындалады. в- тығынның төменгі жағынан метал ілгіштерін орнатады, ілгіштерге жұқа сым арқылы г-градусты қабылдағышты іледі, тоңазытқыштың аяғы қабылдағыштың воронкаға ұқсас кеңдеу жеріне , қабырғаларына тимей судан 50 мм жоғары тұру керек, қабылдағыштың градусқа бөлшектелінген бөлігінің бағасы 0,025 мл. Колбаны ішіндегісімен қыздырады және ДӨШ нормативті-техникалық құжатта көрсетілген уақытқа сәйкес қайнатады. Қабылдағыштың бөлшектелген бөлігіндегі майдың көлемін айдап болып, бөлме температурасына дейін суыған соң өлшейді.
2. Сан көрсеткіштері.Эфир майының мөлшері 0,8%–тен кемболмауы керек; ылғалдығы 14%-тен артық болмауы керек; жалпы күлі 12% артық болмауы керек;қоңыр және қарайған жапырақтары 5%–тен артық болмауы керек;басқа мүшелері (сабақтар және гүл шоғырлары) 13%–тен артық болмауы керек;диаметрі 0,5мм елек торынан өтетін өсімдік бөліктері 10% –тен артық болмауы керек; органикалық қоспалар 3%–тен артық болмауы керек; минералды қоспалар 0.5% артық болмауы керек.
4 КЕЗЕҢ (Нұсқа – «Е» дәрілік шалфей жапырағы) Дұрыс жауап эталоны:
Эфир майына органолептикалық талдауды дұрыс жүргізді:
1. Түсін және мөлдірлігін (10мл майды диаметрі 2-3см болатын түссіз цилиндрге салып жарық толқынында анықтайды);
2. Иісін 0,1мл (2тамшы) эфир майын ұзындығы 12см, ені 5см болатын фильтр қағазына салып,әр 15 минут сайын стандарт үлгінің иісімен салыстырады,1сағатта иісі жоғалмауы керек.
3. Дәмін фильтр қағазына тамызылған тамшыны тілге тақап не 1тамшы майды қант пудрасының 1г қосып тілмен дәмін көру арқылы.
2.Сандық анықтау. Қажетті зертханалық құралдар (700 мл сиымдылығы бар колба, резинадан жасалған пробка, градуирленген қабылдағыш, келі мен келсап, таразы, елек, кері мұздатқыш,электр плиткасы, ілгіш, темір сым, тазартылған су) таңдап алынады.
3. Дәрілік шалфей жапырағын келіде диаметрі 2мм болғанша ұсақтайды.
4. 30 г салмақтағы дәрілік шалфей жапырағының ұсақталған шикізатын алып, көлемі 700 мл тегіс не дөңгелек түбті колбаға салады.
5. Өлшенген шикізатқа 300 мл тазартылған су құяды. Резинадан жасалған пробкаға ілгішті орналастырады. Кері мұздатқышпен қосады.
6. Жұка темір сым арқылы ілгішке градуирленген қабылдағышты мұздатқышпен дұрыс байланыстырды (кері мұздатқыш соңы қабылдағыштың воронка тәрізді бөлігіне тимей, дәл соның үстінде тұратындай етіп. Қабылдағыш колба мойнында еркін қозғалып тұруы керек және су деңгейінен 50мм жоғарыда тұруы керек).
7.Колбаны электр плиткасында 1 сағат қайнатып қыздырды.Эфир майы мен судың буы кері мұздатқышта жиналады,кейін қабылдағышқа түседі, су қабылдағыштың кіші бөлігімен колбаға түседі, эфир майы қабылдағышта жиналады. Суытып, градуирленген қабылдағышқа бөлінген эфир майын жинап алады және оның пайыздық көлемін келесі формула бойынша анықтайды: X=V100×100 / m(100-W)
мұндағы,V- эфир майының көлемі,мл; m- шикізат сынамасының салмағы,г; W-кептіргендегі салмағын жоғалтуы,%.
1 - дөнгелек колба, 2. градуирленген қабылдағыш, 3. кері мұздатқыш
4. резинкадан жасалған тығын
5 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«Е» дәрілік шалфей жапырағы ) Дұрыс жауап эталоны:
1. Медициналық қолданылуы:. Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.
2.Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.