Күшті электролиттердің осмостық қасиеттері.
(1)
(2)
Осмостық коэффициентдеп күшті электролитердің осмостық қасиеттерінің әлсіз электролиттердің осмостық қасиеттерінен ауытқу дәрежесін көрсететін шаманы айтады.
3. Күшті электролиттердің электрөткізгіштігі. Күшті электролиттердің электрөткізгіштігі иондардың үлкен саны болуына байланысты әлсіз электролиттерге қарағанда өте жоғары болып табылады. Бұл меншікті электрөткізгіштіктің концентрацияға тәуелділігінің графигінде көрінеді.
Күшті электролиттер үшін максимум күштірек бейнеленеді. Эквивалентті электрөткізгіштік сұйылтуға тәуелді графикалық талдау кезінде айтарлықтай жоғары мәндерге ие болады.
Молярлық электрөткізгіштік те Кольрауш заңына бағынады, яғни молярлық электрөткізгіштік иондар қозғалғыштығының қосындысына пропорционалды болып келеді.
∽
(1)
мұнда - күшті электролиттердің электрөткізгіштік коэффициенті.
(2)
1. Күшті электролиттердің электрөткізгіштігі қойылтылған ерітінділер үшін Онзагер заңдылығымен анықталады::
(3)
мұндағы А, В – реагенттің табиғаты және температурамен анықталады.
2. Концентрациясы орташа ерітінділер үшін:
(4)
мұндағы – диссоциация дәрежесі
– электролит және еріткіштің табиғатымен анықталатын коэффициент.
3. Для қойытылған ерітінділер үшін – Шидловскийдің теңдеуі:
(5)
мұндағы, Д – диэлектрлік өтімділік: Дсу=81
4. Күшті электролиттердің активтігі. Күшті электролиттер ерітінділері нақты ерітінділер болып табылады, сондықтан олардың қасиеттері эффективті концентрациямен, яғни активтікпен анықталады.
(1)
Электролит ерітінділерінде әртүрлі иондар болғандықтан, иондар активтігі деген түсінік еңгізіледі:
(2)
Сонымен, аниондар мен катиондардың активтігі мен активтік коэффициенті түсініктері пайда болады.
Бірақ ерітіндіде әр түрлі иондардың концентрациясы мен активтігін бөлек анықтауға болмайтындықтан, орташа геометриялық шамалар ретінде анықталатын, яғни көбейтіндінің түбірі ретінде анықталатын орташа активтік ( ) және орташа активтік коэффициенті түсініктері еңгізіледі:
Бірзарядты электролиттер үшін ( )
Олар үшін орташа активтік және орташа активтік коэффициенті былай анықталады:
(3)
Бірақ, егер күрделі электролит алатын болсақ, мысалы
(4) (5)
Күшті электролиттердің активтік коэффициенттері тұрақты шамалар болып табылмайды және өз кезеңінде ерітінділердің концентрациясына тәуелді болады.
Сұйытылған ерітінділер үшін келесі тәуелділік анықталған:
(1)
мұндағы – моляльдік.
5. Ерітінділердің иондық күші. Егер ерітіндіде екі немесе біршене электролит болатын болса, яғни ерітіндіде өздерінің электр өрістерін тудыратын әр түрлі иондардың үлкен саны болатын болса, осындай өрістің ерітіндіде интенсивтігі жоғары болады.
Сондықтан, электр өрісінің интенсивтігін сандық сипаттау үшін ерітіндінің иондық күші түсінігі еңгізіледі.
Ерітіндінің иондық күші деп моляльдіктің иондар зарядының квадратына көбейтіндісінің жартылай қосындысы ретінде анықталатын электролит ерітіндісінің электр өрісінің интенсивтігі аталады.
(1) (2)
(3)
Бірзарядты электролит үшін иондық күш ерітіндінің моляльдігіне тең болады.
6. Активтік коэффициентінің концентрацияға тәуелділігі. Активтік коэффициенті мен ерітіндінің иондық күші күшті электролиттер қасиеттерінің идеалды ерітінділерден ауытқуын сипаттайтын болғандықтан, олардың арасында байланыс бар болады:
Бұл байланыс Гюккель–Дебайдың шекті заңы ретінде белгілі: орташа активтік коэффициентінің логарифмі зарядтар мен ерітіндінің иондық күш түбірінің көбейтіндісі тура пропорционалды болады:
∽
(1)
Бақылау сұрақтары:
1. Күшті электролиттер ілімінің қағидаларын атаңыз.
2. Осмостық коэффициент дегеніміз не?
3. Бірзарядты электролиттер үшін активтік пен орташа активтік коэффициенттері қалай анықталады?
4. Ерітіндінің иондық күші дегеніміз не?
5. Активтік коэффициенттің концентрацияға тәуелділігі қалай анықталады?
Глоссарий:
Осмостық коэффициент– күшті электролитердің осмостық қасиеттерінің әлсіз электролиттердің осмостық қасиеттерінен ауытқу дәрежесін көрсететін шама.
Ерітіндінің иондық күші – моляльдіктің иондар зарядының квадратына көбейтіндісінің жартылай қосындысы ретінде анықталатын электролит ерітіндісінің электр өрісінің интенсивтігі.
Блиц-тест:
1. Экстрагирлеудің тиімді жағдайларын атаңдар:
А) Тиімді еріткішті таңдау және порциялық экстрагирлеу
В) Еріткіштің үлкен мөлшерімен экстрагирлеу
С) Тиімді еріткішті таңдау
D) Порциялық экстрагирлеу
Е) Еріткіштің аз мөлшерімен экстаргирлеу