ТаҚырып бойынша тапсырмалар
Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)
ü Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.
ü Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.
ü рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.
ü Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.
ü Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).
ü 100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.
БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары
1. Бренстед - Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед - Лоури теориясына сәйкес қышқыл мен негізге анықтама беріңіз.
2. Нормада және патологияда адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәндері рН различных жидкостей человеческого организма в норме и при патологии. Неліктен ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажет?
3. Иондану дәрежесі мен константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
4. Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?
5. Ацидоз деген не? Метаболиттік және респираторлық ацидозды қандай себептер тудырады? Алкалозға түсініктеме келтіріңіз. Алкалоздың пайда болу себебіне не жатады?
6. Күшті және әлсіз қышқыл ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді? Күшті және әлсіз негіз ерітінділеріндегі гидроксил иондарының концентрациясын қалай есептейді?
Тесттер
1. 25 °С-де бейтарап орта және таза су үшін
1) рН = 7
2) рН > 7
3) рН < 7
4) [Н+] = 10-7 моль/л
5) [Н+] < 10-7 моль/л
2. Егер Сн+ = 10-4 моль/л болса, Сон- (моль/л ) тең болады
1) 14
2) 10-14
3) 10-7
4) 10-10
5) 10-4
3. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісі үшін дұрыс тұжырым
1) [H+] = 10-11 моль/л
2) [OH-] = 10-11 моль/л
3) [H+] < [OH-]
4) [H+] × [OH-] = 10 -14
5) [H+] > [OH-]
4. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 бір қышқылды әлсіз негіз ерітіндісі үшін иондану константасы Kb (моль/л) тең
1) 10-2
2) 10-3
3) 10-4
4) 10-5
5) 10-6
5. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану кончстантасы Ка =10-7бір негізді әлсіз қышқыл ерітіндісі үшін иондану дәрежесі aтең
1) 0,1
2) 0,01
3) 0,001
4) 10-4
5) 10-5
6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына кіреді
1) Na3PO4
2) Na2HPO4
3) NaH2PO4
4) Na3PO4
5) Ca3(PO4)2
6. 10 мл қанға 2 мл Сн(НСl) = 0,1 моль/лтұз қышқылын қосқанда рН 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгерді. Қанның буферлік сиымдылығын (ммоль/л) анықтаңыз
1) 200
2) 100
3) 50
4) 150
5) 75
7. 0,1 М құмырсқа қышқылының 200 мл ерітіндісіне 100 мл 0,1 М натрий формиатының 100 мл ерітндісін қосқанда (рК(НСООН) = 3,75) пайда болған ерітндінің рН-ң мәні тең
1) 4,40
2) 4,05
3) 3,75
4) 3,45
5) 2,65
8. Алкалоз кезінде
1) ағзаның реакция ортасы сілтілік бағытқа қарай ығысады
2) сутек иондарының концентрациясы артады
3) сутек иондарының концентрациясы кемиді
4) рН өзгермейді
5) рН артады
9. Фосфатты буферлік жүйеге HCl қосқанда
1) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
2) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
3) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
4) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
5) иондардың концентрациясы өзгермейді
10. Өкпеде СО2 мөлшерінің көбеюіне әкеліп соғатын, өкпенің тыныс алу қызметтерінің бұзылуынан туындайтын -бронхит, өкпе қабынуы тәрізді аурулар кезінде
1) метаболиттік алкалоз байқалады
2) респираторлық алкалоз байқалады
3) респираторлық ацидоз байқалады
4) метаболиттік ацидоз байқалады
5) таза ауада серуендеуге кеңес беріледі
Әдебиет:
Негізгі:
1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.32-52
2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 575-611.
3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 67-85.
Қосымша:
1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
Дополнительная
1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.
Ағылшын тілінде:
1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
ОСӨЖ №4
ТАҚЫРЫП: Жылжымалы және жылжымайтын фазалар бөліну беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.
МАҚСАТТАРЫ:
· беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру және әртүрлі теориялардың көмегімен (Лэнгмюр, Фрейндлих, БЭТ) қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттауға дағдыландыру;
· дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, тазарту әдістері, олардың қасиеттерін зерттеу жайлы, негізгі түсініктерді қалыптастыру;
· дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері туралы және олардың медициналық қолданылу мүмкіндігі жайында түсінікті қалыптастыру;
· коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы және олардың коагуляциялану заңдылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
· биологиялық жүйелерді - дисперсті жүйелер ретінде түсінікті қалыптастыру;
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
· беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;
· адсорбцияның негізгі теориялары туралы ақпарат беру және Гиббс, Лэнгмюр, Фрейндлих теңдеулерін қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттау үшін үйрету;
· дисперстік жүйелердің негізгі қасиеттерін (оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрокинетикалық) сипаттай білуге үйрету;
· Панет-Фаянс, Ребиндер және пен Шульце-Гарди ережелерін қолдануды үйрету;
· коагуляция, коллоидтық қорғау процестерінің мәнін және оның биологиялық рөлін түсіндіру;
· электрофорездің, диализдің медициналықтәжірибеде қолданылуын түсіндіру және аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялардың медицинада қолданылуы туралы ақпарат беру.
ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:
- семинар (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау);
- есептерді шығару және жаттығулар орындау.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:
есептер (оқытушының таңдауы бойынша)
ü Ерітіндідегі новокаин мен кокаиннің концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде беттік керілу шамасы 6,9∙10-2 Н/м-ден 7,1∙10-2 Н/м-ге дейін, ал кокаин ерітіндісінде 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін көтерілді. 25оС температурада, берілген концентрация интервалында новокаин мен кокаинның сулы ерітінділерінің адсорбция шамаларын салыстырыңыз.
ü Күкірт қышқылын суда еріткенде адсорбция типін және шамасын анықтау керек (t = 18оС), егер H2SO4 судағы концентрациясы 2,33 моль/л-ді құрайтын болса, ал ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м-ге, судың беттік керілуі - 73,05∙10-3Н/м-ге тең болса.
ü Адсорбент бетіндегі сірке қышқылының адсорбциясы үшін Фрейндлих теңдеуіндегі константалар тең: К = 0,50 моль/г, n = 0,45. Тепе-теңдік концентрациясы 0,22 моль/л-ге тең болғандағы адсорбцияшамасын есептеп шығару керек.
ü 4 л темір (III) гидроксидіні золінің коагуляциясы 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін (тығыздығы1,1 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.
ü Алюминий гидроксидінің золін дихромат-иондармен коагуляциялау табалдырығы 0,63 ммоль/л-ге тең. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін (ρ=1,07 г/мл) 10%-дық калий дихроматының ерітіндісінің қандай көлемі қажет болады?
ü 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы 570 мл натрий хлоридінің 1,5%-дық ерітіндісін (тығыздығы 1,02 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді натрий-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.
Тапсырмалар (оқытушының таңдауы бойынша)
ü Золь мицеллаларының формулаларын жазыңыз:
· барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;
· күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;
· гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
· адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
пептизатор – темір (III)хлориді;
· химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;
пептизатор – хлорсутек қышқылы;
· темір (III)хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
· калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
· калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;
· калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;
ü Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан оң зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K3PO4; Ca(NO3)2; CaCl2; BaCl2; Na2CO3.
ü Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан теріс зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K2CO3; NaNO3; CaCl2; FeCl3; NaCl.
БАҚЫЛАУ