Сурет – шудан дербес қорғау құралдарының сипатты түрлері.

ДҚҚ жұмыс операциясы тапсырысында және ауа райы жағдайларында оларды кию қолайлылығын ескерумен жұмыс орнында шудың жиілік спектрінен тыс таңдап алынады.

Ішпектер (вкладыши)ДҚҚ қарапайым түрі болып табылады.Әдетте оларды жұмсақ иілгіш материалдардан – резеңкелер, пластмассалар,әртүрлі талшықтардан дайындайды.Оларды тікелей есту жолдарының сыртқы (шеміршек) бөлігіне енгізеді және онда сүйемелдейтін қосымша құралсыз қалдырады.

Құлаққаптар екі корпус пен жүгеннен(уздечка) тұрады.Корпустар пластмассалардан немесе металлдардан жасалады,ал тиімділігін арттыру үшін , олардың ішінен дыбыс жұтатын материалдардың қабаты орналастырылады.

Құлаққаптар ережеге сай,орташа және жоғарғы жиілік аумағындағы ішпектерге(вкладыши) қарағанда жоғары тиімділігі бар.Бірақ та кейбір жағдайларда олар пайдалануға қолайсыз (үлкен мөлшерлі, құлақ айналасына жақын аумақты жыпырады,жоғары температурада және т.б. құлаққаптардың асты терлейді). Сондықтан құлаққаптарды көбіне оларды кезеңмен пайдалану талап етілетін жағдайда пайдаланылады.

Дулығалар(шлем) бастың едәуір бөлігін жабады,ереже бойынша оны тек қана шудан ғана емес ,сонымен қатар соғып алудан ,суықтан және т.б. қорғайды. Олар құлаққа жақын аумақтарды және бастың барлық жерін жауып тұрады,сондықтан да әртүрлі мөлшерде жасалып шығарылады.Шу тікелей есту мүшелерімен қабылданғанда ғана емес,сонымен бірге бас сүйек арқылы, сүйек жолдарының өткізігішінің салдарынан ағзаға енуімен қабылданатын шудан, адамды ерекше интенсивті шудан қорғау үшін дулығаларды(шлем) мақсатты пайдаланған жөн.

Орытынды


Қорғау құралдарын пайдалану тиімділігі -көптеген факторларға тікелей байланысты және бірінші кезекте ұтымды таңдау мен еңбек жағдайларына

тән ерекшеліктерін, өндірістік процесті, зақымдаушы факторлардың түрлерін, төтенше жағдайлардың көзі мен қазіргі заманғы қаруды есепке ала отырып, нақты қорғау құралдарын сауатты қолдану болып табылады.

Арнай киім адам денесін өндірістік залалдылықтардан қорғауы қажет, ағзаның қалыпты жылуды реттеуіне кедергі жасамауы, ыңғайлы болуы, қимылдауға кедергі жасамауы және де ластан жақсы тазаруы қажет.

Қорғау ерекшеліктеріне байланысты арнайы киім жалпылама сипатта тағайындалады – ылғалдан қорғағыш (су жұқтырмайтын, суға төзімді), радиоактивтік ластану мен рентгендік сәулеленуден қорғай отырып-қышқылдан қорғағыш, сілтіден қорғағыш, мұнай майынан қорғағыш, механикалық әсер етуден қорғай отырып-шаңнан қорғағыш, органикалық еріткіштерден және улы заттардан қорғағыш, жылудан қорғағыш, электрден қорғағыш және де дабылды.

Кәсіптік қызметке байланысты зақымдаушы факторлардың жоғары деңгейде әсер етуі жағдайында апатты-қорғау жұмыстарын орындауға мәжбүр құтқарушылар жеке санатты құрайды, сондықтан да олар жоғары қорғау көрсеткіштерімен, дербес қорғау құралдарымен жабдықталулары қажет.
Құтқару құралдарын қолданудың қағидаттары. Өндірістік факторлар олардың әрекеттерінің кейбір қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты қауіпті және зиянды болады. Гигиеналық ғылымда пайда болған жағдайда ұйғарынды деңгей шегі ретінде олардың қауіпті және зиянды болып танылатынфакторларын, қарқындылық деңгейін белгілеу қабылданған.

Көптеген факторлар үшін олардың әрекеттерінің қарқынды ұйғарынды шегі ғана орнатылады.Бұл жағдайларда мөлшер есебіне сүйеніп, белгіленген жұмыс аптасының ішінде осы фактордың тұрақты ықпал етуі мен еңбек өтілінің барлығында зерттеу әдістерімен анықталатын сақтану шараларында жұмысшылардың денсаулықтары бұзылмауы қажет .

Химиялық заттектер үшін артық ұйғарынды шоғырлануы ретінде белгіленетін қоршаған (кейде сулы) ортаның ауасын олардың ұйғарынды шоғырлануы бойынша ДҰШ(деңгейінің ұйғарында шегі) деп көрсету қабылданған. Көрсеткіштерін таңдау,олардың өлшем бірліктері мен артық ұйғарынды мәні гигиеналық ғылымда әрбір қауіпті және зиянды факторларды ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша анықталады.

Гигиеналық ғылым барлық зиянды және қауіпті факторларды қалыпқа келтіреді.Жарақат алу ,сонымен қатар биологиялық зиянды факторлар үшін адамға механикалық әсер ететіндеріне арналған ДҰШ белгіленбеген. Мұндай барлық жағдайларда еңбекті қорғаудың мақсаты және кейбір жағдайларда дербес қорғау құралынқолдану, зиянды әсерін мүмкіндігінше азайту немесе қауіпті және зиянды әсерінің ықтималдығын төмендету қажет.

Наши рекомендации