Практика кезінде жасалҒан жҰмыстар жазбасы

Күні Жасалған жұмыстың қысқаша мазмұны Практика жетекшісінің қолы
30.05 Бүгін өндірістік практиканың алғашқы күні. Бүгінгі өнддірістік тәжірибенің бірінші күнінде тәжірибе өтетін мекемемен таныстырылды. Өндірістік тәжірибе өтілетін мекеме(ЖХТмМ ҒЗИ). ЖХТмМ ҒЗИ зертханасын таныстырумен қатар оның жұмыс жасау бағыттарын жалпылай түрде түсіндірілді. Лабораторияда қандай жұмыстар атқарылатындығы жайында, қандай мақсатта жұмыс жасайтындығы жайында толығымен айтылды.  
31.05 Бүгін практиканың екінші күні. Өндірісітік тәжірибенің екінші күнінде зертхананың аппараттары мен қондырғылары таныстырылды.Қондырғылардың жұмыс жасау үдерістері түсіндірілді. Әр қондырғының жұмыс жасау барысындағы жұмысшы параметрлерді ескертіп жаттатды. Сонымен қатар бұл күні техника қауіпсіздік ережелерімен жұмыстарымен таныстыру басталды. Ең бірінші жалып зертханалық кабинеттердегі жалпы техника қаіпсіздік жұмыстарымен танысып, жетекшіге тапсырылды.  
3. 01.06 Бұл күнгі тәжірибеде техника қауіпсіздігінің екінші бөлімімен таныстырылды. Зерттеу институтының негізгі бағыты Қазақстанның мұнай-газ кен орындарындағы көмірсутекті шикізаттарды өңдеудің жаңа технологияларын жасау және шағын өндірістердің (шағын зауыттар, қондырғылар, т.б.) технология жобаларын дайындау болғындықтан ең алдымен көмірсутектермен жұмыс жасау қауіпсіздігімен таныстық. Сонымен қатар органикалық еріткіштер мен улы заттармен жұмыс жасау қауіпсіздігін үйрендік.  
4. 02.06 Бүгінгі өндірістік тәжірибеде ыдыстар мен қаптамалармен жұмыс жасау қауіпсіздігімен, сонымен қатар реактивтердің сақталу шарттарымен таныстырылды. Сынаппен жұмыс жіне ол төгілген жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін демонстрация түрін де көрсетіліп, үйрітілді. Соынмен қатар оның залалсыздандыру шаралары және басқада реактивтерді қалай бейтараптау керектігі айтылды.  
5. 03.06 Бұл күні зертханаларда төтенше жағдай туындағандағы алғашқы медициналық көмектермен таныстырылды. Қышқылмен күіп қалғанда, өрт шыққанда, улы заттармен уланып адам есінен танып қалғанда, көзіне зақым келгенде қандай көмектер берілуі керектігі жайында айтылды. Сонымен қатар бүгін басқада техника қауіпсіздік ережелерімен танысытырылып, қорытындыланды.  
6. 06.06 Бүгін зертхананың негізгі бағыты Қазақстанның мұнай-газ кен орындарындағы көмірсутекті шикізаттарды өңдеу жұмыстарының алғашқы сатыларымен таныстырылды. Мұнайды өңдеп, зерттеуге жіберместен аллдыңғы тазалау, өңдеуге дайындаудың зертханалық жұмыстары жасалды. Мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру тәжірибелік жұмысы жүргізілді.  
7. 07.06 Бүгінгі тәжірибеде тура және қайта мұнай өнімі жайында түсінік берілді. Тура және мұнай өнімінің зетханалық жұмысы басталды. Су-мұнай эмульсияларын алудың төмен және жоғары молекулярлық ББЗ-дың фазалар бөлінуінің шекараларында әсерлесуі анықтау жұмыстары да жүргізілді.  
8. 08.06 НИПААМ мен ГЭА қатысында біз гель алдық.Бұл гельді алуымыздың мақсаты ащы суды тұщы суға айналдыру болып табылады.Бірақ бұл әдістің бір кемшілігі мономер қымбатқа түседі.НИПААМ қымбатқа түсетіндіктен,біз АА:МА және АА:ММА қатысында гельдер ала бастадық.Ең бірінші алған гельіміздің қатынасы 70:30.Бұл гельді алу үшін еріткіш(су:спирт) 50:50,тігуші агент(бисакриламид) 0,05% ,инициатор(аммоний персульфаты) 0,11409г қолдандық.Бұл гель термостатта 60С 34 минутқа қойғанда қатайып қалды,сосын 15 минутқа тағы бір үлгісін қойып көрдік.Соның өзінде де қатты болып қалды,ал бізге негізінен былқылдақ және жұмсақ гель қажет.  
9. 09.06 НИПААМ қымбатқа түсетіндіктен,біз АА:МА және АА:ММА қатысында гельдер ала бастадық.Ең бірінші алған гельіміздің қатынасы 70:30.Бұл гельді алу үшін еріткіш(су:спирт) 50:50,тігуші агент(бисакриламид) 0,05% ,инициатор(аммоний персульфаты) 0,11409г қолдандық.Бұл гель термостатта 60С 34 минутқа қойғанда қатайып қалды,сосын 15 минутқа тағы бір үлгісін қойып көрдік.Соның өзінде де қатты болып қалды,ал бізге негізінен былқылдақ және жұмсақ гель қажет.  
10. 10.06 Бүгін АА:ММА қатынасын 90:10 деп өзгертіп алдық.Кешегі гельдеріміз қатты болып қалғандықтан,бүгін инициаторымызды 2 есе және тігуші агентті 5 есе азайтып алып көрдік.Соның өзінде де бізге қажетті гель алынбады.  
11. 13.06 Гельді АА:МА 60:40 және 50:50 қатынастарында еріткішті 90:10,тігуші агентті 0,0027г,инициаторды 0,0228г деп алып көрдік.Алынған гельді ыстық суға 60С,сосын 70С салып көрдік.Негізінен біздің алу керек гельіміз ыстық суға салғанда жиырылып,кішірейіп қалуы керек,ал бұл гель керісінше ісініп кетті,сондықтан да біз тағы басқа қатынастарда гель алып,оларды байқап,қарап көруіміз керек.  
12. 14.06 АА:МА 20:80 қатынасында еріткіш,тігуші агент пен инициаторды дәл кеше алған гельдегідей алдық.Гель тез түзіліп кеткендіктен,тігуші агентті 2 есе азайтып алдық.2-3 минуттың өзінде гель қатайып қалды,ал 1-2 минутта гель түзілмеді.  
13. 15.06 Бүгін біз гельді ГЭА:МА 50:50 қатынасында алдық.Еріткішіміз 50:50,СА 0,00135 г,аммоний персульфаты 0,0114г деп алдық.Гель түзілмеді,сондықтан ГЭА:МА 70:30 қатынасында алып көрдік.  
14. 16.06 Еріткіш 50:50,ГЭА:МА 70:30 және 60:40 қатынастарында гель алып көрдік.Инициаторды 2 есе,тігуші агентті 5 есе көбейтіп алдық.Нәтижесінде гель түзілмеді.  
15. 17.06 ГЭА:МА 80:20 еріткіш 50:50 қатынаста алып,аргонмен 10 минут үрледік.Нәтижесінде аргонмен 10 минут үрленген гельді термостатта 60С-да ұстағанда қатайып қалды.Алынған гельімізді спиртте қалдырып кеттік.  
16. 20.06 Бүгін кешегі гельдің бір бөлігін алып,70С-тағы ыстық суға салып көрдік.Нәтижесінде жиырылған жоқ.Сондықтан бұл гель сәйкес келмейді,сол себепті 70:30,60:40 осы екі қатынаста гель алып көрдік.Кішкене жұмсағырақ болды.Осы алынған гельді дистилденген суға салып кеттік  
17. 21.06 Кешегі қалдырып кеткен ГЭА:МА 70:30 және 60:40 қатынастағы гельдерімізді бөліктерге таблетка етіп бөліп,бір бөлігін спиртке,бір бөлігін 70С ыстық суға салып,30 минут байқап қарадық.Ешқандай өзгеріс болмады.Сондықтан бұл гельдер де бізге қажетті гель болып табылмады.  
18. 22.06 Бүгін ГЭА:МА қатынасын өзгертіп, 90:10 деп алдық. Нәтижесінде термостатта 15 минут қыздырылған соң гель түзілді. Алынған гельді бастапқыда дистельденген сумен жақсылап жудық, содан кейін оны ыстық су мен спиртке салып, қалдырып кеттик.  
19. 23.06 Бүгін енді ГЭА:МА қатынасы 70:30 қылып акрил қышқылы қатынаста 5%, 10/% жасап көрдік. Тігуші агент пен инициаторды алдыңғы гельдердікімен бірдей етип алдық. Еріткіш ретінде су 80%, 50% алдық. Нәтижесінде гель тез түзілді, гельді жуып, ыстық су мен спиртке салып кеттик.  
20. 24.06 ГЭА:МА 60:40 -акрил қышқылы -5%, 10% қатынаста алдық. Бүгін ГЭА:МА қатынасын өзгертіп, 90:10 деп алдық. Нәтижесінде термостатта 15 минут қыздырылған соң гель түзілді. Алынған гельді бастапқыда дистельденген сумен тазалап жудық, содан кейін оны ыстық сумен спиртте келесі күнге дейін қалдырып кеттік.  
21. 27.06 ГЭА:МА 60:40 -акрил қышқылы -5%, 10% қатынаста алдық. Тігуші агент пен инициаторды дәл кеше алған гельдегідей алдық. Гель тез түзіліп кеткендіктен, тігуші агентті 2 есе азайтып алдық. 2-3 минуттын өзінде гель қатайып қалды, 1-2 минутта алып көріп едік гель түзілмеді. Осы уақытқа дейін алынған гельдерді жуып, суын ауыстырып, спиртте тұрғандарды қайтадан спиртке салып, өзгерісін бақылап қарадық.  
22. 28.06 ГЭА:ГЭМА қатынасы 60:40, 70:30 қатынастарында еріткіш ретінде су-50%, тігуші агентті 0,003г, инициатор 0,0228г қостық. Тағы дәл осындай қатынаста екінші бір гель алдық, бірақ бұған инициатор қоспадық. Нәтижесінде 17 минут термостатта қыздырылғаннан кейін гель түзілді. Алынған гель қаттылау болып шықты.  
23. 29.06 ГЭМА:ГЭА 40:60, 30:70 қатынасында су-70% етіп, тігуші агентсіз 14 минутта гель алдық. Алынған гель жұмсақ, былқылдақ, бізге қажетті гель болып шықты. Ыстық суда жиырылды бірақ, сыртынан қатты байқалмады.  
24. 30.06 НИПААМ-ға қарағанда ГЭМА сәл болса да арзан болғандықтан, дәл кешегідей ГЭА: ГЭМА 60:40, 70:30 қатынасында, су-70% 14 ампулаға дайындап, гель алдық. ГЭМА:ГЭА 40:60, 30:70 қатынасында су-70% етіп, тігуші агентсіз 14 минутта гель алдық. Алынған гель жұмсақ, былқылдақ, бізге қажетті гель болып шықты. Ыстық суда жиырылды бірақ, сыртынан қатты байқалмады.  
25. 01.07 НИПААМ-ға қарағанда ГЭМА сал болсада арзан болғандықтан, дәл кешегідей ГЭА:ГЭМА 60:40, 70:30 қатынастарында су-70% 14 ампулаға дайындап, гель алдық. Практиканың соңғы күнінде осы кезге дейін жасалған гельдер жайындағы ақпараттардың барлығын реттеп, біріктіріп есеп жаздық.  

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Б.Өтелбаев "Химия 3- бөлім".Шымкент. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2000 ж. 404 б. 231-256 бет.

2. Б. Қалиұлы, К. Үшбайұлы " Дәрі-дәрмектік өсімдіктер" анықтамалық.

Алматы-2005 ж. 35-37 бет.

3. Г.Ш. Бурашева, Б.Қ. Есқалиева, А.К. Үмбетова "Табиғи қосылыстар химиясының негіздері" Алматы "Қазақ университетінің" 2013ж. Б 84. 60-63, 75-77 бет

4. К.С. Сағатов "Биохимия". Оқулық. (2- басылым) - Алматы, 2008ж. 141-147бет.

5.Қ.Күзембаев,Г.Күзембаева "Тамақ өнімдерін тану".Оқулық.Астана .

6.Қазақ Совет Энциклопедиясы .9 том.Бас редакторы М.Қ.Қаратаева 624-627бет

7.Қазақстан.Ұлттық энциклопедия.Бас редактор Б. Аяған.-Алматы:"Қазақ энциклопелиясының "Бас редакциясы,2005.- 728 бет. 531-532 бет

8.Бейсебеков М.Қ .,Әбілов Ж.Ә. Органикалық химия . Оқулық. (2- басылым)

Алматы:Қазақ университеті,2013.-338 бет. 222-223 бет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………...1

НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………………………………………………..2

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….....6

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………...10

КІРІСПЕ

Өндірістік практика «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар» ғылыми-зерттеу институтында (ЖХТмМ ҒЗИ) өтті.

ЖХТмМ ғылыми-зерттеу институты ҚР Министрлер Кабинетінің 13.04.1992 ж. №4 шешімімен ұйымдастырылды. ҚР үкіметінің 6 қыркүйек 2002 жылғы №984 Қаулысына сәйкес «Республикалық мемлекеттік мекеме сұрақтары бойынша «әл-Фараби атындағы Қазақ ұллтық университеті» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі еншілес мемлекеттік мекеме етіп қайта құрды». Институттың негізгі қызмет түрі – Қазақстанда жаңа экологиялық таза химиялық технологиялармен материалдардың теориялық және практикалық негізін жасау.

Институт химия факультетінің 5 кафедрасының эксперименталды базасын біріктіреді.

Институт ҚР ҰҒА 3 академигінен, ҚР ҰҒА 2 корр.-мүшесінен, 27 ғылым докторынан және 43 ғылым кандидаттарынан тұрады. Институт тек әр түрлі мамандық бойынша химия зерттеушілерінен ғана емес, сонымен қатар, конструкторлардан, технологтар мен химиялық процестерді модельдеу мамандарынан құралған.

Жұмыстың мақсаты: НИПААМ мен ГЭА қатысында және АА:МА және АА:ММА қатысында гельдер алу.

Жұмыстың міндеттері:

Түрлі реактивтердің қатысында өзімізге қолайлы гельдер алу. Осы гельдердің алу жолдарын үйрену,болашақта гельдердің қолданылу аясын кеңейту.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Акрил қышқылы (CH2=CHCOOH) — түссіз, өткір иісті сұйық зат, Қайнау t 1410o С, балқу t 130oС, тығыздығы 1,049 г/см3. Спиртте, эфирде жақсы ериді, сумен кез келген қатынаста араласады. Өнеркәсіпте оны ацетиленнен, сондай-ақ этиленциангидриннен алады. Акрил қышқылын полимерлер өндірісінде қолданылады.

Метакрилат — акрил қышқылының туындылары, (CH2C(CH3)CO2H), тұздары: CH2C(CH3)CO2-Na+), күрделі эфирлері CH2C(CH3)CO2CH3 немесе метилметакрил және осы заттардың полимерлері.

СН2=СН-СООСН - түссіз мөлдір сұйықтық. Метакрилат оңай полимерленетін мономер. Өнеркәсіпте ол акрил қышқылының нитрилін гидролиздеп, одан шыққан өнімді метил спиртімен әрекеттестіру немесе ацетиленді метил спиртімен тікелей карбонилдеу арқылы алынады. Метилакриатты өздігінен полимерленуден сақтау үшін оған стабилизатор (көбіне мыс тұздары, гидрохинон) қосады. Метилакрилат мөлдір шыны тәрізді зат түзе полимерленетіндіктен, ол көбіне органикалық шыны т.б. бағалы полимерлер не сополимерлер өндірісінде қолданылады.

Метилметакрилат — метакрил қышқылының метил эфирі CH2=C(CH3)-COOCH3; түссіз сұйық, қайнау t 101º С, тығыздығы 0,936 г/см3 (20º С-та), суда ерігіштігі 30º С -та 1,5% (масса бойынша), спиртте, этил эфирінде жақсы ериді, тұтану t 10º C. Ол гидролизденіп метакрил қышқылын түзеді. Метилметакрилат бос радикалдар әсерімен полимерленетін мономер. Оны синтездеу үшін қанбаған қышқылдардың эфирлерін алудың жалпы әдістері қолданылады. Өнеркәсіпте ацетон мен көгерткіш қышқылды әрекеттестіру арқылы алынады. Метилметакрилат сақтау үшін стабилизатор қолданылады.

Метилметакрил қышқылы (шамамен 53%) мен метакрил-амидтің (шамамен 45%) сополимері, ақ түсті кристалдық ұнтақ түріне шығарылады. Полимерлердің молекулалық массасы 2*106 тең.

Полиакрилаттар. Практикалық маңызды қабыршақтүзуші заттардың бірі полиакрилаттар деп аталатын акрил және метакрил қышқылының полимерлері мен сополимерлері. Акрил мономерлері ретінде мынадай қосылыстар пайдаланылады: 6 СН2=СН-СООН акрил қышқылы СН2=С(СН3)-СООН метакрил қышқылы СН2=С(СН3)-СООСН3 метилметакрилат СН2=СН-СОNН2 акриламид СН2=С(СН3)-СООС4Н9 бутилметакрилат СН2=СН-СN акрилнитрил СН2=СН-СОО(СН2)2-ОН гидроксиэтилакрилат глицидилметакрилат Акрил мономерлері бір-бірімен және стирол, винилбутил эфирі сияқты басқа сомономерлермен оңай радикалдық (со) полимерлену реакциясына түседі. Сополимердің құрамындағы акрил қышқылы туындыларының буындары қабыршаққа эластикалық қасиет береді және де алкил радикалының ұзындығы артқан сайын бұл эффект күшейе түседі. Метакрил қышқылының туындылары, керісінше сополимерге қаттылық қасиет береді. Акрил емес мономерлер де қабыршақ түзушінің қасиеттерін кең аралықта өзгерте алады. Мысал, стирол оған қатқылдық, ал винилбутил эфирі эластикалық қасиет береді.

Акриламид түссіз кристаллды ұнтақ, иіссіз, суда, төмен спирттерде және ацетонда жақсы ериді. Өнеркәсіпте күкірт қышқылының моногидраты қатысында акрилонитрил гидролизімен алынады:

Полиакриламид (ПАА) әдетте тотығу – тотықсыздану иницирлеуші жүйелері қатысында 50°С-қа дейінгі температураларда радикалды полимиризациямен алады. Полимеризацияны сулы ерітінділерде жүргізеді. ПАА –ны алу үшін акриламидтің гетерогенді полимерленуі қолданылуы мүмкін.

ПАА-ақ суда ерігіш ұнтақ – қағаздың беріктігі үшін қолданылады. Акриламидтың сополимерлері мен акрил қышқылдары құрылымтүзуші ретінде қолданады.

Метакрил қышқылы СН2=С(СН3)СООН — өткір иісті сұйықтық.

Өндірісте метакрил қышқылын төмендегідей алады:

1)ацетонциангндриннан

2) ацетон мен хлороформом конденсациясының өнімінен

Метакрил қышқылының эфирлерін өндірісте ацетонциангидриннан 1 немесе 2 сатыда алады:

Полиметилакрил қышқылын массада органикалық ерітінділерде, көбінесе сулы ерітінділерде радикалды полимерлеу арқылы алады.

Полиметакрил қышқылының тұздарын эмульгаторлар ретінде қолданады. Метакрил қышқылының сополимерлерін бутадиенмен, винилацетатом, сонымен қоса үштік сополимерлері стиролмен және метилакрилатпен клей ретінде қолданады. Метакрил қышқылы сомономер ретінде каучук , органикалық шыны, ионалмастырушы шайыр алуда қолданады.

Наши рекомендации