Зерде ұғымын толық сипаттайтын үрдіс…

Число: 2131

|А) қабылдау,есте сақтау, ақпаратты жаңғырту

|В) ақпаратты сақтау

|С) ақпаратты ДНҚ-да сақтау

|Д) қозудың айналысы

385. Сөйлеудің қозғалыстық бағдарлауын қамтамасыз ететін Брок орталығының орналасуы:

|А) сол жақ жартышардың маңдай бөлімінде

В) қыртыстың алдыңғы орталық қатпарында

|С) бас сүйек-миы жүйкелерінің қозғалыс ядроларында

|Д) оң жақ жартышардың шүйде бөлімінде

|Е) сол жақ жартышардың самай бөлімінде

386. Сөйлеуді қабылдауды қамтамасыз ететін Вернике орталағының орналасуы:

А) қыртыстың самай бөлімінде

В) сол жақ жартышардың маңдай бөлімінде

С) қыртыстың алдыңғы орталық қатпарында

Д) қыртыстың шүйде бөлімінде

Е) қыртыстың артқы орталық қатпарында

387. Зерденің төмендегідей түрлері кездеседі:

А) сенсорлық, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді

В) интеллектуалды, қысқа мерзімді, эмоционалды

С) қас-қағым сәттік, санасыз, интеллектуалды

Д) эмоционалды, сенсорлық, интеллектуалды

Е) қас-қағым сәттік, сенсорлық, саналы

388. Жоғары жүйке іс-әрекеті қызметін атқарады:

А) ми қыртысы

В) жұлын

С) торлы құрылым

Д) лимбиялық жүйе

Е) таламус және гипоталамус

389. Шектен тыс тежелудің пайда болу жағдайы:

А) шартты рефлекс шартсызбен нықталмаса

В) шартты тітіркендіргіш кешендерін қолдану

С) шартты тітіркендіргіш күші мен ұзақтығын едәуір көбейту

Д) сипаттамасы жағынан ұқсас тітіркендіргішті беру

Е) шартты тітіркендіргіштен соң шартсызды беру

390. Қыртыстағы тепе-теңдік үрдісі дегеніміз:

А) қозу мен тежелу күшінің қатынасы

В) қозу мен тежелу үрдісінің күші

С) жүйке үрдістерінің иррадиациясы

Д) қозудың тежелуге немесе тежелудің қозуға алмасу жылдамдығы

Е) жүйке үрдістерінің концентрациясы

391. ЭЭГ-ғы альфа-ырғағының тербеліс амплитудасы (мкв):

А) 45-50;

В) 20-25;

С) 75-80;

Д) 120-125;

Е) 150-160.

392. Шартсыз тітіркендіргіш мына уақыттар аралығында берілсе, нақтылы қысқа мерзімді шартты рефлекс пайда болады:

А) шартты сигналдан кейін 1-3 сек.

В) шартты сигналдан кейін 5-30 сек.

С) шартты сигналдан кейін 1-2 мин.

Д) шартты сигналдан кейін 5-6 мин.

Е) шартты сигналдан кейін 10-12 мин.

393. Қарт адамдардың эмоциясына сипаттама:

А) мақсатына жеткен кезде ешқандай эмоция байқалмайды

В) эмоциялық көріністер әлсірейді

С) эмоциялық реакциялар қарқынды болады

Д) эмоциясы өзгермейді

Е) эмоциялық реакциялар айқын көрінеді

394. Адамдар арасында қарым-қатынасты нығайту үшін қажет фактор:

А) физиологиялық

В) химиялық

С) қоғамдық

Д) биохимиялық

Е) анатомиялық

395. Екінші сигналдық жүйе ақпараттарын өңдеу кезіндегі ойлау түрі:

А) эмоционалды

В) сөздік-логикалық

С) нақтылы немесе көрнекі

Д) бейнелі

Е) сенсорлы-моторлық

396. И.П.Павлов бойынша "инстинкт" анықтамасы:

А) индивидуалды рефлекстер

В) ас қорыту және жыныс рефлекстерінің кешендері

С) гомеостазды қамтамасыз ететін рефлекстер

Д) шарттымен қабаттасқан күрделі шартсыз рефлекстер жиынтығы

Е) шартты рефлекстер кешені

397. Дененің оң жақ жартысы проекцияланады:

А) сол жақ жартышарда

В) лимбиялық қыртыста

С) оң жақ жартышарда

Д) шүйде бөлімінде

Е) ми негізінде

398. Дененің сол жақ жартысы проекцияланады:

А) оң жақ жартышарда

В) лимбиялық қыртыста

С) сол жақ жартышарда

Д) қатпар белдеуінде

Е) шүйде бөлімінде

399. Өшетін тежелу пайда болады:

А) шартсыз тітіркендіргіш кешені шарттымен нықталса

В) шартты тітіркендіргіш шартсызбен нықталмаса

С) өте күшті шартты тітіркендіргіш берілсе

Д) бір шартты тітіркендіргіш шартсызбен нықталып, келесісі нықталмаса

Е) кезектестірілген шартты тітіркендіргішті қолданады

400. Жалпылама шартты рефлекс қалыптасады:

А) қандайда бір шартты тітіркендіргіш арқылы шартты рефлекс қалыптастырылса, онда осыған ұқсас тітіркендіргішке де шартты рефлекстік реакция туады

В) өте күшті шартты тітіркендіргіш беріледі

С) бір шартты тітіркендіргіш шартсызбен нықталып, келесісі нықталмаса

Д) шартты тітіркендіргіш шартсызбен нықталмаса

Е) кезектестірілетін шартты сигналдар қолданылады

401. Ажыратылатын тежелу қалыптастырылады:

А) қосымша шартты тітіркендіргіш нықталмай, жеке қолданған шартты сигнал нықталса

В) өте күшті шартты тітіркендіргіш беріледі

С) бір шартты тітіркендіргіш шартсызбен нықталып, келесісі нықталмаса

Д) шартты тітіркендірштің шартсызбен нықталу уақытының созылуы

Е) табиғаты жағынан ұқсас шартты тітіркендіргіштің біреуі шартсызбен нықталып, келесісі нықталмаса

402. Электроэнцефалография дегеніміз:

А) қаңқа бұлшық етінің биопотенциалын тіркеу

В) жүрек етінің биопотенциалын тіркеу

С) қарынның биопотенциалын тіркеу

Д) ми қыртысының биопотенциалын тіркеу

Е) шайнау бұлшық еттерінің биопотенциалын тіркеу

Наши рекомендации