Блокты полиметилметакрилат сызбасы

Метилметакрилаттың блокты полимерленуі өңделген силикатты шыныдан жасалған формада периодты әдіспен жүзеге асады. Кейде блокты полиметилметакрилат өндіру процесін жылдамдату үшін және реакциялық массаның тұнуын болдырмау мақсатында полимерлеу процесіне мономерді емес, полиметилметакрилаттың метилметакрилаттағы ерітіндісінен тұратын сиропты пайдаланады. Табақты органикалық шыныны периодты алу технологиялық процесі мынандай сатылардан тұрады: шыны формаларды даярлау; мономерді не сиропты дайындап оны формаға құю; мономерді формаларда полимерлеу; суыту; формадан шығару; өңдеу; сақтау.

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Блокты полиметилметакрилат өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы.

1 – ұсақтағыш аспап, 2 - термотартпа, 3 – жинақтағыш сыйымдылық, 4 – еріткіш аппарат,5 - мерник, 6 — вакуумизатор, 7 - арба, 8 – термокамера

Формалар алдын –ала жуылған, кептірілген екі силикатты шыныдан жасалынады. Форманы шынының периметрі бойынша резиналы немесе поливинилхлоридті трубаны төсеу және шеттеріне қағаз жабыстыру арқылы құрастырады. Шыны арасындағы қашықтығы алынатын блокты полиметилметакрилаттың қалыңдығын анықтайды. Форманың жоғарғы бөлігінен сиропты құю үшін саңылау қалдырады. Сиропты дайындау үшін полиметилметакрилаттың қалдығын пайдаланады және оны (1) ұсақтағыш аспапта майдалайды. Кейін ұсақталған полиметилметакрилатты оның молекулалық массасын төмендету мақсатында термотартпада (2) термоөңдеуге ұшыратады. Сосын оны жинақтағыш сыйымдылыққа(3) жібереді. Сироп еріткіш аппаратта (4) дайындалады, оған (5) мерниктан метилметакрилатты енгізеді. 45°С температурада полиметилметакрилат ұнтағын 2- 3 сағ араластырады,кейін инициатор, пластификатор қосып тағы 30 мин араластырады.Дайын болған сиропты вакуумизаторға (6) құяды,дегаздайды. Дегаздалған сиропты арбадағы (7) орнатылған формаларға құяды, сосын термокамераға (8) жібереді, ол жерде полимерлеу процесі жүзеге асады. Полимерлену процесі аяқталған соң, форманы салқындатып, шығарды. Алынған шыныны зақымданудан сақтау үшін қағазбен орап, сақтайды.

Фенол-альдегидті полимерлерді синтездеу процестерінің ерекшеліктерін бағалаңыз. Новолакты және резолды олигомерлердің түзілу механизмін келтіру.

Фенолформальдегидтішайырлар – фенол мен формальдегидтің поликонденсациясының өнімі. Реакция қышқылды (тұз қышқылы, күкірт қышқылы, щавел қышқылы және т.б.) немесе негізді (аммиак, натрий гидроксиді, барий гидроксиді) катализатор қатысында жүргізіледі. Қышқыл катализатордыа фенодың артық мөлшерінде сызықты полимер – новолак түзіледі. Оның тізбегі өзара метиленмен жалғанған шамамен 10 шақты фенол қылдықтарынан құралған. Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Новолактар – балқымайтын және ерімейтін жағдайға өздігінен көше алмайтын термопластикалық полимерлер. Алайда оны қосымша формальдегидпен негіздік ортада қыздырғанда үш өлшемді полимерге айналады. Негіздік катализатор мен альдеидтің артық мөлшерін бастапқы сатыда қолданғанда резолдың сызықты тізбектері пайда болады. Оларды ары қарай қыздыру нәтижесінде, олар өзара фенол сақынасының пара орында орналасқан CH2OH тобы арқылы тігіліп, үш өлшемді полимер - резитті құрайды.

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Сонымен резолдар термореактивті полимер болып табылады.

Термореактивті полимерлер деп қыздыру кезінде кеңістікті құралымға айналып балқымайтын және ерімейтін полимерледі атайды.

Қышқыл катлизатормен фенолформальдегидті шайырды алудың механизмі:

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

ФФ полимерді престеуші түрлі толықтырушылармен композит ретінде, сонымен қатар, лак пен клей өндіруде кеңінен қолданылады.

46.Талшықты қалыптауға кететін жартылай өнімнің (вискоза) шамасын анықтау.

Берілгені:

Q = 25000 кг/тәу

Н.зат =8.35 %

шығын = 2.2%

ылг = 11.4%

Табу керек: Р= ?

Шешуі:

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Блокты полиметилметакрилат сызбасы - student2.ru

Наши рекомендации