Эквивалентті нүктені анықтау жолдары

1)Индикаторсыз "тең лайлану"(Гей-Люссак) әдісі. Титрлеудің аяғында титрлеп жатқан ерітіндінің екі тамшысын алып оның біреуіне AgNO3, екіншісіне NaCІ ерітінділерінің бір-бір тамшысын қосады. Қай жағдайға дейін титрлеуіне байланысты мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

a) Эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде артық СІ- – иондары болғандықтан AgNO3 құйған тамшы лайланады. NaCІ құйған тамшы өзгеріссіз қалады;

б) Эквивалентті нүктеден кейін керісінше NaCІ құйған тамшы лайланады, себебі ерітіндіде СІ- иондарымен тұнба түзетін артық қосылған Ag+ иондары бар.

в) Эквивалентті нүктеде тұнбаның үстінде тек AgCІ тұзының қаныққан ерітіндісі болғандықтан AgNO3 құйған тамшы мен NaCІ құйған тамшы біртектес иондардың AgCІ-дың ерігіштігін төмендетуіне байланысты бірдей лайланады. Сондықтан титрлеуді алынған екі тамшы бірдей лайланғанда тоқтатады.

2)Индикаторларды пайдаланып титрлеу:

a) Титрантпен (AgNO3 ) түсті тұнба беретін индикатор – K2CrO4 (Мор әдісі). K2CrO4 бейтарап не әлсіз негіздік ортада күміс ионымен қызыл түсті Ag2CrO4 тұнбасын түзеді. Эквивалентті нүктені анықтау жолдары - student2.ru . Хлорид ионын K2CrO4 индикаторын пайдаланып титрлегенде алғашқыда AgCІ тұнбаға түседі де, эквивалентті нүктеге жеткенде қызыл-қоңыр Ag2CrO4 түсе бастайды. Титрлеуді ерітіндінің рН 6,5 Эквивалентті нүктені анықтау жолдары - student2.ru 10,3 аралығында жүргізеді. Себебі рН <6,5 болса Ag2CrO4 ериді, ал рН>10,3 болса AgOН тұнуы мүмкін. Бұл тұнба қоңыр түсті күміс оксидіне Ag2O айналады.

Эквивалентті нүктені дұрыс анықтау үшін ерітіндідегі CrO42- -ионының концентрациясы күміс иондарымен Ag2CrO4 тұнбасын дәл эквивалентті нүктеде түзетіндей жеткілікті болуы керек. 12,1 – кестеде көрсетілгендей эквивалентті нүктеде [Ag+]=1,33.10-5моль/л. Күміс ионының осы концентрациясымен Ag2CrO4 тұнбасын тұндыруға қажет CrO42- ионының концентрациясы:

Эквивалентті нүктені анықтау жолдары - student2.ru

Мор әдісі хлорид және бромид иондарын анықтауда қолданылады.

б) Титрантпен (NH4SCN) -пен түсті комплекс беретін индикатор [Fe(ІІІ)-тұздары] – Фольгард әдісі. Бұл әдісте кері титрлеу тәсілі қолданылады.

Күміс иондарының тиоцианат – иондарымен әрекеттесу реакциясы Ag++SCN→AgSCN↓ галогенидтерді кері титрлеу тәсілімен анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте анализдейтін ерітіндіге артық мөлшерде AgNO3 –тің титрленген ерітіндісі құйылады. Реакцияға қатыспай қалған күмістің мөлшері KSCN не NH4SCN ерітіндісімен Fe3+ иондарының қатысында кері титрленеді. Күміс иондары түгел AgSCN түрінде тұнбаға түскеннен кейін артық құйылған SCN- ерітіндіде темірдің қызыл тиоциантты комплекстерін түзеді: Fe(SCN)2+, Fe(SCN)+2.........Fe(SCN)3-6. Fe3+ иондарының гидролизденуін басу үшін Фольгард әдісімен титрлеу қышқыл ортада [H3O+]≥0,1М жүргізіледі. Бұл әдіспен СІ- иондарын анықтағанда эквивалентті нүктеде пайда болған ерітіндінің қызыл бояуы біраз уақыттан кейін жойылып кетеді. Себебі AgСІ ерігіштігі AgSCN қарағанда көп (ЕКAgСІ=1,78.10-10, ЕКAgSСN=1,07.10-12), болғандықтан мына реакция жүруі мүмкін:

AgСІ↓ + Fe(SCN)2+ → AgSCN↓ + СІ- + Fe3+ (12.1)

Екі тұнбамен (AgСІ және AgSCN) ерітіндінің арасында тепе – теңдік орнағаннан кейін ерітіндінің қызыл түсті бояуы түссізденбей қайта пайда болады, яғни [Ag+]=(EKAgCl/[Cl-])=

=(EK AgSCN /[SCN-])

Осыдан тепе-теңдік орнағанда:

[Cl-] /[SCN-]= EKAgCl/ EKAgSCN = Эквивалентті нүктені анықтау жолдары - student2.ru =166.

Ерітндінің бояуы жойылмау үшін 12,1 –реакция бойынша пайда болған Cl- иондарының концентрациясы SCN- иондарының концентрациясынан 166 есе көп болуы керек, яғни 12,1 – реакцияның оңға қарай ығысуы керек. Бұл титрлеу қатесін көбейтеді.

Хлорид иондарын Фольгард әдісімен анықтау дәлдігін атртырудың әртүрлі жолы бар, соның ішінде ең сенімді жолы – AgCl тұнбасын ерітіндіден сүзіп бөліп алып, қалған ертіндідегі артық жүрген Ag+ иондарын тиоцианатпен титрлеу. Фольгард әдісімен Br- және I- иондары үлкен дәлдікпен титрленеді, себебі AgBr және AgI тұнбаларының EК мәндері күміс тиоцианатының EK – нен төмен.

в) адсорбциялық индикаторлар (Фаянс әдісі).

Адсорбциялық индикаторлар – белгілі жағдайда тұнбаның беткі қабатында адсорбцияланып өзінің түсін өзгертетін органикалық әлсіз протолиттік (HInd) қасиеті бар бояғыштар.

Панет – Фаянс – Ган заңдылығы бойынша тұнбаға бірінші болып тұнбамен біртектес иондар адсорбцияланады. Мысалы, хлоридтерді күміс нитратымен титрлегенде AgCl тұнбасы эквивалентті нүктеге дейін Cl- – иондарын адсорбциялайды. Теріс зарядты бейтараптау үшін тұнбаға ерітіндіден оң зарядталған иондар тартылады: AgCl/nCl- / nNa+. Эквивалентті нүктеден кейін тұнбаға артық құйылған Ag+ иондары адсорбцияланады. Тұнбаның оң зарядын бейтараптау үшін оған ерітіндіден теріс зарядталған иондар тартылады, соның ішінде индикатордың да аниондары бар: AgCl/nAg+ /nInd-. Адсорбцияланған индикатор аниондары өзінің түсін өзгертеді. Мысалы, индикатор ретінде сары – жасыл түсті флуоресцеин пайдаланылса, адсорбцияланған флуресцеин аниондарының күміс ионының әсерінен поляризациялануы нәтижесінде тұнбаның беті қызарады. Поляризациялау әсері Ag+ және Ind- иондары тұнбаның бетінде тығыз жанасқанда пайда болады. Ал ерітіндіде жүрген күміс иондары мен флуресцеин бір – біріне әсер етпейді. Флуресцеин қатысында титрлеуді ерітіндінің pН 7 Эквивалентті нүктені анықтау жолдары - student2.ru 10 арасында жүргізеді, себебі флуресцеин әлсіз қышқыл болғандықтан (pКа ≈ 8) Ind- иондарының қажетті мөлшері pН >6,5 пайда болады, ал pН>10,3 Ag2О тұнбасы түсе бастайды. pКа=2 сәйкес тетрабромфлуресцеинді (эозин) қышқылдық ортада да (pН=2) индикатор ретінде пайдалануға болады. Эозинді Cl- иондарынан басқа галогенидтерді – I-, Br-, SCN- титрлеуде ойдағыдай қолданады. Эозин AgCl тұнбасымен Cl- иондарынан бұрын адсорбцияланады, сондықтан тұнба титрлей бастағаннан-ақ қызыл түске боялады.

Наши рекомендации