Бақылау сұрақтары мен жаттығулар. 1. Титриметриялық анализдің негізі, оның гравиметриялық анализден қандай айырмашылығы бар?
1. Титриметриялық анализдің негізі, оның гравиметриялық анализден қандай айырмашылығы бар?
2. Титриметриялық анализде пайдаланылатын реакциялар қандай шарттарға жауап берулері керек?
3. Қандай заттарды “алғашқы”, “стандартты” заттар дейді, оларға қандай шарттар қойылады?
4. Фиксанал деген не?
5. Титрант, стандартты ерітінді, титрлеудің соңғы нүктесі, эквивалентті нүкте деген ұғымдардың қысқаша түсінігін беріңдер.
6. Молярлы ерітінді, эквиваленттің молярлы концентрациясы, мольэквивалент деген ұғымдардың түсінігін беріңдер.
7. Төмендегі реакциялардағы қышқыл, негіз, тұздардың мольэкиваленттері неге тең?
H2SO4 + Ba(OH)2 = BaSO4¯ + 2H2O
H2SO4 + NaOH = NaHSO4 + H2O
Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
K2Cr2O7 + 2BaCl2 + H2O = 2BaCrO4¯ + 2HCl + 2KCl
8. Мына реакциялардағы тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштардың мольэквиваленттері неге тең?
K2Cr2O7 + 6FeSO4 + 7H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3Fe2(SO4)3 + 7H2O + K2SO4
2KMnO4 + 5KNO2 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + K2SO4 + 5KNO3 + 3H2O
KClO3 + 6HCl + 6FeCl2 = 6FeCl3 + KCl + 3H2O
9. Мына ерітінділердің титрін және эквиваленттің молярлы концентрациясын есептеңдер:
а) HCl 4,0106 г/л
б) H2SO4 2,4029 г / 500 мл
в) BaCl2.2H2O 2,0036 г /250 мл
г) Na2CO3 1,3250 г / 250 мл
10. Мына ерітінділердегі химиялық қосылыстардың массасын (г) табыңдар:
а) 200,0 мл 0,120 М NaOH
б) 50,0 мл 0,200 М H2SO4 С(1/2 H2SO4)
в) 500,0 мл 0,010 М KMnO4 С(1/5 KMnO4)
г) 25,0 мл 0,100 М KSCN
11. 3,0 л 0,100 М HNO3 ерітіндісін дайындау үшін 2,000 М азот қышқылының неше миллилитрін алу керек?
12. Тығыздығы 1,396 г/мл 40,00 % CaCl2 ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
13. Тығыздығы 1,69 г/мл 85,00 % H3PO4 бар ерітіндінің молярлығын есептеңдер.
14. 1,5 л 0,050 М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін тығыздығы 1,098 г/мл 20,00 % ерітіндінің қандай көлемін алу керек?
15. Құрамында 0,2586 г Na2B4O7.10H2O бар ерітіндіні титрлеуге 29,75 мл тұз қышқылы жұмсалды. Тұз қышқылы эквивалентінің молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.
16. 0,6000 г H2C2O4.H2O суда ерітілді, осы ерітіндіні титрлеуге 27,09 мл NaOH жұмсалды. Натрий гидроксиді эквивалентінің молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.
17. Таза 1,000 г K2Cr2O7 еріген ерітіндіні титрлеуге 24,00 мл темір (ІІ) ерітіндісі жұмсалды. Осы ерітінді эквивалентінің молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.
18. 1,2568 г H2C2O4.2H2O 100,0 мл өлшем колбасында ерітілді. Алынған ерітіндінің 20,00 мл титрлеуге 18,34 мл NaOH жұмсалды. NaOH эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
19. Мына өрнектердің THCl/Na2CO3, TAgNO3/Cl, TKMnO4/Fe түсінігін беріңдер. Келтірілген титрлер қандай заттардың грамм мөлшерін көрсетеді?
20. 0,0340 г AgNO3 бар ерітіндіні титрлеуге 20,00 мл HCl жұмсалған. THCl/AgNO3мәнін табыңдар. Бұл ерітінді (HCl) эквивалентінің молярлы концентрациясын неге тең?
21. Мына ерітінділердің титрін табыңдар:
Берілгені: | Табу керек: |
а) 0,2500 М HCl | THCl, THCl/CaO |
б) 0,0500 М (1/6 K2Cr2O7) | TK2Cr2O7, TK2Cr2O7/Fe |
в) 0,1000 М NaOH | TNaOH, TNaOH/H2C2O4 |
г) 0,1276 М AgNO3 | TAgNO3, TAgNO3/Cl |
22. 20,00 мл 0,030 М FeSO4 ерітіндісін титрлеуге 0,020 М (1/5 KMnO4) ерітіндісінің неше миллилитрі қажет?
23. 25,50 мл 0,100 М (1/2 H2SO4) ерітіндісімен әрекеттесуге жұмсалатын Na2CO3-тің массасын табыңдар.
24. 15,00 мл KOH ерітіндісін титрлеуге 18,70 мл титрі 0,002864 г/мл –ге тең HCl ерітіндісі жұмсалды. KOH ерітіндісі эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
25. Құрамында 1,5320 г NaOH бар ерітіндінің 20,00 мл көлемін титрлеуге 14,70 мл HCl (THCl = 0,003800 г/мл) жұмсалды. Алғашқы ерітіндінің көлемін табыңдар.
26. 1,0 л ерітінді дайындауға 5,00 мл тығыздығы 1,470 г/мл 57,36 % күкірт қышқылы жұмсалды. Алынған ерітіндінің титрін және эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
27. 0,2746 г таза Na2CO3-ті титрлеуге 31,45 мл күкірт қышқылы жұмсалды. Осы қышқылдың эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
28. 1,0890 г Na2C2O4-ті титрлеуге 25,35 мл калий перманганаты жұмсалды. Калий перманганатының титрін, оның Na2C2O4 арқылы титрін және эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.
29. 6,2270 г бурадан 250,0 мл ерітінді дайындалды. Осы ерітіндінің 25,00 мл титрлеуге 24,17 мл тұз қышқылы жұмсалды. Бура мен тұз қышқылы ерітінділері эквивалентінің молярлы концентрацияларын есептеңдер.
30. Күкірт қышқылды калий иодиді ерітіндісіне 20,00 мл 0,113 М – 0,113 М ( KMnO4)= KMnO4 ерітіндісі қосылды. Бөлініп шыққан иодты титрлеуге 25,91 мл Na2S2O3 жұмсалды. Тиосульфат ерітіндісі эквивалентінің молярлы концентрациясы неге сәйкес?
Тест тапсырмалары
1. Титрлеуде индикаторлар қандай мақсатта қолданылады?
1) әрекеттесуші заттар арасындағы реакцияның аяқталғанын анықтау үшін;
2) әрекеттесуші заттар арасындағы эквивалентті қатынасты анықтау үшін;
3) әрекеттесуші заттардың реакция өнімдеріне толық ауысқан сәтін анықтау үшін;
4) ерітіндінің бейтарап реакциясының сәтін анықтау үшін;
5) дұрыс жауап көрсетілмеген.
2. Келтірілген теңдеулердің қайсысы А заты ерітіндісі титрін есептеуге дұрыс болып табылады?
1) ; 2) ; 3) ; 4) ;
5) барлық жауаптар дұрыс емес.
3. Титрлеу нәтижесі бойынша А заты массасын келтірілген теңдеулердің қайсысымен есептеуге болады?
1) ; 2) ;
3) ; 4) ; 5) .
4. Қайсы теңдеу жұмыс ерітіндісінің нормальдығын (Сн) оның анықталатын зат бойынша титрімен (ТА/В) дұрыс байланыстырады? (MЭ – анықталатын зат эквивалентінің молярлы массасының ).
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
5. Қандай жағдайларда жұмыс ерітіндісінің концентрациясын алғашқы зат бойынша анықтау қажет?
1) жұмыс ерітіндісін дайындауға сұйық затты қолданған жағдайда;
2) жұмыс ерітіндісін дайындау үшін қолданылатын зат кристаллогидрат болғанда;
3) жұмыс ерітіндісі интенсивті боялған жағдайда;
4) жұмыс ерітіндісінің нормальдығы уақыт бойынша өзгергенде немесе жұмыс ерітіндісін дайындау үшін қолданылатын зат гигроскопты болса;
5) нормальдықты алғашқы зат бойынша анықтауды әрқашан да өлшеумен алмастыруға болады.
6. Қандай жағдайларда кері титрлеу тәсілі қолданылады?
1) титрант пен жұмыс ерітіндісі арасындағы реакция тез жүретін жағдайда;
2) титрлеуге индикатор таңдап алу мүмкін болмайтын жағдайда;
3) титрлеу барысында реакция өте баяу жүретін жағдайда;
4) әрекеттесуші заттардың тотығу-тотықсыздану потенциалдары шамасының бір-бірінен айырмашылығы үлкен болған жағдайда;
5) әрекеттесуші заттардың тотығу-тотықсыздану потенциалдары шамасы жағынан бір-біріне жақын болған жағдайда.
ТАРАУ