НҰсҚа и - кәдімгі шайқурай шөбі
1-кезең
1. Өндірілетін өсімдік-шілгер жапырақты шайқурай
Planta productiva-Hypericum perforatum L.
2. Дәрілік өсімдік шикізаты-кәдімгі шайқурай шөбі.
Materia vegetabilis-Herba Hyperici perforati.
Тұқымдасы-Күрделігүлділер
Familia- Hypericaaceae
3. Шайқурай- көп жылдық шөптесін өсімдік.Сабағы цилиндр тәрізді,ұзындығы 30-80см,сабақтары қабырға тәріздес ,тармақталған болып орналасқан.Жапырақ пішіні-жапырақтары супротивті,отырыңқы,сопақтау ұзынша келген,жиегі бүтін ,жалаңаш,ұзындығы 0,7-3,5см,ені1,4см. Жапырақтардың беті тілімделген шеттері тегіс болып келеді.Гүл типі-көптеген,диаметірі1-1,5см, сыпырығы турде жиналған,тостағанша лацент тәрізді,жұқа үшкірленген.Гүлдерінің ұзындығы 12-15мм.Аналығы бөлек култелі,тостағаншадан 2-3есе көп ,бескүлтесі бар.Аталығы көптеген ,негізінде үш шоқ болып өскен.Жемісі үш ұялы ,көп тұқымды қорап.Гүлдері сары, гүлдерінің шеттерінде қара дақтары бар.Жеміс пішіні -үш үйлі көп тұқымды қорапша.Тұкымы ұсақ,цилиндр тәрізді,ұсақ жұмыртқалы. Жұмыртқалырының түсі-жасыл,гүлдері-сары түсті.Тұқымдары \күрең\қоныр түсті.Иісі әлсіз ароматты, дәмі ащы.
2-кезең
1. Сабағы цилиндр тәрізді, ұзындығы 30-80см, сабақтары қабырға тәріздес, тармақталған болып орналасқан. Жапырақ пішіні – жапырақтары супротивті, отырыңқы, сопақтау ұзынша келген, жиегі бүтін, жалаңаш, ұзындығы 0,7-3,5см, ені 1,4см. Жапырақтардың беті тілімделген, щеттері тегіс болып келеді. Гүл типі- көптеген, диаметрі 1-1,5см, сыпырғы түрде жиналған, тостағаншасы бітік, бес бөлікке бөлінген. 5 гүлден тұрады, тостағаншасы ланцет тәрізді, жұқа үшкірленген. Гүлдерінің ұзындығы 12-15мм. Аналығы бөлек күлтелі, тостағаншадан 2-3 есе көп, бес күлтесі бар. Аналығы көптеген, негізінде үш шоқ болып өскен. Жемісі үш ұялы, көп тұқымды қорап. Гүлдері сары, гүлдерінің шеттерінде қара дақтары бар. Жеміс пішіні – үш үйлі көп тұқымды қорапша. Тұқымы ұсақ, цилиндр тәрізді, ұсақ жұмыртқалы. Жапырақтарының түсі- жасыл, гүлдері-сары түсті. Тұқымдары- күрең – қоңыр түсті. Иісі әлсіз ароматты, дәмі-ащы.
Сан көрсеткіштері.
· Флавоноидты рутинге қайта есептеу кезінде 1,5% кем емес, ылғалдылығы 13% көп емес
· Жалпы күлі 8% көп емес
· 10% хлорсутек қышқылы 10% -да ерімейтін күл 1% кем емес;
· Сабағы 50% кем емес ; диаметрі 7мм болатын елеуіштн өтпей қалған бөлшектері
· 10% кем емес; диаметрі 0,3 мм болатын елеуіштен өтетін бөлшектері 10% кем емес;
· Органикалық қоспалары 1% кем емес;
· Минералдық қоспалары 1 % кем емес.
2. Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Hyperici) гүлдей бастағанда және гүлдеу кезеңінің ортасында жинайды. Жоғары ұшынан 30 см етіп кесіп алады. Шикізатын тез арада ауада кептіру арқылы гүлдерінің түсін сақтап қалуға болады. Шөбінің бальзамға ұқсас иісі және аздаған ащылау, шайырлы дәмі бар.
3. 3.Микроскопиясы.Шәйқурай жапырағың жұмсарту үшін дәрілік өсімдік шикізатын калий гидроксидінің 2,5% ерітіндісінде 3-5 минут қайнатады.Петри табақшасына ауыстырып,2-3 рет ағын сумен жуады.
4. Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі.
5. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен немесе глицерин 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады.
6. Шайқурайдың препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады:жапырақтың жоғарғы және төменгі эпидермисінің жасушалары анық жұқартылған ирек тәрізді. Устьицасы тек астыңғы бөлігі 3-4 жасушалармен қоршалған (аномоцитті тип).Бүкіл жапырақ пластинкасының мезофилінде ірі дөңгелектелген немесе сопақ екі түрден тұратын түссіз, мөлдір немесе боялған және қоңыр-күлгін түсті дақтары бар, көбіне жапырақтың жиегінде орналасқан болып келеді. Түссіз дақтар жапырақ жұйкесінде бойлай орналасады.
3-кезең
1. Шайқурайдың химиялық құрамында әсер етуші заттар – антрацен туындылары: гиперицин, псевдогиперицин және т.б. Олардың көлемі 0,5% жетеді.10% -ға дейін шайырлы заттар.
Шайқурайдың химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: иілік заттар, жер беті бөлігінде эфи майы (0,05-0,29%) кумариндер, катехиндер (18%), антоциандар (5,03%), иілік заттары,(10,5%) флавоноидтар (0,9%), дәрумендер, рутин, кверцетин,көп мөлшерде каротиндер.
2. Қажетті зертханалық құралдар (колба, воронка, Келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, су моншасы, тазартылған су, кері тоңазытқыш) тадап алынады. Шайқұрайды келіде ұсақтайды. 1 г салмақтағы шайқұрай ұсақталған шикізатын алып , көлемі 150 мл кері тоңазытқышқа қосылған колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 50% спиртті ерітіндісін құяды. Су моншасында 30 минут қайнатады. Мақта арқылы сүзіп, мақтаны спиртпен шайып, бөліндіні алады.
4-кезең
1. Сапалық талдау.Шайқурай шөбінен алынған бөліндіден 2 мл өлшейді
Флаваноидтарды анықтау реактивтерді таңдап алады.
Бөліндіге реакциялар жасайды:МФ ХІ басылымы бойынша:
· 1мл бөліндіге 2 мл 2% алюминий хлоридінің 95% спирттегі ерітіндісін және 7 мл 95% спирт қосады.Ерітінді жасыл-сары түске боялады.
· Цианидин реакциясы.1 мл сығынды 2-3 тамшы концентрленген хлорсутек қышқылын және 1-2 түйір металды магний қосады.
· Сілтімен реакция.1 мл сығындығы 1-2 тамшы 10% калий немесе натрий гидроксиді 95% спиртті ерітіндісін қосады.Қанық сары түс пайда болады.
· Темір (ІІІ) хлоридімен реакция.1 мл сығындыға 1-3 тамшы 1% темір хлоридінің спиртті ерітіндісін қосады.Шайқағанда негізгі әсер етуші заттардың бар екенін айқындайтын қоңыр түс береді.
2. Сандық талдау. Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап, кері тоңазытқыш, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.
Шайқурай тесіктерінің диаметрі 1 мм елеуіш арқылы елейді.
Шайқурай 1 г нақты өлшемін алып, көлемі 150 мл шлифті колбаға салады.
Шикізатқа 30 мл 50 % спирт қосады.Колбаны кері тоңазытқышқа қосады, қайнап тұрған су моншасында 30 минут қыздырады,арасында қабырғасында заттар шайылсын деп шайқап тұрады, Ыстық сығындыны шикізат бөлшектері фильтрға тиіп кетпеу үшін мақтамен сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш колбаға фильтрлейді. Экстракция кезінде колбаға мақтаны енгізеді және 30 мл 50% спирт қосады. Осы процесті тағы 2 рет жүргізеді. 1мл ерітіндіге 1 мл алюминий хлоридін , 7мл 95% спирт ерітіндісін қосып, 95% спиртпен белгіге дейін жеткізеді. 40минут өткен соң 415нм толқын ұзындығында спектрофотометрде оптикалық тығыздығын өлшейді, қабат қалыңдығы 10мм болуы керек. Салыстырмалы ерітінді ретінде 1мл бөлінді, 1тамшы сұйытылған сірке қышқылы, 95% спиртпен 25мл колбада белгіге дейін жеткізілген болуы керек.
Рутинге және абсолютті құрғақ затқа есептегендегі флаваноидтардың пайыздағы мөлшері келесі формула бойынша анықталады(Х):
Х= D*m0*100*100*100/D0*m*100*(100-W)
Мұндағы: Д-зерттелетін ерітінді оптикалық тығыздығы; Д0- рутиннің МСҮ оптикалық тығыздығы; m- шикізат массасы; m0- рутиннің МСҮ шикізат массасы; W- шикізатты кептіргендегі пайыздағы салмағын жоғалтуы.
5-кезең
1. Тұнбаны Кәдімгі шайқурай шөбі (Herba Hyperici)1:5 қатынасында дайындайды, экстрагент-40% спирт, перколяция тәсілімен алады.
Тұнбаны дайындау процесі мынадай сатыларын тұрады:
1. Ұсақтау. Шикізатты 0,5-1 мм ірілікте ұсақтайды,таразыда өлшеп экстракторға жібереді.
2.Спиртті сұйылту. Сұйылту арқылы 40% спирт алынады.
3. Перколяторды жүктеу.Ұсақталған шикізаттың аздаған бөліктермен экстрактрге салып, мұқият 40%-дық спиртте араластырады. Қоспаны ісіну үшін 30 мин бөлме температурасында қалдырады.
4. Ығыстыру. Өсімдік шикізаты экстрагентпен толық қапталуы үшін, перколяторға ауыстырады және жай бөлме температурасында перколяциялайды. Перколяция процесін бөліндінің мөлшері 1:5 қатынасына жеткенше ұсақтайды.
5. Тұндыру және стандартизациялау. Тұнбадағы құрғақ қалдықты тексереді, ауыр металдарға анықтама жүргізеді, спиртке сандық анықтама жүргізеді, сондай-ақ тұнбаның микробиологиялық тазалығын тексереді.
6. Сүзгілеу және өлшеп орау.Бөтелкелерге құяды, бөтелкелерді бірден қалпақшалармен және бітеушелермен қымтап жабады және бөтелкелерге этикетка жабыстырады.
Қолданылуы. Бактерицидті және өт айдағыш әсер етеді.
2. Медициналық қолданысы:кәдімгі шайқурай шөбі қайнатпасын, тұнбасын, тұндырма қалпында және «Новоиманин» препараттары ретінде тағайындайды. Колиттерді ішке, күйікті емдеуге сыртқа, гингивит, стоматиттерде ауыз қуысын шаю үшін қолданылады. Новоиманин препараты грам оң микроорганизмдерге әсер көрсетеді. Абцесс, флегмоналарды емдеуде қолданады.
Препараттары: Новоиманин шайқурайдың тазартылған 1% спиртті экстракты. Сыртқа және ішке қолданылатын сулы қайнатпасы, қармаушы әсері бар асқазанға арналған жинақтардың құрамына кіреді. «Новоиманин» антибактериалды зат ретінде қолданылатын препараты.