Комплексті қосылыстардың изомериясын талдай отырып Черняев транс әсерінің эффектісін түсіндіріңіз
Комплексті қосылыстардың изомериясын атаңыз. Черняев транс әсерінің эффектісін түсіндіріңіз. Құрамдары бірдейм бірак құрылысы мен қасиеттері әр түрлі заттар изомерлер деп аталады.Изомерия құбылысы кешенді қосылыстарда өте кең таралған.
Құрылымдық изомерия. Құрылымдық изомерлер өте жиі кездеседі. Олардың атомдарының кеңістікте орналасуы әр түрлі, химиялық қасиеттері де әртүрлі. Мысал ретінде координациялық мен орындық изомерияларды келтіруге болады.
Координациялық изомерия. Осы изомерияның бір түрі гидраттық изомерия. Бұл жағдайда лиганд пен комплекс түзуші арасында тікелей координациялық байланыс пайда болады, келесі жағдайда координациялық сфераның сыртында кристалдық торда орналасады.
Координациялық изомерияның тағы бір түрі – иондық изомерия аниондардың ішкі сфера мен сыртқы сфераға әртүрлі таралуынан болады. CoBrSO4*5NH3-тің қызыл-күлгін және жасыл түсті екі изомері бар. Қызыл-күлгін түсті изомердің сыртқы сферасында SO4 ионы, ал қызыл түсті изомердің ішкі сферасында Br ионы болады:
[Co(NH3)5Br]SO4-қызыл-күлгін
[Co(NH3)5SO4]Br-қызыл
Орындық изомерия. Лигандтың иондары комплекс құрамында әр түрлі орын алады. Мұндай изомерлер өте сирек кездесетін бірақ өте қызық изомерлердің бір түрі. Мысалы, нитрит-ион NO2 азот арқылы немесе оттек арқылы координациялана алады. Ал азот арқылы координацияланған изомер - «нитро» изомер деп аталады, ал оттек арқылы координацияланған изомер- «нитрито» деп аталады.
Стереоизомерия. Изомериялардың ішіндегі ең маңыздысы-стереоизомерия. Стереоизомерлерде химиялық байланыс бірдей, бірақ кеңістіктік орналасуы әртүрлі. Изомерияның бұл түріне геометриялық(цис-транс) изомерия және оптикалық изомериялар жатады. Геометриялық изомерия комплекс құрамында кем дегенде екі түрлі лиганд болғанда байқалады. Цис-изомерде аттас лигандтар квадраттың көрші төбелерінде де, транс-изомерде квадраттың қарама-қарсы төбелернде орналасқан.
Изомерияның келесі түрі-оптикалық-айналы изомерия. Оптикалық изомерлер бір-бірімен үйлеспейтін бейнелі изомерлер. Ондай комплекстер оптикалық белсенді заттар, себебі олар жарықтың поляризациялану жазықтығын айналдырады.
Транс жағдайдағы лигандтың реакцияға түскіштігінің өзгеру эффектісі басқа лигандтың табиғатына байланыстылығы И.И.Черняев (1926)лигандтардың транс әсері деп атады.Әрине, бұл эффект цис-, транс- изомерлер түрінде болатын жазық квадрат және октаэдрлік комплекстерде ғана пайда болады.
Трансактивтігі жоғары, яғни транс-жағдайдағы лигандтың байланысын әлсірететін қабілеті бар лигандтар, күшті тотықсыздандырғыштар. Олар өздерінің электрондық жұптарын комплекс түзушіге оңай береді де гибридті байланыстырғыш орбитальдағы комплекс түзушінің электрондық тығыздығын арттырады, сөйтіп лигандтың электрондарын ығыстырады.
45) Металдардың жалпы сипаттамасы.Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, алцезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтергетөзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізіненпирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан,балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Жай заттармен:
2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусыкіші болғандықтан оңай береді.
Күрделі заттармен:
Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.
2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑
Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді
Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2
Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O
4Mg + 10HNO3 (сұйық) = 4Mg(NO3)2+ NH4NO3 + 3H2O
Ag + 2HNO3 (конц.) = AgNO3 + NO2↑ + H2O
Металдартұздарменәрекеттеседі. Белсендірекметалдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі төмен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe2O3= Al2O3 + 2Fe
Mg + CO2=MgO + CO
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:
Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2
2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl
Металдарды алу әдістері.Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен бөліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады. Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотация әдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген. Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.
Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай; Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb – Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, ҚазмырышАҚ);
Мn - Қаражал, Жезді;
Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;
Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;
Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск;
W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);
Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;
Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.
Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:
пирометаллургия,
гидрометаллургия,
электрометаллургия.
Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.
46.Фосфор. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері. Аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Өндірісте фосфордың алынуы, қолданылуы.
Форфор, элементтердің периодтық жүйесіндегі азот топшасының (VA) бейметалды химиялық элементі. Табиғатта таралуыФосфор элементтердің табиғатта таралуы бойынша 12-ші орын алады. I. жер қыртысында – 0,1%, маңызды минералдары – фосфорит (Са5(РО4)3(ОН,СО3)), апатит (Са5(РО4)3(F,Cl)); II. өсімдіктерде – дәнінің белоктарының құрамында; III . жануарлар организмдарында: Сүт, қан, ми және нерв ткані белоктарының құрамында, Сүйектің және тістің құрамында (3Са3(РО4)2 • Ca(OH)2 и 3Са3(РО4)2 • CaСO3 • Н2О) түрінде болады, ДНҚ, РНҚ-да (тұқым қуалау информациясын сақтайды және тасмалдайды), АТФ (энергия алмасуға жауап береді)
Алу жолы.
Фосфорды бос күйде алу үшін фосфоритті құм және көмірмен араластырып электр пеште 1500˚-қа дейін қыздырады, онда болатын реакциялардың жалпы теңдігі былай жазылады:
2Ca3(PO4)2 + 6SiO2 + 10C = 6CaSiO3 + P4 +10CO ΔН˚ = 1359,8 кДж/моль
Бөлініп шыққан фосфор буы салқындатылып, қатты күйге аударылған фосфор, судың астына жиналады.
Аллотропиялық түр өзгерісі
Ақ фосфор.
Р4 молекулаларынан тұратын, еркін қозғала алатын, куб тәрізді молекулалы кристалдық торы болады. Олар өте әлсіз байланыстармен байланысады және тетраэдр пішінді. Төмен темп. морт сынғыш, 15̊-тан жоғары жұмсарады, өзіне тән иісі бар. Өте улы. Суда ерімейді, бірақ көміртек дисульфидінде, бензолда жақсы ериді. Сондықтан оны су астында сақтайды. Қараңғыда жарық шығарады, ауада өздігінен жануы мүмкін.
Қызыл фосфор.
Аморфты құрылысы немесе атомды-кристалдық торы бар. Полимерлі құрылысы: Р4 тетраэдрлері шексіз байланыста байланысады. Қызыл фосфордың олекуласы ақ фосфордың күрделі полимері деп есептеледі. Ұнтақ түсі қызыл, улы емес. Суда да, күкіртті көміртегінде де ерімейді. Қыздырған кезде ғана жанады, ал өздігінен 200-тан жоғары темп. жанады.
Қара фосфор.
Кристалдық пішінді. Бір-бірімен қабатталып байланысқан, төбелерінде фосфор атомдары бар ірі алтыбұрыштардан құралған (графит тәрізді). Қара фосфор графитке ұқсайды, ρ=2,7, шала өткізгіш. Ауасыз қыздырған кезде буға айналады, кейін ақ фосфорға конденсацияланады.
Химиялық қасиеттері:
Жай заттармен – бейметалдармен әрекеттесуі.
Фосфор көптеген бейметалдармен реакцияға түсе алады: оттекпен, күкіртпен, галогендермен, сутекпен фосфор нашар немесе мүлдем әрекеттеспейді. Фосфордың мөлшерінің артық немесе кемдігіне байланысты, фосфордың (III) немесе (V) өнімдері алынады, мысалы:
2P + 3Br2 = 2PBr3 немесе 2P + 5Br2 = 2PBr5
4P + 5О2 = 2P2О5
2 Р + 3Cl2 ( кем) →2 PCI3
2 Р + 5Cl2 ( артық) → 2PCI5
Фосфор трихлориді PCl3 алу үшін көп етіп балқытқан фосфордың үстімен хлор жібереді, сонда фосфор солғын сары түсті жалынмен жанып:
2P + 3Cl2 = 2PCl3 ΔH˚= -644.3 кДж/моль
PCl3 + 3H2O = H3PO3 + 3HCl
Фосфор пентахлориді – фософр қышқылының хлор ангидриді, гидролиз екі сатыда өтеді:
PCl5 + H2O = POCl3 + 2HCl
POCl3 + 3H2O = H3PO4 + 3HCl
POCl3 - фосфор оксо-трихлориді түссіз сұйықтық.
Металдармен әрекеттесуі. Фосфорды металдармен қыздыру арқылы фосфидтер алынады:
3Mg + 2P = Mg3P2
Кейбір металдардың фосфидтері суда газ тәрізді фосфин PH3 түзу арқылы ериді:
Mg3P2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + 2PH3
Фосфин PH3 химиялық қасиеттері бойынша аммиакқа NH3 ұқсас.
Сілтілермен әрекеттесуі.
Ақ фосфорды сілті ерітіндісінде қыздырған кезде ол диспропорцияланады:
P4 + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2
Р0 + 3е → Р-3 1 тотықтырғыш; тотықсызданады;
Р0 - 1е → Р+1 3 тотықсыздандырғыш; тотығады;
Конц. азот қышқылымен әрекеттесуі:
3Р + 5HNO3 + 2H2O = 3H3PO4 + 5NO
Дифосфор үшоксиді – P2O3 фосфор баяу тотыққанда немесе оттек жеткіліксіз болғанда түзілетін, ақ түсті кристалдық зат. Төмен темп. полимерленіп P4O6 түзеді. Суық сумен қосылып фосфорлы қышқыл H3PO3 түзеді.
P2O3 + 3H2O = 2 H3PO3
4H3PO3 → PH3 + 3H3PO4
Дифосфор тетраоксиді - P2O4 түссіз, жылтыр кристалдық зат.
P2O4 + 3H2O = H3PO3 + H3PO4
Дифосфор пентаоксиді – P2O5 сумен өте шабытты қосылады:
P2O5 + 3H2O = 2H3PO4
Қолданылуы.Ақ фосфор көп қолданылмайды. Оның жанатын және түтіндейтін снаряттарда пайдаланылады. Қара фосфор өте сирек қолданылады. Фосфордың көп мөлшері әр түрлі зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын хлорофос, тиофос сияқты пестицидтер дайындауға жұмсалады. Қызыл фосфор негізінен сіріңкенің бүйір жағында болатын коңырқай қоспаньщ құрамына кіреді. Жанғыш снарядтар мен бомбаларды, түтш шымылдығын тұзетін гранатаны ақ фосформен толтырады. Фосфордың жартысына жуығы қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар жасауға қолданылады. Фосфор көп мөлшерде шырпы өндірісінде қолданылады.Ақ фосфор жанғанда будақ-будақ қалың қабатты ақ түтін (фосфор (V)оксиді) түзіледі, сондықтан оны «түтін шымылдығын» жасау үшін снаряд, бомбаларға салады. Зиянкес жәндіктерге қарсы дәрі жасауға фосфор-органикалық препараттар синтезіне қолданылады. Фосфордан едәуір мөлшері зиянды жәндіктерді жою үшін пайданылатын әр түрлі фосфор органикалық препараттар өндірісіне жұмсалад. Фосфордың оттекті қосылыстар, фосфор қышқылы және оның тұздары кеңінен қолданады.
47.
48.
49 Хлордың оттекті қышқылдарының қышқылдық – негіздік және тотықтырғыштық - тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары және оларды түсіндіру.Хлор оттекпен тікелей қосылыспайды, хлордың толып жатқан оттекті қосылыстары жанама жолмен алынған Бұл қосылыстарды тұрақты берік қосылыс деп есептеуге болмайды, ішіндегі тұрақтырағы оттекті қышқылдардың тұздары, тұрақсызырағы- оксидтері.
Т.д. Оксидтер Қышқылдыр Тұздары
1 Cl2O хлорлылауHClO Гипохлориттер
2 - - -
3 - хлорлыHClO2 хлорuттер
4 ClO2 - -
5 - хлорлауHClO3 Хлораттар
6 Cl2O6 - -
7 Cl2O7 Хлор HClO4 Перхлораттар
Оксидтері: Дихлороксиді CI2O алу үшін хлорды құрғақ сынап оксиді арқылы өткізеді:
2HgO+ 2CI2=HgCI2+ CI2O Қошқыл сары түсті, қолайсыз иісті газ, тыныс жолдарын ауыр жарақаттайды. Оңай сұйылады. Эндотермиялық қосылыс, қопарылыс беріпайырылуы оңай: 2CI2O= 2CI2+ O2
Сумен оңай реакцияласатын ангидрид: CI2O+H2O=2 HCIO
Хлордиоксиді CIO2- алу жолы:
2KCIO3+H2C2O4= K2CO3+ CO2+H2O+2CIO2
Хлордиоксиді ыдырауға бейімдіктен бос CI2 мен O2 түзіп, күшти тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Мәселен: 15CIO2+ 17P=5PCI3+3P4O10
PbO+ 2CIO2+2NaOH= PbO2+ 2NaCIO2+ H2O
Эндотермиялық тұрақсыз, қопарылғыш қосылыс. Суда жақсы ериді, бірақ нашар реакцияласады, ол сілтілермен жақсы реакцияласады:
2CIO2+ 2KOH= KCIO2+ H2OCI O2 молекуласында электрон саны тақ, әрі ол парамагнитті, пішіні үшбұрышты молекула, OCI-O байланыстарының арасындағы, хлор түбіндегі бұрыш 118о
Дихлоргексаоксидінің CI2O6, алу жолы: 6CIO2+ 2O2= 3 CI2O6
бұл қошқыл-қызыл түсті сұйықтық органикалық заттармен қопарылыс береді. Сумен реакцияласып екі қышқыл тузеді: CI2O6+ H2O= HCIO3+ HCIO4 демек, бұлда екі қышқылдың аралас ангидриді.
Дихлоргептаоксидінің CI2O7 алужолы: 2HCIO4+ P2O5= 2HPO3+ CI2O7 түссіз сұйықтық, органикалық заттармен қопарылыс бермейді.
Қышқылдары және тұздары. Хлорлылау қышқылH-O-CI. Хлордың сумен реакцияласуы нәтижесінде түзіледі.
2CI2+ 2HgO= 2HCIO+ Hg2OCI2 қалыпты температурада тек ерітінді түрінде ғана болады, төмен температурада кристаллогидрат HCIO*2HOH түзеді.Хлорлылау қышқыл тұрақсыз, еріген күйінде де қосарлана үшсатыдан тұрады:HCIO= HCI+ O2HCIO= CI2O+ H2O3HCIO= 2HCI+ HCIO3
Егер хлорды суга емес, сілті ерітіндісіне (суықта) жіберсе, мысалы: 2KOH+ CI2= KCI+ KCIO+ H2O калий гипохлориті түзіледі. Гипохлориттерде өте жақсы тотықтырғыш, оны боялған заттарды, қағазды ағартқыш ретінде қолданады; гипохлориттің тотықтырғыш болуының себебі ауадағы көмірқышқылгаздың әсерінен ерітіндісінде хлорлылау қышқыл түзіледі:
KCIO+ CO2+ H2O= KHCO3+HCIO Сілтілердің арзаны кальций гидросидімен хлор реакцияласқанда хлор ізбесі түзіледі; оның түзілу реакциясын былай жазуға болады: CI2+ Ca(OH)2= CaOCI2+ H2O демек, хлор әгі тұз қышқылының және хлорлылау қышқылдың аралас тұзы. Хлор әгі ақ түсті, ащы иісті ұнтақ, күшті тотықтырғыш қасиеті бар зат.Хлор әгі ауамен жанасқанда ондағы CO2 мен реакцияласады: a)CaOCI2+ CO2= CaCO3+ CI2; b) 2CaOCI2+ CO2= CaCO3+ CaCI2+CI2O бұл екі реакция қатар жүреді, бірақ екінші реакция басымырақ.Хлорлы қышқыл H-O-CI=O, CIO2- нің гидролизінде түзіледі: 2CIO2+ H2O= HCIO2+ HCIO3О ның тұздары хлориттерде солай: 2CIO2+ 2KOH= KCIO2+ KCIO3+ H2O хлорлы қышқыл тұрақсыз қышқыл, іс жүзінде еш жерде қолданылмайды. Тұздары-қопарылғыш.Хлорлау қышқылы-хлорлылау қышқылдың айырылуынантүзіледі:
3HCIO= HCIO3+ 2HCI. Бірақ оны тұзынан алады:
Ba(CIO3)2+ H2SO4= 2HCIO3+ BaSO4
Тұздары хлораттар түссіз, қыздырғанда оттек бөліп шығаратын қопарылғыш, әрі улы заттар ішіндегі маңыздысы калий хлораты- KCIO3 (Бертоллетұзы): 3CI2+6KOH= KCIO3+ 5KCI+ 3H2O енді осы ерітіндіні салқындатса, KCIO3 суық суда нашар еритіндіктен, тұнбаға түзеді. Хлор қышқылын алу үшін калий перохлоратынк онцентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіреді: KCIO4+ H2SO4= KHSO4+ HCIO4HCIO4 түссіз, ашық тұрса түтіндене бастайтын сұйықтық, tқ=-112оС .хлор қышқылы таза күйінде өте тұрақсыз, өзінен-өзі қопарылуы мүмкін; судағы ерітіндісі қопарылмайды, тотықтырғыштығы хлордың басқа қышқылдарынан нашарлау; қышқылдық қасиеті- барлық қышқылдардың күштісі. Хлордың валенттігі өскен бағытта барлық оттекті қосылыстарының беріктігі өседі, жалпы тотықтырғыштығы кемиді, қышқылдарының күші артады. HCIO (pk 7.2)- HCIO2 (pk 2.0)– HCIO3(pk -1)- HCIO4(pk-10 )-қышқылдық күші артады, тотықтырғыштығы күшейеді-CIO- CIO2- CIO3- CIO4- қатары бойынша хлордың тотығу дәрежесі өсетіндіктен, аниондарының тұрақтылығы артады. Оны CIO- дан CIO4- ке өткенде сигма және пи байланыстарын түзуге қатысатын валенттік электрондар санының өсуімен түсіндірге болады.
50.
Көмір қандай жағдайда жанғанда негізінен СО газы түзіледі? Пештің түтін жүретін жолы жабық болған жағдайда не себепті ыс тию қаупі көмірдің қызуының азаюына сәйкес келеді?
Көмір, не көміртекті қосылыстар, оттек жетімсіз, бірақ жоғары температура жағдайында жанса, көміртек II оксиді түзіледі:2C+O2=2CO (төмен температурада көміртек диоксиді түзіледі), жоғарыда айтқандай көміртек диоксидін қызған көмірдің реакциясынан да: CO2+C=CO дельтаH=172кДж/моль
Көміртек оксидін иіс газы деп те атайды, өйткені иіс тиіп, ас ауырып, улану бәрі пештегі отын шала жанғаннан (пештің төбесін ерте жапқаннан) бөлініп шығатын көміртек оксиді әсерінен болады. Бірақ, иіс, ол ештен бірге араласып шығатын басқа газдардың иісі. Көміртек оксиді 0,05% бар ауамен бір сағат, 0,3% бар ауамен 15 минут дем алса, адам уланып өлуі мүмкін.
52.
53.
Табиғи сулардың кермектігі қандай тұздардың әсерінен болады? Кермек суға: а)Na2CO3 b)NaOH c)CaOH2 қосқанда қандай реакция жүреді?
Табиғи суларда еріген күйде кальций мен магний тұздары көп болса, ондай су кермек су деп аталады. Карбонаттық кермектің, карбонаттық емес кермектік деген болады. Карбонатты кермектік суда еріген Ca(HCO3)2 және Mg(HCO3)2 болудан, карбонаттық емес кермектік – сол металдардың хлоридтері мен сульфаттарынан болады.
Карбонаттық кермек суды қайнатса ондағы еріген:
Ca(HCO3)2=CaCO3+CO2+H2O. Дигидрокарбонат карбонатқа, ерімейтін тұзға айналып, су тұщиды. Сондықтан карбонаттық кермектікті уақытша кермектік, ал қайнатқанға болмайтын кермектікті тұрақты кермектік дейді. Карбонаттық және карбонаттық емес кермектік қатар кездессе жалпы кермектік болады.
Карбонаттық емес кермектікті кетіру үшін сода немесе сөндірілген әктас қосып, еру қиын қосылыстарға айналдырады. Мысалы: CaSO4+Na2CO3=CaCO3+Na2SO4
MgSO4+CaOH2=MgOH2+CaSO4
CaSO4+NaOH=CaOH2+Na2SO4
MnO2+HCl=MnCl2+H2O+Cl2
MnO2+4H+ + 2e- =Mn2+ +2H2O /1
2Cl- -2e=Cl2 0 /1
MnO2+4H+ +2Cl-=Mn2+ +2H2O+Cl2
MnO2+4HCl=MnCl2+Cl2+2H2O
55. Реакция теңдеуін жартылай иондық теңдеуімен теңестіріп:
CH3COH + [Ag(NH3)2]OH → CH3COONH4 + Ag + NH3 +H2O
CH3CO- + H2O – 2e=CH3COO- + 2H+ | 1
[Ag(NH3)2]+ + 1e=Ag0 +2NH3 | 2
CH3CO- + H2O + 2[Ag(NH3)2]+= CH3COO- + 2H+ +2Ag0 +2NH3
57.Реакцияны жартылай иондық теңдеуімен теңестіріп, теңдеудің оң бөлігіндегі стехиометриялық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз:
HI+ H2O2 + CH3COH → CH3COOH + I2 + 3H2O
H2O2+2H+ +2e= 2H2O
CH3CO-+H2O-2e=CH3COO-+2H+
2I--2e=I2
2I-+2 H2O2+4 H++ CH3CO-+ H2O= I2+4H2O +CH3COO-+2H+
.
59.Реакцияны жартылай иондық теңдеуімен теңестіріп, теңдеудің оң бөлігіндегі стехиометриялық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз және теңдеудің оң бөлігіндегі стехиометриялық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз:
C6H5CH3 + HNO3 → C6H5COOH + NO + H2O
C6H5CH3+2H2O-6e=C6H5COO-+7H+ |1
NO3+4H++3e=NO+2H2O |2
C6H5CH3+2H2O+2NO3 +8H+= C6H5COO-+7H+ +2NO+4H2O
60.Реакцияны жартылай иондық теңдеуімен теңестіріп, теңдеудің оң бөлігіндегі стехиометриялық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз:
Na2C2O4 + КBrO3 + H2O → KBr + CO2 + NaOH
C2O4-2-2e=2CO20 |3
BrO3-+3H2O+6e=Br-+6OH- |1
3C2O4-2 +BrO3-+3H2O= Br-+6OH-+6CO20
3Na2C2O4 + КBrO3 + 3H2O → KBr + 6CO2 + 6NaOH
61.Реакцияны жартылай иондық теңдеуімен теңестіріп, теңдеудің оң бөлігіндегі стехиометриялық коэффициенттердің қосындысын көрсетіңіз:
КСlOз + Н2С2О4 + H2SO4 → ClO2 + CO2 ↑ + K2SO4 + H2O
СlOз-+2H++1e= ClO2+ H2O |2
С2О4-2-2e=2CO2 |1
2СlOз-+4H++ С2О4-2= 2ClO2+2H2O+2CO2
2КСlOз + Н2С2О4 + H2SO4 →2ClO2 + 2CO2 ↑ + K2SO4 + 2H2O
62.Реакция теңдеулерін аяқтап, оларды иондық электрондық баланс (жартылай реакциялар) әдістерімен теңестіріңіздер:
NaNO2 + KMnO4 + H2SO4 ®
NaNO2 + KMnO4 + H2SO4 ®NaNO3+MnSO4+H2O+K2SO4
NO2-+H2O-2e=NO3-+2H+ |5
MnO4-+8H++5e=Mn2++4H2O |2
5NO2-+5H2O+ 2MnO4-+16H+= 5NO3-+10H+ +2Mn2++8H2O
5NaNO2 + 2KMnO4 + 2H2SO4 ®5NaNO3+2MnSO4+3H2O+K2SO4
63.
64.
65.
66.
67.
68.
69.
70.
71.
72.
73.
74.
75.