Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары

Ысқартылған сөздер тізімі

АҚ – амин қышқылдары

АТФ –аденозин три фосфат

АДФ – аденозин ди фосфат

АМФ – аденозин моно фосфат

ДНК – дезоксинуклеин қышқылы

ЖМҚ – жоғары молекулалық қосылыс

КоА – ацетилкофермент А

НАДН – никотинамидадениндинуклеотид

ПЖҚ –пирожүзім қышқылы

РНК – рибонуклеин қышқылы

АЛҒЫ СӨЗ

Химия бізді қоршаған сыртқы ортаның байлығымен қоса, онда болып жатқан барлық құбылыстарды зерттейтін жаратылыстану ғылымына жатады.

Әлем материалды: ондағы барлық материяның түрі үнемі қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады. Химиялық және физикалық қасиеті бар әрбір материяның түрі зат болып табылады. Зат бөлінбейтін бөлшек емес. Заттың өте кішкентай бөлшектерден тұратындығы туралы түсінік көне Грецияда пайда болған. Қазіргі заттың құрылысы туралы теория М.В. Ломоносовтың идеясына орай негізделген.

Химия тірі жүйелердегі процестерді түсінуге және құралдық зерттеуге қажетті ғылымның негізі болып табылады. Сондықтан медицина мамандығында оқитын студенттер осы ғылымның негізгі идеяларымен заңдарын және әдістерін меңгерулері қажет. Ұсынылған оқу-әдістемелік құралы тірі ағзада болып жатқан құбылыстарды, олардың физикалы-химиялық негізін және процестің механизмін молекулалық және жасушалық деңгейде, қажетті жағдайларда оған есептеулер жүргізу үшін көмектеседі. «Химия» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы студенттердің бойында адам ағзасын зерттеуде жаратылыстану ғылымына келуге және тірі ағзада болып жатқан биохимиялық процестердің химиялық және физикалық аспектілерін байытуға мүмкіндік береді.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Химиялық лабораторияда жұмыс істеу жалпы ережелерімен химиялық заттармен жанасу жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін оқып, толық игермей, оқушылар жұмысқа кіруге рұқсат алмайды. Бұл ережелерді қаншалық терең сіңіргендерін оқытушы әр оқушымен жеке әңгімелесу арқылы тексереді. Білімі оң бағаланған жағдайда арнайы журналда жазу толтырылып, оқушының және оқытушының қойылған қолдарымен бекітіледі.

Реактивтерді пайдалану ережелері

Ерітінділер мен құрғақ реактивтерді шыны, резеңке немесе қабық тығын тығындалған шыны ыдыстарда (шөлмектерде, банкаларда) сақтау керек. Реактив салынған банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: «текникалық», «таза», «анализ үшін», «химиялық таза» және концентрациясы жазылған этикеткалар болу керек. Реактивтерді пайдаланғанда мына ережелерді орындау керек:

1. Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, оның аз мөлшерін алу қажет.

2. Алынған реактивтердің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға болмайды.

3. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканың аузын жауып, орнына қою керек.

4. Құрғақ реактивтерді мүйіз, фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен немесе қалақшалармен алған жөн. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап сүзгіш қағазбен сүртіп отыру керек.

5. Егер ректив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай, екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.

Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары

1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.

2. Бөлініп жатқан газдарды ыдысқа жақын еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдың немесе сұйықтың иісін білу үшін ыдыстың аузынан ауаны өзіне қарай желпу керек.

3. Концентрациялы қышқылдарды, әсіресе, күкірт қышқылын сұйылтқанда қышқылды суға құю керек, керісінше, істеуге болмайды.

4. Беттеріне немесе киімдеріне шашырамау үшін реактивтерді құйғанда ыдысқа аса төмен еңкеймендер.

5. Сұйықты қыздырып жатқан ыдыстың үстіне еңкеймеу керек, себебі сұйықтың бетке шашырап кетуі мүмкін.

6. Пробирканы қыздырғанда оның аузын өзіне немесе қатар тұрған жолдастарына қаратып ұстама.

7. Егер беттеріне немесе қолдарына сұйықтың (қышқылдың) шашырандысы тисе, судың қатты ағындысымен жуып, содан кейін күйген жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен жуу. Сілті тиген жерді сумен жуады да, сосын калий перманганатының 3%-ті ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді.

8. Оңай от алғыш, ұшқыш заттармен жасалған барлық тәжірибелерді оттан аулақ және мүмкіндігінше тартпа шкафта жүргізген жөн.

9. Жана бастаған бензин, спирт, эфирді сөндіргенде жалынға құм себу керек.

10. Жанарғының жалынынан немесе қызған нәрселерден дене күйсе, күйген жерді марганец қышқылының концентрациялы ерітіндісімен жуу керек. Ол жерді күйікке қарсы қолданылатын дәріге батырылған мақтамен таңып тастау керек.

11. Уланғанда және қатты күйгенде іле-шала дәргерге көріну қажет.

12. Лабораториядан кетерде газ жанарғылары шүмектерінің жабықтығын тексеріп, электр жүйсін мұқият сөндіріп кету керек.

I БӨЛІМ

Наши рекомендации