Ан жүйесінің физиологиясы.

Озғыш ұлпалар физиологиясы

1. Қозғыш тіндер:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) бұлшық еттер;

в) бездер;

г) жүйке;

2. Қозғыштық:

а) тітіркендіргіш әсер еткенде қозудың пайда болуы;

б) қозуды өткізу;

в) тін қозуының уақытша төмендеуі;

г) уақыт бірлігінде тіннің белгілі рет қозуы.

3. Бұлшық ет тінінің өзіне тән белгісі:

а) жиырылу, жазылу;

б) су бөлу ;

в) оттегі бөлу;

г) регенерация.

4. Тітіркендіргіштердің түрлері:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) химиялық;

в) физика-химиялық;

г) физикалық;

5. Табалдырықастылық тітіркендіргіш:

а) тұңғыш рет көзге көрінетін жауаптық реакцияны шақыратын тітіркендіргіштің ең аз күші

б) көзге көрінетін өзгерістерді шақырмайды;

в) күші табалдырықтық тітіркендіргіш күшінен жоғарғы тітіркендіргіш;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

6. Нейрон:

а) жүйке жүйесінің жасушасы;

б) бұлшық ет жасушасы

в) бездің жасушасы;

г) дәнекер тінінің жасушасы.

7. Жүйке талшығының қызметі:

а) қозуды өткізу;

б) жиырылу;

в) сөл бөлу;

г) белгісіз.

8.Синапс дегеніміз:

а) екі жүйкелік талшықтардың жанасқан жері; ;

б) екі сүйектің біріккен жері;

в) ет талшықтарының біріккен жері

г) сіңірлердің біріккен жері.

9. Парабиоз дегеніміз:

а) өлі мен тірінің арасы;

б ) организмнің белсенді күйі;

в) өлім;

г) түсініксіз жағдай.

10. Көлденең жолақты бұлшық еттер адам еркіне:

а) бағынады;

б) бағынбайды;

в) бағына ма жоқ па белгісіз;

г) бірде бағынады, бірде бағынбайды.

11. Жүйке талшығының физиологиялық қасиеттері:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.;

б) өткізгіштік;

в) рефрактерлік, лабильдік;

г) қозғыштық

12. Аксон:

а) нейронның ұзын өсінділері;

б)нейронның қабығы.

в) нейронның қысқа өсінділері;

г) нейроглия

13.Жүйкелік және бұлшық ет тіндерінің негізгі физиологиялық қасиеттері:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) өткізгіштік;

в) рефрактерлік, лабильдік;

г) қозғыштық;

14. Тітіркендіргіш:

а) қозғыш тіндерде жауаптық реакцияны тудыратын фактор;

б) қозғыш тіндерде жауаптық реакцияны тудырмайтын фактор;

в) жауаптық реакцияны сөндіретін фактор;

г) жауаптық реакцияны өшіретін фактор

15. Дендриттер:

а) нейронның қысқа өсінділері;

б) нейронның қабығы;

в) нейронның ұзын өсінділері;

г) нейроглия.

16. Қозбайтын тіндер (дұрыс емес жауапты тап):

а) шеміршек;

б) дәнекер тін;

в) жүйке;

г) тері эпителилері.

17. Синапстар тұрады:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс

б) синаптикалық саңылаудан;

в) постсинаптикалық мембранадан;

г) пресинаптикалық мембранадан;

ан жүйесінің физиологиясы.

1. Адамның ішкі ортасын құрайтын сұйықтықтар:

а) жоғарғы аталғанның бәрі.

б) лимфа;

в) тінаралық сұйықтық;

г) қан;

2. Айналып жүрген қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі:

а) гуморалдық (сұйықтық) жолмен;

б) жүйке жүйесі арқылы;

в) нейро-гуморалдық жолмен;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

3.Ересек адамда қан көлемі:

а) 5-6 л; ;

б) 2 л;

в) 3 л

г) 1,5 л.

4. Адам қанын төрт топқа бөлген ғалым:

а) Янский;

в) Винер;

б) Ландштейнер;

г) Шмидт.

5. Агглютиногендер мына әріптермен белгіленеді:

а) А,В

б) Г,Д

в) Ж,З

г) Д,Е

6.Осмотикалық гемолиз пайда болады:

а) эритроцитті изотоникалық ерітіндіге салғанда; б) эритроцитті гипертоникалық ерітіндіге салғанда;

в) эритроцитті гипотоникалық ерітіндіге салғанда;

г) эритроцитті сілтіге салғанда;

7.Лейкоцит дегеніміз:

а) қанның ақ түйіршіктері;

б) қанның қызыл түйіршіктері;

в) қанның сұйық бөлімі;

г) қанның тұздары.

8.Оксигемоглобин дегеніміз:

а) гемоглобиннің оттегімен қосындысы;

в) гемоглобиннің улы газбен қосындысы;

б) гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы;

г) гемоглобиннің азотпен қосындысы.

9.Қалыпты жағдайда гемоглобиннің мөлшері ер адамда:

а) 130-160г\л ;

б) 60-90 г\л;

в) 185-190 г\л;

г) 175-180 г\л;

10.Агглютининдер:

а) плазмада болады

б) лейкоциттер құрамында болады

в) эритроциттер құрамында болады

г) тромбоциттер құрамында болады.

11. Химиялық гемолиз пайда болады:

а) эфир, хлорформ, қышқылдар әсер еткенде;

б) улы жануарлар (ара, шаян, жылан т.б) шаққанда;

в) қанды қатты сілкігенде;

г) қанды қатырып, еріткенде.

12.Әмбебаб донордың:

а) қаны І топқа жатады;

б) қаны ІІ топқа жатады;

в) қаны ІІІ топқа жатады;

г) қаны ІV топқа жатады .

13. Қалыпты жағдайда эритроциттердің мөлшері ер адамда:

а) 4,5-5,0 х 1012 \л;

б) 3,7-4,7 х 1012 \л;

в) 2,0-2,5 х 1012 \л;

г) 1,0-1,5 х 1012 \л.

14.Эритроциттердің қызметтері:

а) газдарды (О2 мен СО2) тасымалдайды;

б) қанға түскен уларды (токсиндерді) байланыстырады;

в) қоректендіру;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

15. Лейкоциттердің көбеюі:

а) лейкоцитоз;

б) лейкопения;

в) фагоцитоз;

г) агранулоцитоз.

16. Екінші топтағы қанды қай топқа құямыз:

а) 2, 4;

б) 1;

в) 3;

г) құюға болмайды.

17.Қанның атқаратын қызметтері:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

в) трофикалық (қоректендіру);

б) тыныстық;

г) тасымалдау;

18.Гемолиз дегеніміз:

а) эритроциттердің еруі;

б) қанның ұюы;

в) эритроциттердің көбеюі;

г) эритроциттердің азаюы.

19.Сәйкес емес қанды құйғанда:

а) гемотрансфузиялық шок шақырылады;

б) ештеңе де болмайды;

в) қаны ұйып қалады;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс емес.

20. ІІІ топтағы қанды құюға болады:

а) өзіне және ІV топқа;

б) тек қана ІІ топқа;

в) тек қана І топқа;

г) ешкімге құюға болмайды.

21. Қанның құрамы :

а) плазма және пішінді элементтер; ;

б) плазма

в) нәруыздар;

г) көмірсулар.

22.Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) көтеріледі:

а) жоғарғы аталғаның бәрі дұрыс.

б) қабыну кезінде;

в)диабет және жүктілік кезінде;

г) инфекциялық аурулар кезінде;

23.Қан қоймаларына (деполарына) жатады:

а) бауыр, көкбауыр

б) өкпелер;

в) тері тамырлары;

г) жоғарғылардың бәрі.

24.Механикалық гемолиз пайда болады:

а) қанды қатты сілкігенде әсер еткенде.

б) эфир, хлороформ, қышқылдар әсер еткенде

в) қанды қатырып, еріткенде;

г) улы жануарлар (ара,шаян,жылан т.б.) шаққанда;

25. Рецепиент тобы:

а) 4 топ;

б) 1 топ

в ) 3 топ;

г) 2 топ.

26. 1топтың формуласы:

а) 0,αβ;

б) АВ,0;

в) А,β;

г) В,α.

27.Эритроцит қабығы жарылып гемоглобиннің қоршаған ортаға шығуы:

а) гемолиз;

б) гемостаз;

в) гемофилия;

г) гематокрит.

28.Қан реакциясының сілтілік (негіздік) жақа жылжуы:

а) алкалоз;

б) ацидоз;

в) гемолиз;

г) гемостаз.

29. Сыворотка (сарысу) дегеніміз:

а) плазма;

б) құрамынан фибриноген шыққан плазма;

в) лимфа;

г) тіндік сұйықтық.

30.Гемоглобин дегеніміз:

а) тыныс алу пигменті;

б) көз пигменті;

в) шаш пигменті;

г) дұрыс жауап жоқ.

31.Қанда тромбоциттердың көбеюі:

а) тромбоцитоз;

б) тромбоцитопения;

в) эритроцитоз;

г) эритропения.

32.Адам қанын төрт топқа бөлген ғалым:

а) Янский;

б) Ландштейнер;

в) Винер;

г) Шмидт.

33. Қанның пішінді элементтері (дұрыс емес жауапты тап):

а) ферменттер

б) лейкоциттер;

в) тромбоциттер;

г). эритроциттер;

34.Эритроциттердің көбеюі:

а) эритроцитоз;

б) эритропения;

в) эритроз;

г) жоғарғы аталғанның бәрі дұрыс.

35.Плазманың нәруыздары:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) глобулиндер;

в) фибриноген;

г) альбуминдер;

36.Агглютиногендер мына әріптермен белгіленеді:

а) А,В

б) α,β

в) С,Д

г)Ж,Д

37.Агглютинациялық реакция аяқталады:

а) гемолизбен;

б) гемостазбен;

в) нәтижесіз;

г) эритроцитозбен ..

38.Гемостаз дегеніміз:

а) қанның ұюы;

б) эритроциттердің еруі;

в) қанның түзілуі;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

39.Пішінді элементтерді түзетін ағзалар:

а) сүйектің қызыл кемігі;

б) көкбауыр;

в) лимфатикалық түйіндер;

г) жоғарғы аталғанның бәрі дұрыс.

40.Қалыпты жағдайда әйелдерде эритроциттердің тұну жылдамдығы:

А)2-15 мм\сағ;

б) 4-8 мм\сағ;

в) 1-2 мм\сағ;

г) 0-1 мм\сағ.

41 .Қан беретін адам:

а) донор;

б) реципиент;

в) пациент;

г) клиент.

42.Әмбебаб реципиенттің қаны:

а) ІV-топқа жатады;

б) ІІ-топқа жатады;

в) ІІІ-топқа жатады;

г) І-топқа жатады;

43.Үшінші топтағы қанды тап:

а) В Ан жүйесінің физиологиясы. - student2.ru .;

б) О Ан жүйесінің физиологиясы. - student2.ru ;

в) А Ан жүйесінің физиологиясы. - student2.ru ;

г) АВ 0

44.Қалыпты жағдайда лейкоциттердің мөлшері:

а) 4,0-9,0 · 109\л;

б) 10,0-11,0 · 109\л;

в) 2,0-2,5 · 109\л;

г) 0-1,0 · 109\л.

45.Лейкоциттердің атқаратын қызметі:

а) қорғаныс (фагоцитоз);

б) қоректік заттарды тасымалдау;

в) газдарды тасымалдау;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

46.Тромбоциттердің ерекше қасиеті:

а) ферменттік қасиеті бар.

жабысып қалатын қасиеті бар;

б) бөгде беткей мен өзара

в) газдарды тасымалдайды;

г) микробтарды жеп қояды

47.Қанша пайыз адамдардың қаны Rh(+):

а)85% ;

б) 95% ;

в) 45%;

г) 15%.
48.Қалыпты жағдайда гемолиз:

а)бауырда өтеді;

б) көкбауырда өтеді;

в) сүйектің қызыл кемігінде өтеді;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс емес.

Жүрек физиологиясы

1. Қанайналу жүйесінің негізгі мәні:

а) ағзалар мен тіндерді қанмен қамтамасыз ету;

б) ағзалар мен тіндерді қансыз қалдыру;

в) ағзалар мен тіндерді лимфамен жабдықтау;

г) ағзалар мен тіндерді тіндік сұйықтықпен жабдықтау.

2. Жүрек әр минутта қантамыр жүйесіне:

а) 6 л қан айдайды;

б) 3 л қан айдайды;

в) 2 л қан айдайды;

г) 1 л қан айдайды.

3. Үлкен шеңбермен айналатын қан жасушаларды:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) қоректік заттармен қамтамасыз етеді;

в) жасушалардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді;

г) оттегімен қамтамасыз етеді;

4. Жүректің қабаттары:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) миокард;

в) эпикард;

г) эндокард;

5. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) өткізгіштік;

в) жиырылғыштық;

г) қозғыштық;

6. Жүрекке тән:

а) автоматизм;

б) механизм;

в) динамизм;

г) адинамизм.

7. II ( диастолалық) дыбысты тонды тыңдайтын жерлер:

а) төс сүйегінің сол және оң жақтағы екінші қабырға аралығында;

б) оң жақтағы 5 қабырғааралығында;

в) сол жақтағы 5 қабырғааралығында;

г) төс сүйегіне семсер өсіндісі біріккен жерде.

8. Жүрек қызметін зерттегенде клиникалық әдістеріне жатады:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) пальпация ( сипап сезу);

в) перкуссия ( тықылдату);

г) аускультация ( тыңдау);

9. Перкуссия дегеніміз:

а) тықылдату;

б) сипап сезу;

в) тыңдау;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс

10. Тахикардия:

а) жүрек соғуының жиілеуі;

б) жүрек соғуының баяулауы;

в) жүрек соғуының тоқтап қайта соғуы;

г ) жүрек соғуының тоқтауы.

11. Парасимпатикалық жүйке жүйесі:

а) жүрек соғуын жиілетеді;

б) жүрек соғуын баяулатады;

в) жүрек соғуын тоқтатады;

г) жүрек соғуын тоқтатып, қайта жүргізеді;

12. Жүрек жұмысы реттеледі:

а) жоғарғы аталғандардың бәрімен.

б) гуморалдык жолмен;

в) рефлекторлық жолмен;

г) жүйке жүйесі арқылы;

13. Эндокард:

а) жүректің ішкі қабаты;

б) жүректің ортаңғы қабаты;

в) жүректің сыртқы қабаты;

г) жүректің қабы.

14. Перикард:

а) жүрек қабы;

б) жүректің ішкі қабаты;

в) жүректің ортаңғы қабаты;

г) жүректің сыртқы қабаты.

15. Жүректің барлық циклының ұзақтығы:

а) 0,8- 0,86с;

б) 0,1-0,16с;

в) 0,7-0,75с;

г) 0,5-0,56с.

16. Жүректің қанша шекарасын анықтаймыз:

а) 3;

б) 2;

в) 4;

г) 5.

17. Систола дегеніміз:

а) жүрек етінің жиырылуы;

б) жүрек етінің әлсізденуі;

в) жүрек етінің босаңсуы;

г) пауза .

18. Қанайналу жүйесіне жатады:

а) жүрек және қан мен лимфа тамырлары;

б) тек қана қан тамырлары;

в) тек жүректің өзі;

г) тек қана лимфатикалық тамырлар.

19. Қанайналымның үлкен шеңбері:

а) жүректің сол қарыншасынан басталып, оң жүрекшеде аяқталады;

б) жүректің оң қарыншасынан басталып, сол жүрекшеде аяқталады;

в) қанайналым деген түсінік жоқ;

г) қан, қан шеңберімен айналмайды.

20.Қанайналымының кіші шеңберінің рөлі:

а) өкпеде қанды көмірқышқыл газымен байытады;

б) өкпеде қанды азотпен байытады;

в) өкпеде қанды оттегімен байытады;

г) өкпеде қанды неон газымен байытады.

21. Жүрек жұмысының циклдары:

а) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

б) диастола ( босаңсу);

в) пауза (үзіліс);

г) систола (жиырылу);

22. Жүрек бұлшықетінің жиырылу ерекшелігі:

а) алдымен жүрекшелер жиырылады, одан кейін қарыншалар;

б) алдымен қарыншалар жиырылады, одан кейін жүрекшелер;

в) жүрекшелер мен қарыншалар бұлшықеттері бір мезгілде жиырылады;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс

23.Жүректің қай тіндерінде қозу пайда болып өткізіледі:

а) атипикалық арнайы тіндерінде;

б) көлденең жолақты бұлшық еттерінде;

в) біріңғай салалы еттерінде;

г) жоғарғы аталғандардың бәрі дұрыс.

24. Экстрасистола:

а) жүректің кезектен тыс жиырылуы.

б) жүректің тоқтап қалуы;

в) жүректің жиі соғуы;

г) жүректің кезекті жиырылуы;

25. Жүрек тондары (дыбыстары) тыңдалады:

а) фонендоскоппен; в) гемометр;

б) спирометр; г) тонометр ;

26. Перкуссия дегеніміз:

а) тықылдату; в) сипап сезу;

б) тыңдау; г) қағаз бетіне тусіру.

Наши рекомендации