Жалпы қорғау шаралары

Агротехникалық тəсіл. Ауыспалы егістік – егістікте патогендердің жинақталмауының алдын алатын өсімдік қорғаудың маңызды агротехникалық тəсілдерінің бірі. Ауыспалы егістік құрарда ең алдымен ауру қоздырғыштарының биологиясы мен олардың топырақта сақталу ұзақтығын есепке алады. Дақыл бір танапқа қайта себілу мерзімі топырақтағы патогендік бастамалардың тіршілігін тоқтатпастан ерте болмауы қажет жəне бір патогенмен зақымданатын дақылдар ауыспалы егістікте бір кезекте болмауы тиіс. Сонымен қатар бір дақылдың тауарлық жəне тұқымдық мақсатта өсірілетін танаптары арасында кеңістік изоляциясын сақтаудың маңызы зор.

Топырақ өңдеу. Аңызды қопсыту (лущение), ерте терең сүдігер жырту сияқты топырақ өңдеу тəсілдері, сапрофитті жəне патогенді организмдердің антагонистік микрофлорасының дамуы нəтижесінде өсімдік қалдықтарында сақталатын ауру қоздырғыштардың жетілуіне кедергі келтіреді. Отамалы дақылдар танабының күтіп-баптау (тырмалау, қатар аралығын қопсыту, түптеу) кезінде арам шөптер жойылып, топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туады. Бұл олардың патогендерге төзімділігін арттырады.

Тыңайту. Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау (өлшемсіз немесе мезгілсіз) өсімдіктердің ауруға төзімділігінің төмендеуіне себепкер болады. Мысалы, азотты бір жақты немесе шамадан тыс мөлшерде қолданған жағдайда бидай тат ауруына көбірек шалдығады, ал фосфор жəне калий тыңайтқыштары жəне микроэлементтер аурудан қорғаныш ролін атқарады. Мыстың азғана мөлшері картоптың фитофтороз ауруына шалдығуын төмендетеді, құрамында бор бар тыңайтқыштар қызылшаның өзегінің шіруін болдырмайды. Тұқымды молибден тұздарымен мен өңдеу олардың тат, қара күйе жəне т.б. аурулары төзімділігін арттырады. Себу, отырғызу жəне өнімді жинау мерзімдері. Оңтайлы себу жəне өнімді жинау мерзімдерін сақтау көптеген аурулардың дамуын тежейді. Көпшілік жағдайларда тұқымды ерте себу кеш себуге қарағанда өнімді көбірек береді жəне өсімдіктердің ауруға шалдығу дəрежесі де төменірек болады.

Агротехникалық тәсіл: Агротехникалық тәсіл өсімдіктер мен зиянды организмдер және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянды организмдің өсіп өнуі, дамуы үшін қолайсыз, ал зақымдалатын өсімдіктер мен пайдалы организмдер үшін қолайлы жағдайлар туады. Өсімдік қорғау тұрғысынан агротехникалық шаралар көпшілік жағдайда сақтық щара болып табылады. Бірақ кейде ол өсімдіктер мен зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың жаппай жойылуына жағдай туғызады.

Агротехникалық шаралардың ішінде өте маңыздыларына ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, мерзімінде егінді егу және өнімді жинау тәсілі және төзімді сорттар шығару жатады.

Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі. Өсімдікті зиянды организмдерден қорғауда ауыспалы егісті зиянкестердің қоректенуі мен аурудың таралуын тежейтіндей немесе оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Механикалық қорғау. Зиянды организммен күресудің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығында күресу тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданылады.

Механикалық тәсілді қолданудың әр түрлі жолдары бар. Дақылдарды зиянкестен қорғауда механикалық бөгеттер жасалады.

Механикалық тәсілді көбінесе жылыжайлар мен оранжереяларда қолдануға болады. Мысалы, залалданған топырақты таза топырақпен алмастыру.

Зиянкес кеміргіштермен күресуде механикалық тәсіл кең қолданылады. Көктемде саршұнақтар оянысымен олардың тікіндеріне сай-салаларда, шұңқырларда іркілген қар суын құйып жоюға болады. Кейін қар суы таусыла бастағанда арнайы қақрандар мен тұзақтармен ұстаған тиімді.

Егістіктерде шетін айналдыра арнайы соқамен зиянкес жолын бөгейтін ор қазу және орға түскен зиянкестерді инсектицидтермен жоюға болады. Ұстағыш белбеулер қолдану, қалың қағаздан жасалынып, байланады. Қуыршақтануы көп жағдайда белбеуде өтіп, зиянкестердің қуыршақтарын жинап жоюға негізделген.

Физикалық тәсіл.Физикалық тәсіл негізінен ауылшаруашылық дақылдары өнімдері және олардан жасалған азық түрлерін зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін қолданылады.

Инфекция тарған топырақты ыстық бумен өңдеп қыздыру әдісі жылыжайларда қолданылады. Бу стационарлық ыдыстан 2-3 атмосфералық қысыммен бу түтікарқылы алдын ала топыраққа көмілген металл немесе керамикадан жаслаған құбырларға беріледі де топырақ белгілі температураға дейін қыздырылып , инфекция қоры жойылады.

Жалған ақ ұнтақпен залалданған тұқымдар 40-45°С температурада 10-12 сағат қыздыру арқылы инфекцияны жойып, отырғызылатын материалдарды залалсыздандыруға болады. Кейбір жағдайда зарарсыздандыру мақсатында жоғарғы жиілікті электр тогы немесе басқа тәсілмен қыздырады.

Сақтық ретінде және бірқатар аса қауіпті қойма зиянкестері үшін дәннің одан жасалған өнімдерді кептіру, зиянкестердің даму өзгерісін есепке алу мақсатымен жарық ұстағыштарды қолдану сияқты физикалық тәсілдерді қолдану сияқты физикалық тәсіл бар. Жарық ұстағыштарға түскен бунақденелілерді күнделікті тексеріп, зиянкестердің түр құрамын, ұшуын, сан мөлшерін анықтауға болады.Бұл әдісті зиянкестермен күресуді дер кезінеде дұрыс ұйымдастыру үшін өте қажет.[3]

Темекі өсіп - жетілу кезеңінде азот және фосфор тыңайтқыштарын көп қажет етеді, сонымен қатар суару, арамшөптерден тазарту, т.б. шаралар жүргізіледі. Көшетті көшетханаларда немесе жылыжайларда өсіреді. Топырақтың 10 см - дегі жылылығы 10 - 12°С - қа жеткенде көшетті отырғыза бастайды, көшет арасы 60 см - ден кем болмау керек. Жерге отырғызғаннан 30 – 40 күннен кейін гүл шанағы пайда болып, осы аралықта өсімдік жылдам өседі. Өсімдік тамырланғаннан кейінгі өсу мерзімінде 2 - 3 рет қопсыту жұмысы жүргізіледі. Өсімдікті баптау кезеңіндегі негізгі міндеттің бірі - гүлшоғын жұлып тастау, өсіп шығатын бүйір бұтақтарын кесіп отыру. Өсу мерзімі ішінде 6 - 8 рет суғарылады. Темекіге жақсы алғы дақыл дәнді - бұршақ және аралас егілген бір жылдық бұршақ пен астық дақылдары болып табылады. Күздік ең негізгі өңдеу - топырақты 20 - 30 см тереңдікте жырту. Өңдеу алдында топыраққа фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізеді. Көктемде тырмалап, көшетті отырғызғанға дейін арамшөптерді құрту үшін және ылғал сақтау үшін 10 - 12 см тереңдікте 1 - 2 рет қопсытады. Арамшөптер шығуына қарай және топырақ бетінде қабық пайда болғанда егісті 8 - 10 см тереңдікте қопсытумен қатар, тырмалайды. Көшеттерді отырғызудан 1 - 2 күн бұрын телімдерді 6 – 7 см тереңдікте қопсытып, тырмалайды. Темекі егісінің 1 га -на 30 - 60 кг N, 60 - 100 кг P2O5, 50 – 100 кг K2O шашылады. Бұл тыңайтқыштардың 70 - 80%-ын күзде, қалғанын көшет отырғызу алдында үстеме қорек ретінде береді. [5]

Наши рекомендации