Медициналық маңызы бар алколоидтар

Пиридин топты алколоидтар. Гигрин – ең қарапайым алкалоитардың бірі, ол Erythrojxylon coca (Оңтүстік Америка) өсімдігінің жапырақтарынан алынған. Гигрин жалпы организмнің дамуын жылдамдатуға жағдай жасайды.

Никотин - өте улы алкалоид (адамды қатты уландыратын доза 40 мг.), темекінің дәні мен жапырағында 8%-ке дейін болады. Оның құрамында қарапайым байланыспен біріккен пиридин мен пирролидиннің ядролары бар. Никотин вегетативтік жүйкелер жүйесіне әсер тигізеді; оның қан тамырларын тарылтатын қасиеті бар. Никотин 2470С қайнайтын майлы сұйық зат. Ұшпалы, суда ериді. Ауада тотығып қоңырқай түске айналады. Улы зат болғандықтан, ол инсектицид ретінде ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді жоюға қолданылады. Никотин суда ерігенде күшті негіз түзіледі.

Хинолин мен изохинолиннің туындылары.Бұл топтың бас алкалоиды - хинин. Ол қына ағашының қабықшасында кездеседі. Хинин, басқа алкалоидтар секілді негіздік қасиет көрсетеді, қышқылдармен тұз түзеді. Хининнің тұз қышқылымен түзілген тұзы безгек ауруына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде хининнің орнына синтетикалық препарат акрихин қолданып жүр. Хининнің құрамына екі гетероциклды жүйе кіреді: хинолин және хинуклидин.

Көкнәрдің құрамында морфин, папаверин, кодеин деген алкалоидтар кездеседі. Морфин өте улы зат, наркотик, ол орталық нерв жүйесіне әсер тигізеді. Аз мөлшерде морфин медицинада ауруды басатын дәрі ретінде қолданылады. Морфинді үнемі қолданған жағдайда организм үйреніп онсыз тұра алмайтын халге ұшырап наркомания ауруына шалдығады. Морфиннің диацетил туындысы героин шет елдерде наркотик ретінде жиі қолданылады.

Папаверин апиыннан немесе синтетикалық жолмен алынады. Оның денені құрыстырып және тамыр кеңейтетін қасиеттері бар, гипертонияда, стенокардияда, жүрекке қан апаратын қан тамырлары және ми тамырлары құрысқанда қолданылады. Папавериннің синтетикалық аналогтары но-шпа мен дибазол.

Конденсирленген гетероциклдар. Нуклеотидтер мен олардың туындылары. Нуклеин қышқылдары.

Конденсирленген циклдары бар күрделі гетероциклдар да болады, оларды конденсирленген немесе бициклды гетероциклдар деп атайды.

1. Бес мүшелі гетероцикл мен бензол сақинасынан конденсирленген жүйе – индол, бензпиррол.

2. Алты мүшелі гетероцикл мен бензол сақинасынан конденсирленген жүйе – хинолин, бензпиридин.

3. Екі гетероциклден түзілген конденсирленген жүйе пурин, ол пиримидин мен имидазолдан түзілген.

Гетероциклдардың тривиальді аттарын қолданады.

Пуриннің туындылары

а) Гидрокситуындылары:

Гипоксантин, 6-гидроксипурин

Наши рекомендации