Комплекстегі қосылыстардың классификациясы және аталуы
Комплекстер ішкі сфераның зарядына қарай, катионды, анионды және бейтарап болып үш топқа бөлінеді.
Катионды комплекстер орталық ионның айналасына бейтарап молекулалар (Н2О, NH3 жене т.б.) координацияланғанда түзіледі. Мысалы, [А1(Н2О)6]С13 және [Cr(NH3)4]Cl3. Бұл қосылыстардағы комплексті [А1(Н2О)6]3+ және [Сr(NН3)4]3+ иондар оң зарядталған.
Анионды комплекстерде комплекс түзушінің ролін оң зарядталған ион, ал лигандтар ролін аниондар атқарады. Мысалы, K4[Fe(CN)6], K2[BeF4], [Na2(Zn(OH)4] жене т.б. K4Fe(CN)6]-тeгi комплексті анион Fe(CN)64- темір катионының Fe айналасына CN- аниондары координацияланғанда түзіледі.
Бейтарап комплекстер атомның айналасына молекулалар координацияланғанда (мысалы, [Ni(CO)4]) немесе оң зарядталған комплекс түзушінің айналасына анион мен молекулалар қатар координацияланғанда түзіледі (мысалы, [Pt(NH3)2Cl2]). Бейтарап комплекстердің сыртқы сферасы болмайды.
Комплекстердің аталуы.
Мысалы, екі комплексті қосылыстарды қарастырайық:
K4[Fe(CN)6]
[Co(NH3)5Cl]Cl2
Кейбір кең қолданылатын лигандтар
Лиганд | Лигандтың аты | Лиганд | Лигандтың аты | Лиганд | Лигандтың аты |
N3– | Азидо | СО32- | Карбонато | En | Этилендиамин NH2-CH2-CH2-NH2 |
Вr– | Бромо | С2О42- | Оксалато | Ру | Пиридин |
Cl– | Хлоро | NH3 | Аммин | Ur | Карбамид (NH2)2CO |
CN– | Циано | Н2О | Аква | PEt3 | Үшэтилфосфин Р(С2Н5)3 |
OH– | Гидроксо |
1. Комплексті қосылыстардың атауын тұздардың атауымен салыстыруға болады.Мысалы, тұздарды атағанда әуелі анион, содан соң катион аталады. Сол сияқты [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысты атағанда бірінші Сl- ионнан бастау керек.
2. Комплексті ионды не комплексті молекуланы атағандаәуелі лигандтар аталады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ ионы пентаамминхлорокобальт (III),әуелі аммиакты лигандтар, содан кейін хлоридті, ең соңынан металл аталады, бірақ комплекстің формуласын жазғанда, бірінші металл көрсетіледі.
3. Лиганд анион болса, «о» деген жалғау жалғанады,ал бейтарап лигандтар молекулалар сияқты аталады. Ерекше аталатыңдар: Н2О (аква) және NH3 (аммин). Сонымен комплексті қосылыс [Co(NH3)5Cl]Cl2 аталуына "хлоро" және "аммин" лигандтары кіреді.
1. Лигандтардың әpбip түрінің саны (егер бірден көп болса) грек сандарымен қосымша көрсетіледі (ди-, три-, тетра-, пента- жене гекса, т.б).
- Аниондық комплекстерде анионның атына — am жалғауыжалғанады.
Мысалы, K4[Fe(CN)6] қосылысындағы анион гексацианоферрат (П) деп аталады. Әдетте — am жалғауы анионның латынша түбіріне жалғанады.
3. Металдың тотығу дәрежесі рим саныменжақшаның ішінe алынып, металдың атынан кейін жазылады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ қосылысында кобальттың тотығу дәрежесі +3 екені рим саны IIIарқылы көрсетіледі.
Комплекс толық аталғанда алдымен катион, одан кейін анион аталады. Мысалдар:
[Co(NH3)6]Cl3 - гексаамминкобальт (III) хлориді