Демонстрациялық тәжірибе
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тақырыбы №3: Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі осмос. Химиялық эквивалент. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері.
Сағат саны: 3
Курс: 1
Мамандығы: Жалпы медицина
Құрастырушы:х.ғ.д., профессор А. Ж. Сейтембетова
х.ғ.к., доцент Н.М. Исмагулова
оқытушы Ш.А. Мадиева
Астана 2012ж.
Тақырыбы:Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі осмос. Химиялық эквивалент. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері.
Мақсаты:Электролит және электролит емес ертінділердің коллигативтік қасиеттерін көрсету: осмос, осмостық қысым және биологиялық маңызы. Оствальдтың сұйылту заңы. Ерітінділердің құрамын анықтау. Қайнау температурасын анықтауда біліміне сүйену, қату температурасы, электролит және электролит емес ертінділердің осмостық қысымын анықтау.
Оқыту мақсаты: Студент электролит және электролит емес ертінділердің коллигативтік қасиеттерін көрсетуді, осмос, осмостық қысым және олардың биологиялық маңызын, изотоникалық коэффициентті, Оствальдтың сұйылту заңын, электролит және электролит емес ертінділердің концентрацияларына қарап қайнау және қату температурасының осмостық қысымын анықтауды білуі керек.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Электролит емес ертінділердің коллигативтік қасиеттері.
а)қаныққан бу қысымының төмендеуі. Рауль заңы.
б)қайнау температурасының жоғарылауы. Рауль заңы.
в)қату температурасының жоғарылауы. Рауль заңы. Криоскопия. Эбулиметрия.
2. Осмос. Осмос қысымы. Вант-Гофф заңы. Осмос қысымының биологиялық ролі.
3. Электролит ерітінділерінде Рауль мен Вант-Гофф заңдарының ауытқуы.
Изотоникалық коэффициент.Оствальд заңы.
4. Гипо-, гипер- және изотоникалық ерітінділердің медициналық практикада қолданылуы.Плазмолиз және гемолиз.
5. Адам организіміндегі электролиттер.
Білім берудің және оқытудың әдістері:тәжірибелік сабақ (жаттығу, сан есептерін шығару).
Демонстрациялық тәжірибе
Криометриялық әдіс арқылы молекулярлық массасын, осмотикалық концентрациясын және осмотикалық қысымды анықтау.
Керекті заттар: Криометр, Бекман термометрі, химиялық термометр, мұз, натрий хлориді (техникалық), зерттелетін ерітінді.
Жұмыс барысы:
Криометрдің жұмысқа дайындығы. Мұздатылған ұсақталған мұзда ерітіндіні жасайды, ол судан және натрий хлоридінен тұрады, оның температурасын химиялық термометрмен өлшеу керек, ол, шамамен - 3-4ОС болуы керек. Криометрдің ішкі бөлігіне Бекман термометрін орналастырамыз, оған ерітіндінің мынадай шамамен (дистиллденген суды), термометр сынабы 1 см болатындай етіп орналастырамыз. Зерттелетін ертіндіні асықпай араластырамыз қату температурасына дейін, криометрдің ішкі бөлігін осы ерітіндімен толтырамыз, суды толтырғандағыдай. Ерітіндінің қату температурасын өлшейміз.
Молекулярлық массасын және молярлық массасының шамасын өлшейміз :
К. т М = дельта t . т"
М - молярлық масса;
К - криоскопиялық константа;
дельта t – температураның төмендеуі;
т –анықталатын заттың массасы;
т – ерітіндінің массасы;
анықталатын заттың осмотикалық концентрациясын өлшеу;
дельта t С осмос.= К
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Сейтембетов Т.С. Химия. Алматы, 1994
2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. Алматы, 2002
3. Патсаев Ә.Қ. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Алматы,2004.
4.Патсаев Ә.Қ. Биоорганикалық химия. Алматы,2004.
5. Лекция материалдары.
Қосымша:
1. Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физ.коллоидтық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006 .
2.Патсаев Ә.К., Дәуренбеков К.Н. Биоорганикалық химия пәнінен тәжірбиелік-зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006
Ағылшын тілінде:
1. S.E.Zurabyan. Fundamentals of bioorganic Chemistry. M., ГЭОТАР – Мед, 2003.
2. S. Kumar, P. Trivedi, K.B. Bansal Jbjective Chemistry Jaipur-3, Chaura Rasta, 2003.
Бақылау (сұрақтар, есептер):
1. Молярлық концентрация дегеніміз не? Молярлық эквиваленттік концентрация дегеніміз не? Массалық үлес дегеніміз не?
2. Қандай ерітінділерді коллегативтік ерітінділер деп атайды?
3. Рауль заңының математикалық өрнегі.
4. Қату және қайнау температураларының ерітінді концентрациясына қатысы?
5. Криоскопиялық және эбулиоскопиялық ерітінділердің тұрақтылығы?
6. Осмос дегеніміз не? Осмостық қысым.
7. Вант-Гофф заңының математикалық өрнегі.
8. Изотоникалық коэффициент. Диссоциацияның изотоникалық коэффициентке қатысы?
9. Гипо-, гипер- изотоникалық ертінділер дегеніміз не?
10. Қату температурасы белгілі болғанда осмостық қысымды қалай анықтауға болады?
11. Осмостық қысымның криоскопы неге тәуелді?
12. Канның осмостық қысымы қаншаға тең?
13. Электролиттерді сұйылтқанда изотоникалық коэффиценті қалай өзгереді?
14. 1м NaC1 ерітіндісі мен 1м глюкоза ерітіндісінің қату температурасында айырмашылық болады ма?
15. Қан депрессиясы нормасы 0,56 - 0,58. Егер патологиялық жағдайда қан депрессиясы 0,8-1,0 тең болса, бұл көрсеткіш осмотикалық гипертония немесе гипотонияны көрсеткіші.
16. 3% глюкоза (С6Н12О6) ерітіндісінің қату температурасы нешеге тең, егер судың криоскопиялық константасы 1,86 тең болса?
17. 65г глюкозаны 120г суда еріткен, осы ерітіндінің қату температурасы.
18. Электролиттерді сұйылтқанда изотоникалық коэффиценті қалай өзгереді?
19.Натрий хлор ерітіндісінің молярлық және проценттік концентрациясын есептеңіз, оның қату температурасы - 0,56. NaCl толығымен диссоцацияланған және ерітіндінің тығыздығы 1 г/см3 тең.
Есептер шығару:
Ø 500гр 0,85 %-ті ерітінді дайындау үшін қанша грамм натрий хлоридін алу қажет?
Ø 280г су және 40г глюкозасы бар ерітіндінің массалық үлесін анықтаңыз.
Ø 100мл 0,1н күкірт қышқылы ертіндісіндегі қышқылдың мөлшері.
Ø Cu + H2SO4 = CuSO4 + SO2 + H2O реакциясындағы тұздың эквиваленттік массасы (г/моль).
Ø 300мл 0,2м ерітінді дайындау үшін натрий нитратының алынатын массасы.
Ø 5л 8 % ерітінді дайындау үшін натрий сульфатының қанша шамасын алу керек(ерітінді тығыздығы 1,075г/мл)?