Жұмыс орны №1. Тазартылған суға толық фармакопеялық талдау жүргізу.
Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
Бөлім: Табиғаты бейорганикалық дәрілік заттарды
Талдау
Тақырыбы: Тазартылған су, сутегі асқын тотығы және оның
Туындыларын талдау
Курс : 3
Мамандық: 5В110300- «Фармация»
Шымкент
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № 2016ж.
Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.
Тақырыбы: Тазартылған су, сутегі асқын тотығы және оның
Туындыларын талдау
Мақсаты: Тазартылған су, сутегі асқын тотығы және оның қосылыстарының жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес фармацевтикалық талдау жүргізуді және сапасына баға беруді үйрету.
Оқыту мақсаты:
· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;
· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;
· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дистилденген және шаншуға арналған судың қазақша, латынша аталуын жазыңыз.
2. Дистилденген судағы жіберілетін және жіберілмейтін қоспалар. Эталонды қолдана отырып, жіберілетін қоспа мөлшерін есептеу.
3. Дистилденген судағы аммиак қоспасын есептеңіз.
4. Дистилденген судағы қоспалардың түсу көзін атаңыз.
5. Шаншуға арналған судағы пирогенді заттарды анықтау әдісі.
6. Дистилденген судағы тотықсыздандырғыш заттардың пайда болу себептері.
7. Сутегі асқын тотығы, магний асқын тотығы, гидропериттің қазақша, латынша атауын жазып, химиялық формуласын көрсетіңіз.
8. Препарат тұрақсыздығын анықтайтын асқын тотықтың қасиеті. Асқын тотықтың ыдырауына әсер ететін факторлар және ыдырау реакциясы.
9. Тұрақтандырғыш таңдау және асқын тотық препараттарының сақталу жағдайы
10. Сутегі асқын тотығы препараты ерітіндісін дайындауда қандай тұрақтандырғыш қолданылады? Тұрақтандырғышты анықтайтын химиялық реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз.
11. Сутегі асқын тотығының өзі екендігін анықтауда қандай өзіндік реакция ұсынасыз?. Химизмін жазыңыз.
12. Сутегі асқын тотығының тотығу- тотықсыздану қасиетін дәлелдейтін реакция теңдеуін жазыңыз.
13. Сутегі асқын тотығын электролитикалық әдіспен алу оның қандай химиялық қасиетіне негізделген? Реакция химизмін көрсетіңіз.
14. Сутегі асқын тотығының сандық мөлшерін анықтау оның қандай қасиетіне негізделген?
15. Перманганатометрия әдісін қолдана отырып, бір сынақта сутегі асқын тотығы мен калий иодидін жеке - жеке анықтауға болады ма?
16. Перманганатометрия эдісімен сутегі асқын тотығының сандық мөлшерін анықтауда төмендегі препараттар кедергі етеді ме: тотықсызданған темір, калий иодиді, натрий хлориді, кальций хлориді.
17. Перманганатометрия эдісімен сутегі асқын тотығының сандық мөлшерін анықтау дәлдігіне рН мәні әсер етеді ме?
18. Сутегі асқын тотығының грамм эквивалентін есептеңіз.
19. Сутегі асқын тотығын перманганатометрия және иодометрия әдісімен анықтауда эквиваленті бірдей ме?
20. 3% 3 мл сутегі асқын тотығын титрлеуге қанша мл 0,1 М калий перманганаты ерітіндісі жұмсалды?
21. 5,29 мл 0,1 М калий перманганаты ерітіндісімен титрлеу үшін, қанша мл Н2О2 ерітіндісі қажет?
22. 10 мл сутегі асқын тотығы ерітіндісін сиымдылығы 100 мл өлшегіш колбаға құйып, сумен белгісіне дейін жеткізеді. Алынған 10 мл ерітіндіге 5 мл сұйылтылған Н2SО4 қосып, 0,1 М калий перманганатымен әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді. Титрлеуге 18 мл жұмсалды. Сутегі асқын тотығының мөлшерін есептеңіз.
23. Сутегі асқын тотығы ерітіндісін дұрыс сақтау және дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
24. Сутегі асқын тотығының қандай препараттары МФ Х енгізілген? Олар бір- бірінен қалай ажыратылады?
25. Сутегі асқын тотығы препараттарының өзі екендігін қандай химиялық реакциялардың көмегімен анықтауға болады?
26. Сутегі асқын тотығы ерітіндісінің құрамында тұрақтандырғыштың бар екендігін дәлелдейтін химиялық реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз.
27. Сутегі асқын тотығының тазалығын анықтауда қышқылдығына сынақ қалай жүргізіледі?
28. Сутегі асқын тотығының сандық мөлшерін анықтауда қолданылатын фармакопеялық әдістер
29. Реакцияның орындалу жағдайына байланысты сутегі асқын тотығы тотығуы немесе тотықсыздануы мүмкін, осы қасиеті сандық мөлшерін анықтауда қалай қолданылады?
Білім берудің және оқытудың әдістері: Дәстүрлі (бастапқы білімін бақылау, лабораториялық жұмыс, талдау хаттамаларын жазу және қорғау)
Оқу объектісі:
1. Тазартылған су, ҚР МФ II басылымы, 475 бет;
2. Инъекцияға арналған су, ҚР МФ II басылымы, 469 бет;
3. 3% сутек пероксиді ерітіндісі, ҚР МФ II басылымы, 481 бет;
4. Магний асқын тотығы, МФ Х басылымы 381 бет;
5. Гидроперит, МФ IХ басылымы.
Лабораториялық сабақты өткізуге 200 минут бөлінген:
№ п/п | Сабақ кезеңдері | Уақыты, мин |
Лабораториялық сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін бақылау (ауызша) | ||
Жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауға дайындығын тексеру | ||
Лабораториялық жұмысты орындау | ||
Хаттама жазу | ||
Хаттаманы қорғау | ||
Лабораториялық сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бақылау (тестілеу) | ||
Қорытынды (баға қою) |
Жұмыс орны №1. Тазартылған суға толық фармакопеялық талдау жүргізу.