Метаморфтық кенорындар
Бұл кластың кенорындары өзгергенге дейін практикалық мәнге ие болмаған таужыныстар метаморфизмі нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда пайдалы қазба заты компоненттерінің жинақтала кристалдануы мен топтануы салдарынан жаралады. Бұл процес ұшпа қосылыстардың қатысуымен,бірақ руда сыйыстырушы қатқабаттан заттың әкелуінсіз жүреді.
Метаморфтыққа негізінен аймақтық метаморфизм жағдайларында жаралған бейметалл пайдалы қазба кенорындары жатады. Метаморфтық кенорындардың басты типтеріне дистен-силиманит, графит, мәрмәр, кварцит пен жабындық тақтатас кенорындары кіреді.
Жоғарғы алюмототықты шикізат немесе дистен-силлиманит кенорындары сазды тақтатастардың аймақтық метаморфизмі кезінде пайда болады. Олар көбінесе кристалды тақтатастардан, гнейс пен амфиболиттерден тұратын докембрий таужыныстары қатқабаттарында орналасқан.
Руда денелері дистен мен силиманитке байығантақтатас пен гнейстің жекелеген горизонттары болып табылады. Жатындар біршама қашықтыққа дейін созылады. Руда негізінен секпілді кейде тұтас.Бұл типті кенорындар Қола түбегінде (Кейв), Саха Республикасында (Чайныт), Забайкальеде (Кяхтинск, Китой), Индия мен АҚШ-та (Калифорнияда, Виржиния) дамыған.
Мәрмәр кенорындары Оралда (Уфалей, Коелгинск, Баландинск), Қазақстанда (Саяқ, Жәйрем және т.б.), Алтайда (Ороктой),иСалайыр бұйратында (Пуштулим), Саянда (Кибир-Кородон), Орта Азияда (Газган), Кавказда бар.
Кварцит кенорындары сирек кездеседі. Олардың ішінде ең белгілілері -Карелиядағы Шокшинск ,жекелеген кенорындар Донбаста, Кузбаста және Оралда кездеседі.
Жабындық тақтатас кенорындарыКарелияда, Украинада, Оралда (Атлян), Батыс пен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Забайкалье мен Кавказда белгілі.
Альпілік желілер де метаморфтық жаралымдар типіне жатады.Олар жарықшақтарды метаморфизм кезінде пайда болған минералдық заттың толтыруынан қалыптасады.Бұл желілердегі жаралымдар мен сыйыстырушы таужыныстардың заттық құрамы ұқсас болып келеді.
9. Шашылым кен орындары. Жалпы мағлұмат, геологиялық жасы, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар.
Шашылым кен орындары сынықты түзілімдер арасында тау жыныстар мен бұрынғы пайдалы қазба кен орындарыныңфизикалық пен химиялық моруға ұшырап, қирау мен қайта түзілу процесінде босап шыққан құнды компоненттердің шоғырлануынан пайда болады.
Жаралу жағдайлары бойынша шашылым кен орындары арасында элювийлік, пролювийлік, аллювийлік (немесе өзендік), литоралдық (немесе жағалаулық) мұздықтық және эолдық түрлер бөлінеді. Шашылымның қалыптасу механизмі сынықты материалдың ірілігі, тығыздығы мен бөлшектерінің пішіні бойынша іріктелгендігі, сынықтардың уатылуы мен жұмырлануы, материалдың тасымалдауға механикалықберіктігі мен әр түрлі дәрежедегі химиялық төзімділігі бойынша дифференциациялануына байланысты.
Элювийлік шашылымдар түбірлік тау жыныстар жатқан жерде пайда болып, олардың контуры шамамен бір-біріне сай келеді.
Делювийлік шашылымдар сынықты материалдың салмақ күші ықпалынан беткей бойынша сырғу процесі кезінде іріктелуі арқылы қалыптасады.
Пролювийлік шашылымдыр өте сирек кездеседі. Олар тау бөктерінде беткейлердегі сынықты материалдың уақытша ағындар арқылы шайылуы салдарынан дамиды. Мұндай шашылымдардағы сынықтар нашар жұмырланып, шамалы іріктіледі.
Аллювийлік шашылымдар су түбіндегі шөгінділердің дифференциациялануы мен шайылып түзілуі арқылы жаралады. Материалдың жиналуы тек қана белгілі бір кездері аллювийдің оңтайлы режимде жылжуынан жүреді
Шашылым кен орындары мынадай типтерге бөлінеді:
Алтынды (аллювийлік) – Ресей (шығыс Сібірде – Алдан, Колыма өзендерінің аңғары), Австралия (Калгурли), АҚШ (Аляска, Калифорния), Бразилия;
Платиналы (элювийлік және аллювийлік) – Ресей (Орал), Конго, Зимбабве, Эфиопия, АҚШ (Аляска), Колумбия;
Алмасты (шашылымдардың барлық генетикалық типтері) – Ресей (Саха, Орал), Үндістан,ОАР, Намибия, Ангола, Танзания, Конго, Австралия, Венесуэла;
касситерит –вольфрамды (делювийлік және аллювийлік) – Солтүстік –Шығыс Ресей (Иультин), Саха )Якутия, Омчи –Кандин, Депутатское), Забайкалье (Шерловогорск), Қазақстан (Қараоба, Бұғыты), Конго, Бразилия
монцонитті және цирконды (литоралдық) – Үндістан, Австралия, Бразилия;
колумбит –танталитті – Ресей, Конго, Нигерия,Бразилия;
магнетит –ильменитті (литоралдық) – Ресей (Батыс және Шығыс Сібір), Орта Азия, Үндістан, Мадагаскар, Австралия, АҚШ, Бразилия
10. Игерімдік немесе өндірістік барлаудың мақсаттары мен міндеттері
Карьерлердегі игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылатындар: кен денелердің, руда арасындағы бос тау жыныстардың контурларын дәлді түрде анықтаулары, рудалардың типтері мен сорттарын айқындап олардың контурларын көрсету, кенорынды игеруіне қатысты гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларын анықтау. Игерімдік барлау жұмыстары екі түрге бөлінеді – алдынала және ілеспе барлаулар.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстарында келесідей мәселелер шешімдерін табады – ағымдағы тазартпа жұмыстары жүргізіліп жатқан деңгейжиектен төмендегі бір-екі деңгейжиектерде кен шоғырларының сыртқы контурларын дәлдіктеу, руда араларындағы бос тау жыныстардың контурларын алдынала түрде анықтау, әртурлі типті, сортты рудаларды контурлау. Мұндай мәліметтер карьерлер борттарының алар орындарын анықтауға, болашақтық және ағымдағы қазып алу жұмыстарын жоспарлауға қажет болады.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстары бойынша дайындаған қорлар мөлшері біржылдық қазып алу көлемінен кем болмауы тиіс, ал тау-кен қазба жұмыстарын тиімді және онай түрде жобалауы үшін одаң екі-үш есе асырып тұрған жөн болады.
Игерімдік барлау жұмыстары әдептегідей колонкалы тік немесе көлбеу бұрғылау ұнғылармен, кейбір жағдайларда кернсіз бұрғылаумен, сирек түрде канавалар қазу арқылы атқарылады.
Игерімдік барлауы міндеттерінің бірі – кен шоғырының тереңдік деңгейлеріндегі негізгі параметрлерін болжауы. Бұл мәселе көптеген жағдайларда геологиялық барлау кезіндегі ұңғылар торабын бірте-бірте жиілетуі арқылы жүзеге асырылады.
Пайдалы қазба кенорындарын болашақтағы өнеркәсіптік нысана ретінде геологиялық зерттеуде екі негізгі мәселе шешіледі:
1. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаның таралуы мен ондағы бағалы құрамбөлшектерді анықтау және кенорынның кеңістіктік моделін құрастыру;
2. Пайдалы қазба таралған жер қойнауының көлемі мен оның осы көлемдегі сапасын анықтап, білу.
Ал пайдалы қазбаның жер қойнауындағы орналасу ерекшілігі техникалық әдіс-амалдармен тау-кен қазындылары мен бұрғылау ұңғымалары және геофизикалық зерттеу әдістері көмегімен анықталады. Ұңғымалар мен тау-кен қазындылары белгілі бір барлау торабы бойынша жүргізіледі, ал олар ұзақ жылдар бойы жинақталған практикалық тәжірибиеге және пайдалы қазбаның таралуы заңдылығына сүйенеді. Бағалауда (барлауда) жобалауда ұқсас кенорындарды зерттеуден алынған тәжірибе мәліметтерді жүйелеу, ортаңғы мөлшерін алу практикасы қолданылады. (10-кесте )
11.Барлау торының тығыздығы
Барлау торабының тығыздығы кенорындардың геологиялық құрылымының күрделігіне сәйкес етіп алынады. Игерімдік барлау жұйесі әдептегідей геологиялық барлау жүйесіне сәйкес етіліп оны одан ары дамыту арқылы (жиі ету) іске асырылады. Кен шоғырлары күрделігіне сай етіп барлау торабы жиі етіледі. Бірінші кезекте контур ішіне кіретін ұңғылар бұрғыланады. Негізгі профильдер бойындағы ұңғылар мәліміттері бірыңғай шешім қабалдауға мүмкіндіктер бермеген жағдайларда арасында қосымша профильдерді бұрғылауы қажет болады. Олар біршама қысқада болулары ықтимал.
12.Біріктірілген геологиялық құжаттар
Біріктірілген (қорытындылаушы) геологиялық құжаттарды бастапқы құжаттаудың деректерін сарапатауы арқылы жасайды. Кенорынды игруі кезінде пайда болған материалдар, міндетті түрде, сарапаталып қорытындылауы тиіс, демек оларды кейінгілер пайдалануға қажет болады. Біріктірілген геологиялық құжаттарға жататындар:
деңгейжиектік геологиялық пландар (маркшейдерлік деректер негізінде), оларда кен денелердің контурлары, литологиялық стратиграфиялық шекаралар, құрылымдық элементтер көрсетіледі;
геологиялық және игерімдік профильдері бойынша салынған көлденен және бойлық геологиялық қималар. Олар кен денелердің морфологиясын, жатыс жағдайларын сипаттайды;
геология технологиялық сорттарын және сапасын көрсететін деңгейжиекті пландар;
карьердің және рудниктің (шахтанын) жерастындағы игерімдік деңгейжиектерлерінің біріктірілген геологиялық пландары;
рудалардың, кен денелердің, кенорынның құралымдық-морфологиялық және сапалық изосызықтары салынған пландармен қималар;
кенорынның болмаса онын жеке бір денесінің блок-диаграммасы;
күрделі кенорындарда гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық карталар (пландар).
Біріктерілген геологиялық құжаттарға және жататындар көлденнен және бойлық қималары келтірілген ауданмен кенорнының геологиялық карталары.
Қойылған мақсатқа қарай геологиялық құжаттаудың келесідей амалдары қолдануда:
жаппай;
дәлдікті және арнаулы;
құрылымдық-геологиялық карталау;
фотоқұжаттау.
Барша тау қазбалармен тазартпа забойлар (әрбір алға жылжуы сатысы сайын) жаппай геологиялық құжаттауға арналады. Құжаттау мен сүреттерін салуы 1:200-1:500 масштабта жасалады да онда зерттеу нысанының негізгі элементтері көрсетіледі.
Дәлдікті геологиялық құжаттауға күрделі яғни геологиялық жағынан қызықтыратын нысандар жатады: кен денелердің морфологиясымен ішкі құрылыстары, кенге дейінгі және кеннен кейінгі тектоникасы, геологиялық элементтерінің кеністікті – уақыты өлшемдердегі бір-бірінен қатынастары.
Арнаулы геологиялық құжаттау тақырыпты зерттеулері кезінде жекелеген қызықты бір мәселелерді шешуге арналады, мысалы парагенетикалық минералды ассоциацияларды карталауы мен зерттеуі, кенеңгізуші тау жыныстар комплексінің фациальді ерекшеліктері т.б.