Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия
1. Жараларды, тыртықтарды және операция орындарын өңдеу үшін йодтың 5-10%-дық ерітіндісі пайдаланылады. 10 г кристаллдық йодтан йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады? Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/мл-ді құрайды. Массалық үлес, моляльдік концентрация: анықтама, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шамалардың өлшем бірліктері. 2. 500 г изотонды ерітіндіні дайындау үшін қажет болатын натрий хлоридінің және судың массасын есептеп табыңыз. Берілген ерітіндіде еріткіш пен еріген зат болып не табылады? Қан плазмасына гипо- және гипертонды болатын ерітінділерде натрий хлоридінің массалық үлесі қандай? Эритроцитті гипертонды ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? 3. Қан сарысуының қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын (моль/л) есептеп табыңыз, егер 10 мл қанға концентрациясы 0,8 моль/л, 2 мл тұз қышқылын қосқанда рН мәні 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгеретін болса. Протолиттік буферлік ерітінділердің ағзада атқаратын ролі қандай? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз. |
4. Фармацевтикалық практикада колларгол препаратын қорғаныш коллоидтар қатысында алады. Ол лизальбин және протальбин қышқылдарының тұздарымен қорғалған күмістің коллоидты ерітіндісі ретінде қатысады. Стабилизатор ролін калий аргентаты AgOK атқаратын болса, күміс золінің мицелласының формуласын құрастырыңыз. Мицелланың құрылысын сипаттаңыз. Осы дәрілік препараттың тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді? 5. Бүйректе аммиакты буферлік ерітінді функция атқарады. Оның құрамын көрсетіңіз және 3,6 мл 0,2н аммоний хлоридінің ерітіндісі және 2,3 мл 0,1н аммоний гидроксидінің ерітіндісі бар буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Kb=1,74∙10-5). Сілтінің аз мөлшерін қосқанда аммиакты буферлік ерітіндінің рН мәнінің өзгермейтінін қандай реакция дәлелдей алады? 6. Альбуминді бромкрезол жасылымен реакциясы бойынша анықтау кезінде ортаның қышқылдығын тудыру үшін ацетатты буферлік ерітіндіні қолданады. Күшті қышқылдың немесе күшті негіздің аз мөлшерін қосқанда ортаның рН-ң өзгермейтінін түсіндіріңіз (реакциялар теңдеуінің көмегімен). 50 мл 0,050н сірке қышқылының ерітіндісі мен 30 мл 0,1н натрий ацетатының ерітіндісін араластыру арқылы дайындалынған ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Ka=1,74∙10-5). 7. Лиофобты коллоидты бөлшекке мысал болып табылатын сілекей мицелласының агрегатының ролін нашар еритін кальций фосфатының майда кристалдары атқарады. Стабилизатор ретінде натрий фосфаты деп ескеріп, мицелла құрылысын схема түрінде келтіріңіз. Коллоидты бөлшектің тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? Коагуляция деген не? Бірдей концентрациядағы натрий хлориді және кальций хлориді ерітінділерінің аталған зольге коагуляциялаушы әсерін салыстырыңыз. 8. Массалық үлесі 0,01% ÷ 5% болатын калий перманганатының медицинада антисептикалық құрал ретінде қолданылады. 2,5 кг 5%-дық KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет болатын еріген заттың массасын және судың массасын анықтаңыз. Биогенді элементтер деген не? Макро- және микроэлементтер, «өмір металдары». Тірі ағзадағы комплексті қосылыстарда қандай биогенді элементтер комплекс түзуші болып табылады? 9. Ацидоз кезінде шұғыл көмек ретінде натрий гидрокарбонатының ерітіндісін тамырға енгізу арқылы пайдаланады. Асқынған жағдайда 8,4%-дық ерітіндісін 100 мл-ге дейін құяды (ρ=0,90 г/мл). 250 мл осындай ерітіндінің құрамында қанша натрий гидрокарбонаты мен су бар? Натрий гидрокарбонатының әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз. Ацидоз және алкалоз деген не? 10. Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін «дәрілік форманың жеделдетілген қартаюы» әдісімен анықтау Вант-Гофф ережесіне негізделген. Препарат жоғары температурада қандай-да бір уақыт ішінде кинетикалық константаларға сынаудан өтеді. Пенициллиннің ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз, егер 36оС және 41оС температурадағы пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық контанталары сәйкесінше 6∙10-6 с-1 және 1,2∙10-5 с-1тең болса. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар және қалайша әсер етеді? 11. Құрамында марганец (II) сульфаты бар препараттар, гемотоздың стимуляторы ретінде пайдаланылады, эритроциттердің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Құрамында 1,51 г MnSO4 бар, эквивалентті молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болатын ерітіндінің көлемін есептеңіз. Эквивалентті молярлы концентрация (анықтамасы, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шаманың өлшем бірліктері). 12. Динитрофенилгидразинді әдіспен трансферазаның активтілігін зерттеу кезінде фосфатты буфер қолданылады. Оны дайындау үшін концентрациясы 0,1 моль/л 840 мл натрий гидрофосфатының ерітіндісі мен осындай концентрациядағы 160 мл калий дигидрофосфатының ерітіндісін араластырады. Буферлік ерітіндінің рН-н табыңыз (Ka=6,16∙10-8). Протолиттік буферлік жүйе деген не? Осындай жүйелер адам ағзасында қандай роль атқарады? 13. Угар газы СО гемоглобинмен берік комплексті қосылыс түзеді де, тірі ағза үшін улылығының себебі болып табылады. Угар газымен уланудың алдын алу үшін, оны толығынан көмір қышқыл газына дейін тотығуын жүргізеді. 2СО(г) + О2(г) ↔ 2CO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) угар газының концентрациясын 3 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 5 есе азайтса? Кинетикалық қисық деген не? СО және СО2 үшін графикалық тәуелділікте кинетикалық қисықты бейнелеңіз. 14. Калий хлориді құсудан, іш өтуден, зәр айдайтын құралдарды ұзақ қолданудан пайда болатын гипокалиемия кезінде қолданылады. 0,4 л ерітінді құрамында 0,3 М калий хлоридінің массасын есептеңіз. Калий макроэлементтер қатарына жатады. Оның биологиялық ролін сипаттаңыз. Биогенді деп қандай элементтерді атайды? Басқа макроэлементтерге мысал келтіріңіздер. 15. Гидрокарбонатты буферлік жүйе қан плазмасының негізгі буферлік жүйесі болып табылады. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). 16. Лор-практикада ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына жағу үшін қолданылатын Люголь ерітіндісінің құрамында: 17 мл су, 1 г йод пен 2 г калий иодиді бар. Люголь ерітіндісіндегі йод пен калий иодидінің массалық үлесін есептеңіз. Ерітінді, еріткіш, еріген зат деген не? Иодтың биологиялық ролін сипаттаңыз. 17. Осмостық баланстың бұзылуының алдын алу үшін тамыр ішіне инъекция ретінде тек қана изотонды ерітінділер қолданылады. 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Осы ерітінді қан плазмасына изотонды болады ма? 37оС температурада қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Осмостық қысым деген не? Медициналық практикада пайдаланылатын осмостық құбылыстарға мысал келтіріңіздер. 18. Қанның рН қалыпты 7,38 мәнінен бірліктің бірнеше жүздеген үлесіне ауытқуы жалпы селқостықтықты және әртүрлі физиологиялық процестердің өтуінде біраз ығысуын тудырады. Қанның рН-ң 0,2-0,3 бірлікке төмендеуі немесе артуы коматоз жағдайына әкеледі, ал 0,3-0,4 бірлікке ығысса өлімге әкеледі. Қан плазмасының рН-н есептеңіз, егер сутек иондарының концентрациясы 4,5·10-8 моль/л тең болса. Алынған мәнді қан плазмасы үшін физиологиялық норма шамасымен салыстырыңыз. Протолиттік гомеостаздың (норма, ацидоз, алкалоз) күйін сипаттаңыз. 19. Клиникалық биохимияда ақуыз анализін диагноз қою мақсатында электрофорездің көмегімен жүргізеді. Оны қандай әдістермен анықтайды? Ерітіндіде изоэлектрлік нүктелері 4,7 және 8,8 болатын екі ақуыз бар. рН=7,9 тең буферлік ерітіндідегі электрофорез кезінде осы ақуыздардың молекулалары қайсы электродқа қарай бағытталады? Осындай ортада, басқа тепе-теңдік шарттар сақталған жағдайда көрсетілген ақуыздардың қайсысы сәйкес электродқа жоғары жылдамдықпен ығысады және неліктен? ЖМҚ ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесі деген не? Оны қандай әдістермен анықтайды? 20. 310 К температурада 0,01 М калий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз, егер изотондық коэффициенті 1,96 тең болса. Осы ерітінді қан плазмасына қандай (гипо-, гипер-, изотонды) болады ма? Қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Эритроциттерді осындай ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? Осмос, гемолиз, плазмолиз деген не? 21. Фосфатты буферлік жүйе жасуша ішіндегі қышқылдық-сілтілік балансты бір деңгейде ұстап тұруда маңызды роль атқарады, ондағы фосфаттардың мөлшері 50-70 ммоль/л. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). Қышқылдық буферлік ерітіндінің құрамына қандай компоненттер кіреді? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз. 22. Изоэлектрлік нүктелері 5 және 8 болатын А және Б екі ферментті электрофорез арқылы рН-ң қандай мәнінде бөлуге болады? Осы ферменттердің 4, 8 және 9 тең болатын рН мәндерінде бөлшектердің заряд таңбасы қандай болады? Изоэлектрлік нүктемен салыстырғанда қышқылдық және сілтілік ортада ақуыз молекулаларының қалай зарядталатынын түсіндіріңіз. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Медицинада және биологияда қолданылатын дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіздер. 23. Физиологиялық құралдардың осмостық қысымының тұрақтылығы (изоосмия) гомеостазға қойылатын фундаментальды физикалық-химиялық талаптарының біріне жатады. 17оС температурада құрамында 62 г гемоглобин 500 мл ерітіндінің осмостық қысымы тең болады:3,5 кПа. Гемоглобиннің молярлық массасын есептеңіз. Жартылай өткізгіш мембрана, диффузия, осмос, осмостық қысым деген түсініктерге анықтама беріңіз. 24. Медициналық практикада танып қалған адамның есін жиғызу үшін 10%-дық аммиак ерітіндісін (аммоний гидроксиді) қолданады. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің иондану константасын Kb есептеңіз. аммоний гидроксиді қандай буферлік ерітіндінің құрамына кіреді? Оның құрамын келтіріңіз және адам ағзасының қандай жерінде кездесетінін көрсетіңіз. 25. АТФ және АДФ – көп мөлшерде энергияны бөле отырып, фосфатты топтардың бөлінуіне себепші болатын макроэргиялық қосылыстар. 37оС температурада АТФ гидролиз реакциясы үшін энтальпия және Гиббс энергиясының шамалары сәйкесінше ∆Н0р-ция = -20 кДж, ∆G0р-ция = -30,5 кДж. Берілген жағдайда энтропияның стандартты өзгерісін есептеңіз. Экзер- және эндергоникалық процестер. Энергетикалық қосарлану принципі. Изобаралық-изотермиялық потенциал биохимиялық реакциялардың өздігінен жүру критерийлері. Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз. |
26. Магний сульфатының ерітіндісі вазодилаттаушы құрал (қан тамырларын кеңейтетін) пайдаланылады. Құрамында 18 г тұзы бар 0,02 н магний сульфатының ерітіндісінің көлемін есептеңіз. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: макро- және микроэлементтер, органогендер. Олардың қайсысы макроэлементтер қатарына жатады? «Өмір металдарын» атап шығыңыз. Магний және кальцийдің биологиялық ролін сипаттаңыз. 27. Аммиак ағзада тағаммен бірге түскен немесе жасушада қор заттары ретінде кездесетін аминқышқылдар мен ақуыздардың метаболизмінің өнімдерінің бірі болып табылады. Концентрациясы 0,00025 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің рН-н есептеңіз. Алынған мәнді несептің рН-ң 4,8 ÷ 7,5 аралығындағы қалыпты мәнімен салыстырыңыз. Аммиакты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз. 28. Лабораториялық практикада зерттеу мақсатында реакциялар адам ағзасымен салыстырғанда кең температуралық интервалдарда жүргізіледі. Биохимиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2,8. Температураны 40 градусқа жоғарылатса реакцияның жылдамдығының қалай өзгеретінін есептеңіз, егер температуралық коэффициент 2,8-ге тең болса? Ферментативті реакция схемасы. Михаэлис-Ментен теңдеуі. Реакция жылдамдығының субстрат концентрацияна графикалық тәуелділігі. Субстраттың төменгі және жоғарғы концентрациядағы ферментативті реакцияның реті. |
29. Химиотерапевтикалық ісік ауруына қарсы препарат ретінде платинаның комплексті қосылысы «Цисплатин» (диаминодихлороплатина (IV)) қолданылады. Комплексті қосылыстың формуласын жазыңыз, оны Вернер теориясының тұрғысынан сипаттаңыз. Комплексті бөлшек үшін тұрақсыздық және тұрақтылық константалар үшін өрнек теіңдеулерін жазыңыз. Донорлық-акцепторлық байланыс деген не? Мысалдармен түсіндіріңіз. 30. Физиологиялық норма температурасында салыстырмалы молекулярлы массасы 10 000 тең болатын ақуыздың осмостық қысымын есептеңіз, егер оның массалық концентрациясы 1,0 кг/м3 тең болса (молекулаларды изодиаметрлік деп ескере отырып, яғни К=1). Онкотикалық қысым деген не? Ақуыздың денатурациясы деген не? Ақуыздың денатурациясын тудыратын факторларды тізіп шығыңыз. |
Органикалық химия
1. Ақуыздар құрамына кіретін 20 α-амин қышқылдарына (тривиальды және ИЮПАК номенклатурасы бойынша) атау беріңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын анықтаңыз.
2. 20 α-амин қышқылдарының мысалында трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз, пептидті топтың құрылысын бейнелеңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын белгілеңіз. Қандай әмбебап реакцияның көмегімен α-амин қышқылдарының бар-жоқтығын дәлелдеуге болады? Мысалы:
а) лей-про-глу (2-амино-4-метилпентан қышқылы, пирролидин-2-карбон қышқылы, 2-аминопентанди қышқылы);
б) лиз-три-вал (2,6-диаминогексан қышқылы; 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы, 2-амино-3-метилбутан қышқылы);
в) асп-мет-гис (аминобутанди қышқылы; 2-амино-4-метилтиобутан қышқылы, 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы);
г) иле-фен-тре (2-амино-3-метилпентан қышқылы, 2-амино-3-фенилпропан қышқылы, 2-амино-3-гидроксибутан қышқылы),
д) вал-цис-три (2-амино-3-метилбутан қышқылы, 2-амино-3-меркаптопропан қышқылы, 2-амино-3-индолилпропан қышқылы).
3. Лизин (2,6-диаминогексан қышқылы); гистидин (2-амино-3-индолилпропан қышқылы) мысалға ала отырып ішкі тұзының, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.
4. Аспарагин қышқылы (аминоянтарь қышқылы); триптофан (α-амино-β-индолилпропион қышқылы мысалға ала отырып амидтердің түзілуі, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.
5. Цистеин (2-амино-3-тиопропан қышқылы); треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) мысалға ала отырып тотығу, күрделі эфирлердің түзілуі, дезаминдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.
6. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларын жазыңыз. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларының болатынын химиялық реакциялар көмегімен екі форманың болатынын дәлелдеңіз. Ацетосірке қышқылының декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Қандай аурумен ауырғанда қанның және зәрдің құрамында осы декарбоксилдену өнімін анықтауды жүргізеді?
7. Сәйкес келетін амин қышқылынан коламинді алу реакциясының схемасын жазыңыз. Амин қышқылы - сериннен холиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Нейромедиатор – ацетилхолиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Оның биологиялық ролі.
8. Пиридиннің туындыларын жазыңыз: β–метилпиридин, никотин қышқылы, никотинамид. Никотинамид ядросы қандай коферменттің құрамына кіреді? "РР" дәрумені жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда қандай ауру дамиды? НАД+ коферментінің тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысу қабілетін немен байланыстыруға болады? Оның қатысуымен жүретін схемасын жазыңыз.
9. Пиримидин негіздері: урацил, тимин, цитозин. Лактам-лактимді таутомерия.
10. Пурин негіздері: аденин, гуанин. Лактим-лактамді таутомерия.
11. Нуклеотидтер. АМФ (аденозин-5/-монофосфат), ГМФ (гуанозин-5/-монофосфат), ТМФ (тимидин-5/-монофосфат), ЦМФ (цитидин-5/-монофосфат), УМФ (уридин-5/-монофосфат), АТФ (аденозин-5/-трифосфат) құрылысы. Байланыс типтерін атаңыз, биологиялық ролі.
12. Нуклеотидтердің циклді формалары. Циклді АМФ, ГМФ, биологиялық ролі.
13. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы. Қышқылдық және сілтілік гидролиз. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз. Гидролиз реакцияларында N – гликозидті және күрделі–эфирлік байланыстар арасындағы айырмашылықты белгілеңіз.
14. Моносахаридтер: глюкоза, галактоза, манноза, рибоза, дезоксирибоза, фруктоза. Энантиомерлер, диастереомерлер. Моносахаридтердің жіктелуі және цикло-оксо-таутомериясы (Фишер, Хеуорс формулалары).
15. Сірке және ортофосфор қышқылынан гликозидтер мен күрделі эфирлердің түзілуі. b-D-рибофураноза және b-D-фруктофуранозаның фосфор қышқылымен күрделі эфир түзу реакцияларын жазыңыз.
16. Моносахаридтердің –он, -ар және –урон қышқылдарын алу. Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығып, келесі кезекте декарбоксилдену реакциясын жазыңыз.
17. Маннозаның гидрлеу реакциясы. Фруктозаның тотықсыздану реакциясы.
18. Дисахаридтер. Мальтозаның, лактозаның құрылысы. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілетін гликозидті байланысты көрсетіңіз. Цикло-оксо-таутомерия. Гидролиз реакциясы. Мальтоза мен лактозаның тотықсыздандыратын қасиеттері болады ма?
19. Сахароза. Құрылысы. D-фруктоза мен D-глюкозаның қалдықтарында көміртектің аномерлі атомының конфигурациясы қандай? Неліктен сахарозаның цикло-оксо-таутомерияға қабілетті еместігін түсіндіріңіз. Сахарозаны фруктозадан қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады? Реакцияның схемасын келтіріңіз.
20. Сахароза мен мальтозаның: 1) Фелинг; 2) гликозидтердің түзілуі 3) жай және күрделі эфирлерді түзу реакцияларындағы ұқсастығы мен айырмашылығы?
21. Алмастырылатын және алмастырылмайтын жоғары май қышқылдары. Құрылысы.
22. Йод саны деген не? 1) 1-олеодипальмитиннің; 2) 1,2 –диолеопальмитиннің түзілу реакциялары. Осы майлардың қайсысында йод саны жоғары болады? Неліктен? Берілген липидтердің құрамында қанықпаған қышқылдардың бар екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?
23. 1,2-диолеостеариннің құрылымдық формуласын жазыңыз және майдың консистенциясын анықтаңыз.
24. 1-линолеодистеариннің қышқылдық ортада түзілу реакциясын жазыңыз.
25. 1-олеоил-2-пальмитоил-3-стеароилглицериннің сілтілік гидролиз (сабындалу) реакциясының схемасын жазыңыз.
26. 1-пальмитоил-2-линоленоилфосфатидилэтаноламиннің қышқылдық гидролизі.
27. Құрамында пальмитин және арахидон қышқылдарының қалдықтары бар фосфатидилхолиннің қышқылдық гидролиз реакциясының схемасын жазыңыз.
28. 1-пальмитоил-2-олеоилфосфатидилсериннің сілтілік гидролиз реакциясы.
29. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін азотты қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты дәлелдейтін реакцияларды жазып, атаңыз.
30. Холан туындылары (өт қышқылдары). Хол қышқылының таурин және глицинмен өзара әрекеттесу реакцияларының схемасын келтіріңіз. Хол, гликохол және таурохол қышқылдарының биологиялық маңызы.
Тест тапсырмалары
Ерітінділер туралы ілім
1. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) бірге тең?
2. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) ½-ге тең?
3. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/3-ге тең?
4. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/6-ге тең?
5. Қандай концентрация моль/кг-мен өлшенеді?
6. Молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?
7. Эквивалентті молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?
8. Ерітіндінің массалық үлесі қандай формула бойынша есептелінеді?
9. 1 литр ерітіндіде 3,65 г хлорсутек бар. Осы ерітіндінің молярлы концентрациясы неге тең?
10. Хирургияда натрий хлоридінің 10%-дық ерітіндісімен сіңірілген гипертонды таңғыштар қолданылады. Осындай 500 г ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз және су қажет?
11. 95 г суда 5 г глюкоза ерітілген. Алынған ерітіндіде глюкозаның массалық үлесі (%) нешеге тең?
12. 500 г суда 5,85 г натрий хлориді ерітілген. Алынған ерітіндінің моляльді концентрациясы нешеге тең?
13. Стоматологияда антисептикалық құрал ретінде калий перманганатының ерітіндісін пайдаланады. 2 кг 0,1%-дық ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз алу қажет?
14. Кальций хлоридінің ерітіндісін антигистаминді құрал ретінде пайдаланады. Құрамында 11,1 г кальций хлориді бар 1000 мл ерітіндідінің эквивалентті молярлы концентрациясы неге тең?
15. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді гипертонды болады?
16. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді изотонды болады?
17. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінді гипотонды болады?
18. Жасушаның серпімділігі тіндердің иілгіштігін және органдардың белгілі бір пішінін сақтауын қамтамасыз етеді, ол осмос қысымымен байланысты. Осы құбылыс қалай аталады?
19. Эритроциттерді гипертонды ерітіндіге батырғанда, олардың ісінуі және қабықшалардың жарылуы жүреді. Осы құбылыс қалай аталады?
20. Жасушаларды гипотонды ерітіндіге батырғанда, олардың қысылуы, жиырылуы пайда болады. Осы құбылыс қалай аталады?
21. Вена (тамыр) ішіне инъекция жасау үшін қандай ерітіндіні пайдаланады?
22. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы максимальды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті
23. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы минимальды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?
24. Бірдей температурада, молярлы концентрациясы 0,1 моль/л болатын ерітінділер өзара изотонды. Осы шарт қандай ерітінділер жұбы үшін сақталады?
25. Жоғары молекулалы компоненттердің қатысуы себепті пайда болатын осмос қысымының бір бөлігі қалай аталады?
26. Заттардың қандай тобында эквиваленттік фактор мәндері бірдей болады?
27. Стандартпен салыстырғанда осмостық қысымы жоғары ерітінді қалай аталады?
28. Эритроциттерді 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?
29. Эритроциттерді 0,1%-дық натрий хлоидінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?
30. Төменде келтірілген тұздардың молярлы концентрациясы бірдей: 0,01 моль/л-ге тең. Ерітінділердің қандай жұбы үшін 1 литр ерітіндісінде бөлшектер саны бірдей болады?
Буферлік ерітінді
1. Бір негізді күшті қышқыл ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?
2. Бейтарап орта үшін қай тұжырым дұрыс болады?
3. Хлорсутек қышқылының аз мөлшерін қосқанда гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің қай компоненті әрекеттеседі?
4. Ацетатты буферлік ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?
5. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
7. Аммиакатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
8. [H+] < [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінді үшін сақталады?
9. [H+] > [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінді үшін сақталады?
10. 25°С температурада таза судағы сутек иондарының концентрациясы [H+] (моль/л) неге тең?
11. Сон- концентрациясы нешеге тең, егер Сн+ = 10-4?
12. Сулы ерітінділер үшін сутектік көрсеткішті рН қалай есептеуге болады?
13. Сұйытылған сулы ерітінділер үшін рН және рОН қосындысы нешеге тең?
14. Бейтарап сулы ерітінділердегі қандай шарт болады?
15. Ағзада реакция ортасының қышқылды ортаға қарай ығысуы не деп аталады?
16. Ағзада реакция ортасының сілтілік ортаға қарай ығысуы не деп аталады?
17. рОН =11 тең болатын сулы ерітіндіде сутек иондарының концентрациясы (моль/л) нешеге тең?
18. Қышқылдық буферлік ерітінді қандай компоненттерден тұрады?
19. Қандай заттардың ерітіндісі негізгі буферлік ерітіндінің қатарына жатады?
20. Ортаның реакциясы қандай болады, егер рОН = 13?
21. СNаОН= 0,001 моль/л болатын натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-ы нешеге тең?
22. Концентрациясы 0,1 моль/л болатын HCl ерітіндісі үшін қандай қатынас дұрыс болады?
23. Қышқылды ерітінділер үшін сутектік көрсеткіш қандай мәнді қабылдайды?
24. [H+] > [OH-] шарты қандай зат ерітіндісінің сулы ерітіндісі үшін орындалады?
Комплексті қосылыстар
1. [Co(CN)4(H2O)2]- ионындағы комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?
2. [CrCl2CN(H2O)3] бөлшегіндегі комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?
3. Комплекс түзуші Со (III) болып табылатын комплексті бөлшектің [Co(NO2)3(NH3)2]x заряды нешеге тең?
4. Комплекс түзуші Pt (IV) болып табылатын комплексті бөлшектің [PtCl(OH)5]x заряды нешеге тең?
5. Комплексті қосылыс калийдің монобромопентанитроплатинатына (IV) қандай формула сәйкес келеді?
6. Комплексті қосылыс натрийдің пентацианомоноамминферратына (II) қандай формула сәйкес келеді?
7. Комплексті қосылыс пентаамминбромокобальт (III) сульфатына қандай формула сәйкес келеді?
8. [Au(CN)2Br2]- комплексті ионындағы алтынның тотығу дәрежесі нешеге тең?
9. Катионды комплекске сәйкес келетін қандай формула?
10. Анионды комплекске сәйкес келетін қандай формула?
11. Бейтарап комплекске сәйкес келетін қандай формула?
12. [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?
13. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында қай бөлшектер лигандалар болып табылады?
14. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?
Атом құрылысы. Биогенді элементтер
1. Ва2+ бөлшегінде қанша электрон бар, егер барийдің реттік нөмірі 56 тең болса?
2. I- бөлшегінде қанша электрон бар, егер иодтың реттік нөмірі 53 тең болса?
3. Fe3+бөлшегінде қанша электрон бар, егер темірдің реттік нөмірі 26 тең болса?
4. Қандай элемент адам ағзасына улы қосылыстар түзеді?
5. Қандай элемент сүйек тінінің негізі болып табылады?
6. Медицинада антисептикалық құрал ретінде қандай заттың ерітіндісі қолданылады?
7. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылату үшін қандай заттың ерітіндісі қолданылады?
8. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап, қыжыл пайда болғанда қандай заттың ерітіндісі қолданылады?
9. Қандай ион жасуша ішілік негізгі ион болып табылады?
10. Қандай ион жасуша сыртындағы негізгі ион болып табылады?
11. Қандай элемент макроэлементтер қатарына жатады?
12. Қандай элемент органоген болып табылады?
13. Қандай элемент микроэлементтер қатарына жатады?
14. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен «эндемиялық зоб» ауруы пайда болады?
15. Гемоглобинде қандай ион комплекс түзуші болып табылады?
16. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен остеопороз ауруы дамиды?
Химиялық термодинамика
1. «Бітеу ампуладағы 0,9%-дық NaCl ерітіндісі» қандай термодинамикалық жүйеге жатады?
2. Қандай термодинамикалық жүйе гомогенді болып табылады?
3. Қандай термодинамикалық жүйе гетерогенді болып табылады?
4. Қандай термодинамикалық жүйе қоршаған ортамен массасы (заты) мен (веществом) энергиясымен алмасады?
5. Төменде келтірілген термодинамикалық жүйелердің қайсысы жабық болып табылады?
6. Қандай термодинамикалық жүйенің (заттардың бірдей мөлшері болған джағдайда) энтропия шамасының мәні минимальды болады?
7. Қандай термодинамикалық шама химиялық жүйенің реакциялық қабілетінің өлшемі болып табылады?
8. Эндотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?
9. Экзотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?
10. Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы өзгермейді?
11. Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы артады?
12. Адам қандай термодинамикалық жүйеге жатады?
13. Тірі ағза жасушасында қандай биохимиялық процестер жүреді?
14. Қандай заттың түзілу жылуы нөлге тең болады?
Химиялық реакциялар кинетикасы
1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?
2. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 тура реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тәуелділігін сипаттайды?
3. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 кері реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тәуелділігін сипаттайды?
4. A + B + B ® AB2 тура реакциясы үшін қандай теңдеу әрекеттесуші массалар заңына сәйкес келеді?
5. Ферменттердің каталитикалық әсерінің ерекшелігіне не жатады?
6. Бірінші ретті реакция қандай теңдеумен өрнектеледі?
7. Тірі ағзадағы ферменттердің функциясы неде?
8.w = kC(O2) жылдамдық теңдеуінің өрнегі қандай реакция үшін жазылады?
9.Қандай ереже дәрілік препараттың жарамдылық мерзімін «жедел» анықтау әдісінің негізінде жатыр?
10. СаСО3(қ) = СаО(қ) + CO2(г) тура химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 5 есе арттырса?
11. Қандай реакция тримолекулярлы болып табылады?
12. 2NO(г) + Cl2(г) ® 2NOCl(г) реакциясының тепе-теңдік константасына қандай формула сәйкес келеді?
13. CaCO3(қ) ® CO2(г) + CaO(қ) тура реакциясы үшін әрекеттесуші массалар заңына қандай формула сәйкес келеді?
14. Реакцияның температуралық коэффициент γ=3. Химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер температураны 25оС –ден 55оС-ке дейін өзгертсе?
Тотығу-тотықсыздану процестері
1. Ерітінді-ерітінді фазаларының бөліну шекарасында потенциал секірмесі қалай аталады?
2. Қандай жүйеде тотықтырғыштық қасиеті жоғары болады
3. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін есептеуге болады?
4. Қандай электрод бірінші текті электрод қатарына жатады?
5. Қандай электрод екінші текті электрод қатарына жатады?
6. Төменде келтірілген электродтардың қайсысы тотығу-тотықсыздану электрод болып табылады?
7. ZnCl2 ерітіндісіндегі мырыштың электродты потенциалын есептеңіз, егер аZn2+ = 0,01 моль/л; .
8. AlCl3 ерітіндісіндегі алюминийдің электродты потенциалын есептеңіз, егер aAl3+ = 0,001 моль/л; .
9. рН=10 тең болғандағы сутекті электродтың потенциалы (В) нешеге тең?
10. Биологиялық сұйықтықтардың рН-н потенциометрлік анықтауда қандай электродтар пайдаланылады?
11. Асқазан сөлінің рН-н потенциометрлік анықтау кезінде анықтауыш электрод ретінде қандай электрод пайдаланылады?
12. (-) Fe / FeSО4 // CuSО4 / Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Fe / Fe2+ = - 0,44 В; φ0 Сu / Сu2+ = +0,34 В)?
13. (-) Zn/ZnS04 //CuS04 /Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0Cu/Cu2+ = +0,34 B)?
14. (-)Zn /ZnS04 // NiS04 /Ni (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0 Ni/Ni2+ = -0,25 B)?
Беттік құбылыстар
1. Беттік активтілік шамасын қандай формула бойынша есептелінеді?
2. Қозғалмалы фазалардың бөліну бетінде еріген заттың адсорбция шамасы қандай формула бойынша есептелінеді?
3. Адсорбциялық тепе-теңдік күйін қалай сипаттауға болады?
4. Адсорбция жылдамдығы десорбция жыдамдығына тең болатын жүйенің күйі қалай аталады?
5. Катиониттерді регенерациялау үшін қандай шара қолдануға болады?
6. Са2+ иондарын кетіру үшін консервілеу кезінде қанның ұюын тоқтату мақсатында қандай әдіс пайдалануы мүмкін?
7. Қандай заттың беттік активтілігі жоғары болады?
8.Қандай ионның адсорбциялануға қабілеті жоғары?
9. Белсендірілген көмір бетінде молекула түрінде қай зат адсорбцияланады?
10. Қатты-сұйықтық бөліну бетіндегі адсорбцияны сипаттайтын қандай теңдеу?
11. Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес көмірсутекті тізбекті бір –СН2- тобына ұзартқан сайын бір гомологты қатардағы заттардың сулы ерітінділерінің беттік активтілігі қалай өзгереді?
12. Қайсы топтың гидрофильді қасиеттері болады?
13. Қайсы топтың гидрофобты қасиеттері болады?
14. Панет-Фаянс ережесіне сәйкес күміс бромидінің бетінде қандай ион адсорбцияланады?
15. Қандай зат беттік-активті зат қатарына жатады?
Дисперсті жүйелер
1. Грануланың изоэлектрлік күйін не сипаттайды?
2. Ауырлық күшінің әсерінен ірі агрегаттардың шөгу процесі қалай аталады?
3. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?
4. Оң зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?
5. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?
6. Барий хлоридінің артық мөлшерінде алынған барий сульфатының золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?
7. Күміс нитратының артық мөлшерінде алынған күміс хлоридінің золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?
8. Жоғары жылдамдықпен коагуляциялайтын бөлшектер
9. Коллоидты ерітінділерді төмен молекулалы қоспалардан тазарту үшін қандай әдісті пайдаланады?
10. Жартылай өткізгіш мембрана мен ағынды еріткішті қолдануға негізделген коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?
11. Жартылай өткізгіш мембрананың екі жағындағы қысымның айырмашылығының есебінен жүзеге асатын коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?
12.Тиндаль конусы қандай дисперсті жүйеде байқалады?
13. К4[Fe(CN)6] артық мөлшерін FeCl3-ке қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?
14. FeCl3 артық мөлшерін К4[Fe(CN)6]-ға қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?
15. Коллоидты бөлшектердің ірі агрегаттарға бірігу процесі қалай аталады?
16. K2SO4 артық мөлшерімен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің мицелласына сәйкес келетін қандай формула?
17. Теріс зарядталған зольдің коагуляциясын қандай ион тез тудырады?
18.Темір сульфидінің золі үшін қандай иондар потенциал анықтаушы бола алады?
19. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің мицелласына сәйкес келетін қандай мицеллярлы формула?
Жоғары молекулалы қосылыстар
1. Жоғары молекулалы қосылыстардың шекті ісінуі кезінде не байқалады?
2. Физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісіне жалғасатыннативті ақуыздың ерекше құрылымының гидролиттік емес бұзылуы қалай аталады?
3. Жоғары молекулалы заттың төмен молекулалы еріткішті сіңіріп, массасы мен көлемі ұлғаятын, өздігінен жүретін процесс қалай аталады?
4. Полимердің ісіну дәрежесі қандай формула бойынша есептелінеді?
5. Ақуыз молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатын pH мәні қалай аталады?
6. Полимердің шексіз ісіну кезінде қандай құбылыс байқалады?
6. Ісінудің сандық өлшеміне не жатады?
7. Ақуыздың ең аз ісінуі рН-ң қандай мәнінде байқалады?
8. Жоғары молекулалы қосылыстардың электролит ерітінділерінің әсерінен тұнбаға түсу процесі қалай аталады?
9. Жоғары молекулалы қосылыстардың бөлшектері бірікпей, тек гидратты қабаттарының бірігу процесі не деп аталады?
11. Альбумин ақуызының изоэлектрлік нүктесі тең болады: рН=4,8. рН-ң қандай мәнінде альбумин ақуызының молекулалары оң зарядталып, электрофорез кезінде катодқа қарай бағытталады?
12. Ерітіндіде ақуыздар қоспасы бар: қан γ-глобулині (pI=6,40); қан сарысуының альбумині (pI=4,64); цитохром С (pI=10,70). рН-ң қандай мәнінде осы ақуыздарды электрофорездік түрде бөлуге болады?
13. Көлемі 110 см3 болатын табиғи каучук үлгісі толуолға батырылды. 20оС температурада 48 сағат өткен соң, үлгінің көлемі 850 см3-ке жетті, осыдан кейін өзгерістер болған жоқ. Полимердің ісіну дәрежесі нешеге тең болады (%)?
14. Фармацияда дәрілік затты пролонгирлеу үшін, оның тұрақтылығын жоғарылату және жағымсыз дәмін жасыру мақсатында микрокапсулдау ұсынылады. Микрокапсулдеу процесінің негізінде қандай құбылыс жатыр?
Құқықтық компетенция бойынша тест тапсырмалары
1. Улы заттармен терең уланған жағдайда, улану дәрежесі мен зардап шеккендердің жағдайына тәуелсіз, алғашқы көмек берудің негізгі ережесіне не жатады?
2. Электр тоғымен адам зақымданғанда қандай шара жасауға тиым салынады?
3. Лабораторияда реактивтер мен химиялық заттары бар қандай сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат беріледі?
4. Органикалық табиғаты бар материалдың жанғыштығын төмендету үшін қосылатын зат немесе қоспа қалай аталады?
5. Химиялық күйік алғанда зақымдалған орынды кран астындағы ағынды сумен біраз уақыт бойы (15 минуттан кем емес) шаяды. Егер қышқылмен зақымдалған жағдайда, күйіктің орнын қандай заттың ерітіндісімен өңдеу қажет?
6. Аптасына 8 сағат бойы (демалыс күндерін ескермегенде) күн сайынғы жұмыс немесе ұзақтығы басқа (аптасына 41 сағаттан артық емес) бүкіл жұмыс стаж бойына қандай-да бір ауруларды немесе денсаулықтағы ақауды тудыра алмайтын, жұмыс істеу процесінде немесе қазіргі және келесі ұрпақтың болашағында жаңашыл зерттеу әдістерімен анықтайтын зиянды зат концентрациясы қалай аталады?