Цэфедрин –өндірісіндегі инструкцияларға талдау жасау

Цэфедрин –өндірісіндегі инструкцияларға талдау жасау - student2.ru Цефедрин- дәрілік препарат, антидепресантты, психостимульдеуші әсер көрсеттіен препарат. Реакторға 15 л дистелденген су құйып, араластырғышпен араластырып тұру керек, люктан, яғни жоғарғы жақтан 5 кг эфедрин гидрохлорид салынады. Сулы суспензияға 20-25 мин 42 % NaOH құяды. Температураны 5-10С-қа жеткізеді. Содан кейін араластыруды 15 мин жүргізеді. Нәтижесінде эфедрин негіз май түрінде түзіледі, кей жағдайда кристалл пайда болады. Осы реакторға эфедрин негізді экстракциялап алу үшін, жоғары жақтан 5 л дихлорэтан құйып, 15 мин араластырылады. Содан кейін 15 мин қойып қояды. Дихлорэтан төменгі бөлікке түседі де, жинақтағышқа 5 л дихлорэтан құйып алады. Сулы сілтілі ерітіндіні өңдеу 2 рет жүргізіледі және сол ерітіндіні алкалоидтарға тексереді. Кремний, вольфрам қышқылдарымен, егер жоқ болса канализацияға жібереді. 14-15 л алынған экстрактыны 2 кг Na2SO4 cалып, 12 сағат айналдырады. Алынған ерітіндіні бәздің үстінен фильтрлейді. Сусызданған дихлорэтан 19,5 кг екінші техникалық процеске жіберіледі. Эфедрині бар дихлоэтан ерітіндісін келесі реакторға жібереміз. Сыртына рубажкаға 60 С ыстық суды қыздырып, ішкі 40-50С, 0,7 атм қысымда айдалады. Сонда концентрат қалып, тура тоңазытқыш ауыстырылады. Люктан акрилонитрилді жайлап жіберіп, реактор рубажкасына 90-100С ыстық суды 3 сағат бойы жіберіп отырады. Акрилонитрил 1,44 кг, оны суытамыз. Реакция жүргенін тексеру үшін люктан сынама алып, акрилонитрил қалған қалмағанын тексереді. Бәрі оң болса, онда ерітіндіні 40-50С температураға суығанда люктан 10 л изопропил спиртін құйып, 20 мин араластырады. Еріген цефедрин ерітіндісін 20С суытамыз. Суу барысында 40 мин араластырып отырады. Өлшегіштен 4 л изопропил спирт ерітіндісін HCl бар құйып, 10-15 мин қоямыз. рН-6 болу керек. Егер 6 болмаса тұз қышқылының изопропил ерітіндісін тағы қосамыз. Алынған суспензияны реактордың төменгі жағынан инертті газбен центрифугалау арқылы төменгі жақтан құйып аламыз. Техникалық цефедринді 20 л эмальді кострюлге құйып, 15 л абсолютті изопропил спиртін қосып араластырып, центрифугалаймыз.

Техникалық цефедринді үшінші техникалық процеске жібереміз. Қалған 25 л ерітіндіні жинап, басқа аралық сатылық тазалауға жібереді. 5,4 кг техникалық цэфедрин алынды. Цэфедринді 85 % изопропил спиртімен қайта кристалдаймыз. Реакторға 10,8 кг цэфедрин салып 85 % 84 л изопропил спиртін құяды. 80-82С температурада толық ерігенше қыздырамыз. 20 мин 70-75С суытып, люк арқылы 50/1 қатынаста 220 кг көмір қосып, рубажкаға ыстық су жіберіп араластырамыз. Түзілген тұнбаны екі қабатты бәзден фильтрлейді. 80 л фильтрат алады. Оны кристаллизаторға беріп, 0,4 кг шыққан көмірді алып тастап, кристалды 3-5С темп-ға дейін 3 сағат бойы суытады. Цэфедрин суспензиясын центрифугаға жіберіп, алынған тұнбаны сығып, шығарып алады. Тұнба паста сияқты болады. Пастанығ астына қағаз салып, 3 сағат кептіргіште кептіреміз. Сосын ұнтақтап 38-ші илегіштен өткізеді. Алынған цэфедрин 8,3 кг. Бұл процестің бәрінде арнайы қорғаныс киімін киіп жұмыс жасау керек.

26. Алкалоидтар өндірісіндегі улы заттармен жұмыс жүргізгендегі қауіпсіздік техникасын сарапта

Дәрілік заттар адам үшін уландыру, дене терісін тітіркендіретін, сілекейлі, аллергиялық ауруларын тудыратын химиялық заттардан тұрады. Осындай улы заттардың бірі ол алкалоидтар. Алкалоидтар - негіздік сипат көрсететін табиғи азоты бар органикалық қосылыс. Көп алкалоидтардың құрлысы күрделі, өзіне тән иісі бар. Көптеген алкалоидтар сақинасында азоты бар гетероциклды қосылысқа жатады, азот сақинаның бүйірінде сирек жағдайда болады. Көптеген алкалоидтар азот атомы сақинада орналасқан гетероциклдарға жатады, ал сирек жағдайларда азот бүйірде орналасады. Өсімдік әлемінде алкалоидтар біркелкі таралмаған.

Алкалоидтар көбіне өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық активті зат. Олар өсімдік жасушасындағы алмасу өнімі болып саналады, тек соңғы кездерде микроорганизмдерден, шыбын-шіркейден және жануарлардан табылған. Алкалоидтар бұрынғы заманнан белгілі жоғарғы фармакологиялық активтілігі бар, медицинада қолданылатын табиғи қосылыстардың бір тобы.

Мұндай мәселелер дәрілік өсімдікті қайта өңдеуге дайындағанда туындайды. Өсімдікті жинағанда қолымызда арнайы қолғаптар, бетімізде маска болу керек. Ыстық күнде кейбір алкалоидтар газ тәрізді күйде болады.

Ал оларды майдалағанда көзге әсер ететін, насморк, түшкірік, көзден жас ағызып, кей жағдайларда қан ағызатын шаң пайда болады. Жабық жерде орналасқан жұмыс орындары үшін бұл өте қиын. Дірілік алкалоидтарды жинағанда, қайта өңдегенде, кептіру, сорттау, кесу, орау, тасымалдау процестері кезінде келесідей қауіпсіздік ережелері қарастырылады.

Жас мамандар жауап беретін инструктордың бақылауымен жұмысқа жіберіледі. Қайта өңдеу, кептіру, сорттау, орау жұмыстарында респиратор, таза ылғалды орамалмен ауыз бен мұрын қорғалады, көзге қорғағыш очки киіледі. Жұмыс біткенде жоғары киімдерді қағып, пайдаланған заттарды жуып, жұмыскер де жақсылап жуунуы тиіс. Егер ағзаға алкалоид түсіп кетсе, тіл қышиды, тамағы кеуіп, терлейді, басы айналып, пульс әлсірейді.

Сонымен қатар, негізгі өнімді спирт, сулы спирт, спирт-эфирлі ерітінділермен экстракциялап, экстракт, тұнба алады. Бұл фитоөндірістің зиянды факторына: - экстракторға салар алдындағы шың; - шу және вибрация; биологиялық ластану; кейбір органикалық экстракттар (этил, метил, изопропил спирттері, ацетон, хлороформ, дихлорэтан, төртхлорлы көміртек). Органикалық еріткіштер наркотикалық әсерге ие болғандықтан, адамға әсері көп. Сондықтан технологиялық процес арматурасы бар, герметикалық жабық аппараттарда жүргізілуі тиіс. Зиянды булар бөлінген жағдайда, ғимаратта газоанализатор, желдеткіштер болу керек.

Өндірістік шу- әр түрлі интенсивтегі дыбыстардың бірігіп, ағзаға жағымсыз әсер тудырады.Адам 20 -20000 Гц жиілігіндегі шуды естиді, ал одан жоғары ультрадыбыс, сондықтан да өндірісітік шу да белгілі мөлшерде ғана шығып отыруы тиіс. Ол адамның есту органына дыбыстық травма беруі мүмкін.

Қандай да өндірісті жағдай үшін қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақталуы тиіс және авариялық жағдай болған жағдайда алғашқы көмек көрсету құрал-жабдықтары, өрт сөндіргіш құралдары да болуы керек.

Наши рекомендации