Рттің жалпы сипаттамасы.

Ндірістегі және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар

Өртдегеніміз адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, сондай-ақ материалдық шығындарға ұшырататын бақылаусыз жану процесі.

Жанудеп жанғыш заттар мен материалдардың жану өнімдеріне айналуының қарқынды түрде жылу мен жарық бөле жүретін күрделі физика-химиялық процесін айтамыз.

Барлық дерлік органикалық заттардың жану процесі негізінде ауа оттегісінде тотығып, СО2 және Н2О бөле жүретін химиялық реакциясы жатады.

Рттердің негізгі сипаттамалары.

1) Жылу және жану өнімдерін бөле жүреді;

2) Жану аймағына ауа оттегісінің келіп тұруын және газ тәріздес жану өнімдерінің алыстап кетуін қамтамасыз ететін газ алмасу процесі өтеді;

3) Жану аймағынан шығатын жылу қоршаған ортаға және жанғыш материалдарға тарайды.

Өрт кезінде қауіп туғызушы факторларға мыналар жатады:

1. Ашық от пен ұшқынның болуы (тері, тыныс мүшелерінің күйігіне ұшыратуы мүмкін);

2. Айналаның және заттардың жоғары температурасы;

3. Жанудың және термиялық ыдыраудың токсикалық өнімдері (СО, СО2);

4. Түтін (түтіннің құрамында әр түрлі дисперстік қоспалар болады. Өткір иісті және айналаны барлауға кедергі жасайды);

5. Оттегі концентрациясының төмендеп кетуі;

6. Бүлінген құрылғы, аппарат, құрылыстық конструкциялардың жарықшақтарынан төнуі мүмкін қауіптер;

7. Конструкциялардың ток өткізгіш бөліктерінде жоғары кернеуліктің пайда болуы салдарынан туындауы мүмкін электр тогы;

8. Өрт нәтижесінде болуы мүмкін жарылыс салдары;

9. Өрт сөндіргіш құралдар.

Жану тҥрлері:гомогенді және гетерогенді.

Гомогенді- жанғыш зат пен тотықтырғыш 1 фазада (газ) болады, жану өнімдері де.

Гетерогенді– жанғыш зат қатты немесе сұйық зат болады, ал тотықтырғыш – газ фазасында.

Жануға қабілеттілігі бойынша заттардың жіктелуі:

- Жанбайтын – ауада өздігінен және жану көзінде жануға қабілеті жоқ заттар;

-Қиын жанатын – жану көзінде және оған жақын маңда жануды қолдайтын, бірақ өз бетімен жана алмайтын заттар;

-Жанғыш (тез тұтанатын) – өздігінен тұтанатын, жану көзі әсерінен жанатын және ол көзден алыстатқан кезде де өз бетімен жана беретін заттар.

Рттердің жіктелуі

І. Жанғыш зат материалының түріне байланысты:

А класы – қатты заттар жанады

В класы – сұйық заттар жанады

С класы – газдар жанады

D класы – металдар жанады.

ІІ. Ауданының өзгеруі бойынша:

Таралатын өрттер;

Таралмайтын өрттер.

ІІІ. Масштабтары бойынша:

Жекеленген – 1 ғана ғимарат немесе имарат өртенетін болса;

Жалпылай - бірнеше ғимарат немесе имарат өртенетін болса;

Жаппай - Жекеленген+ Жалпылай.

IV. Қоршаған ортамен масса және жылу алмасудың болуымен байланысты:

Ішкі өрттер – қоршау ішіндегі;

Ашық өрттер – ашық алаңдағы,

Өрт-жарылыс қауіпті нысандар (ПВОО) –өрт немесе жарылыс шығуының себепшісі болып табылуы мүмкін өнімдерді өндіретін, сақтайтын немесе тасымалдайтын өндіріс орындары, әлде көліктік нысандар.

Имараттар мен ғимараттардың жіктелуі.

Өртке төзімділік (тұрақтылық) қасиеттеріне байланысты ғимараттардың 5 дәрежесі белгілі:

1 – барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған және өртке тұрақтылығы жоғары (1,5 – 3 сағат бойында);

2 - барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған, бірақ өртке тұрақтылығытөмендеу;

3 – негізгі конструкциялық элементтері (ішкі қабырғалары) жанбайтын материалардан жасалған, ал қабаттар арасындағылары, жабындары – қиын жанатын материалардан жасалған;

4 - барық конструкциялық элементтері қиын жанатын материалардан жасалған;

5 - барық конструкциялық элементтері жанғыш материалардан жасалған.

Рт сөндіру.

Өрт сөндіру кезінде есте ұсталуы қажет ең басты міндеттер:

- Адам өмірі мен денсаулығын қорғау;

- Материалдық құндылықтарды сақтап қалу;

- Өртті тоқтату (жою).

Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптері (өздігінен қарастыру);

1) Әрекеттесуші заттарды салқындату;

2) Әрекеттесуші заттарды жану аймағынан алып кету;

3) Әрекеттесуші заттар концентрацияларын жанбайтын концентрацияларға дейін сұйылту (О2 келуіне жол бермеу);

4) Жану реакциясын химиялық тежеу.

Өрт сөндіру периодтары– жинақтау және жою.

Егер адамдар мен жануарларға еш қауіп төнбейтін болса, жарылыс болу мен қираулар қаупі жоқ болса, өрттің одан әрі өршуіне жол берілмейтін болса және оны қолда бар құралдар мен күшпен толық жою мүмкіндігі жоғары болса - өрт жинақталған деп есептеледі.

Егер жану тоқтатылған болса, сондай-ақ оның қайтадан пайда болып, өршіп кету мүмкіндігі мүлдем болмаса - өрт жойылған деп есептеледі.

Наши рекомендации