АналитикалыҚ химияныҢ алатын орны

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Г. Л. Бадавамова, Г. С. Минажева

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ

Оқулық

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігі бекіткен

Алматы, 2011

ӘОЖ

КБЖ

Б

Пікір жазғандар:

химия ғылымдарының докторы, профессор С. Х.Хусаин

химия ғылымдарының докторы, профессор М. Қ.Бейсебеков

химия ғылымдарының докторы, доцент Қ. У. Джамансариева

химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. А. Абдукадырова

Г. Л.

Б 14
Б 14
Ө 72
Ж 90
Бадавамова, Г. С. Минажева

Аналитикалық химия: оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – б.

ISBN

Оқулықта аналитикалық химияның алатын орны, аналитикалық қызмет, анализ әдістері, анализде кездесетін қателіктердің түрлері мен оларды бағалау жолдары, сапалық және сандық анализде қолданылатын аналитикалық реакциялардың негізін құрайтын заңдар мен заңдылықтар, аналитикалық реакцияларға негізделген химиялық талдау әдістерінің (титриметрия, гравиметрия) теориялық негіздері, аналитикалық химия тәжірибесінде құрамы күрделі заттарды бөлу және концентрлеуде, оларды сапалық және сандық жағынан анықтауда кең түрде қолданылатын физика-химиялық анализ әдістерінің (экстракция, хроматография, абсорбциялық спектроскопия, потенциометрия, вольтамперометрия, электролиз) теориялық негіздері және қолдану жағдайлары қарастырылған.

Ұсынылып отырған оқулық жоғары оқу орындарының химия, химиялық технология және мұнай химиясы мамандықтары студенттеріне, магистранттарына, PhD докторанттарына, сонымен қатар оқытушылар қауымына да арналған.

ББК

© Г. Л. Бадавамова, Г. С. Минажева, 2011

ISBN © ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2011

Кіріспе

Аналитикалық химия – әртүрлі қосылыстар мен заттардың құрамын анализдеу әдістері туралы ғылым. Олай болса, аналитикалық химияның пәні ретінде анализдің жаңа әдістерін жасауды, анализді практика жүзінде қолдануды және анализ әдістерін терең зерттеу арқылы олардың теориялық негізін қалыптастыруды айтуға болады.

Аналитикалық химия бұл білімді қалыптастырып және оны бір жүйеге келтіретін пән ғана емес, ол қоғам өмірінде практикалық мәні өте зор ғылым.

Химиялық анализді тиімді түрде жүргізбейінше табиғатты қорғау және денсаулық сақтау жүйелері мен қауіпсіздік комплекстерін іске қосу және жандыру, оларды одан әрі дамыту мүмкін болмайды.

Аналитикалық химияда қолданылатын әдістер табиғи зат неден тұрады, оның құрамына қандай компоненттер кіреді, олардың сандық мөлшерлері мен концентрациялары қандай деген сұрақтарға толық жауап бере алады. Сонымен қатар аналитикалық химияның мақсаты анализ әдістерінің қолданылу мүмкіншіліктері мен метрологиялық аспектілерін анықтау және әртүрлі объектілер анализінің әдістемесін жасау болып табылады. Аналитикалық химия бұл таңғажайып ғылыми ізденістердің үлкен бір орталығы деуге де болады.

Демек, аналитикалық химия заттың химиялық құрамын анықтауға қажетті химиялық анализ әдістерін жасап, сол әдістерді жүзеге асырумен және олардың теориялық негіздерін зерттеумен шұғылданатын химия ғылымының бір саласы.

Аналитикалық химия студенттердің ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, химиялық анализді және әртүрлі ғылыми-зерттеу тәсілдерін жүргізуді үйретеді.

Жоғары оқу орындарында оқу жоспары бойынша аналитикалық химияға бөлінетін уақыт көбінесе лабораториялық практикумға беріледі. Алайда студент жұмыстың теориялық негізін жетік білмесе лабораториялық жұмыс бойынша анализдің жеке сатыларын тек механикалық жолмен ғана жүргізуі мүмкін. Бұндай жағдайда терең білімді қалыптастыру мүмкін болмайды. Аналитикалық химияның теориялық негіздерін жақсы меңгергенде ғана химиялық процестерді саналы түрде жүргізіп, зерттелетін зат компонеттерінің сапалық және сандық құрамын анықтауға қажетті жағдайларды жасауға болады.

Оқулықта аналитикалық химияның теориялық та, практикалық та маңыздылығын ескере отырып, ерітіндіде жүретін әртүрлі гомогендік және гетерогендік тепе-теңдіктер, оларды ескеру және есептеу мәселелеріне, соның ішінде ерітіндіде бір уақытта бірнеше реакция қатар жүргендегі тепе-теңдіктерге ерекше көңіл бөлінді. Химиялық және физика-химиялық әдістердің теориялық негіздері, олардың ерекшеліктері мен қолданылу мүмкіншіліктері де кең түрде қарастырылды.

АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Наши рекомендации