Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) əсері
Халық тұтынатын тауарлардан бөлінетін зиянды химиялық заттар(стирол, метанол, фенол, формальдегид, мыс, қорғасын, кадмий, мырыш, бромдалған заттар, капролактам, акрилонитрил, ацетон, бензол) болып табылады.Химиялық өнiмдi жiктеу адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi.Химиялық өнiмдi жiктеу химиялық заттар қауiптiлiгiнiң түрлерi мен санаттары бойынша жүзеге асырылады.Химиялық өнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн төндiруi мүмкiн:өрт қаупiн;жарылыс қаупiн;коррозиялық активтiлiктi; уыттылықты.Адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi: физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша:1)жарылғыш заттар;2)тез тұтанатын газдар;3)тез тұтанатын сұйықтар;4)тез тұтанатын қатты заттар;5)тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;6)уытты заттар;7) коррозиялаушы заттар;уыттылық қасиеттерi бойынша:1)күштi әсер ететiн улы заттар;2)улы заттар;3)зиянды заттар;4)күйдiргiш заттар;5) көздiң және терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар;6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар;адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша:1) канцерогендер; 2) мутагендер; 3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар;қоршаған ортаға әсер етуi бойынша:1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар;2)қоршаған ауа ортасы және топырақ үшiн қауiптi заттар.Химиялық өнiмнiң санаттары, қауiптiлiк түрлерi және химиялық өнiммен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы ақпарат химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленедi.Химиялық өнiмдi сынаудың критерийлерi мен әдiстерi, оның физикалық-химиялық және уыттылық қасиеттерi, адамның денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға ерекше әсерi химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес айқындалады. Химиялық өнiмдi химиялық заттардың санаттары бойынша жiктеудi өтiнiш берушi оны нарықта орналастыру үшiн тиiстi құжаттарды рәсiмдеуi кезiнде көрсетедi.Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері.Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды.Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат.Ауыр металдар.Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы.Қорғасынның негізгі көзі автокөлік жанармайы болып табылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар)Жер сілкінісінің магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері
Жер сілкінісі-жер қыртысының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, алыс қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі.Жер сілкінісі геологиялық құбылыс.Олар кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді және үстінгі беттегі секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.Эпицентр бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі.Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері пайдаланылады.1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды.1 балл.Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі.Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді.3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді.Терезе, есік,ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар шықырлайды.5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.Ұйықтап жатқандар тегіс оянады.Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды.Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі.6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді.Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады.Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды.Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін.Әк, сылақтар түсе бастайды.7 балл. Ғимараттардың зақымдануы.Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды.Су ылайланып,бетінде толқын пайда болады.8 балл.Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді.Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды.Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды.9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы.Жаппай үрей,адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай,құлайды.Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі.10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі.көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды.Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады.11 балл.Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді.Таулар қайта-қайта опырылп құлайды.12 балл.Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды.Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі:Магнитуда 2 3 4 5 6 7 8 ;Балдар 1-2 3 4-5 6 7-8 9-10 11-12