Толқын ұзындығы, жиілігі және толқын саны
Жарықтың табиғаты екі жақты (әрі толқын, әрі бөлшек) болғандық- тан, оны екі түрлі сипаттамамен бейнелейді: толқындық және кванттық. Толқындық сипаттама – ол толқын жиілігі (ν) , ұзындығы (λ) және толқын саны ( ν ׳), ал кванттық сипаттама – ол кванттардың энергиясы.Жиілік ν бір секунд аралығындағы толқын санын көрсетеді де, Гц, кГц және МГц өлшенеді. Толқын ұзындығы λ бірыңғай фазада тербелетін нүктелер арасындағы ең кіші ара қашықтықты көрсетеді. Ол м,см,мм және нм өлшенеді. Мысалы, жасыл жарықтың λ = 500-550 нм, қызылдікі λ=315-330 нм аумағында. Электромагниттік спектрде толқын ұзындығына байланысты келесі бөліктер болады:Толқын ұзындығы және жиілігі өзара байланысты: ν = c / λ , с – жарық жылдамдығы.Мысалы, жасыл жарық үшін ν = 3·1010 см /с · = 6. 1014Гц.Толқын ұзындығына кері шаманы толқын саны ν΄ деп атап, кері см –мен өрнектейді (см-1). Мысалы, жасыл жарық үшін:ν΄ = см.Электромагниттік сәулеленудің энергиясы мына арақатынаспен анықталады: Е= hν, (7.2)бұл жерде h – Планк тұрақтысы, ол 6,62 · 10-34 Дж/с тең.1 моль заттың энергиясын табу үшін бұл мәнді Авогадро санына көбейту керек:Е= (6,62·10-34 ∙ 6,02·1023) ν = 3,99·10-10 ν.Бұл жерде энергияның өлшем бірлігі Дж/моль.
Тәжірибе нәтижелерін өңдеу. Стъюдент критериі коэффициентін Стьюдент критериі деп атайды. Оның сандық мәнін αмен ν =n-1 шамаларына қарап, арнаулы кестелерден табады (2.2 кесте). ν шамасын бос дәреже саны деп атайды.
Уитсон көпіршесіКондуктометриялық өлшеулер жүргізетін Уитсон көпіршесінің негізгі сұлбасы 11.1- суретте келтірілген.Ерітіндіні электролизге ұшыратып жібергендіктен, тұрақты тоқты пайдаланбауға тырысады. Көпіршеде пайдаланылатын токтың жиілігі шамамен 1000 Гц. Эталондық кедергі (Rм) ретінде Р-517М, Р-58 және т.б. түрлі кедергі топтарын қосады. 1– ол нөл–аспап–гальванометр. Мұндай ұяшықтардың құрылымдары әртүрлі болады(11.2сур). Тікелей кондуктометрия әдісінде тұрақты орнатылған электродтарды пайдаланады, ал кондуктометриялық титрлеу әдісінде кез келген ыдыста титрлеуді жүргізу үшін алмалы – салмалы электродтарды пайдаланады
Шекті бұрыш
Шағылу мүлде болмайтын бұрышты (х1) толық ішкі шағылу бұрышы немесе шектеулі бұрыш деп атайды. Немесе Сонда бір ортаның n2, белгілі болса, a2 шектеулі бұрышты анықтап, басқа орта үшін n1 анықтауға болады.
Ығыстырушы хроматографияБұл әдісте Solv еріткішіндегі А және В затын құбырға орналастырып, оларды Д затымен (ығыстырушы) шаяды. Қалғандарына қарағанда Д заты жақсы сорбцияланатын зат болуы керек.
Фронтальді хроматографияБұл әдіс жағынан қарапайым хроматография нусқасы. Әдісті пайдалану үшін ішінде адсорбенті бар құбыр арқылы талданушы қоспаны, мысалы Solv еріткішіндегі А және В құрауыштарын үздіксіз өткізіп отырады. Құбырдан аққан ерітіндіде әрбір құрауыштың концентрациясын анықтайды да, зат концентрациясы – құбырдан өткен ерітінді көлемі координатасында график сызады.
Осы тәуелділікті әдетте хроматограмма деп атайды.А және В заттарын сорбциялау себебінен ең әуелі Solv еріткіші ағады, сосын еріткіш пен аз сорбцияланатын А құрауышы, одан кейін барып В құрауышы.