Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару

Сұйық алкалоидтарды вакуумды-разгонка көмегімен жүргізуге болады (қалдықты қысым 1-2 мм.сын.бағ.). Мысалы, вакуум-разгонка негізінде гигрин және кускгигрин алкалоидтарды бөлуді жүзеге асыруға болады (1-сурет).

Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару - student2.ru

1-сурет. Гигрин және кускгигриннің құрылымдық формуласы

Қалдықты қысым 1-2мм.сын.бағ. кезінде гигриннің қайнау температурасы 35-42С, ал кускгигриндікі 108-110С тең. Қайнау температуралары әртүрлі қосылыстар фракциялық вакуум-разгонкамен оңай бөлінеді. Кейбір жағдайларда қоспадан бір қосылысты бөлуде де қолданылады. Мысалы, софора өсімдігінен алынған пахикарпин алкалоидтар қоспасынан вакуум астында 160-210С температурада айдау арқылы бөлініп алынған (қалдықты қысымр=15-20мм.сын.бағ.).(2-сурет)

Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару - student2.ru

2-сурет. Пахикарпиннің құрылымдық формуласы.

Технологияда алкалоидтарды олардың әртүрлі ерігіштігі негізінде бөлу принципі кеңінен қолданылады. Мысалы, жалғанэфедрин негізі эфедринге (алкалоидтар таулы эфедрасынан алынады)қарағанда суда он есе нашар ериді (3-сурет). Сондықтан күкіртқышқылды сулы тартқышқа 25% аммиак ерітіндісін pH=10 жеткенше қосқанда жалғанэфедрин тұнбаға түседі, ал эфедрин сулы еріткіште қалады.

Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару - student2.ru

3- сурет. L(-)-эфедрин мен D(+)-жалғанэфедриннің құрылымдық формуласы.

Сальсолин мен сальсолидиннің бөлінуі де осы сияқты болады. Сальсолин сальсолинге қарағанда суда он есе нашар ериді (4-сурет). Сондықтан күкіртқышқылды сулы тартқышқа 25% аммиак ерітіндісін pH=10 жеткенше қосқанда сальсолин тұнбаға түседі, ал сальсолидин сулы фазада қалады.

Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару - student2.ru

4-сурет. Сальсолин мен сальсолидиннің құрылымдық формуласы.

Заттардың әртүрлі ерігіштігі оларды бөлу негізінде жатыр, мысалы, стрихнин мен бруцин, платифиллин мен сенецифиллин, морфин мен кодеин.

10. Лобелинге түсінік беріп, алу жолдарын талдаңыз.

Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Меньер алғашқы рет XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиын құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оның ұйықтатқыш әсерін байқады. Ол 1810 жылы морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.

Қазіргі уақытта 5000-нан астам алкалоидтардың қосылыстары белгілі. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Қарапайым алкалоидтардың құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтардың құрамында 50-ден астам көміртегі атомдары болады.Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған). Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).

Алкалоидтарға сапалық реакция жүргізу үшін шикізатты 5% сірке қышқылымен н\е хлорсутекті қышқылмен (1:10 қатынаста, 5 мин) қайнатып экстракт алып, соған сапалық сараптау жүргізеді. Олар алкалоидтардың ең аз мөлшерімен жүреді. Мейердің (K2HgJ4), Зонненштейннің (фосфорлы молибден қышқылы) реактивтері ж\е т.б.ең маңызды тұнба түсіргіш реагенттер болып табылады. Сонымен қатар, арнайы реакциялар үшін конц. Күкірт жәе азот қышқылын, құрамында формалин бар күкірт қышқылын, аммоний молибдатын пайдаланылады. Алкалоид топтарының бірі пиперидин туындыларының бірі Лобелин.

Лобелин (Lobelinum) —пиперидин туындыларының бірі, солт.Америкада өсетін Lobelia өсімдігінен алынады. Медицинада аналептик ретінде, тыныс стимуляторы ретінде пайдаланылады. Үлкен дозасы тынысты сал қылдырады. Лобелин өсімдігінің құрамында 1,2 % алкалоид болады. Лобелин алу үшін шикізатты ұнтақтап, сумен өңдейді. Сулы ерітіндіні концентрлеп, конц. Хлороформмен экстракция жүргізіледі. Хлороформ экстракцияны сілтімен өңдеп, алкалоид кешенін тұнбаға түсіреді. Ол тұнбаны тазарту үшін эфирмен өңдейді. Лобелин тұнба болып түседі, сосын оны бөліп алып тазалайды. Лобелинді көміртектің қос тотығы газымен және морфинмен уланғанда береді. ОПИ препаратына қарсы улануға жатады. Құрамында 0,002 г (2 мг) лобелин гидрохлориді бар «Лобесил» таблеткасы медицинада өз қолданысына ие.

Ақ кристалды ұнтақ, иіссіз. (1:100) суда қиын ериді, (1:10) спиртте ериді.

Лобелин жүрек, асқазан ауруларында кері әсерін көрсетеді.

Алкалоидтарды вакуумда және ерігіштігі әр түрлі қосылыстар негізінде бөлу әдістерін қарастару - student2.ru лобелин

Лобелинді [O] тотықтырғанда екі кето тобы бар лобеланин түзіледі.

Лобелинді [H] тотықтырғанда екі спирттік ОН тобы бар лобеланидин түзіледі.

Лобелинді [O] жұмсақ жағдайда тотықтырғанда N-метил α,α,- пиперидиндикарбон қышқылы түзіледі.

Наши рекомендации