Оспадан алкалоидтарды бөлу әдістеріне түсінік беріңіз
Алкалоидтарды балласты заттардан бөлу процесі, алкалоид құрамындағы азот атомының қасиетіне негізделген. Осының нәтижесінде олар қышқыл қатысында тұз түзуге бейім және сілті қатысында кері негізге айналады. Типті технология екі рет экстракцияда қарастырылады. Бірінші, 1) 1-3% сулы ерітіндідегі алкалоид экстрактыны өңдеу суда жақсы еритін және органикалық фазада сулы ерітіндіге айналатын алкалоид тұздары түзіледі. Осы сатыда негізгі топтары және суда ерімейтін органикалық еріткіш көмегімен балласт заттың көп бөлігі бөлінеді. Органикалық еріткішті сулы қабатынан бөлген экстрактты қайта өңдеуге жіберіледі. Еріткіш ректификациядан немесе айдаудан кейін кубтың қалдығы, шроттың құрғақ қалдығы сияқты утилизияцияламайды және жағу жолымен залалсыздандырылады.
Өндірістің үлкен көлемдерінде сулы және органикалық фазалардың бөлінуі үздіксіз жұмыс істейтін центрифугалау мен сепараторда жүзеге асады. Содан кейін сулы қабат екінші рет экстракцияға түседі, оның мақсаты-сулы ерітінділер қоспасын бөлу (көмірсулар, полисахаридтер, кейбір аминқышқылдар және пептидтер). Ол үшін алкалоид тұзының сулы ерітіндісін сілтімен (NaOH, ) рН 8-ге дейін сілтілейді, осы кезде тұз сумен араласпай, органикалық ерітіндімен экстрактеліп, алкалоид негізіне айналады. Алкалоид негізіндегі экстрактыны сулы қабаттан бөлу үшін сулы ерітінді қоспасымен ортаға дейін сумен жуады.
Алкалоидты экстрактыдан бөліп алудың екі әдісі бар. Алкалоид түзілгенше экстрактыны кристаллизация басталғанша, вакуумде 40-600С температурада концентрлейді, кубтың қалдығы кристаллизаторда салқындатып, техникалық өнімді фильтрлеп, фармакопиялық препарат алыну сатысына бағыттайды.
Басқа нұсқа бойынша алкалоидты экстрактыдан тұз, көбінесе гидрохлорид ретінде бөліп алады. Ол үшін экстрактыны құрғақ газ тәріздес хлорсутекпен қанақтырып, гидрохлорид алкалоидты органикалық еріткішпен фильтрлеу арқылы бөліп, қосымша тазартуға жібереді.
Жоғарыда айтылған екі еселі реэкстракцияда алынған техникалық өнім балласты заттардың негізгі массасынан бос алкалоид түрінде сипатталады, бірақ біршама мөлшерде қоспадан тұрады. Фармакопиялық таза өнім алу үшін көбірек қайталанылатын тазалау операциялары немесе тазалау сатысындағы әртүрлі әдістер қолданылады. Жақсы кристалданатын алкалоидтар (негіздер немесе тұздар) судан немесе жарықтандыратын адсортбенттері (активті көмір, қыздырылған Al тотығы, кеуекті силикаттар тағы сондай сияқты) бар органикалық еріткіштер фармокопиялық мақала талабына сәйкес 3-4 мәрте қайта кристалдану арқала тазаланады.
Бірақ, қайта құрамында құрылысы мен қасиеттері басқа алкалоидтарға жақын қоспалар болса, қайта кристалдану немесе тұндыру мұндай қоспаларды бөлу эффективті болмайды. Мұндай жағдайларда алдын-ала тазалау үшін ионоалмастырғыш шайырлар, ионалмастырғыш немесе жай колонналы хроматография қолданылады. Ионалмастырғыш сорбция кезінде кезінде катионит арқылы алкалоид негзіндегі ерітіндіні өткізеді. Сорбталған алкалоид пен шайырды сумен немесе органикалық еріткіштермен мұқият жуады. Сосын алкалоидтар мен шайырлардың қоспасын фракцияға десорбциядан өткізеді. Мақсатты өнім мен қоспалардың әр түрлі негіздерін қолдана отырып, құрылысы жақын алкалоидтар қоспасын бөлуге болады. Дәрілік препараттар ретінде алкалоидтарды, көбінесе, гидрохлоридтер немесе басқа тұздар түрінде шығарады. Сондықтан, алкалоид негізіндегі тұздың түзілуін фармакопиялық препарат алудың соңғы сатысында қолданады.