І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Ойланайық – есептер шығарайық:
№1. Массасы 45г глюкозаны толық тотықтыру үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) қажет (ауадағы оттектің көлемдік үлесі 21%)? (Жауабы: 160 л)
№2. Глюкозаның спирттік ашуы нәтижесінде 55,2г этанол түзілді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымы 80%-ті құрады. Реакцияға түскен глюкозаның массасын анықтаңдар. (Жауабы: 135 г)
№3. Фотосинтез процесіне 134,4 м3 (қ.ж.) көміртек (ІҮ) оксиді жұмсалған болса, оттектің қандай көлемі (қ.ж.) бөлінеді және глюкозаның қандай массасы пайда болады? ( Жауабы:134,4 м3, 180кг)
ІІІ. Жаңа тақырыпқа ену:
· №4. Бұл затты жасанды бал синтездеуге пайдаланады. Қант қамысының құрамындағы оның массалық үлесі 26% -ды құрайды. Ағза үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Оның құрамындағы көміртектің массалық үлесі 42,11%, сутектің - 6,43%, оттектің - 51,46%. Бұл заттың молекуласы глюкоза молекуласынан 1,9 есе ауыр. Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар. (Жауабы: С12Н22О11 -сахароза).
1 Сахароза қосылыстардың қандай тобына жатады?
2 Сахарозаның құрамы көмірсулардың жалпы формуласы сәйкес келе ме?
3 Глюкозаға тән функционалдық топтар сахарозаның құрамында бар ма?
· Оқушылар топтарда сахарозаның құрамындағы альдегидтік және спирттік топтарды анықтауға арналған зертханалык тәжірибелер жасайды. Сахароза мен жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің әрекеттесуінен пайда болған ашық көк түсті ерітінді сахарозаның құрамында спирттік топтар бар екендігін дәлелдейді. Одан әрі қыздыру қызғылт түсті тұңбаның түзілуін болдырмайды да альдегидтік топтың жоқ екендігін білдіреді. Яғни, сахароза мен глюкоза молекулаларының құрылысы әр түрлі.
ІҮ. Жаңа тақырыпты талдау:
Проблемалық сұрақтың туындауы: Сонда сахарозаның құрылысы қандай болғаны және соған байланысты ол қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?
Әрі қарай топтардың жұмысы жалғасады:
І топ – оқулық бойынша сахарозаның құрылысымен
ІІ топ – оқулық бойынша сахарозаның химиялық қасиеттерімен танысады және ойларын
ІІІ топ – оқулық бойынша сахарозаның изомерлерімен ортаға салады;
ІҮ топ – үш топтың түсіндіруінен кейін сахарозаның алынуымен таныстырады (алдын ала дайындаған презентациялары бойынша).