І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өсімдіктерге әсер ететін негізгі факторлар.Ылғалға қатысты өсімдік топтары.

Жарыққа қатысты өсімдіктердің топтары.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1. Өсімдіктерге әсер ететін негізгі факторлар?

2. Ылғалға қатысты өсімдік топтары?

3. Жарыққа қатысты өсімдіктердің топтары?

ІV. Жаңа сабақ:

Өсімдіктің тіршілік формасы-жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болды. Өсімдік формасы, ұрпаққа беріледі. Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық классификациясы бойынша тіршілік формалары үш категорияға бөлінеді.

1. Ағаш өсімдіктер: бұталар және бұташалар, ағаштар.

2. Шөптесін өсімдіктер: бір жылдық және көп жылдық.

3. Жартылай ағаш өсімдіктер: жартылай бұталар, бұташалар.

Ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің өзара басты айырмашылығы, алғашқысының ұзақ жылдар бойы өсетіні, бүршікті көп жылдық қаңқалы өркенінің болуы. Жартылай ағаш өсімдіктердің жер беті бөліктерінің бір бөлігі өліп, енді бір бөліктері жаңарту бүршіктерімен жерден 5-20 см деңгейінде, көп жылдық ретінде сақталады. (Жусанның түрлері, теріскен).

Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін қүрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітапта ол қысқартылып беріліп отыр фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады; криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. И.Джеффридің, А.Н.Красновтың, сонымен бірге Э.Сината

V. Бекіту:

1. Өсімдік тіршілік формаларының пайда болу себептері?

2. Эколого-морфологиялық классификациясы бойынша тіршілік формалары?

VI.Үйге тапсырма беру:

Өсімдіктердің тіршілік формалары. Жергілікті жердің өсімдік топтары. Оқу.

№22

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Популяцияның экологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды популяция түсінігі таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

Наши рекомендации