Аралық бақылау №1 орындау
Тапсырмалары:
Химиялық термодинамика.Химиялық термодинамика –биоэнергетика негізі. Организмде зат алмасу процестері мен энергия алмасуының өзара байланысы. Термодинамиканың негізгі ұғымдары. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Ішкі энергия. Энтальпия. Гесс заңы. Термохимиялық теңдеулер. Термохимиялық есептеулер және оларды биохимиялық процестерді энергетикалық сипаттау үшін қолдану.
Процестердің бағытталуы. Тіршіліктегі қайтымды және қайтымсыз процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Термодинамиканың біріккен бастамасы. Гиббстің бос энергиясы. Тірі жүйелердің термодинамикасы. Экзергоникалық және эндергоникалық процестер. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.
Химиялық реакциялардың кинетикасы.Реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығының әртүрлі жағдайларға тәуелділігі. әрекеттесуші массалар заңы. Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі. Реакциялардың молекулалығы мен реттілігі.Вант-Гофф ережесі. Биологиялық процестерде температуралық коэффициенттердің ерекшеліктері.Катализ және оның түрлері. Қышқылдық-негіздік катализдің биологиялық ролі. Ферменттердің құрылысы мен ерекшеліктері. Ферментативті реакциялардың кинетикасы. Ферменттативті катализдің биологиялық ролі.
Ерітінділер туралы ілім.Ерітінділердің анықтамасы және жіктелуі. Қаныққан ерітінділер, ерігіштік. Генри және Сеченов заңдары. Қанда және ұлпа сұйықтықтарында газдардың ерігіштігі. Қанықпаған ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясы. Дезинфекциялайтын заттардың концентрациясын есептеу, антисептикалық ерітінділерді дайындау. Бейэлектролит ерітінділері. Сұйылтылған бейэлектролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Диффузия. Осмос, осмос қысымы, Вант-Гофф заңы, тірі ағзадағы. Рауль заңы. Рауль заңдарының салдары. Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотоникалық коэффициент. Гипо-, гипер- және изотоникалық ерітінділердің медициналық практикада қолданылуы. Биологиялық жүйеде осмос және осмос қысымының ролі. Плазмолиз және гемолиз.
Электролит ерітінділері. Электролиттік диссоциация теориясы. Оствальдтің сұйылту заңы. Күшті электролиттердің теориясы. Тірі ағзадағы электролиттер. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік. Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН. рН колориметриялық анықтау әдісі. Әлсіз және күшті электролиттердің рН және рОН.
Буферлік ерітінділер. Буферлік жүйелер. Электролититік диссоциация теориясы жәнеи и протолиттік теория көзқарасымен буферлік әрекет механизмі. Буферлік жүйелердің негізгі теңдеулері. Буферлік жүйелердің рН мәндерін Гендерсона-Гессельбах теңдеулерімен есептеу. Буферлік ерітінділердің сиымдылығы, оған әсер ететін факторларҚанның буферлік жүйелері. Биологиялық сұйықтықтардың қышқылдық – сілтілік тепе-теңдігі. Ақуыз буфері.Ағзадағы биологиялық процестерге рН әсері.
Химиялық байланыс. Химиялық байланыстардың типтері. Валентті байланыс әдісі (ВС). Молекулалық орбитальдар әдісі (МО). Ковалентті байланыстың сипаттамасы. Атомдық орбитальдардың гибридтену түрлері дәне молекулалардың құрылысы. Сутектік байланыс, оның медико-биологиялық мәні.
Комплексті қосылыстар. Валентті байланыс көзқарасымен комплексті қосылыстардың сипаттамасы. Комплексті қосылыстардың биологиялық ролі. Биокомплекстер. А. Вернердің координациялық теориясы. Металлоферменттердің және басқа да биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл) құрылысы туралы түсінік, олардың биологиялық ролі. комплексті ионның тұрақсыздық константасы (тұрақтылығы). Темір, кобальт, никель, хром және марганцтің кешенді қосылыстары, олардың биологиялық ролі.
Биогенді элементтер. Биогенді s-элементтерінің жалпы сипаттамасы. Медицинада қолданылатын s-элементтерінің қосылыстары.
Биогенді р -элементтерінің жалпы сипаттамасы. Оттегінің биологиялық ролі. Медицинада оттегі мен озонның қолданылуы, озонның табиғаттағы ролі. Озон мен сутегінің асқын тотығының бактерицидтік әсері. Медицинада күкірт қосылыстарының қолданылуы. Медицинада хлоридтердің, бромидтердің, иодидтердің және фторидтердің қолданылуы. Йодтың, хлордың және хлорлы әктің бактерицидтік әсері. Фтор құрамды тіс пасталары. Тірі ағза үшін галогендердің ролі.
Биогенді d -элементтерінің жалпы сипаттамасы. Хром, марганец, темір, кобальт, никель, мыс, мырыш және молибденнің биологиялық мәні
Тотығу-тотықсыздану процестері. Электродтық потенциал. Нернст теңдеуі. Тотығу-тотықсыздану электродтық потенциалдары. Диффузиялық және мембраналық потенциалдар және олардың биологиялық ролі. Ағза тіршілігіндегі ТТР ролі. Биологиялық тотығу (ұлпа тыныс алуы) кезінде элекрондардың тасымалдану тізбегі. Қатты және сұйық мембраналар негізіндегі ионоселективті электродтар, оларды биологиялық сұйықтықтардағы иондардың концентрациясын анықтау үшін қолдану. Редокс-электродтар. Потенциометриялық титрлеу. Биолого-медициналық зерттеулерде потенциометрияның қолданылуы.