Алкалоид және олардың өсімдімтерде кездесуі жайлы мәліметтерді салыстырып бағала

Блок

Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Меньер алғашқы рет XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиын құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оның ұйықтатқыш әсерін байқады. Ол 1810 жылы морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.

Алкалоидтардың ашылуымен медицинада және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.

Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтауын XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г. Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Елімізде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.

Құрамында азотты қарапайым қосылыстар мысалы: метиламин, үшметиламин және басқа қарапайым аминдер, сондай-ақ аминқышқылдары және олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына жатпайды.

Қазіргі кезде өндірістік көлемде 100-ден астам алкалоидтар өндіріледі. Кейбір алкалоидтар синтез арқылы алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б. Гликоалкалоидтардың негізінде жартылай синтезбен гормональды препараттар: прогестерон, преднизолон, кортизон, дигидрокортизон, үшамицинолон, деперзолон, флуметазон, синафлан, бетаметазон, дексаметазон т.б. шығарылады

Қазіргі уақытта 5000-нан астам алкалоидтардың қосылыстары белгілі. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Қарапайым алкалоидтардың құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтардың құрамында 50-ден астам көміртегі атомдары болады.Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған). Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).

Алкалоидтарға сапалық реакция жүргізу үшін шикізатты 5% сірке қышқылымен н\е хлорсутекті қышқылмен (1:10 қатынаста, 5 мин) қайнатып экстракт алып, соған сапалық сараптау жүргізеді. Олар алкалоидтардың ең аз мөлшерімен жүреді. Мейердің (K2HgJ4), Зонненштейннің (фосфорлы молибден қышқылы) реактивтері ж\е т.б.ең маңызды тұнба түсіргіш реагенттер болып табылады. Сонымен қатар, арнайы реакциялар үшін конц. Күкірт жәе азот қышқылын, құрамында формалин бар күкірт қышқылын, аммоний молибдатын пайдаланылады.

Алкалоидтар кездесетін негізгі шикізат көздері және олардың жіктелуіне сараптама беріңіз (биохимиялық, фармокологиялық және биохимиялық).

Алкалоидтардың ашылу тарихы 1803 жылдан басталды деп есептелінеді. Алкалоидтар — (араб. alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабық тұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай. Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған). Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланыстымедицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).

Алкалоидтардың ашылуымен медицинада және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.

Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтауын XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г. Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Елімізде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.

Алкалоидтардың жіктелуі:

1. ботаникалық классификация. Органикалық химияның бастапқы даму периодында алкалоидтарды өсімдіктер тобына байланысты бөлді. Яғни ботаникалық классификацияны пайдаланды. Көкнәрда изохинолин туындылары, темекіде – пиридин, хинді ағашта – хинолинді, итжидекте – тропанды алкалоидтар табылды. Бірақ ботаникалық классификация бойынша әр түрлі өсімдік тұқымдастарынан бірдей алкалоидтар алына берді.

2. Фармакологиялық классификация. Бұл классификация нақты фармакологиялық әсерді іздеу үшін дәрігерлерге, фармакологтар мен биохимиктерге арналған.

3. Биохимиялық классификация. Биохимияда биогенез процесінен болатын плкалоидтардың аминоқышқылдық классификациясы бар. 1963 жылы Хегнауер 6 негізгі аминоқышқылдарды бөліп көрсетеді.

Алкалоид және олардың өсімдімтерде кездесуі жайлы мәліметтерді салыстырып бағала - student2.ru

Наши рекомендации