Комірсулардың негізгі метаболизм жолдары
Ақпа венасы арқылы бауырға келген түрлі моносахаридтер глюкозаға айналады. Ағзада глюкозаның 5% гликогенге, 30% липидтерге айналады, 65% тотығады. Глюкозаның үш негізгі тотығу жолдары бар: анаэробты гликолиз, аэробты гликолитикалық жол, пентозофосфатты цикл.
Анаэробты гликолиз нәтижесінде бір глюкоза тотыққанда 2 сүт қышқылының молекуласы және 2 АТФ (энергия шығымы) түзіледі. Аэробты гликолитикалық жолмен тотыққанда 6СО2 мен 6Н2О және 36-38 АТФ (энергия шығымы) түзіледі. Пентозофосфатты жолдың маңызы ерекше : бұл процесте НАДФН2 тотықсызданады; ізінше ол тотықсыздандырғыш ретінде пайдаланады және аралық өнімі пентозофосфаттардан рибоза мен дезоксирибоза түзіледі.
Глюкозаның тотығу жолдары. Глюкоза 2 түрлі жолмен тотығады, 2/3
гликолитикалық , 1/3 пентозофосфатты жолмен тотығады.
Глюкозаның анаэробты жағдайда тотығуы гликолиздеп аталады.Анаэробты гликолиз кезінде 1 молекула глюкозадан 2 молекула лактат және 4 АТФ түзіледі, цитоплазмада жүреді.1 молекула глюкоза аэробты гликолитикалық жолмен тотыққанда 36 немесе 38 АТФ түзуге жеткілікті энергия бөледі.
Глюкозаның анаэробты гликолитикалық жолмен тотығуының энергиялық балансы: егер гликолиз глюкозадан басталса, глюкозо-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ жұмсалады. Сонымен гликолиз нәтижесінде 4 АТФ түзіледі, ал қорда 2 АТФ қалады. Егер гликолиз гликоген ыдыраған кезде түзілген глюкозо-6-фосфаттан басталса, фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалып, 3 АТФ қорда қалады.
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуы келесі сатылардын тұрады:
· глюкозаның ПЖҚ-на дейін тотығуы (цитоплазмада);
· ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзуі (митохондрияда);
· АСҚ-ның ҮКЦ-де тотығуы; БТ ( энергия және эндогенді судың түзілуі); ТФ (АТФ түзілуі).
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуының энергиялық балансы: цитоплазмада 2 АТФ және 2 НАДН2 түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты жолмен тотыққан кезде 2 молекула ПЖҚ түзіледі. ПЖҚ митохондрияға түсіп тотығудан декарбоксилденіп 2 молекула АСҚ және 2 молекула НАДН2 түзеді. Митохондриядағы 2 молекула НАДН2 БТ-да тотығып 6 АТФ түзеді. 2 АСҚ Кребс циклінде тотығып 6 НАДН2, 2ФПН2 және 2АТФ, түзеді.Сонымен 2АСҚ тотыққанда 24 АТФ түзіледі. Митохондрияда: 24+6=30АТФ. 30АТФ+2АТФ(цитозолде гликолизде түзілген) = 32АТФ. 4 немесе 6АТФ цитозольді НАДН2 глицерофосфатты (4) немесе малатты (6) шөрнек механизмі арқылы митохондрияға тасымалданып тотыққанда түзіледі.Сонымен глюкоза глицерофосфатты шөрнек механизмі арқылы тотықса 36 АТФ , малат шөрнек механизмі арқылы тотықса 38 АТФ түзіледі.
Пентозофосфатты цикл анаэробты жағдайда цитоплазмада жүреді, нәтижесінде СО2 және НАДФН2 түзіледі. НАДФН2 холестерин және бос май қышқылдарының синтезіне энергия көзі болып табылады. Сүтқоректілерде ПФЦ активтілігі бауырда, бүйрек үсті безінде, май тінінде, эмбрионалды тінде және сүт бездерінде лактация кезінде өте жоғары болады.
4-сатысы:Көмірсулар амасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі
Көмірсулар амасуының соңғы өнімдері: Н2О және СО2. СО2 карбоксилдену реакцияларына пайдаланылуы мүмкін , мысалы, БМҚ биосинтезіне жұмсалады. СО2 негізгі бөлігі өкпе арқылы бөлінеді. Н2О БТ кезінде түзіледі және гидролиз, гидратация үрдістеріне пайдаланылады, ал қалған бөлігі бүйрек, тері бездері, дем алған ауамен , аз мөлшері тоқ ішек арқылы бөлінеді .
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:
1. Презентация (слайдтар)
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
13. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
14. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
15. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
16. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
- Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
14. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
15. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007
16. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:
1.Глюкозаның тотығу жолдары.
2.Глицерин, БМҚ және холестериннің пайдаланылу жолдары.
3.Амин қышқылдарының негізгі метаболизм жолдары.
ДӘРІС