Арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар

Дөңгелек түпті колбалар (13-сурет) – органикалық және бейорганикалық синтездерде, сонымен қатар кейбір зерттеу жұмыстарында қолданады. Тегіс табанды колбаларға байланысты айтылғандар дөңес табанды колбаларға да байланысты.Бұндай колбалар әртүрлі көлемді бір, екі, үш және төрт мойынды болып келеді. Бірнеше мойынды колбалардың әрқайсысының өзінің қызметі болады. Мысалы, бір мойнына термометр, екіншісіне – бөлгіш құйғыш орналастырады, ал үшіншісін мұздатқышпен байланыстырады және т.с.с. қызметтер атқарады.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

13- сурет. Дөңгелек түпті колбалар

Дистилдеуге арналған колбалар. Сұйықтарды айдау үшін арнайы, мысалы Вюрц, Клайзен, Арбузов және т.б. колбалары қолданады. Осылардың ішінде кең тараған түрі Вюрц колбасы (14,а сурет). Ұзын мойнынан, жіңішке және ұзын түтігі жалғасқан, дөңгелек түпті колба.Сның сыйымдылығы 250-300мл болады.

Клайзен колбасы(14,ә сурет)Вюрц колбасынан айырмашылығы мойыны екі түтікшемен жалғасып, оның екіншісінде сәл бүгілген түтікшесі тағы бар. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданады.

Арбузов колбасы(14,б сурет)- Клайзен колбасының жетілген түрі. Бұндай колбалар үлкен дефлегмациялық қасиетке ие. Арбузов колбасының сыйымдылығы әдетте 20-дан 1000 мл-ге дейін болады.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru а) ә) б) 14-сурет. Вакуум-айдауға арналған колбалар: а – Вюрц; ә - Клайзен; б – Арбузов  

Эксикаторлар (15-сурет)- қалың қабырғалы шыныдан жасалған ыдыс. Эксикатор арнайы шыны қақпағымен жабылған.

Эксикаторларды баяу кептіру үшін және ылғалды жеңіл сіңіретін заттарды сақтау үшін арналады.Олардың төменгі бөлігін арнайы ылғал сіңіргіш заттармен толықтырады, мысалы, хлорлы кальцимен, алюминидің сусыз тотығымен және т.б.

Эксикаторлардың негізгі екі түрін көрсетеді: қарапайым және вакуум-эксикатор. Вакуум-эксикаторлар арнайы шүмекпен байланысқан, шүмек ыдыстың жанында немесе қақпағында болады. Осы шүмек арқылы оны вакуум сорғышпен байланыстырады.

Эксикаторды ашу үшін қақпақты жанына қарай жылжыту керек, бірақ жоғарыға көтеруге болмайды. Оны басқа жерге тасымалдауда қақпағымен ұстап тасымалдаған жөн. Эксикаторды ашық қалдыыруға болмайды, өйткені ішіндегі ылғал сіңіргіш заттар ауа құрамындағы ылғлмен қанығуы мүмкін.

Эксикаторлар пішінімен ерекшеленеді. Эксикатор ішіндегі ылғал сіңіргіш зат үстіне фарфор жасағын орнатады. Оның үстіне зат салынған тигельдерді, бюкстерді және басқа ыдыстарды қояды.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

а) ә)

15-сурет. Эксикаторлар:

а) қарапайым; ә) вакуум-эксикатор

Хлоркальцилі түтікшелерді (16 - сурет)түрлі қоспа, құймалрды ылғалдан, шаңнан сақтау үшін қолданады. Суды сіңіруден сақтандыру үшін хлоркальцилі түтңкшені хлорлы кальцимен немесе ангидридпен толтырады.

Қарапайым хлоркальцилі түтікшені толтыру үшін (17-сурет), алдымен шар тәрізді бөлігіне таза мақтаны салады, шардың жартысын толтыру керек. Сосын сіңіргіш затты салады, кесектің көлемі бұршақтайболуы тиіс, ірі кесектерді қолданбаған жөн. Осының үстінен жұқа қабаттап мақтаны салады ды, шағын шыны түтікшесі бар тығынмен жабады.

Түтікшені толтыратын мақтаны да, сіңіргіш нәрсені де қатты тығыздауға болмайды. Хлоркальцилі түтікті ыдысқа резеңке түтікше арқылы жалғайды. Түтікшені толтыру үшін тек жаңа дайындалған хлорлы кальциді қолданады. Қолданылуына байланысты жарты жылда бір ауыстырып тұру қажет.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

16-сурет. Хлоркальцилі түтікшелер 17-сурет. Дайын күйіндегі

Вульф ыдыстары (18,а сурет) )(екі немесе үш мойынды) газдарды шаю үшін қолданады. Бұл ыдыстарды сонымен қатар газ тәрізді өнімдерді алуда реакциялық ыдыс ретінде және су ағынында жұмыс істейтін ыдыстарда сақтандырғыш ретінде қолданады. Үлкен көлемді Вульф ыдыстарын титрленген ерітінділерді сақтау үшін де қолданады.

Дрексель ыдыстары(18,ә сурет)Шыны тығынымен бекітілген шыны ыдыс. Осы тығын арқылы ыдыстың түбіне дейін жалғасқан түтікше бар. Газдарды шаю үшін қолданады.

Тищенко ыдыстары (18,б сурет)Вудьф ыдыстарынан айырмашылығы сол, олардың іші бір-бірімен қатынасатын екі бөлікке бөлінген.

Тищенко ыдыстарының сұйықтарға және қатты заттарға арналған екі түрі бар.

Тищенко ыдыстарын газдарды шаюға және кептіруге қолданады.Көбіне, Тищенко ыдыстарын сақтандырғыш ыдыс ретінде вакуум-насоспен бірге қолданады, бұл мақсатта Вульф ыдыстарына қарағанда ыңғайлырақ болып келеді.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru ә)

а)

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru б)

18-сурет. а – Вульф; ә - Дрексель; б – Тищенко ыдыстары

Кипп аппараты (19-сурет) -күкірсутекті,сутегін, көмірқышқыл газын және т.б. газдарды алуға қолданылатын құрылғы.Кипп аппаратының жабықталуы және ажыратуы тартпалы шкафта өтуі тиіс.

Кипп аппаратымен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек. Аппараттың төменгі бөлігіндегі қышқыл ерітіндісі, мысалы тұз қышқылы, қатты зат орналасқан ортаңғы бөлігіне көшеді, қатты зат қышқылмен газ түзе әрекеттеседі. Түзілген газ шүмегі бао арнайы түтіктен бөлініп шығады.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru 19-сурет. Кипп аппараты  

Кипп аппаратына салынатын қатта зат кесегі1 см3 мөлшеріндей болу карек.

Лшеуіш ыдыстар

Өлшеуіш цилиндрлер (20,а сурет) -сыртында көлем миллилитр бірліктерінде көрсетілген,қалың қабырғалы шыны ыдыс. Қажетті сұйық көлемін алу үшйн төменгі мениск бойынша өлшейді. Кейде қажалған тығынмен жабдықталған цилиндрлер де кездеседі. Тек оларды арнайы жұмыстар үшін қолданады.

Осы мақсаттар үшін цилиндрден басқа мензуркаларды (20,ә сурет)да қолданады. Бұл қабырғаларындаөлшеуіш бірліктері бар конус формалы ыдыс. Олар лайлы сұйқтарды тұндыру үшін өте қолайлы.

Өлшеуіш цилиндрлер мен мензурканың көлемі әр түрлі болады. Өлшеуіш құралдардың көлемі негізінен 10 мл-ден 500 мл-ге дейін болады.Бұл кұралдарды концентрациялы ерітінділер даярлау үшін қолданады.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru а) арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru б)

20-сурет. Мензурка және өлшеуіш цилиндр

Тамызғыштар (21,22-суреттер)сұйықтың дәл көлемін өлшеу үшін қолданады.Олардың қарапайым, микропипеткалар және бөлшекке бөлінген түрлері бар. Қарапайым тамызғыштар(пипеткалар)ортасы кеңейтілген шағын диаметрлі шыны түтікшелер, төменгі бөлігінің диаметрі 1мм-дей. Пипеткалардың сыйымдылығы 1-мл-ден 100мл-ге дейін болады. Микропипеткалардың сыйымдылығы 1-ден 5 мл-ге дейін болады және 0,01-0,005 дәлдікке дейін өлшеуге мүмкіндік береді. Олардың жоғарғы жағында арнайы шекті өлшемі болады, сұйықтарды сол белгіге дейін ғана алады. Алдымен сұйқтықты белгіден артық етіп алады да, кейін қолдың бас бармағымен басып, сұықты керек белгіге дейін баяу түсіреді. Бұл белгіні төменгі мениск бойынша өлшейді.

Зертханалық пипеткалар әрдайым таза күйде болуы тиіс. Жұмыс істер алдында пипетканы қолданатын сұйқтықпен бір шайып алу қажет.

Зиянды және улы заттар үшін пипеткаларды қолднуға болмайды.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

а) ә)

21-сурет. Пипеткалар: 22-сурет

а – қарапайым; Микропипетка

ә - бөлшекке бөлінген

Бюреткалар (23, а,ә суреттер).Бюреткасұйықтардың көлемін дәл өлшеуге және көлемдік анализде химиялық реакцияда заттың қанша көлемі жұмсалғаның анықтауға арналған, қабырғасы 0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлікке бөлінген, ұзынша келген шыны түтік. Химия-аналитикалық тәжірбиелерде кеңінен қолданылатын құрал. Бюретканың қарапайым, өлшеуіш, поршенді, микробюреткалар сияқты түрлері бар.

Қарапайым бюреткалармен 0,03-0,05мл және микробюреткалармен 0,005мл-ге дейінгі дәлдікпен көлемді өлшеуге болады. Қарапайым бюреткалар шүмекті және шүмексіз, сыйымдылығы 10-нан 100-ге дейінгі түрлері бар. Сілті ерітінділерімен жұмысты бюретканың шүмексіз түрімен істеген жөн.

Жұмыс істер алдында бюретканы штативке орнатады. Сұйықты бюреткаға кішшкентай құйғыш арқылы құяды. Алдымен, сұйқты «0» көрсеткішінен асырып құяды да, кейіннен дәл келтіреді. Бюреткаға құйылған сұйықтықты толық жібермей реттеп тұруы үшін, оның ұшына резеңке түтік кигізіп, шыны бұршақпен бекітеді.

М и к р о б ю р е т к а л а р д ы ң (23,б сурет)қарапайым бюреткалардан айырмашылығы сол, олардың өллшемі 0,1 мл-ден емес, 0,01 мл-ден және 0,005мл-ге дейінгі дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Шүмексіз микробюреткалар шүмектіге қарағанда ыңғайлы болып келеді.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

а) ә) б)

23-сурет. Бюреткалар:

а – Мор қысқышы бар шүмексіз түрі; ә - шүмекті;

б – микробюретка

Өлшеуіш колбалар (24-сурет)- көптеген аналитикалық тәжірибелерге қолайлы; әртүрлі көлемді тегіс табанды колбалар; көбінесе арнайы шыны тығындарымен бірге болады.

Дегенмен, шыны тығынысыз өлшеуіш колбаларды да қолданады. Бұндай жағдайда өз өлшеміне сәйкес келетін резеңке тығынды қолданады.

Колбаның мойнында сақиналы белгі бар, ал колбаның өзінде белгілі бір температураға сәйкес келетін миллилитр өлшеміндегі көлемі белгіленген. Өлшеуіш колбалар дәл концентрациядағы ерітінділерді даярлау үшін қолданылады.Оның мөлшері 25мл-ден2000мл-ге дейін болатын түрлері бар.

Суды немесе басқа да сұйықтарды колбаға керекті өлшемнің төменгі менискісіне сәйкес келгенше құяды. Алдымен сұйқтықты белгіден 0,1- 1 см төмен, кейіннен белгіге дейін тамшылатып жеткіп құяды. Колбадағы сұйықты ақырын ғана шайқау арқылы аралстарады.

Тәжірибеге арналған барлық ыдыстар секілді, өлшеуіш колбалар да таза күйінде болуы тиіс.

арнайы қолданылуға арналған шыны ыдыстар - student2.ru

24-сурет. Өлшеуіш колбалар

Наши рекомендации