Жылы Поляк әскерлері КСРО жерінен Иранға аттанар алдындағы көрінісі.
Премьер – министр У. Черчиль поляк әскерлерін қоса әйелдер мен балалардың көшірілуіне қарсы болмауын өтініп, хат жазды. "Сіздің рұқсатыныздың арқасында үш поляк дивизиясы Палестинадағы отандастарына қосылып, қаруланып, Европадағы соғыс қимылдарына қатысуға әскери жаттығулар өткізуде. ... Сонымен қатар, сіздің ұсынысыңызбен жауынгерлік паектің арқасында өмір сүріп жатқан әйелдер мен балалардың көбі поляк әйелдерімен бірге көшіріледі" - деп жазылды[99].
Поляк әскерлерін КСРО жерінен Иранға көшіру 1942 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Иранға жалпы саны 104902 адам, соның ішінде 66527 поляк офицерлері мен жауынгерлері, 38375 адам поляк азаматтары [100]. Польша басшылары Кеңес жерінен Поляк әскерлерін жылдам алып кетуіне,негізінен екі нәрсе себеп болды. Біріншісі - " Кеңес өкіметі поляк әскерлерін майданның ең қиын, әрі ауыр жерлеріне шайқасқа салып, қырып жібере ме деп ойлады. Поляк әскерлерін Қазақстан жерінде ұйымдастыру " өте қиын жағдайда жүргізіледі, кеңес басшылары аса үлкен жауапкершілікпен қараған жоқ. Дайын болмаған поляк әскерлерін майданға жіберу, бірде – бір оқ атпай өліп кетуге мүмкін" - деді генерал Андерс. Оның басты мақсаты - Сталиннің уысынан поляк әскерін тезірек алып кету болды. В. Сикорский мен В. Андерстің басты мақсаты – КСРО жеріндегі поляктарды әскер қатарына шақыру және түрмелер мен лагерьлерде, арнайы қоныстарда аштықтан, аурудан, азаптан өліп кетуі мүмкін әйелдер мен балаларды Иран арқылы алып кету бірде – бір дұрыс саясат болғанын кейін өмірдің өзі дәлелдеді. Бірақ кеңес үкіметінің поляк әскерлерін құруға, азық – түлікпен қамтамасыз етуін бағалай білуіміз керек. Екіншісі – Андерс басқарған Поляк әскерін Кеңес Одағы жерінен Иранға алып кетудің бір себебі, Ұлыбритания таяу Шығыстағы мұнайлы иеліктерін қорғауды күшейтуге байланысты. 1941 жылдың тамыз айында У.Черчиль мен В.Сикорский кездесіп, әңгіме барысында, кеңес жерінде жасақталған поляк әскерлерін ағылшындармен байланыстыруға келісті. Бұл КСРО үкімет басшысы И. Сталиннің көңілінен шыға қойған жоқ. Дегенмен екі ел арасындағы келісім шартқа айтарлықтай кері әсерін келтірмейтініне сендік. Себебі, антигитлерлік одақтың берік болуына мүдделі болды. У. Черчиль кеңес – ағылшын қатынастарына да салқынын тигізуі мүмкін деген ойда болды.
И.В. Сталиннің екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы антигитлерлік одақ келісіміне мықты болып, польша – кеңес келісімдері арқылы, КСРО жерінде Поляк армиясын, қандайда қиындықтарға қарамастан жасақтап, көп поляктардың тағдырына көмектесті. И.В. Сталин аса айлакерлігі, ақылдылығы, көрегендігі және өз мақсаттарына жету жолындағы табандылығы, екінші дүниежүзілік соғыста фашисттік Германияны талқандап, ірі жеңіске жеткізді. Сонымен қатар, Сталин 1941 жылы 30 шілдедегі кеңес – поляк келісім шарттың талаптарына сай міндеттерін орындады. Кеңес – поляк қатынастарындағы оқиғаларға қарамастан ел арасындағы дипломатиялық ( елшілік ) байланыстар жалғасты.
Андерс әскерлері Иранға көшірілгеннен кейін, Қазақстанның облыстық әскери комитеттері қалған поляктарды әскерге шақыруды және еріктілерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. 1943 жылы 6-мамырда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Татеуш Костюшко атындағы 1 – поляк жаяу әскер дивизиясын құру туралы бұйрығы № 294 шықты. Бұл дивизия жауынгерлері Польшаны азат етуге қатысып, соғысты Берлинде аяқтады [ 101 ].
1942 жылы 2 – мамырда Кеңес Одағы жеріндегі Поляк әскері штабының бастығын генерал-майор З. Шишко – Бокуш, Панфиловқа, Польша эмиграция үкіметінің басшысы генерал Сикорский, КСРО мен Польшаның Иранда орналасқан қарулы күштерінің Бас қолбасшысы етіп генерал-лейтенант Андерсті тағайындалғанын жазды. Сонымен қатар Ливия мен Полестинадагы Поляк моторлы корпусына бақылау жасау міндеті жүктелгенін айтты.
Андерстің бұйрығымен "КСРО жерінде поляк әскерлерін толықтыру жұмысын тоқтатпауын өтінген" - деп жазды Шишко-Бокуш.
Генерал Андерс поляк армиясын Қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалғаннан кейін Ирандағы Миихед қаласында поляк әскері үшін әскери база салу ісін жүзеге асыруға кірісті. Бұл әскери базада Англиядан келетін жүкті (қару – жарақ, әскери киім – кешек) түсіріп алуға қажетті жабдықтауды дайындауға кірісті. Миихед қаласы ең ыңғайлы жер болды. Себебі Тегеран темір жол және тас жолдардың тоғысында. Захединнан Индиядагы әскери жабдықтар қоймасымен байланыс жасауға мүмкіндік береді.
"Әскери базадан арнайы адамдармен қатар 58 офицер, 763 унтер офицер және механиктер, қару ісі шеберлері, көлік жүргізушілерде жұмыс істеуде. Генерал Андерс Миихед қаласындағы Поляк әскерлері базасында жұмыс істеу үшін Англиядан келетін мамандарға арнайы рұқсат кұжат (виза) беруіңізді сұраймын. Олардың аты-жөні тіркелген кұжат Миихед қаласына келгеннен кейін сізге арнайы тапсырылады. Қазірше біздің орталығымыз Ашхабатта болмақ" - деп генерал-майор А.П. Панфиловқа жазған хатында.[ 102 ]
Поляк әскерін Иранға көшіруде генерал Андерстің қызметіндегі әжептәуір күрделі мәселе - КСРО жерінде қалып қойған отбасылары мен әскерде жоқ поляк азаматтарын қоса Иранға көшіру болды. Бұл мәселе Ұлыбритания премьер-министрі У. Черчильдің араласуымен шешілді. 1942 жылы 26 маусымда Янги-Юльге Г.С. Жуковтан хат келді. Онда:" Поляк әскерлерін Орта Азиядан Таяу Шығысқа көшіруіне қарсы емес, Иранға көшірілетін поляк әскерлерінің саны 70 мыңнан аспауы керек. Көшіру жұмыстары 1942 жылдың 5 – 25 тамызы аралығында жүргізілсін. КСРО жағы арнайы көмек бөліп, Красноводскіге жеткізіледі, одан әрі Британдық жолмен Иранға жеткізілуі керек."
Премьер-министр У. Черчиль поляк әскерлерін қоса әйелдер мен балалардың көшірілуіне қарсы болмауын өтініп, хат жазды. "Сіздің рұқсатыныздың арқасында үш поляк дивизиясы Палестинадағы отандастарына қосылып, қаруланып, Европадағы соғыс қимылдарына қатысуға әскери жаттығулар өткізуде. ... Сонымен қатар, сіздің ұсынысыңызбен жауынгерлік паектің арқасында өмір сүріп жатқан әйелдер мен балалардың көбі поляк әйелдерімен бірге көшіріледі" - деп жазылды [103].
Поляк әскерлерін КСРО жерінен Иранға көшіру 1942 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Иранға жалпы саны 104902 адам, соның ішінде 66527 поляк офицерлері мен жауынгерлері, 38375 адам поляк азаматтары [104]. Польша басшылары Кеңес жерінен Поляк әскерлерін жылдам алып кетуіне, негізінен екі нәрсе себеп болды. Біріншісі - " Кеңес өкіметі поляк әскерлерін майданның ең қиын, әрі ауыр жерлеріне шайқасқа салып, қырып жібере ме деп ойлады. Поляк әскерлерін Қазақстан жерінде ұйымдастыру" өте қиын жағдайда жүргізіледі, кеңес басшылары аса үлкен жауапкершілікпен қараған жоқ. Дайын болмаған поляк әскерлерін майданға жіберу, бірде – бір оқ атпай өліп кетуге мүмкін " – деді генерал Андерс. Оның басты мақсаты – Сталиннің уысынан поляк әскерін тезірек алып кету болды. В.Сикорский мен В.Андерстің басты мақсаты – КСРО жеріндегі поляктарды әскер қатарына шақыру және түрмелер мен лагерьлерде, арнайы қоныстарда аштықтан, аурудан, азаптан өліп кетуі мүмкін әйелдер мен балаларды Иран арқылы алып кету бірде-бір дұрыс саясат болғанын кейін өмірдің өзі дәлелдеді. Бірақ кеңес үкіметінің поляк әскерлерін құруға, азық-түлікпен қамтамасыз етуін бағалай білуіміз керек. Екіншісі – Андерс басқарған Поляк әскерін Кеңес Одағы жерінен Иранға алып кетудің бір себебі, Ұлыбритания таяу Шығыстағы мұнайлы иеліктерін қорғауды күшейтуге байланысты. 1941 жылдың тамыз айында У.Черчиль мен В.Сикорский кездесіп, әңгіме барысында, кеңес жерінде жасақталған поляк әскерлерін ағылшындармен байланыстыруға келісті. Бұл КСРО үкімет басшысы И.Сталиннің көңілінен шыға қойған жоқ. Дегенмен екі ел арасындағы келісім шартқа айтарлықтай кері әсерін келтірмейтініне сендік. Себебі, антигитлерлік одақтың берік болуына мүдделі болды. У. Черчиль кеңес – ағылшын қатынастарына да салқынын тигізуі мүмкін деген ойда болды.
И. Сталиннің екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы антигитлерлік одақ келісіміне мықты болып, польша-кеңес келісімдері арқылы,КСРО жерінде Поляк армиясын, қандайда қиындықтарға қарамастан жасақтап, көп поляктардың тағдырына көмектесті. И.В. Сталин аса айлакерлігі, ақылдылығы, көрегендігі және өз мақсаттарына жету жолындағы табандылығы, екінші дүниежүзілік соғыста фашисттік Германияны талқандап, ірі жеңіске жеткізді. Сонымен қатар, Сталин 1941 жылы 30 шілдедегі кеңес – поляк келісім шарттың талаптарына сай міндеттерін орындады. Кеңес-поляк қатынастарындағы оқиғаларға қарамастан ел арасындағы дипломатиялық ( елшілік ) байланыстар жалғасты.
Андерс әскерлері Иранға көшірілгеннен кейін, Қазақстанның облыстық әскери комитеттері қалған поляктарды әскерге шақыруды және еріктілерді қабылдауды тоқтатқан жоқ. 1943 жылы 6-мамырда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Татеуш Костюшко атындағы 1 – поляк жаяу әскер дивизиясын құру туралы бұйрығы №294 шықты. Бұл дивизия жауынгерлері Польшаны азат етуге қатысып, соғысты Берлинде аяқтады [ 105 ].
Андерстің әскері Шығыстағы поляк әскерлерімен бірігіп, әуелі " Шығыстағы Поляк әскері " кейіннен 2 – Поляк Корпус деп аталды. Олар Ирактың Солтүстік және орталық аймақтарына орналастырылды. Генерал В.Андерс басқарған 2 – поляк корпусында 2 жаяу әскер дивизиясы, бронетанк дивизиясы, атқыштар дивизиясы, 3 артиллерия полктары. 1943 жылы 53 мың адамы бар , толығымен маторландырылған корпус болды. 1943 жылы тамыз айында корпус Палестинада жаттығулар өткізді. Дайындықтан кейін Поляк Корпус әскерлері Италияға аттандырылып шайқастарға қатысты [ 106 ].
1944 жылы қаңтар айында одақтас әскерлерімен поляктар Рим қаласының маңындағы биіктігі Монте-Кассиноны алу үшің шайқасқа қатысты. Бұл бекіністі алу үшін польша жауынгерлері айтарлықтай ерлікпен соғыс қимылдарын жүргізді. Бұл шайқас мамыр айының 2 күні болды.
Польша жауынгерлері......... алып, шабуылды тоқтатты. Неміс және Италия
әскерлерінің қорғанысы мықты болып, одақтастар әскерлерін Римге жібермеді. Монте – Кассино биіктігі үшін бірнеше күнге созылып, одақтастар әскерлері 46 мың адамнан айырылса, 923 Андерс әскерлері қаза тапты. Бұл шайқас туралы журналистер мен жазушылар көптеген өздерінің еңбектерін арнап, жастар күні бүгінге дейін айтып жүр. Монте – Кассино шайқасына арналған өлеңнен үзінді беріп отырмыз.
Орысшасы: Красные маки на Монте – Кассино
Вместе рослы пили полыкую кровь
Шеи солдаты по маком и гибли
Но смерти сильнее был гнев
Проходят годы, проидет и столетие
Останется след тех дней
И только маки но Монте – Кассино
Красные будут, обо на польской выросликрови.[107]