Лекция №27 Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі

Дәрістің мақсаты.Электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.

Жоспар:

1. Электрондық пошта.

2. Электрондық үкіметтің қалыптасуы.

3. World Wide Web жүйесі.

Кілттік сөздер: электрондық пошта, сайт, телеконференция, Е-үкімет,World Wide Web жүйесі.

Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық.

Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б. WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.

Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады. Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді. Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.

Компьютерлік желі кемегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде ақпарттарды таратуға болады. Ақпараттардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. тұрінде берілуі мүмкін. Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта (Е-mail) деп аталады.

Электрондық пошта (Е-таіl) — бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас. Сіз абоненттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз, ал олар өз кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.

Электронды хат құрылымында хат тақырыбы мен мазмұны ерекшеленеді. Тақырыпта хат кімге жазылғандығы, кімнен жіберілгендігі және не жөнінде екендігі жазылады. «кімге» және «кімнен» деген өрістерінде хатты қабылдаушы мен жіберушінің сәйкес электрондық пошта мекен-жайы көрсетіледі. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электрондық адрес деп аталады, жәшік құпия сөзбен (парольмен) қорғалады. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады: Пайдаланушының аты @сервер__аты. Пайдаланушының атын - серверді пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін пошталық бағдарламалар қажет. Ол бағдарламалардың ең көп тарағаны Outlоок Ехsрrеss. Пайдаланушыға қатысы бар барлық пошталық хабарлар төрт: Входящие, Исходящие, Отправленные, Удаленные қапшықтарында сақталады.

Телеконференция - сөз, мәтін және бейне түріндегі ақпаратты тасымалдау мен өндеу негізінде өзгертудің жұмысын ыңғайлы ұйымдастыру мақсатында колданылатын есептеу желісінің арнайы жинақталған қызмет көрсету жиыны.

Телеконференция қандай да бір тақырыпты талқылауға арналады және олардың әрқайсысына Интернет серверінен жеке пошта жәшігі бөлініп қойылады. Тақырып таңдауда конференцияның пошта жәшігіне кіруіне мүмкіндік алу үшін, алдымен қызықтыратын тақырыпқа сәйкес конференцияға кызмет көрсету орнына жазылу /тіркелу/ керек. Оған телеконференцияға қатысушының электронды адресіне барлық қатысушылардың хабарламалары түсе бастайды және Конференция деп аталатын бума құрылады. Конференция схема бойынша жасалады: тақырып, нөмірленген жауап хабарламалар тізбегі. Телеконференция тақырып бойынша берілген кейбір мәтіндерден басталады. Осыдан кейін қатысушылардың әрқайсысы пікірлерін білдіреді және өз репликаларын толықтыра алады. Барлық репликалар келіп түсуіне карай реттеліп орналасады және бірден барлық телеконференция қатысушыларына жіберіледі.

Е-үкімет

Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.

Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.

IР-телефония (Skype бағдарламасы)

IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады.

Skype бағдарламасын пайдалану алу үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:

· Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;

· 400 MHz процессор;

· 128 MB оперативті жады;

· дискіде 15 MB бос орын;

· дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);

· 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.

Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді.
Skype бағдарламасының танымалдығы және оның Internet шектерінен шығуы бағдарламамен жұмыс істеуді барынша қарапайым етуге бағытталған құрылғылардың пайда болуына алып келді.

Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.

Skype желісіне қосылу үшін мына әрекеттерді орындау керек.
Сіздің компьютеріңізге Skype орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде бағдарламаның белгішесі пайда болады.

Лекция №28HTML гипертексті белгілеу тілі.

Дәрістің мақсаты.HTML құжатының құрылымымен таныстыру.

Жоспар:

1. Гипермәтінді жіберу хаттамасы.

2. HTML құжатының құрылымы.

Кілттік сөздер:гипертекст, Web құжат, HTML тілі.

Иллюстрациялық материал: слайд.

WWW-құжаты стильденген және форматталған мәтін, графика және әртүрлі Internet ресурсты гипербайланыстарға ие бола алалды. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін HTML (Hyper Text Markup Language – Мәтінді Белгілеу Тілі) арнайы тілі шығарылды. HTML-де жасалған құжат мәтіндік файл болып табылады, мұнда мәтін және белгілеу жалаушалары (markup tags -тегтер) орналасқан. Жалаушалар <> белгісінде жазылатын белгіленген ретті символдар болып табылады. Белгілеу жалаушаларына сәйкес программа мәтінді, бөлек графикалық файлдарда сақталынатын суреттерді экранға орналастырады және басқа құжаттармен немесе Internet-пен гипербайланыс жасайды.

1. html - берілген құжат HTML тілінде жазылғаны туралы программаға хабарлайды;

2. head және /head жалаушалары арасында құжаттың тақырыбы орналасқан;

3. title және /title жалаушалары арасында құжаттың аты орналасқан; атау құжаттың өзімен емес, ал қарау программа терезесінің тақырып өрісінде орналасады;

4. body> және /body жалаушалары арасында құжаттың денесі орналасқан;

5. h1 және /h1 қарау программасы үлкен шрифтпен шығаратын (тақырыпты құжат тақырыбымен шатастырмау керек) тақырып орналасқан;

6. p жалаушасы параграф басын белгілейді, оның мәтіні жаңа жолдан шығарылады; әрбір параграфқа бос жол тіркеледі; мәтін жолының ұзындығы бастапқы HTML – файлындағы ұзындығымен сәйкес келмеу мүмкін, сондықтан ол қарау программасының терезе өлшемімен және шрифттің символдар өлшемімен мәтінді шығару программасы арқылы анықталады;

7. u1 және /u1 жалаушалары реттелмеген тізімнің басы мен аяғын белгілейді, мұнда әрбір элементке li жалаушасы бастама болады; әрбір тізім элементі * символымен басталатын жаңа жолға шығарылады;

8. img src="face.gif" жалаушасы face.gif файлында сақталған кескінді (сурет) құжатқа қосады;

Наши рекомендации