Магнитті резонансты томография

Тыныс алу мүшелернің қазіргі заманғы зерттеу әдістер

Рентгенографияның артықшылығы бейненің ұсақ детальдарын алу мүмкіндігі, объективті документацияның арқасында дерттің кезеңін динамикада қадағалау.Қарапайым рентгенограммада көріністердің көлеңкелері бірімен – бірі қабаттасқан, (суммация) қосымша көлеңкенің ішіндегі өзгерістер көрінеді. Бұл тәсілдің көмегімен бір беттікте жатқан структура өзгертістерін көруге болады. Зерттелетін қатпардың тереңдігі алдын ала анықталады. Түтік пен кассета бір мезгілде қарама-қарсы бағытта қозғалады. Түтік, қондырғы айналатын кіндік, кассета өзара қондырғы білік арқылы байланысқандықтан зерттейтін қатпарлар суретке қозғалмай түседі, ал басқа тереңдіктегі мүшенің бөлшектері қозғалыста болады да, сондықтан шайылып қалады.

Рентгеноскопия

Көпшілікті немесе полипозициялық тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен мүшенің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін бағалауға болады. Мүшенің қызметін зерттеуге болады (мысалы, жүректің, асқазанның жиырылуын, жұтынуды).Артықшылығы: полипозициялық зерттеу, өкпе қызметіне баға беру: диафрагма қозғалысы, плевра синустарының жазылуы, жүрек-тамыр соғысы, көкірекаралық мүшелердің жылжуы, өкпе тінінің мөлдірлігінің өзгерісі. Кемшілігі: сәуле күші көп, документацияның жоқтығы, ұсақ өзгерістердің көрінбейді. Рентгенологиялық зерттеу.Тыныс алу органдарына рентгенологиялық зерттеулер жасалынады. Ал кейбір түсініксіз жағдайларда диагнозды дәлдеу үшін рентгонография. Томоргафия және бронхография әдістері қолданылады. Қалыпты жағдайда өкпе тінінде рентген сәулелері тоқтамайды. Сондықтан, экранда өкпе екі ақшыл алаң ретінде көрінеді, ішінде өзіне тән қан тамырлармен бронхылар орналасқан, өкпе түбірінде әсіресе айқын көрінетін түбі бар. Ірі және орташа бронхтар бұл жағдайда өз қабаттарының жай ғана көлеңкесімен шектелген ашық тілімдер болып көрінеді, ал қан тамырлар болса, ол қанмен толық болғандықтан үзіліссіз сызық тәрізді көлеңкелер тәрізді көрінеді. Егер бронхылармен қан тамырлар көлденең кемкінмен түссе, онда жай ашық дөңгелектер болып көрінеді. Зерттегенде ең ашық болып өкпенің төменгі бөліктері көрінеді, өкпе ұштарының ашықтығы төмендеу болады, өйткені олар қалың бұлшық еттермен жабылып тұрады.

Кеуде қуысының рентген түсірілімі Патологиялық жағдайларда өкпе тұсының анық ашықтығының төмендеуі мен жоғарылауы да кездеседі.

Өкпе тінінің ашықтығының артуы өкпе эмфиземасында және әсіресе пневмоторакста кездеседі. Сонымен қатар жүректің сау жаққа қарай және ауру жағында өкпенің компрессиялық ателектазы байқалады. Өкпенің дөңгеленіп көрінуі кавернада өкпе абцесінде кездеседі. Кавернаның шекаралары әдетте айқын көрінеді және оның ішінде сұйықтық байқалмайды.Өкпе абцесінде дөңгелек пішінді қуыс болады. Сол қуыс түбінде оның жоғарғы шекарасынан әрқашан көлденең орналасқан сұйықтық анықталады, яғни қуыстың жоғарғы жағы ашық болып, ал төменгі жағы қаралау, қоңырлау болып көрінеді.

Сирек жағдайларда рентгеноскопия кезінде шектелген ашықтық түбінде ірі бронхоэктаздар анықталуы мүмкін, онда өкпе суреті ара ұяшықтары тәрізді болады.Өкпенің ашықтығының төмендеуі өкпе тінінің қабынуы үдерісінің әсерінен тығыздалуы кезінде (өкпе қабынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) және өкпе ісіктері байқалуы мүмкін.Өкпе қабы қуысында сұйықтықтың жиналуы (-гемо, гидроторакс экссудатты плеврит кезінде кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде айқын қарайғанын көруге болады. Рентген сәулесімен экссудатты зерттегенде сұйықтықтың жоғарғы шекарасы қиғаш орналасқан сызық сияқты болып көрінеді, оның ең жоғарғы нүктесі қолтық астынан өтеді.Өкпеде, яғни кіші қан айналым шеңберінде қан іркілгенде, өкпенің ашықтығы төмендейді, әсіресе оның төменгі бөліктерінде айқынырақ болып көрінеді.

Флюорографи

Флюография әдісі диспансерлеу мақсатымен жаппай көпшілік зерттеулерде қолданылады. Науқастарды кішкене форматты флюогреаф деп аталатын аппаратты рентген аппараттың экранына қосып суретке түсіреді, осылай жасалынған фотопленка әдеттегідей фотоүлкейткіш арқылы тексеріледі.

Артықшылығы: аз уақыттың ішінде көп адамдарды тексеруге болады. Көлікке орнатылғандықтан жылжымалы.Кемшілгі: сурет өте ұсақ детальдарды ажырата алмайды.

Ангиопульмонография

Кіші қанайналым жүйесіндегі тамырларна зерттеу. Сельдингер әдісі бойынша өкпе артериясын катетеризациясы арқылы жүргізілетін тәсіл. Көрсетілімі:аневризма, тарылу, өкпе веналарының варикозды кеңеюі, аномалиялар, тромбоэмболия.

Бронхография

Бронхография – контратсылық заттың көмегімен бронх тармағының бейнесін алу тәсілі.

Көрсетілімі:

Ø бронхоэктазия

Ø бронх дамуның ақауы

Ø ісік және тыртықты тарылуы

Ø бронх ішіндегі ірің жолдары

Қарсы көрсетілімі:

Ø тыныс және жүрек жетіспеушілігі

Ø тыныс алу мүшелерінің жедел аурулары

Ø өкпенің қаңсырауы

Ø 3-4 дәрежедегі тиреотоксикоз

Ø науқастың хал-ақуалының нашарлығы

Бронхография үшін мына заттар қолданылады:

А) суда еритін йод қоспалары (дионозил, пропилйодон, бронхоабродил)

Б) майда еритін йод қоспалары (йодолипол)

Ангиография

Рентгенмен зерттегенде артериялар мен веналар көрінбейді. Сондықтан САҚ қолданады. Ангиографияны қатаң түрде асептика жағдайында жасау керек.Тамыр жүйесіне сәйкес тәсілдің аталуы: артериография, венография, лимфография боп бөлінеді.

Ангиопульмонография

Кіші қанайналым жүйесіндегі тамырларна зерттеу. Сельдингер әдісі бойынша өкпе артериясын катетеризациясы арқылы жүргізілетін тәсіл. Көрсетілімі:аневризма, тарылу, өкпе веналарының варикозды кеңеюі, аномалиялар, тромбоэмболия.

Томография

Белгілі бір беттікте жатқан структруаның бейнесін алуға арналған тәсіл. Техникасы: суретті түсірген кезде кассета мен рентген түтікшесі синхронды бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сол кезде қозғалыстың қақ ортасындағы деңгейдегі бейне анық алынады. Томографиялық кесіндінің тереңдігі алдын ала жасалған рентгенографиялық мәліметтерге байланысты тағайындалады.

Көрсетілімі:

- патологиялық процестердің скиологиялық детальдерін анықтау үшін қолданылады (деструкциялық қабыну, ісіктің инфильтрациясы)

- бронх ішіндегі процестерді анықтау (ісіктер, бөгде заттар, тыртық стеноздар)

- көкірекаралық, өкпе түбірінің лимфа түйіндерінің ұлғайуы

Компьютерлік томография

Томография рентгенографияның ерекше бір әдісі, яғни қабаттама түрдегі рентгенографиялық тексеру. Бұл тексеру әдісі өкпенің әртүрлі тереңдігінде орналасқан өзгерістерді (өкпе ісіктері, инфильтраттар, қуыстар, үлкейген лимфотүйіндер) дәлдеп зерттеуге мүмкіндік береді.Ал, компьютерлі томография болса, сол қабаттарды тексеруге және патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасайды.

Сандық тәсіл. Бұл тәсілдің мәні: шоғыры жіңішке рентген сәулесінің көмегімен көлденең қатпарлап бейне алу. Басқа рентгенологиялық тәсілдерден айырмашылығы бір бейнені алу үшін 360 проекция қолданылады. Ол Гентридің көмегімен алынады. Гентри рентген түтікшесі және детекторлармен жабдықталған.Сонымен қатар пациентке арналған стол және ЭВМ-нен тұрады.КТ дәстүрлі және спиральді боп екіге бөлінеді. Дәстүрлі КТ рентген түтікшесі кіндігінен бір рет айналғаннан кейін аспап тоқтайды. Спиральді КТ-да бір мезетте екі операция жүргізіледі: стол мен рентген түтікшесі үздіксіз қозғалып тұрады. Спиральді сканирлеу аспаптың 3-ші, 4-ші,5-ші буынында ғана іске асады.Компьютерлік томограмманың бір жақсы жері суммациялық бейне бермейді.Рентген сәулесі детекторлармен қабылданғаннан кейін электр сигналына айналады, сосын ЭВМ бейненің электрондық матрицасын жасайды. Матрицада элементтердің жалпы саны 5122 құрайды. Компьютерлік томограммада екібағыттық бейне алынатын болғандықтан, элетрондық матрица - беттік элемент, яғни пиксел ретінде көрінеді. Ал матрицаның көлемдік элементі – воксел (пиксел размері + кесінді қалыңдығы) ретінде белгіленеді.

Рентген сәулесінің әлсіреу коэффициентінің өлшем бірлігі Хаунсфилд (HU).

0 HU -судың әлсіреу коэффициенті

-1000 HU - ауаның әлсіреу коэффициенті

+1000 HU және жоғары – жоғарғы шекарасы

Өкпе тінінің әлсіреу коэффициенті – (-700…-900 HU)

Бүгінгі күні бейне алу жылдамдығы өсті. КТ-ың жаңа моделдерінде 0,35 с ішінде 64 кесінді (томограмма) алуға болады.Торакальді радиологияның соңғы жетістіктерінің бірі – МСКТ (мультиспиральді КТ). МСКТ-ың көмегімен ӨАТЭ (ТЭЛА) анықтау қиыңдыққа түспеді. Сонымен қатар альвиолит, бронхиолит, әр түрлі пневмониялар, кәсіби өкпе дерттерінің дифдиагностикасын талдауға мүмкіндік берді.КТ тәсілімен өкпенің перифериялық ісігін анықтау жиілігі қарапайым рентгенографияға қарағанда 10 есе жоғары.

КТ-ың мини-инвазивті трансторакальді әрекеттер жасауда маңызды роль атқарады, мысалы: пункция, гистологиялық материалдар алу, катетеризация және қуыстардың дренажы.

Магнитті резонансты томография

Бұл тәсіл сутегі протонының радиотолқындарының әсерінен қозып, сосын қалпына келгенде (релаксация) энергия бөліп шығару процесіне негізделген.Протон магнит өрісі сыртқы магнит өрісінің бағытымен айналуы – прецессия деп аталады. Прецессияның жиілігін резонансты жиілік немесе Лармор жиілігі деп атайды. Лармор жиілігі сыртқы магнит өрісіне пропорциональді.Сутегі протоны 1800 айналғанда түзілген радиоимпульс (тігінен) спин-торлы немесе Т1, ал 900 айналғанда (көлденең) спин-спиндік немесе Т2 деп аталады.

МРТ – магниттен, радиотаратқыштан, радиожиілікті қабылдағыш катушкадан, компьютерден тұрады.

Үшкоординатты жүйі қолданылады:

Во, z – магнит өрісінің бағыты, солтүстіктен оңтүстікке бағытталған;

x – горизонтальді ось

y – вертикальді ось

М – тіннің магниттенгендігін білдіретін вектор

х пен у арқылы өткен беттік магнит өрісіне перпендикуляр.

Магнит өрісі күшінің өлшем бірлігі – тесла несес гаусс. Клиникада 2 теслаға дейін қолданылады.МР бейнесі релаксацияның түрі мен уақытына байланысты. Спин-торлы (Т1) релаксация кезінде: релаксация уақыты қысқа болған сайын, МР-сигнал күшті және бейне ашық түсті. Томограммада май тіні - ашық түсті; ішкі мүшелер, бұлшық ет, ми - сұр түсті; ауа, қан – қара түсті.Спин-спиндік (Т2 ) релаксация кезінде: релаксация қысқа болған сайын, МР-сигнал әлсіз, ал бейне негатив.

Т1 – релаксация дегеніміз – бұл х-у беттігінде магнетизмнің 63%-ке қалыптасу уақыты. Т2 –уақыты неғұрлым қысқа болса, М-ның қалыптасуы соғұрлым тез жүреді.

Т2 – релаксация дегеніміз – бұл х-у беттігінде магнетизмнің 63%-ке жоғалу уақыты. Сұйық тіндердің Т2 уақыты ұзақ (МР-сигнал баяу жоғалады), ал тығыз тіндердің Т2 уақыты қысқа(МР-сигнал тез жоғалады).

Т1– релаксация Т2 – ге қарағанда баяу.

Қайталану уақыты (TR) – радиоимпульстер аралығындағы уақыт интервалы. TR көбейтудің арқасында контрасты бейне алуға болады, яғни протонның тығыздығымен (ПТ) өлшенген бейне түзу деген сөз.

Т2 – контрастылығы (ТЕ) – жаңғырық уақытына байланысты.

МРТ көкірек қабырғасының жұмсақ тіндерін зертеуге қолданылады. Әсіресе Пэкност ісігін анықтауда маңызы зор. Сонымен қатар көкірек қуысындағы ірі тамырларды зерттеуге болады.

Наши рекомендации