Лекция №17. Электрондық кестелер
Дәрістің мақсаты: электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен таныстыру.
Жоспар:
1. Кестелік процессордың міндеттері және негізгі функциялары
2. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары
3. ЭК түрлері.
4. MS Excel ЭК
Кілттік сөздер:электрондық кесте, қатар, баған, ұяшық, диапазон.
Иллюстрациялық материал: слайд, схема.
Электрондық кестелерді пайдаланудың негізгі облысы ақпарат тіктөртбұшты кесте түрінде берілетін адам қызметінің өрісі. Электрондық кестелер жүйелері кестелік ақпаратты құру мен өңдеуге арналған. Олар кестелік формада берілген есептеу нәтижелерін өңдеу кезінде ыңғайлы.
Электрондық кесте ұяшықтардан құралатын, әрбіреуі өзінің адресіне ие - тікбұрышты матрица. Ұяшықтың номері қарапайым коориданата тәсілімен анықталады. Мысалы: В3. Ұяшықтар тобы : белгісі арқылы жазылады. Мысалы, В3:В4.
Ұяшықтың әрқайсысына сан, формула (арифметикалық өрнектер) немесе текст жазуға болады.
Қазіргі уақытты электрондық кестелердің көптеген варианттары белгілі: АБАК, Варитаб-86, Супернан, Multiplan, SuperCаlk, QuattroPro, Excel, Lotus 1-2-3.
DOS режимінде жұмыс жасайтын РС-286, 386 типтес компьютерлерге арналған кестелік процессор SC-4 (SuperCаlk) болып табылады.
SC-4 диаграммалар мен графиктердің 7 түрімен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды. Әралуан белгілеулер, айнымалылар шкаласын, тақырыптар енгізу мүмкіндігі бар.
SC-4 электрондық кестесі жолдар (ROWS) және бағдардан (COLUMNS) құралатын торлардан тұрады. Бағана латын әріптерімен А, АВ және т.б. максимальды ұзындығы 255 Жолдар 1 –ден 9999-ға дейін номерленеді.
SC-4 математикалық оператордың 2 түрі орындалады: арифметикалық және қатынас операторы
Келесі функцияның түрі бар: арифметикалық, тригонометриялық, логикалық, календарлы, статистикалық, арнайы, қаржылық, индексті «/» символ енгізілгеннен кейін командалар менюі шығады.
MS Excel – кесте процессорлар немесе электрондық кесте деп аталатын класқа жататын, Windows ортасында жұмыс істейтін әйгілі пакеттердің бірі болып табылады. Excel электрондық кестесі математикалық амалдармен, күрделі есептеулерге пайдалануға болады. Ол әралуан типтегі диаграммалар құруға (кестелер мәліметтері негізінді), ДҚ құрып, онымен жұмыс жасауға, есептеу экспериментін қоюға мүмкіндік жасайды.
Ехсеі терезесінде мынадай объектілер орналасқан: Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы. Екінші жол - Ехсеl мәзірі. Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы. Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен баганалар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй (баптау) жоды. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Ехсеl жұмыс режимдерінің индикатора (көрсеткіші) орналасқан.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен баганалардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 65536-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең.
Бағаналар мен жолдардың әрбір қиылысуы мәліметтер енгізуге болатын (текст, сан немесе формула) ұяшықты құрайды.
Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық
Жол номері – электрондық кесте қатарды анықтайды. Ол жұмыс алаңының сол жақ шекарасында белгіленген
Бағана әріпі- электрондық кесте колонкаларды анықтайды. Әріптер жұмыс алаңының жоғарғы шекарасында орналасады. Бағаналар: А-Х, содан кейін АА-АҒ, содан кейін ВА-ВҒ және т.с.с номерленеді
Ұяшық – мәліметтерді қамтитын кестенің 1-ші элементті. Әрбір ұяшық бағана әріпі мен жол номерінен тұратын адреске ие.
М: В3-бағана В,жол 3 қиылысуы.
Ұяшық көрсеткіші –тезектегі ұяшықты анықтайтын –жарық тіктөртбұрыш.
Кезектегі ұяшық- көрсеткішпен белгіленеді.
Блок – аралас ұяшықтардың тіктөртбұрышты облысы, блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан, жолдар, бағаналардан тұруы мүмкін.
Блок адресі- : бөлінетін қарама-қарсы бұрыштардың координаты құралады.
Excel кітап сияқты беттерден тұрады (16 бет) экранда тек 1 бет –жоғарғы көрініп тұрады.