Зертханалық сабақтарды жоспарлау
Азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В071700-жылуэнергетика , 5В071132-СМжС , 5В071901-ОПДиЭТ мамандықтарындағы студенттеріне арналған
Информатика кафедрасы
Астана – 2012
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
СИЛЛАБУС
1. Оқытушы туралы ақпарат:
Кариева Қалия Өтепқызы – п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің информатика кафедрасының доценті
Байланыс телефоны: 54-01-61(үй);e-mail: [email protected]
Ұялы тел: 8-701-452-24-29
2. Пәннің атауы, коды және кредиттер саны:
Пәннің аты -Информатика
Пән коды - Inf 1105.
Кредиттер саны – 3.
3. Оқу пәнінің өткізілетін орны және уақыты:
Дәріс сабағы – ЦИСИ ғимарат, 110 - дәрісхана
Лабораториялық сабақтарды өткізетін орын: № 3 –ші оқу корпусы, компьютерлік сынып
4. Оқу пәнінің пререквизитттері және постреквизиттері:
Реквизит алды: Аталған курс бойынша студент осы курсты толық меңгеруі және қазіргі ақпараттық технологиялар үрдістерінің жұмыс істеу принциптерімен танысуы керек. Пән мазмұнын жоғары дәрежеде игеру үшін орта мектеп көлеміндегі информатика пәнін және математиканы білу керек (әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістері және құру алгоритмдері).
Реквизиттен кейін:Информатика пәнін оқып болғаннан соң студент курстың қолданбалы сұрақтарына – ақпараттық технологияларды меңгеруге, жүйелік құрылымдарды, ондағы модель түрлерін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айыра білуі керек және жүйенің түрлі сырларын меңгере отырып, онымен жұмыс жасауға бейімделген болуы керек. Осы пәннің негізінде келесі сабақтар қарастырылады: ақпараттық жүйелерді жобалау, ақпараттық жүйелер теориясы, ақпарттық технологиялар, ЭЕМ архитектурасы т.б.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы:
5.1. Оқу пәнінің арналуы:
Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және әр түрлі экономикалық есептерді шешуде қолданбалы программалар пакеттерін қолдана білуді үйретуге бағытталған. «Информатика» пәннің мақсаты студенттерді қазіргі таңдағы информациялық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру. Қазіргі кезеңде компьютер және компьютерлік программалардың күнделікті өмірде жұмыс құралдары ретінде қолданылу аясы кеңейіп келеді. Себебі дербес компьютерді (ДК) ғылымның, білімнің, өнердің және т.б. әртүрлі салаларында пайдалану оның техникалық және программалық жабдықтамаларын күннен-күнге арттырудың нәтижесінде үнемі кеңейіп отыр. ДК негізінде жұмысты автоматтандыру сапалы жаңа деңгейге көтеріледі, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын жаңа информациялық технологияның базасында ұйымдастыруға мүмкіндігі артады. Информатика - болашақ мамандарды қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сай даярлау үшін және олардың болашақ мамандықтарына сәйкес ақпараттық технологияларды оқып- үйренуі үшін қажет базалық білімдерінің болуын қамтамасыз етуге арналған пән.
5.2.Оқу пәнінің мақсаты:
Студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға сәйкес/:
Дербес компьютер құрылысын ұйымдастыруға және жұмыс жасау принциптерін білуге қажет білімді, құжаттарды өңдеу және дайындау үшін дайын программалық өнімдерді қолдану технологияларын пайдалануға қажет білімді, қиындықтары жоғары экономикалық есептерді шеше білуге қажет, деректердің экономикалық қорын жүргізе білуге қажет білімді қалыптастыру.
- Қазіргі ақпаратттық қоғам, қоғамды ақпараттандыру, ақпарат, түрлері және т.б. туралы білімдер алу;
- Қазіргі заманғы ДЭЕМ-ның архитектурасы және оның даму болашағы туралы білім алу;
- Қазіргі заманғы ДЭЕМ-ның программалық жабдықтары және оның даму болашағы туралы білім алу;
- Компьютерде іс жүзінде жұмыс істеп дағдылану және алған білімі мен тәжірибесін мамандықтарына сәйкес әртүрлі құжаттар құрастыруда пайдалана білуге дағдыландыру, Веб-беттерді құрастыру, Интернет жүйесінде ақпарат іздеу, хабар алмасуда электрондық почтаны қолдануды үйрену;
- Кестелік деректерді өңдеуді, есептеулер жасауды, диаграмма түрінде кескіндеуді үйрену;
- Деректердің әртүрлі құрылымдарын қарастыру;
- Деректер қорларын қалыптастыруды және оны өңдеуді үйрену;
- ақпаратарды жинақтау,түрлендіру, кодтау және пайдалану туралы мәліметтер алуы;
- компьютердің негізгі түйіндерін және олардың өзара байланыстарын білу;
- графиктік редакторлармен жұмыс істеуді үйрену;
5.3. Пәнді оқудағы міндеттері:
дербес компьютердің негізгі құрылысын және жұмыс жасау принциптерін білуді қамтамасыз ету;
есептерді шешу алгоритмдерін құрастыра білуді қалыптастыру;
әлемдік нарықтың қазіргі талаптарына сәйкес келетін жалпы мақсаттағы программалық құралдардың негізгі жұмыс жасау принциптерін білуді камтамасыз ету;
дербес компьютермен жұмыс жасай білудің іс тәжіребилік біліктілігін қалыптастыру;
қолданбалы программалар пакеттерін пайдалана отырып кәсіби есептерді шеше білуді қалыптастыру;
деректер құрылымының әр түрлі екеніне және деректер базасын өңдеу әдістеріне қажет біліммен қаруландыру;
- желілік технологияларды қолдануға қажет біліммен және біліктілікпен қаруландыру;
- экономикалық есептерді шешуді автоматтандыру негіздерін білуді
үйрету;
антивирустық қорғаныс тәсілдерін игеруді үйрету.
5.4. Пәннің қысқаша мазмұны:
Пән жоғарғы оқу орнындағы студенттерді даярлауға арналған. Пән мазмұны келесі мәселелерді қамтиды:
- Информатика пәні және міндеттері.Кіріспе. Информатика пәні, объектісі. Информатика құрылымы. Информатика міндеттері. Ақпарат және информатика. Ақпараттық процестер. Ақпараттық процестерді сипаттау. Ақпарат өлшем бірліктері.
- Информатиканың арифметикалық негіздері.Ақпараттық берілу формалары. Санау жүйелері. Әр түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер.
- Информатиканың логикалық негіздері.Алгебра логикасы. Логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер. Логикалық амалдар. Логикалық схемалар және логикалық машиналар.
- Информатиканың алгоритмдік негіздері.Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері және оларды сипаттаудың әдістері. Алгоритмнің түрлері. Алгоритмнің қадаммен орындалуы. Алгоритмдік құрылым. Алгоритмдеу.Негізгі базалық құрылымдар. Іздеу және сұрыптау алгоритмдері. Алгоритмнің тиімділігін анықтау тәсілдері. Программалау жүйелері. Программалау тілдері. Трансляторлар мен компиляторлар.
- Компьютерлік графика негіздері. Компьютерлік графика ұғымы. Расторлік және векторлық графика ұғымы. Түрлі түсті моделдер.
- Дербес компьютердің архитектурасы. Құрылысының ақпараттық – логикалық негіздері. Функциональды –құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар. ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы. Жадында мәліметтердің берілу тәсілдері. ДК негізгі сыртқы құрылғылары.
- Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы. Прораммалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері. Прораммалық жабдықтаудың топтамасы. Жүйелік прораммалық жабдықтаудың, программалау технологиясы инструментарийінің және қолданбалы программа пакетінің сипаттамалық ерекшеліктері.
- Операциялық жүйелер. Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер.
- Windows операциялық жүйесі.Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы. Windows –тің объектілі бағытталған платформасы. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. Windows –тің программалық құралдары.
- Сервистік программалық жабдықтау. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор –программалары. Антивирустық программалық құралдар. Компьютерлік вирустар сипаттамасы.
- Қолданбалы программалық өнімдер. Қолданбалы программалық өнімдер топтамасы. Жалпыға қолданылатын қолданбалы программалық өнімдер. Арнайы қолдананылатын қолданбалы программалық өнімдер.
- Мәтіндік рекдактор.Негізгі мүмкіндіктері. Мәтінмен жұмыс істеу. Баспа жүйесімен жұмыс істеу.
- Кестелік процессор. Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері. Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы.
- Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ –нің функционалдық мүмкіндіктері. МҚЖБ –мен жұмыс істеу негіздері.
- Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім.Презентацияны жасау құралы. Microsoft PowerPoint терезесінің негізгі элементтері. Көрсетілім жасау технологиясы. Слайд және көрсетілім Слайдтармен жұмыс. Мәтін. Қаріп параметрлерін өзгерту. Маркирленген тізімді, кестені, Microsoft Excel кестесін слайдқа орнату. Слайдқа диаграмма және графикалық нысандарды орнату. Флеш-анимация. Слайдтар арасындағы ауысу анимацмясын баптау. Демонстрациялар жүргізу
- Компьютерлік желілер. Коммуникациялық орта және мәліметтерді тарату. Компьютер желілерінің архитектурасы. Компьютерлік желі түрлері. Жергілікті есептеу желілері. Ауқымды INTERNET желісі. INTERNET желісінің қызметі. Интернет және электрондық пошта. FTP и Telnet протоколдары. HTML. Сайттар.
- Ақпараттық қауіпсіздік. Интеллектуалдық жекеменшікті қорғау мәселелері. Сараптау жүйесі. Криптография туралы түсінік. Ақпаратты қорғау тәсілдері.
5.5. Оқу пәнінің жоспары:
№ ап та | Тақырыптар атаулары | Оқыту түрлері, сағаттар саны | СӨЖ үшін тапсырмалар |
1. | Информатика пәні және міндеттері. Информатиканың дамуы. Информатика пәні, объектісі. Информатика құрылымы. Информатика міндеттері. Ақпарат және информатика. Ақпараттық процестер. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Ақпараттық процестерді сипаттау. Ақпарат өлшем бірліктері. |
2. | Информатиканың арифметикалық негіздері.Ақпараттық берілу формалары. Санау жүйелері және ақпаратты кодтау. Екілік, сегіздік, ондық және оналтылық санақ жүйелері. Әр түрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Есептер шығару. Ақпаратты кодтау. Ақпаратты өлшеу бірліктері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика. 2. Он алтылық санау жүйесі. Жылжымалы нүкте формасындағы арифметика. Тура және кері кодтар. «Арифметикалық негіздер» тақырыбы бойынша тестілеу және өзіндік жұмыс. |
3. | Информатиканың логикалық негіздері. Алгебра логикасы. Логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер. Логикалық амалдар. Логикалық схемалар және логикалық машиналар. Есептер шығару. Логикалық өрнектерді есептеу. Ақиқат кестесі. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (3 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1. «Информатиканың логикалық негіздері» тақырыбы бойынша тестілеу және өзіндік жұмыс. 2.Сызықтық құрылымның типтік есептерін шығару. Құрамдастырыл-ған құрылым есептерін шығару. «Алгоритмдік негіздер» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс. |
4. | Компьютерлік графика негіздері. Компьютерлік графика ұғымы. Расторлік және векторлық графика ұғымы. Түрлі түсті моделдер. Графикалық бейнелерді кодтау. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Компьютерлік графиканың әртүрлілігі. Графикалық форматтар. Растрлік және векторлік графикаға, түрлі түсті модельдерге есептер шығару. 2. «Компьютерлік графика негіздері» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс. |
5. | Дербес компьютердің архитектурасы. Құрылысының ақпараттық – логикалық негіздері. Функциональды –құрылымдық ұйымдастыру. Микропроцессорлар. ДК есте сақтау құрылғысы. Жадының құрылымы. Жадында мәліметтердің берілу тәсілдері. ДК негізгі сыртқы құрылғылары.. Оперативті жады. BIOS. Шиналар мен порттар. Жинақтағыш құрылғылар. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары. Функционалдық - құрылымдық ұйымдастыру. Жадының құрылымы: ішкі және сыртқы жады. Компьютер жадында мәліметтерді беру тәсілдері. 2. ДЭЕМнегізгі блоктары. Қосымша құрылғылар. Логикалық құрылғылар. Микропроцессор және оның негізгі сипаттамасы. Кэш-жады. Жүйелік тақташа. Сокеттер мен слоттар. |
6. | Операциялық жүйелер. Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | «Дербес компьютердің архитектурасы», «ЭЕМ даму тенденциялары және қалыпты жағдайы», «Windows операциялық жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыздандырудың даму тенденциялары және жағдайы» тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс және тестілеу. |
7. | Windows операциялық жүйесі.Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы. Windows –тің объектілі бағытталған платформасы. Файл, бума және жарлық –файлдық жүйелер объектісі. Қосымша және құжат – пайдаланушы деңгейіндегі объектілер. Пайдаланушы графиктік интерфейсі. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. OLE объектілерін енгізу және байланыстыру технологиясы. Проводник программасы. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (3 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Windows операциялық жүйесінің құралдары және базалық түсініктері. 2.Windows операциялық жүйесін баптаудың қарапайым түрлері. Windows ортасын баптау. |
8. | Сервистік программалық жабдықтау. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мағлұмат. Архиватор – программалары. Антивирустық программалық құралдар. Компьютерлік вирустар сипаттамасы. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Файлдық менеджер. Қызметке бағытталған стандартты қосым-шалар. «Сервистік программалық жабдықтар» тақырыбы бойынша тестілеу. 2.Дискілер қондырғыларына жағдай туғызу. Дискілерді дефракмента-циялау және оларды тазарту. |
9. | Мәтіндік редактор.Негізгі мүмкіндіктері. Мәтінмен жұмыс істеу. Баспа жүйесімен жұмыс жасау. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (10 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Баспа жүйелерінде жұмыс. Microsoft Word редакторында іс-қағаз жүргізу. Microsoft Word редакторында баспа істері. 2.«Microsoft Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша тестілеу және бақылау практикалық тапсырмалар. |
10. | Кестелік процессор. Негізгі ұғымдар. Кестелік процессордың функционалдық мүмкіндіктері. Электрондық кестеде жұмыс істеу технологиясы. Математикалық есептерді шығару. Матрицалармен жұмыс жасау. Графиктер тұрғызу және сызықты емес теңдеулерді шешу. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм (14 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу. Функциялардың график-терін тұрғызу. Теңдеулерді жуықтап шешу. Сызықтық программалаудың есептерін шешу. Массивтерге элементтері бойынша операциялар жүргізу. Макростар. |
11. | Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. МҚБЖ –нің функционалдық мүмкіндіктері. МҚЖБ –мен жұмыс істеу негіздері. Мәліметтер қорының құрылымы. Кестелер. Өріс пен жазба. Кілттік өрістер. Индекстер. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм.(6 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Кестелерді байланыстыру. Форма. Сұраныс және есеп. 2.Кнопкалармен жұмыс. «Access мәліметтер қорын басқару жүйесі» тақырыбы бойынша тестілеу және бақылау тапсырмалары. |
12. | Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім.Презентацияны жасау құралы. Microsoft PowerPoint терезесінің негізгі элементтері. Көрсетілім жасау технологиясы. Слайд және көрсетілім Маркирленген тізімді, кестені, Microsoft Excel кестесін слайдқа орнату. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (3 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Слайдқа диаграмма және графикалық нысандарды орнату. 2. Флеш-анимация. Слайдтар арасындағы ауысу анимацмясын баптау. Демонстрациялар жүргізу. |
13. | Информатиканың алгоритмдік негіздері. Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері және оларды сипаттаудың әдістері. Алгоритмнің түрлері. Алгоритмнің қадаммен орындалуы. Алгоритмдік құрылым. Алгоритмдеу. Негізгі базалық құрылымдар. Іздеу және сұрыптау алгоритмдері. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм.(4 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Алгоритмнің тиімділігін анықтау тәсілдері. 2. Программалау жүйелері. Программалау тілдері. Трансляторлар мен компиляторлар. |
14. | Компьютерлік желілер. Компьютер желілерінің архитектурасы. Жергілікті есептеу желілері. Ауқымды INTERNET желісі. INTERNET желісінің қызметі. Интернет және электрондық пошта. FTP и Telnet протоколдары. HTML. Сайттар. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (3 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Коммуникациялық орта және мәліметтерді тарату. 2.MS FRONT PAGE компьютерлік желілер. |
15. | Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік. Интеллектуалдық жекеменшікті қорғау мәселелері. Сараптау жүйесі. Криптография туралы түсінік. Ақпаратты қорғау тәсілдері. | Дәріс (1сағ), Зерт.жұм. (2 сағ) СОӨЖ (1сағ), СӨЖ (3сағ) | 1.Телеконференция. Internet-тен ақпарат іздеу. Microsoft Front Page редакторында web-беттерін жасау. 2.Слайдтарды құру. Бірнеше слайдтардан презентация құру. Слайдтар арасында ауысу. Анимация құру. |
Зертханалық сабақтарды жоспарлау
№ | Тақырыбы | Көлемі |
Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы | ||
Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау | ||
Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату | ||
Word текстік процессоры . Формулалар редакторы. | ||
Word текстік процессоры. Макростар құру | ||
Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі | ||
Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері | ||
Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу | ||
Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау | ||
Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар | ||
Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі | ||
Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары | ||
Периодты төлемақыны есептеу. Амортизацияны есептеу | ||
Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы | ||
Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау | ||
Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау | ||
Сұратуларды жасау | ||
Есеп беруді жасау | ||
Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер | ||
Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар. |
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
6.1. Негізгі әдебиеттер:
1. Шарипбаев А. А. Информатика. – Астана, Нұржол, 2004
2. Стивен В.Сагман Microsoft Windows ХР. Проблемы и решения.
3. Практическое пособие. . Пер. с англ. М.: Эком , 2004
4. Абдрашева Г.К., Мухамедкалиева З.Н. Microsoft Excel . Электронные таблицы: учебно- методическая разработка. Астана : ЕАГИ , 2005
5. Гарнаев А. Excel, VBA, Internet в экономике и финансах. Практическое руководство. СПб : БХВ-Петербург , 2005
6. Дидо С.М. Базы данных: проектирование и использование: Учебник М : Финансы и статистика , 2005
7. Гарсиа-Молина, Гектор Ульман Системы баз данных: Полный курс. Отделение компьтерных наук Станфордского университета . Джеффри, Д., Уидом, Дженнифер; пер. с англ. А.С. Варакина М : Издательский дом "Вильямс" , 2004
8. Ролланд, Фред, Д. Основные концепции баз данных. . Пер. с англ.Н.А. Ореховой М : Издательский дом "Вильямс" , 2002
9. Балафанов Е.К., Бурибаев Б.Б., Даулеткулов А.Б. Новые технологии: 30 уроков по информатике: Учебник. Алматы : ИНТ , 2005
10. Демидович Е.М. Основы алгоритмизации и программирования. Язык Си: Учебное пособие. СПб : БХВ-Петербург , 2006
11. Стоян А. Настройка и обслуживание компьютера: Самоучитель. СПб ; Киев : Питер; ВНV , 2006
12. Куприянов А.И., Сахаров А.В., Шевцов В.А. Основы защиты информации: Учебное пособие. М : Академия , 2006
13. Макфедрис П. Windows XP.Полное руководство. . Пол Макфедрис; пер. С англ. В.В. Коваленко М : АСТ; Астрель , 2006
14. Демидович Е.М. Основы алгоритмизации и программирования. Язык Си: Учебное пособие.СПб : БХВ-Петербург , 2006
15. Степанов А.Н. Информатика. Базовый курс для студентов высших учебных заведений. Питер; 2011.
6.2.Қосымша әдебиеттер:
1. ҚР –да «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы / ҚР президентінің 10. 11. 2004 ж. №1471 Жарлығы/
2. Закон РК об электронном документе и электронной цифровой подписи от 07. 01. 2003 г
3. Экономическая информатика. Учебник /под. ред. В. П. Косарева –М: Финансы и статистика, 2004 г. -592 с.
4. Новая энциклопедия ПК. Самое полное и доступное руководство для пользователя. Начинающим и не только. /М: ЭКСМО,2003-512 с.
5. Мұқашева М. Ө. , Андасова Б. З. , Ермағанбетова М. А. . Информатика. Зертханалық практикум., 2006 ж.
6. Жалгасбекова Ж. К. VBA- да программалау. , 2006 ж.
7. Хорев П.Б. Методы и средства защиты информации в компьютерных системах: Учебное пособие. . М : Академия , 2005
8. Сборник тестов по дисциплинам промежуточного государственного контроля группы специальностей технические науки и технологии. Астана : НЦГСОТ , 2007
9. Ермеков Н.Т. И др. Информатика:Учебник для 11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ. . Н. Ермеков, В. Криворучко , С. Ногайбаланова Алматы : Жазушы , 2007
10. Бурамбаева Н.А. Информатика: Учебное пособие к выполнению лабораторно- практических работ. Уральск : ЗКГУ им. М.Утемисова , 2006
11. Антонов А.В. Системный анализ: Учебник. .- 2-е изд., стер. М : Высшая школа , 2006
12. Стоян А. Сборка компьютера шаг за шагом: Самоучитель. СПб : Питер , 2006
13. Черкесов Г.Н. Надежность аппаратно-программных комплексов: Учебное пособие. СПб : Питер , 2005
14. Компьютерные сети: учебное пособие по администрированию локальных и объединенных сетей. . А.В. Велихов, К.С. Строчников, Б.К. Леонтьев .- 3-е изд.,доп., и испр. М : ЗАО"Новый издательский дом" , 2005
15. Бекаревич Ю., Пушкина Н. Самоучитель МS Access 2002 СПб.: БХВ- Санкт- Петербург , 2004
16. Смит Бад, Бибек Артур Создание WEB-страниц для "чайников". . Пер. с англ. и ред. Ю.Н. Скороход М.: Вильямс , 2004
7. Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау:
№ | Бақылау түрі | Бақылау әдісі | Бағалау критерийлері | Баға |
Ағымдық тексеру | Зертханалық жұмыстарды тапсыру, реферат дайындау | Жұмыстарды орындау, реферат дайындау, баяндау деңгейлері | 15-25 | |
Аралық бақылау | Бақылау жұмысын жазу, аралық тест тапсыру | Есеп шығару, тест сұрақтарына жауап беру деңгейлері | 15-35 | |
Қорытындылау | Емтихан, компьютерлік тест | Тест сұрақтарына жауап беру деңгейлері | 20-40 |
Әріп бойынша бағалау | Балдың сандық эквиваленті | Пайыздық мөлшерде | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
8. Оқу пәнінің саясаты:
«Информатика» пәні міндеттіге жатады. Оқу жүктемесі 3 кредиттер санына сәйкес келеді. Олардың ішінде: 15 сағат – дәріс, 60 сағат – зертханалық жұмыс, 15 сағат – СОӨЖ, 45 сағат – СӨЖ.
Студенттердің міндеттеріне сабақты босатпау, графика бойынша сабақтың тапсырмаларын орындау, өзіндік жұмысты тапсыру, кітапхана мен Интернет залда жұмыс жасау жатады.
Оқытылатын пән экономикалық бағыттағы бакалавриат студенттері үшін міндетті болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі мамандықтың оқу жоспары бойынша анықталады. Дәрістерге және зертханалых сабақтарға алдын – ала дайындық, студенттердің өзіндік жұмысы үшін арналған тапсырмаларды міндетті түрде орындау, білімді бақылаудың барлық түрлеріне қатысу талап етіледі.
Сабақты босатқаны үшін, кешіккені үшін, аудиторияда өзін-өзі дұрыс ұстамағаны үшін “Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ішіндегі ережелер” бойынша шара қолданылады.
Студенттің өзі болмаған жағдайда тексеру жүргізілмейді. Студенттің емтиханда болмауына байланысты жағдай “ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу үрдісін ұйымдастыру ережесімен” тексеріледі.
Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған,
2012 жылғы «___» _____ № _____ хаттамасы.
Кафедра меңгеруші бекіткен _____________________ Aльжанов А.Қ.