Сынылатын әдебиеттер тізімі

Курс тақырыптары бойынша негізгі әдебиеттер ТарМПИ-дің оқу залдары мен абонементтерінде,мерзімдік басылымдар залында, ИНТЕРНЕТ желісінен табуға болады.

3.1.Негізгі әдебиеттер:

Оқулықтың аты Авторы Шыққан жылы
Негізгі әдебиет
Защита в операционных системах. Программно-аппаратные средства обеспечения информационной безопасности В.Г.Проскурин и др. 2000 ж.
Методы и средства защиты информации в компьютерных системах. П.Б.Хорев. 2005ж.
Web-мастеринг для профессионалов. Нидерст Дж. 2001ж.
Жаңа ақпараттық технологиялар. Информатикадан: 30 сабақ Б.К.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Е.Дәулетқұлов 2001ж.
Информатика М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева 2004 ж.
IBM PC для пользователя В.Е.Фигурнов 1995 ж.
3.2.Қосымша әдебиеттер
Защита компьютерной информации. Б.Ю.Анин. 2000ж.
Современные технологии безопасности. В.В.Барсуков, В.В.Водолазкий. 2000ж.
Основы современной криптографии. С.Г.Баричев, В.В.Гончаров, Р.Е.Серов. 2001 ж.
HTML в примерах. Как создать свой Web - сайт: Самоучитель. В.М.Глушков 2004 ж.
WEB - парақтарды құру технологиясы. М. М. Ерекешова, З. Р. Мурзабекова. 2006 ж.
Internet С.Симонович, Г.Евсеев, В.Мураховский 2000 ж.
         

Баға қою саясаты

Баға қою саясаты объективтілік, тазалық, жоғары дифференциалды икемділік принціпіне негізделуі керек. Несиелік жүйе шартында оқитындар үшін оқушыларды бағалауда балл-рейтингтік жүйе қолданылады, онда білімгерлердің білімі келесі бақылау түрлерінің нәтижесі бойынша бағаланады:

- ағымдық баға 4 өзіндік жұмыс пен СОӨЖ алынған бағадан құралады;

- рубеждік бақылау деканат графигі бойынша жүргізіледі;

- аралық бақылау академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі.

Бақылау түрлері бойынша рейтенгтік балдарды бөлу.

№ д/п Бақылау түрлері Балл
1. Аралық бақылау
2. Рубеждік бақылау
3. Ағымдық бақылау

Білімгердің білімін бақылау:

Оқытушы сіздердің білімдеріңізді тесттермен, сонымен қатар алдын-ала ескертусіз мини-интервью, мини-викториналар түрінде тексере алады, бақылау түрлері бойынша алынған баға қорытынды бағаға қосылады. Сондай-ақ, оқытушы кез-келген сіздің СОӨЖ жұмысыңызды бағалайды.

Білімгердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Барлық рейтингтік, индивидуалдық, рефераттық және т.б.с.с тапсырмалар белгілі бір график уақытына сәйкес тапсырылуы керек. Білімгер СОӨЖ сабағында өзінің білімін кез-келген түрде көрсете алуы қажет: сөз сөйлеу, қосымша, басқа білімгерлермен орындалған тапсырмалар немесе жауаптарды рецензирлеу.

Оқытушы келесі штрафтық санкцияларды пайдалана алады:

- конспектісі болмаса 10 балын алып тастайды;

- оқытушы берген тапсырманы уақытынан кешіктіріп тапсырса 10 балын алып тастайды.

Білімгерді мадақтау

Сабақтың тақырыбы бойынша өз бетінше материал тапса, қызықты ғылыми мәліметті өз бетінше дайындаса және ең жақсы баяндамаға, рефератқа, ауызша жауапқа т.б.с.с. 10 балл қосылады.

Білімгердің барлық сабақтардағы белсенді жұмысы үшін 20 балл қосылады.

Үй жұмысын дәл уақытында тапсырған алғашқы 5 білімгерге 10 балл қосылады.

БӨЖ дайындауға қойылатын талаптар

Бір семестрде білімгерге 4 БӨЖ тапсырмасын орындау ұсынылады. Әр қайсысына білімгер 100 балл алады. Осылайша, БӨЖ-дің қорытынды бағасы 0 - ден 400 балды құрайды.

Рубеждік бақылауға қойылатын талаптар

«Интернет технологиялары және ақпаратты қорғау» курсы бойынша 2 рубеждік бақылау қарастырылған. Олардың біріншісі-ауызша коллоквиум түрінде, екіншісі-тест түрінде өтеді.

Әрбір рубеждік бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-ден 200 балл аралығын құрайды.

Аралық аттестацияға қойылатын талаптар

Аралық аттестация емтихан түрінде жүреді, жалпы бағасы 40 %-ды құрайды. Емтихан тест түрінде жүреді, онда барлық өтілген материал қамтылады.

Рубеждік бақылау СОӨЖ уақытында келесі формада жүргізілетін болады:

- коллоквиум СОӨЖ уақытында - 1 сағат;

- жазбаша жұмыстар - 1 сағат.

Рубеждік бақылауды жүргізу графигі

Жүргізу түрі Мерзімі Максимальды балл Тақырыптар
Коллоквиум 7-ші апта 1-7
Тест 14-ші апта 8-15

Наши рекомендации