Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11426 тіркелді

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________ Ә. Исекешев

2015 жылғы 25 мамыр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 5 мамырдағы

№ 320 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";

2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

3) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

4) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

9) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құратын мемлекеттік мекеме.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi.

4. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады.

2. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртiбi

5. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мынадай құжаттармен тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорацияға не кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді:

1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жасалған жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.

Осы тармақтың бірінші бөлімінің 1), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.

Осы тармақта көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Өтініш беруші жүгінген кезде өтініштің, өтініш берушінің отбасы құрамы, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің (бұдан әрі – құжаттар) бланкілерін тегін алады.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ақшалай қаражат түрінде алған табыстары (шәкіртақы, тұруға және жол жүруге материалдық көмек, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан адамдардың бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жалақысының бөлігі, көшуге арналған субсидиялар) есепке алынбайды.

7. Өтініш беруші келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.

8. Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, оның қатысуымен уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесінде жоқ электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация түпнұсқада берілген құжаттарды сканерден өткізеді, олардың түпнұсқалығын куәландырады, содан кейін өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге қайтарады.

Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен бір жұмыс күні ішінде электрондық түрде уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Мемлекеттік корпорация маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

Уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Өтініш беруші кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде өтінішті және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстырып тексеру үшін ұсынады. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырады және келіп түскен құжаттар топтамасын тексереді, оларды тіркейді, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады.

Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды немесе электрондық өтінімді алғаннан кейін өтінішті осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу журналында тіркейді және өтінішке отбасының тіркелу нөмірін береді.

Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті тіркеп, қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.

Өтініш беруші бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-п бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілер тізіліміндегі № 5562 болып тіркелген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қалалық, астананың) атқарушы органдары бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерімен бекітіледі.

Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі – тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.

12. Тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі.

13. Тексерудің мақсаты өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын және өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуіне байланысты мән-жайларды зерделеу болып табылады.

14. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) жасайды, оған комиссия мүшелері қол қояды.

15. Учаскелік комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда – отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне тексеру актісіне қол қойғызып, таныстырады.

16. Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамаға тіркеледі.

17. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушілерден келіп түскен өтінішті тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға учаскелік комиссиялардың қорытындыларын қоса бере отырып, өтініш берушілердің құжаттарын тапсырады.

18. Өтініш берушіден қабылдап алынған өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданатын, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімге басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке өзіне не Мемлекеттік корпорация не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлама береді.

Хабарлама уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Уәкілетті орган адамның (отбасының) жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5757 болып тіркелген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау оны алуға жүгінген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Қоса берілген құжаттармен өтінішті берген ай, жүгінген ай болып есептеледі.

Қаражат жетіспеген кезде атаулы әлеуметтік көмек өтініш тіркелген хронологиялық тәртіппен беріледі.

20. Атаулы әлеуметтік көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада отбасының әрбiр мүшесіне немесе адамға есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейдi.

3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртiбi

21. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жеке шотының реквизиттерін көрсете отырып, оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.

22. Уәкілетті орган тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына аударуды жергілікті бюджеттен қаражаттың келіп түсуіне қарай жүргізеді.

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

1-қосымша

Нысан

____________________________________________

(елді мекені, ауданы, облысы)

уәкілетті органға

____________________________________________

(елді мекені, ауданы)

____________________________________________

(көше, үй және пәтер №, телефон)

мекенжайы бойынша тұратын

____________________________________________

(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты

(бар болған жағдайда))

жеке куәлік № ______________________________

берiлген күнi ______________________________

ЖСН ________________________________________

Банк деректемелері:

банктің атауы ______________________________

банк шотының № _____________________________

жеке шотының № _____________________________

қызмет түрі ________________________________

Өтініш

Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Менің _____________ адамнан тұратын отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.

Өтінішке 3 данада мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

20 __ жылғы "___"_____________ _____________________

(өтініш берушінің қолы)

20 __ жылғы "___"__________ құжаттар қабылданды

_______________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда) және қолы)

Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға

20___жылғы "__" ______берілді.

20___жылғы "___"________ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда) және қолы _____________________;

уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы "__" _______, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы __________________;

__________________________________________________________________

(қию сызығы)

Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға міндеттенемін.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

Өтiнiш берушінің қолы ___________________

Азамат _______________ өтініші _____ дана қоса берілген құжаттармен, отбасының ________ тiркеу нөмiрiмен 20 __ жылғы "___" _________ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы __________________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Отбасы құрамы туралы мәліметтер

_________________________________ ____________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, (үйінің мекенжайы, тел.)

әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Р/с №

ЖСН

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тұрғылықты мекенжайы

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні және жылы

Өтініш берушінің қолы ______________ Күні _____________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы ___ тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтер

____________________________ _____________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)

(бар болған жағдайда))

Р/с №

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жұмыс орны (жұмыссыздар тіркелу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы-мен растайды)

Құжаттық расталған табыстардың сомасы*

Өзге де мәлімделген табыстар

Еңбекақы төлемінен

Әлеуметтік төлемдер

Кәсіпкерлік қызметтен және өзге де қызмет түрлерінен түскен табыс

Өзге де табыс түрлері

Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де төлемдер

Шәкіртақы

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

* Табыстардың сомасын растайтын құжаттар (жұмыс орнынан аударылған жалақысы туралы анықтама, зейнетақының немесе жәрдемақының сомасы жазылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі не әлеуметтік төлемдердің мөлшері туралы анықтама, шарттың көшірмесі немесе табыс сомасы көрсетілген орындалған жұмыстар туралы акті; аударылған шәкіртақылар және өзге де табыс түрлері туралы ұйымның анықтамасы) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтерге қоса беріледі.

Өтініш берушінің қолы ______________________

Күні _______________________________________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

4-қосымша

Нысан

Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер

(табыстарды есептеу үшін)

______________________________ _______________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)

(бар болған жағдайда))

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Үй малы

Жасы

Саны

Саяжай

Ірі қара мал:

сиыр, бұқа

Бақша

Жылқы:

бие, айғыр

Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі

Түйе, іңген

Шартты жер үлесі

Қой, ешкі

Мүліктік пай (берілген жылы)

Тауық, үйрек, қаз

Шошқа

Өтініш берушінің қолы _____________________________

Күні ______________________

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе

жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

туралы мәліметтерге қол қоюға уәкілетті

органның өзге де лауазымды адамының

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______ ________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

5-қосымша

Нысан

________________________________________________

(елді мекені, ауданы, облысы)

уәкілетті органға

________________________________________________

(елді мекені, ауданы)

________________________________________________

(көше, үй және пәтер №, телефон)

мекенжайы бойынша тұратын

________________________________________________

(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты

(бар болған жағдайда))

жеке куәлік № __________________________________

берiлген күнi __________________________________

ЖСН ____________________________________________

Банк деректемелері:

банктің атауы __________________________________

банк шотының № _________________________________

жеке шотының № _________________________________

қызмет түрі ____________________________________

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінгенде отбасы құрамы, табысы мен жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы тура мәліметтерде өзгерістер болмаған жағдайдағы өтініш

Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________ адамнан тұратын менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылық бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

20 __ жылғы "___"_____________ _____________________

(өтініш берушінің қолы)

20__ жылғы "___" __________ құжаттар қабылданды _______________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегі,

аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Өтініш учаскелік комиссияға

20_ жылғы "_____" _________ берілді

20_ жылғы "_____"________ қабылданды

Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда) және қолы _____________________;

уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы "__" _______, құжатты қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы____________________;

___________________________________________________________________

(қию сызығы)

Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылық бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

Өтініш берушінің қолы ___________________

Азамат _______________ өтініші _____ дана қоса берілген құжаттармен, отбасының _________ тіркеу нөмірімен 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы __________________________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

6-қосымша

Нысан

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу

Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН-і бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және бірге тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туған балалары бойынша) өтініш беруші балаларының ЖСН-і бойынша тууын тіркеу туралы;

4) өтініш берушінің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) неке қиюын (некені бұзуын) тіркеу туралы;

5) табыстары туралы (жалақы және әлеуметтік төлемдер);

6) шәкіртақының бар-жоғы және оның мөлшері туралы;

7) балаға қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеу туралы;

8) жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы және саны туралы;

9) кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар туралы;

10) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан және ЕДБ АЖ-дан сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органның ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

1) АЖ – ақпараттық жүйе;

2) ЕСБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

3) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмекті тағайындау және төлеу

қағидаларына 6-1-қосымша

Нысан

_________________________________

(Өтініш берішінің тегі, аты,

әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________________________

(өтініш берушінің мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. Қағида 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ________________________________________

ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттар қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________ _______

(жауапты адам) (қолы)

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___________

Телефон__________

Алдым: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

кезде)/қолы __________________________________________________

20 ____ жылғы "___" ______________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

7-қосымша

ХҚО

қабылдаған құжаттарды қайтару туралы

№ ______ хабарлама

Ескерту. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 13.01.2016 № 14 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

8-қосымша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы

Р/с

Тіркеу нөмірі

Өтінішті қабылдау күні

Т.А.Ә.

Мекенжайы

Балалар саны

Учаскелік комиссияға берілген күні

Учаскелік комиссияның қорытынды қабылдаған күні

Уәкілетті органның тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарған күні

Тағайындау кезеңі

Сомасы

Ескертпе

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

9-қосымша

Нысан

Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы

20__жылғы_______ ___________

Учаскелік комиссия "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің)_________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда))

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап,

____

(ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық

жағдайын тексеру нәтижелерінің)

негізінде отбасына (адамға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің __________________________________ туралы қорытынды шығарды.

(қажеттілігі, қажет еместігі туралы)

Комиссия төрағасы: __________________ ________________________

Комиссия мүшелері: __________________ ________________________

__________________ ________________________

__________________ ________________________

___________________ _______________________

(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда))

______ дана қоса берілген құжаттармен қорытынды 20__жылғы "___" ________ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы

_________________________________________________________________.

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

10-қосымша

Нысан

Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру

АКТІСІ

20__жылғы "___" _____________

_____________________________

(елді мекен)

1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)___

2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________________________

____

____

Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) __________

адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Білімі

Жұмыспен қамту (жұмыс, оқу орны)

Өзін-өзі жұмыс пен қамту

Жұмыссыздық себебі

Жұмыссыз ретінде жұмыс пен қамту орган дарында тіркелгені туралы деректер

Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлау, біліктілікті арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқандығы туралы мәліметтер

Еңбекке қабілетті барлығы _______ адам.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгені___адам.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандары _____адам.

Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам.

Кәмелетке толмаған балалардың саны _____ адам, оның ішінде:

мемлекеттің толық қамтамасыз етуімен оқитындар ________адам; ақылы негізде жоғары және орта оқу орындарында оқитындар ____ адам, оқудың бір жылдық құны ______ теңге.

4. Баспана жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге де – қажеттісін көрсету)

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Бөлмелердің _______________________________________________________

Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар____________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Отбасының табыстары:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

бір айда

бір тоқсанда

5. Мыналардың:

автокөліктің (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түсетін табыс)

____

____

өзге де тұрғын үйдің қазіргі уақытта тұратын баспанадан басқа (оны пайдаланудан түскен табыс)

____

____

бар-жоғы;

6. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі)

____

____

7. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

____

____

8. Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуы:

мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

____

____

9. Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайлары ___________________

____

Комиссия төрағасы:

_______________________ _______________________

Комиссия мүшелері:

_______________________ _______________________

_______________________ _______________________

_______________________ _______________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда))

Жасалған актімен таныстым: ___________________________________

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің

аты (бар болған жағдайда) және қолы

Тексеру жүргізуден бас тартамын ______________өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің біреуінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы, күні ___________________________________

(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

қағидаларына

11-қосымша

Нысан

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы

20__ жылғы "___" ________ № ______ шешім

Отбасының тіркеу нөмірі: _____________________________________

Өтініштің күні/нөмірі: _______________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________________

Жүгінген күн: ________________________________________________

ЖСН: _________________________________________________________

Тұрғылықты жерінің мекенжайы: ________________________________

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін есептеу:

Отбасындағы адам саны: _______________________________________

Отбасының _______ жылғы ____________ тоқсандағы табысы

1._____________________________________ теңге

2. _____________________________________теңге

3. _____________________________________теңге

Отбасының бір тоқсандағы жиынтық табысы барлығы ________ теңге

Отбасының орташа айлық табысы: ________ теңге

Ай бойынша АӘК тағайындау:

Р/с №

Ай

Бір адамға берілетін мөлшері

Дөңгелектеу

Мөлшерін түзету

Барлығы тағайындалды

адам

сомасы

1.

2.

3.

Барлығы

Шешім:

1. 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2, 7-баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті _____ адамнан тұратын отбасына 20____ жылғы "___" __________ бастап 20____жылғы "____" ________ қоса алғанда (тағайындау кезеңі) __________тоқсанға_________________________ сомасында тағайындалсын.

(санмен және жазбаша)

2. ___________________________________________________________

(негіздеме)

_____________________________________________________________ себебі бойынша тағайындаудан бас тартылды.

Уәкілетті органның маманы ____________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

Уәкілетті органның басшысы ___________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы))

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу

Наши рекомендации