Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі
31. Ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
32. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Паспорт нөмірі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді.
33. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берген кезде, ветеринариялық паспорт нөмірінде осы Қағиданың 3, 4және 5 тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің төрт символы көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа топтың (отардың) әрбір ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі енгізіледі.
34. Ветеринариялық паспортқа деректерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері қолымен және мөрімен бекітіледі.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеулер және диагностикалық зерттеулер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарларының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерек қорға енгізіледі.
35. Ветеринариялық паспорт деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, иесін ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екінші әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
36. Ірі ауыл шаруашылығы жануарлар шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.
Ұсақ ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Ұсақ ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарында бар жеке нөмірді өзгертпей ветеринариялық паспорт ресімделеді.
Тиісті мәліметтер дерек қорға енгізіледі.
37. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.
38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында қарастырылған жағдайлар туындаған жағдайда ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық паспорт және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдар) жойып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне тиісті ақпарат жібереді.
39. Ветеринариялық паспорттың түпнұқасы ол жоғалған немесе ескірген кезде беріледі.
Жоғалған немесе бүлінген ветеринариялық паспортты ауыл шаруашылығы жануарының иесі ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігеріне осы Қағидада көрсетілген 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еркін нысанда жазбаша өтініш (ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Ветеринариялық дәрігерге өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспортты алғашқы беру күнін және оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып жоғары оң жақ бұрышында «дубликаты» деген жазуы бар ветеринариялық паспорт беріледі.
40. Ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алу керек болған жағдайда, ветеринариялық ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және осы Қағидада көрсетілген 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алуға арыз қабылданып тиісті үзінді көшірме беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
1-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлiк және саңдық кодтары
Р/с № | Литерлiк код | Штрих-кодқа арналған сандық код, | Атауы |
1. | KZ | Қазақстан Республикасы | |
2. | С | Ақмола облысы | |
3. | B | Алматы облысы | |
4. | D | Ақтөбе облысы | |
5. | E | Атырау облысы | |
6. | F | Шығыс Қазақстан облысы | |
7. | H | Жамбыл облысы | |
8. | L | Батыс Қазақстан облысы | |
9. | P | Қостанай облысы | |
10. | M | Қарағанды облысы | |
11. | N | Қызылорда облысы | |
12. | R | Маңғыстау облысы | |
13. | S | Павлодар облысы | |
14. | T | Солтүстiк Қазақстан облысы | |
15. | Х | Оңтүстiк Қазақстан облысы | |
16. | A | Алматы қаласы | |
17. | Z | Астана қаласы |