Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Бекітемін» «Физика-математика» факультетінің деканы ф-м.ғ.к., профессор __________ Т. Б.Бижігітов «» 2015ж. |
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: «Интернет технологиялары және ақпаратты қорғау»
Коды:AKIT 3306
Мамандығы: «Білім беру топтары үшін»
Кафедра: «Информатика және ЕТ»
2015/2016 оқу жылы, 5 семестр
Кредит саны: 3 кредит
Дәріс : - 15 сағ
Практикалық жұмыс: 15 сағ
Лабораториялық сабақ30 сағ
БӨЖО:45 сағ
БӨЖ:45 сағ
Пәннің форматы:аралас
Сабақ кестесі: 5 семестрде аптасына 4 рет
Оқытушының аты-жөні: Оразымбетова Гулайым Хайруллақызы
E-mail:[email protected]
Мекен жайы:Тараз қаласы, Жамбыл проспектісі 16а, 2 этаж, ауд 7-211
Тараз - 2015 ж.
Жұмыс оқу бағдарламасы «Информатика және ЕТ» кафедрасында ТарГПИ-дың «Физика математика» факультетінің ҒӘБ хаттама №__ ________2015 ж. бекітілген, 5В010000-«Білім беру» мамандықтары бойынша «Интернет технологиялары және ақпаратты қорғау» пәніне арналып жасалған оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.
Жұмыс оқу бағдарламасын дайындаған : Оразымбетова Г.Х
Жұмыс оқу бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған
Хаттама №___ «___» ____________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ э.ғ.д., профессор Орынбеков А.
«Физика математика» факультетінің жұмысшы бағдарлама бойынша комитетпен мақұлданған Хаттама №__ «___» ___________2015 ж
Төрайымы: ___________________ Надырбекова А.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Қазір ақпарат ұғымы компьютерлік технологиялармен, жүйелермен және байланыс желілерімен тығыз байланысты, олардағы ақпаратты қорғау сұрағының маңыздылығы айқын көрінеді. Мемлекеттік құпия ақпаратты және жеке сауда ақпараттын қорғау облысында бұл сұрақ әсіресе өзекті тұрады.
Ақпаратты қорғау проблемасы компьютерлік жүйелер және желілер облысында істейтін мамандардың және дәл осылай заманауи компьютерлік құралдарды көп санды пайдаланушылардың үлкен назарын аударады.
Интернет ауқымды ақпараттық желісінің даму тарихы мен қазіргі кездегі құрылғылары қарастырылады. Интернеттің негізгі қызметтері мен сервистері жұмысының әртүрлі этаптарында қолданылу тұрғысынан талданады.
Пәннің мақсаты - қазіргі кездегі интернет-технологияны ғылым және білім беруде қолдану бойынша базалық білімді, дағдыны және ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін құру мен практикалық дағдыларын игеру, студенттерге деректерді қорғауды жүзеге асыру үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін оқыту, ақпараттық жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау үшін ақпаратты қорғау бойынша практикалық дағдыларды машықты меңгерген маман дайындау болып табылады.
Пәннің міндеттері:Аталмыш курсты оқу нәтижесінде студенттер:
- Интернетте қолданылатын ұйымдастыру принциптерін, қызмет ету мен ақпаратты өңдеу технологияларын білу;
- Қазіргі интернет – технологиялары негізінде программалық қосымшаларды құруды білу;
- Интернеттің қазіргі перспективалары мен даму беталыстары туралы түсінігі болуы қажет.
- Компьютерлік ақпаратқа бекітілмеген рұқсат тәсілдері және пайдаланушылардың аутентификация тәсілдері.
- Пайдаланушылардың өкілеттіктердің шек қою әдістері және басқарудың қорларға рұқсатпен қорғалған операциялықтарды жүйелерде.
- Симметриялы және асимметриялық криптографиялық жүйелерді құру тәсілдері.
- Ақпаратты қорғау обьектілерінің ерекшеліктерін, олардың жіктелуін білу, ақпараттық үрдістерді енгізу, шығару, тасымалдау, өңдеу және сақтауды іске асыруда ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары туралы түсінігі болуы керек;
- Ақпараттық жүйелерді функционалды оптимизациялау үшін ақпаратты қорғау құралдарын қолдану бойынша нақты есептерді қоя және шеше білу қажет;
Курсты оқытудың актуалдығы мен қажеттілігі:
«Интернет техология және ақпаратты қорғау» пәнінің мақсаты болып интернет техология ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін құру мен практикалық дағдыларын игеру, студенттерге деректерді қорғауды жүзеге асыру үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін оқыту, ақпараттық жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау үшін ақпаратты қорғау бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады.
Пәннің құзыреттілігі- интернет технология және ақпаратты қорғауды пайдалану әдістерін оқыту арқылы білімгерлердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру.
Бұл мақсатқа жету қәзіргі заманғы қоғамның дамуында интернет технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін білімгерлерге жеткізумен анықталады.