Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар. «Интернет технологиялары және ақпаратты қорғау» пәнін оқыту нәтижесінде білімгер:
«Интернет технологиялары және ақпаратты қорғау» пәнін оқыту нәтижесінде білімгер:
- Интернетте қолданылатын ұйымдастыру принциптерін, қызмет ету мен ақпаратты өңдеу технологияларын білу;
- Қазіргі интернет – технологиялары негізінде программалық қосымшаларды құруды білу;
- Интернеттің қазіргі перспективалары мен даму беталыстары туралы түсінігі болуы қажет.
- Компьютерлік ақпаратқа бекітілмеген рұқсат тәсілдері және пайдаланушылардың аутентификация тәсілдері.
- Пайдаланушылардың өкілеттіктердің шек қою әдістері және басқарудың қорларға рұқсатпен қорғалған операциялықтарды жүйелерде.
- Симметриялы және асимметриялық криптографиялық жүйелерді құру тәсілдері.
- Ақпаратты қорғау обьектілерінің ерекшеліктерін, олардың жіктелуін білу, ақпараттық үрдістерді енгізу, шығару, тасымалдау, өңдеу және сақтауды іске асыруда ақпаратты қорғау әдістері мен құралдары туралы түсінігі болуы керек;
- Ақпараттық жүйелерді функционалды оптимизациялау үшін ақпаратты қорғау құралдарын қолдану бойынша нақты есептерді қоя және шеше білу қажет;
Пәннің алдыңғы және кейінгі реквизиттері
Пререквизиттер:Берілген пән алдыңғы «Информатика» пәнімен байланысты.
Постреквизиттер:Педагогикалық және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында оқытуда компьютерлік құралдарда өңдеу.
Курстың сипаты.
Курстың мақсаты: қазіргі заманғы болашақ мұғалімдерге жаңа интернет технологиялары және ақпаратты қорғау туралы жалпы түсініктеме беру, қазіргі заманғы технологиялар мен ақпарат қорғау мүмкіндіктерін ашу, мамандыққа сай есептерді шешу үшін интернет технологиялардың программалық құралдарымен жұмыс істеуді үйрету, ақпараттық құзіреттілігін қажетті деңгейін қамтамысыз етуіне бағытталған пән ретінде, өзекті және қазіргі талапқа сай болып табылады.
Мазмұны:
Интернетті ұйымдастыру: Ақпаратты жіберу және өңдеудің интернет технологиялар туралы түсінік. Интернет технологиялары дамуының тарихи мәліметі. Интернет қосымшаларының типтеріне шолу. Интернет тораптар иерархиясы ретінде. Интернеттегі клиент-серверлік архитектура. Провайдер тораптары. TCP/IP протоколы. Браузерлер мен серверлер. URL-адресінің форматы.
Интернет сервистері:OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары. WWW сервисі. Гипермәтін және Web – парақтар. HTTP сервер және клиент. Электрондық пошта, SMTP және POP3 протоколдары, пошталы сервер және клиент.TelNet және NNTP протоколдарын белгілеу. Чат, шұғыл поштаның қызметтері, IRC-желілері, IP-телефония, видео конференциялар.
Web-қосымшаларын құру технологиялары:Гипермәтіндік тілге кіріспе. Негізгі терминдері мен түсініктемелері. Гипертекстік және гиперграфикалық жүйені орналастыру мақсаттары оларды көру принциптері, жүзеге асыру жолдары. Тізімдер және олардың түрлері. Web-беттерін безендіруде суреттерді қолдану. Гипермәтіндер немесе HTML тілінде гиперсілтемелер жасау. Кестелердің түрлері және кесте тэгтерін пайдалану. HTML құжатында фреймдерді қолдану. Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру. HTML құжатындағы мультимедиалық объекттер.
Вирустардан қорғау: Вирустарды өмір сүру ортасына жұғу тәсілдері. Вирустарды белсенді ету тәсілдері. Вирустардың бұзушылық әрекеттері. Жасырыну тәсілдері. Жұқтыру үшін құрбан таңдау тәсілдері. Вирустардың болу белгілері. Басқа қауіпті бағдарламалар. Вирусқа қарсы антивирустық құралдарды жіктеу. Вирустармен күресудің болашақтағы тиімді бағыттары.
Ақпаратты қорғаудың теориялық әдістері:Ақпаратты қорғау жүйесін модельдеу әдістерін жіктеу және жалпы талдау. Айқын емес жиындар теориясының негіздері. Автоматты-ықтималды модельдеудің негіздері. Формальды емес жүйелердің негіздері.
Оқу процессі кезінде әртүрлі белсендіру формаларын - дискуссия, тренингтер, коллоквиумдар, әңгімелесу т.с.с., білімгерлерің өзіндік жұмысы-аудиторияда ОБӨЖ, сабақтан тыс БӨЖ өткізу.
ОБӨЖбілімгерлерге берілген өзіндік жұмыс бойынша жеке жұмыс жүргізу және консультация беру, білімгерлердің берілген тапсырмаларды қорғауы, оны айтып беруі үшін қажет.
БӨЖбілімгердің өтілген материал бойынша жұмысының шығармашылық деңгейін арттыру үшін, кітапханаларда отырып жұмыс жасау, берілген тапсырмаларды орындау.
Білімгер лекция жазуға, практикалық лабораториялық жұмыстарды және үй тапсырмасын орындау үшін дәптер қажет. Фломастер, әртүрлі түстегі ручкалар қажет.
Дискуссия: сабақта жүргізіледі, дискуссияға сабақтың тақырыбына байланысты барлығы дайындалуы тиіс, алдын ала қандай да бір аспект бойынша түсінігін немесе түсінбегенін анықтау керек. Дискуссия кезіндегі белсенділік тіркелініп, аттестация кезінде ескерілінеді.
Блиц-сұрау: оқытушының сұрағына тез жауап беру - жарыс калыпында өтіледі. Ең көп- көп ұпай жинаушы максимал балл алады.
Белсенділік:сабаққа жақсы дайындалу арқылы ең көп балл жинауға болады.
Қорытынды бақылау (емтихан)барлық өтілген материал бойынша білімгердің білімін тексеру үшін өткізіледі.
Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі және оның үлес салмағы 40 %- ті құрайды.
Емтихан бүкіл өткен материалдықамтиды. Емтихан сұрақтары беріледі.
Тәртіп -Білімгерлер сабаққа кешікпей келулері және сабақ уақытысында сөйлеспеулері тиіс. Ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын көрсетуі керек. Сабақ жібергені үшін әр сабақ үшін -5 балл айып санкциясы қарастырылған.