Оқытудың соңғы нәтижесі. Алмуханбетова М.С.
Алмуханбетова М.С. –оқытушы, «Неврология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –«Топ старосталарының лидерлігі және топтың ұжым ретінде дамығандығы».
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 4 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Тел. 87053491934. e-mail:[email protected]
Азизходжаева Д.Ш. –оқытушы «Неврология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Тел. 87014650019 e-mail:[email protected]
Тутаева А.А. –оқытушы, 3-курс докторанты, «Неврология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың неврологиялық және соматикалық ерекшеліктері».
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 26 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Кентау қ-сы, КОА, неврология бөлімшесі Тел. 87028528487.
Онысов Б.А–оқытушы «Психиатрия» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: -.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, әлеуметтік мекеме. Тел. 87023053758. e-mail:[email protected]
Жүнісова М.Б.–магистр-оқытушы «Психиатрия» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Метоболизмдік синдромның психометриялық сипаттамалары».
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 30 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы.
Тел. 8-701-5158285
8-776-5158285
E-mail: [email protected]
Алпысбаева Н.Б.–оқытушы «Наркология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Нашақорлық, алкоголизм».
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 12 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Кентау қ-сы, Психоневрологиялық диспансер, дәрігер-нарколог.
Тел. 87016745390.
Шалапов Д.М.– оқытушы«Психиатрия, наркология» пәні.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы. Тел. 87012899898.
Мәденбай К.– оқытушы«Психиатрия, наркология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Перифериялық және автономдық нерв жүйесі. Метаболизмдік синдром».
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 16 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Кентау қ-сы, Психоневрологиялық диспансер.
Тел. 8-701-5158285
8-776-5158285
E-mail: [email protected]
1.2. Байланысу ақпараты: Арнайы клиинкалық пәндер кафедрасы бас ғимараттың №251 аудиториясында орналасқан. Оқу бөлмесі - ХҚТУ клиникасының №311 аудиториясы, Кентау орталық ауруханасының №117 аудиториясы, Кентау қаласының психоневрологиялық диспансері, Түркістан қаласының әлеуметтік-мемлекетттік мекемесі
Ұялы телефоны: +77787116922, 8(32533)-6-36-36, ішкі-12-96
1.3. Пәннің саясаты:
Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Бағдарлама
Кіріспе
Неврология, психиатрия және наркологияның жалпы зерттеу объектілеріне орталық және перифериялық нерв жүйесі, тұлғаның психикалық функциялары мен қалыптасу ерекшеліктері жатады.
Неврологияның ауру табиғатындағы рөлін түсінбей, нерв жүйесінің өзекті ауруларына тиімді диагноз қою мен емдеу мүмкін емес. Осыған орай кез келген мамандық дәрігерінің бақылау объектісі тек науқас қана емес, оның отбасы да болуы керек.Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.
Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзыреттіліктер | Салыстырылмалы үлестірілімі |
Б.1.1. | ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады. | 0,4 |
Б.2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастар-дың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жаңдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі | 0,5 |
Б.2.5. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: аурудың алдын алу мен реабилитация қағидаларын түсінеді. | 0,1 |
2.2. Пәннің мақсаты:негізгі неврологиялық, психикалық ауруларғадиагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
2.3. Пәннің міндеттері:
· халыққа неврологиялық, психиатриялық және наркологиялық көмекті ұйымдастыру негіздерімен таныстыру
· студенттерді неврологиялық аурулардың, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· науқастар мен сау адамдардың нерв және психикалық жүйесін тексеру әдістеріне, статусты бағалауға үйрету;
· нерв және психикалық аурулардың нейрофункциялық, зертханалық және экспериментальдық психологиялық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру;
· дәлелді медицина тұрғысынан неврологиялық, психикалық бұзылыстарды және ауруларды қазіргі кездегі емдеу мен реабилитациясымен таныстыру;
· неврологиялық аурулардың алдын алудың, психикалық бұзылыстар мен тәуелділік ауруларының психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру.
Оқытудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген компетенциялар | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б.1.1. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ- БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: пререквизиттерден және осы пәндерден алынған білімдерін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: неврология, психиатрия және наркологияда қолданылатын негізгі қазіргі зерттеу әдістерін дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді. |
Б.2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: жүйелер бойынша зерттеу әдістерін (сұрастыру, неврологиялық статус пен психостатусты зерттеу әдістерін есте сақтайды. Түсінеді: жүйелер бойынша патологиялардың негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдары түсінеді. Қолданады: науқасты тексеруде қазіргі кезеңдегі клиника-зертханалық және аспаптық тәсілдерді; науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнатуды қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық бұзылыстарда өміріне қауіпті жағдайларда жедел жәрдем дағдыларындәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және үйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
Б.2.5 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: неврологиялық аурулардың алдын алудың, психикалық бұзылыстар мен тәуелділік ауруларының психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін; салауатты өмір салты принциптерін қалыптастырудағы білімдерін қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және үйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
Оқудың соңғы нәтижесін талдау:
Студент білуі тиіс:
· халыққа неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
· неврология, психиатрия және наркологияда қолданылатын негізгі қазіргі зерттеу әдістерін;
· неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық бұзылыстардың негізгі симптомдарын және синдромдарын;
· неврология, психиатрия және наркологиядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.
үйреніп алу қажет:
· науқастың анамнезін жинау;
· неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық бұзылыстар симптомдарын анықтау;
· әртүрлі жастағы науқастарда неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық статусты бағалауды және неврологиялық бұзылысты анықтауды;
· науқасты тексеруде қазіргі кезеңдегі клиника-зертханалық және аспаптық тәсілдерді қолдану;
· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;
· негізгі неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық симптомокешеннің диагностикасын;
· неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық бұзылыстарда өміріне қауіпті жағдайларда диагностика жасау және жедел жәрдем көрсету;
· салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.