Wіndows интерфейсінің компоненттерін қолданып файлдарды басқару
Әдістемелік нұсқаулар
Windows ОЖ стандартты диалогтық терезелерінде жұмыс жасау, мысалы файлды таңдау, сақтау, түсін өзгерту және т.б.. C++ Builder ортасында диалогты терезелермен жұмыс жасау үшін TOpenDialog, TSaveDialog компоненттері қолданылады.
Компоненттердің қасиеттерімен әдістері:
Filter – диалогпен көрсетілетін файл типі;
FilerIndex – үнсіздік бойынша қолданылатын фильтр нөмірі;
DefaultExt – стандартты кеңейтілім, қолданушы көрсетпеген жағдайда;
Files – қолданушы таңдаған файл аты;
Title – текст, диалог тақырыпшасында көрінетін;
Execute() – диалогты шақыру.
Опциялары:
ofReadOnly — диалогты терезе пайда болғанда "Read only" жалаушасы белгіленген болады;
ofHideReadOnly — диалогты терезе пайда болғанда "Read only" жалаушасын көрсетпейді;
ofNoReadOnlyRetum — ОК батырмасын басқанда “тек оқуға арналған” файлды таңдауға тиым салып, басқа файл таңдау қажеттін хабарлайды.
ofPathMustExist — файл тек бар каталогтардың бірінде болатының көрсетеді. Қолданушы файлды жоқ каталогтан іздеген жағдайда қате екенін хабарлайды;
ofFileMustExist — тек бар файлдардың бірін таңдауға болатынын көрсетеді;
ofOverwritePrompt — егер қолданушы жазба үшін бар файлды таңдаса, оны бекітуді сұрайды;
ofShowHelp — диалогқа Help батырмасын қосады;
ofNo Validate — файл атын енгізгенде рұқсат етілмеген символдардын болмауын тексереді;
ofAllowMultiSelect — бірнеше файлды бір мезгілде таңдауға мүмкіндік береді;
ofShareAware — таңдалынған файлды басқалардың қолдануына тексеруді сөндіреді. Бұл опция болмаған жағдайда файл басқа қосымшамен ашылған болса, басқалары бұл файлды қолдана алмайды.
Файлды ашу мысалы:
OpenDialog1->Execute();
if (OpenDialog1->FileName!="")
{
Memo1->Lines->LoadFromFile(OpenDialog1->FileName);
Form1->Caption=OpenDialog1.Filename+” - My Text Editor”;
}
Бұл жерде файлды ашудан басқа, таңдалынған файл аты форма тақырыбында "My Text Editor" мәтінімен жазылады.
TColorDialog компоненті – қолданушы түсті анықтауға арналған.
Color –түстер;
Опциялары:
cdFullOpen — диалогты толық көрсету. Қолданушы түсті таңдағанда түстердің жүйелік палитрасынан ғана емес, өзі де түс бере алады;
cdPreventFullOpen — диалогты толық көрсетуге рұқсат бермейді;
cdShowHelp — Help батырмасын көрсетеді.
TPrintDlalog компоненті – тексті принтерге шығару параметрлерін орнатуға арналған.
TSavePictureDialog, TSavePictureDialog компоненттері –файл-бейне атын таңдауға арналған, келешекте жазу немесе оқу үшін қолдануға болатын.
TFindDialog компоненті – бұл диалог арқылы мәтіндегі қажетті фрагментті іздеуді және оған дайындықты жүзеге асырады, программист жазған кодтар арқылы.
Опциялары:
frDown — бұл опцияны қолданған жағдайда іздеудің алғашқы бағыты – төменге (басынан аяғына дейін). Сәйкесінше радиокнопка орнатылады;
frDisableUpDown — бағытты таңдауға тиым салады. Радиокнопкалар тобы сұр түспен көрсетіледі;
frHideUpDown — бағытты таңдауға тиым салады және радиокнопкалар тобын көрсетпейді.
Жалаушалар күйіне келесі опциялар жауапты:
frHideMatchCase — регистр жалаушасын көрсетпейді;
frDisableMatchCase — регистр жалаушасын көрсетеді, бірақ ол белсенді болмайды.
Егер осы опциялар орнатылмаса, жалауша диалогта белсенді болады, және оның мәнін қолданушы өзгерте алады. Оның мәні Options-тағы frMatchCasc опциясына сәйкес болады.
Қасиеті, әдістері және оқиғалары:
FindText – ізделінетін мәтін;
CloseDialog – диалогты жабады.
TrayIcon – жүйелік треймен жұмыс жасауға арналған.
Қасиеті:
PopupMenu – трейді контекстті мәзірмен байланыстырады, контекстті мәзір жеке компонентпен қосылған болуы керек;
PopupMenuOn – контекстті мәзірді ашу;
RestoreOn – басты терезені жаю.
СSpinButton компоненті – жұп батырмалар қарама-қарсы бағытшамен, басқан кезде белгілі бір өлшемде арттыруға немесе кемітуге арналған. Жоғарғы немесе төменгі батырманы басқанда сәйкесінше OnDownClick, OnUpClick оқиғалары пайда болады.
СDirectoryOutline – бұл компонент файлдың иерархиялық бұтағын және ағымдағы диск каталогтарын көрсетуге арналған.
Қасиеті:
Drive – ағымдағы диск мәні, яғни бұтақта көрсететін файлдық жүйе құрамы;
Directory – ағымдағы каталог;
Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын функциялар:
CopyToClipBoard() – буферге көшіру;
PasteFromClipBoard() – буферге қою;
CutToClipBoard() – буферге қию;
Өзіндік жұмыс тапсымалары
Келесі нұсқалар бойынша мәтіндік редактор құру:
Файлды ашу, сақтау;
Файлды баспаға шығару;
Фон түсін өзгерту;
Буфермен жұмыс жасау функциясын қосу;
Жүйелік трейге жұлдызша қосу;
Контекстті мәзірді жүйелік трейге шақыру мүмкіндігін қарастыру;
Жүйелік трейдегі жұлдызшаны тышқанмен бір басқанда терезенің қалпына келуін орнату;
Трейді контекстті мәзірмен байланысын орнату;
Файлдың иерархиялық бұтағын және диск каталогтарын көрсетуге арналған қосымша құру;
Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын қосымша құру.