СӨЖ жалпы мақсаттары және әдістемелік нұсқаулар

Кредиттік технологияның спецификасы жинақтау жүйесінің болуы білім алушының толық бағасы жіберілу рейтингімен (60% нәтижелік баға) және емтихан бағасымен (40%) анықталады. Рейтинг бағасы әр пән бойынша ағымдық және аралық бақылаудың академиялық период (15 апта) бойынша формалданады. Мұнда білім алушының оқу нәтижелері әрбір жасалған жұмысы 100 балдық шкаламен есептеледі (сабақтардағы жауабы, үй тапсырмасын өткізуі, СӨЖ, ағымдық бақылау және т.б.).

СӨЖ мақсаты. Студенттің өздік жұмысы- нақты білім мен практикалық дағды қалыптасытру үшін студенттің үздіксіз зерттеу жұмысы. Білімгерлерді арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға баулу. Дәріс, іс-тәжрибелік сабақтарында қарастырылмаған, бірақ оқу бағдармасына кіретін тақырыптарды өздігінен меңгеру жолдарын үйрету. Сонымен қатар сабақтарда берілетін тапсырмаларды орындату.

СӨЖ тапсырмалары дәріс тақырыптарынан ауытқымауы тиіс. Студенттің өздік жұмысын тексеру оқытушымен аудиториялық емес уақытта жүзеге асады, және де СӨЖ тапсыруға уақыт белгіленуі тиіс.

Максималды СӨЖ үшін 100 балл тапсырмаға және оның салмағына қарайды: тапсыру уақытына, тапсырма санына, орындалу сапасына. Әрбір СӨЖ бірнеше тапсырмадан тұрады. Әр пән үшін СӨЖ формасы мен түрін таңдау пәннің мақсаты мен міндеттеріне сай болады.

Жіберілген сабақтар мен қалып қалған тапсырмалар (себепті жағдайда) 7 және 14 апталарда аралық бақылауда орындалады. Себепсіз жағдайлармен өткізіп алған сабақтар және уақытынан кейін орындалған тапсырмалар рейтингте қатыспайды және балл қосылмайды.

Пән бойынша барлығы 4 СӨЖ қарастырылады. Нұсқауда әр СӨЖ бойынша тапсырмалар және оларды орындау үшін қандай әдебиеттерден қарастыруға болатыны беріледі.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау түрі
Кодтау теориясының тарихымен танысу және кодтау түрлерін қарастыру 4-ші апта конспект  
Кордано және Вижинер тәсілдері бойынша кодтау 7-ші апта коллок-виум
Кодтар, антикодтар. Хемминг және Рида – Маллер кодтарын құру 7-ші апта коллок-виум
Мебиус функциясы және синхромизацияланатын кодтарды қарастыру. 14-ші апта презентация
  Барлығы курс бойынша    

СӨЖ №1

Тақырыбы: Кодтау теориясының тарихымен танысу және кодтау түрлерін қарастыру

Жоспары.

1) Кодтау теориясының тарихымен танысурі. ([1], 24б.)

2)Кодтар түрлерін қарастыру([1], 64б.)

Әдебиеттер:

1. Шеннон К. Работа по теории информации и кибернетике – М.: 1963. ББК (H) Ш973.26-018.2

СӨЖ №2

Тақырыбы: Кордано және Вижинер тәсілдері бойынша кодтау

Жоспары.

1) Кордано тәсілдері бойынша кодтау. ([1], 65б.)

2) Вижинер тәсілдері бойынша кодтау ([2], 36б.)

Әдебиеттер:

  1. Питерсон У. Коды исправляющие ошибки – М.: 1976. ББК(H) П973.233-018
  2. Марков А. Введение в теорию кодирования. – М.: Наука, 1982. ББК (H) М973-018.2я73

СӨЖ №3

Тақырыбы: Кодтар, антикодтар. Хемминг және Рида – Маллер кодтарын құру

Жоспары.

1)Жөндестіру программасы (Отладчик). ([1], 89б.)

Әдебиеттер:

1 Берлекемп Э. Алгебраическая теория кодирования. – М.: Мир, 1971. ББК (H) Б973.233-018

2. Могилев А. и др. Информатика. – М.: Академия, 2003.ББК(H) М973.26-018.2

СӨЖ №4

Тақырыбы: Мебиус функциясы және синхромизацияланатын кодтарды қарастыру.

Жоспары.

1) Логикалық командалар ([1], 189, 275б.)

2) DOS функциялары ([1], 261б)

Әдебиеттер:

1)Ассемблер для 32. Самоучитель: - М. Издательский дом «Вильямс», 2007. 368с.:ил. Г.И. Галисеев.

Глоссарий

А

Адресті модификациалау - командадағы адресті орындалатын адреске ауыстыру.

Ассемблер - машиналық тілдің символдық формада жазылуы. Онда амалдардың цифрлық кодтарының орнына үйреншікті амал белгілері немесе олардың сөздік атаулары, адрестердің орнына – атаулар жазылады, ал тұрақтылар ондық жүйеде жазылады.

Б

Байт (byte)- ұзындығы 8 бит қатар жатқан екілік сандар тізбегі.

Белгі – символдық атау.

Бит- компьютердегі мәліметтердің базалық өлшемі.

Е

Екіеселі сөз (double word) – бұл ұзындығы 2 сөз (4 байт) болатын мәліметтердің реттелген тізбегі.

Ж

Жазба - өрістері жеке ұяшықтарда емес, ұяшықтың бөлігінде орналасатын жинақталған құрылым.

Жедел жад- процессор адрес шинасы арқылы катынайтын компьютердің нақтылы (іс жүзіндегі) жады немесе жедел сақтау құрылғысы.

Жергілікті атаулар - модульде сипатталатын барлық атаулар сол модульдің ішінде жекеленеді, яғни сол модульдің ішінде сипатталып, модульден шыққанда ұмытылады. Ондай атаулар жергілікті атаулар деп аталады.

Жолдар- бір немесе қос тырнақшаларға алынып жазылған символдар тізбегі.

Жылжытылатын прораммалар (орындалатын модуль- программаны орындау барысында операциялық жүйе оны жадтың кез келген ыңғайлы жеріне орналастыра алады. Ал ол үшін компиляцияланған программаны жылжытуға болатындай етіп өзгерту керек. Жылжытылатын программалар компоновщик (жинақтағыш) деп аталатын арнайы программалардың көмегімен жасалады.

И

Идекстеу- индексті айнымалының адресін алуды сипаттау әдісі.

Идентификатор - программаның әртүрлі объектілерін - айнымалыларды, белгілерді, амалдар атауларын және т.б. - белгілеу үшін қолданылатын ассемблердің қарапайым құрылымы.

Индекстік регистр- регистр-модификатор индексті сақтауға қолданылатын регистр.

К

Кодтау жүйесі - символдар мен олардың кодтарының арасындағы сәйкестік.

Командалар форматы- командаларды кодтау ережелері.

Компьютердің архитектурасы- ЭЕМ–нің құрылымын, техникалық сұлбасын, логикалық ұйымдастырылуын айқындайтын ЭЕМ–нің абстрактылы көрінісі.

Қ

Қотарма (буферлік) жад- процессордың жедел жұмысына қажетті тек аздаған командаларды уақытша сақтап тұратын, процессор мен жедел жадтың арасындағы жад.

Құрылым – дегеніміз бірнеше қатар жатқан ұяшықтарға орналасатын құрама объект. Құрылымның компоненттері өрістер деп аталады, олардың типтері мен өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін: мысалы, бір өріс байт, екінші өріс сөз т.с.с. Өрістер аталып, оларға қатынау осы атаулар арқылы жасалады.

Қызметші сөздер – транслятор үшін мағынасы алдын-ала анықталған сөздер.

Л

Логикалық командалар- логикалық (бульдік) алгебра амалдарына негізделген. Бұл амалдар екілік санның жеке биттарын модификациялауға мүмкіндік береді.

М

Массив – бір атау берілген, біртипті мәліметтердің белгілі бір жиынтығы. Массивті DUP қайталау конструкциясын қолдану арқылы мәліметтерді анықтау диретиваларымен сипаттауға болады.

Машиналық командалар- белгілі бір ережелерге сүйене отырып құрастырылған нөлдер мен бірлердің тізбегі.

Мнемокод (мнемоникалық код)- команданың міндетті бөлігі.

Модификатор- модификациалауда қолданылатын регистр немесе жай ғана дейміз.

О

Оналтылық сан - іргелес тетрадалардың (төрт биттар) тізбегі.

Операндтар - командалар мен директиваларда берілетін амалдарды орындауға қатысатын объектілер.

П

Позициялық санау жүйесі - цифрдың мағынасы оның сандағы орнына тікелей байланысты болатын санау жүйесі. Позициялық санау жүйесінде сандарды жазуға арналған цифрлар саны санау жүйесінің негізіне (q) тең.

Р

Регистрлер – мәліметтерді процессорда сақтауға арналған жоғары жылдамдықты жад аймағы.

Регистрлер - орталық процессорда орналасқан және оларға программа арқылы қатынауға болатын ұяшықтар.

Регистр-модификатор- модификациалауда қолданылатын регистр

Рекурсивтік процедура - өзіне өзі тікелей (тіке рекурсия) немесе басқа процедуралар (жанама рекурсия) арқылы қатынайтын процедура.

С

Санау жүйелері- сандардың жазылу ережелерінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.

Сөз (word) – бұл ұзындығы екі байт (16 разряд) мәліметтердің реттелген тізбегі.

Сөйлемдер–командалар- машиналық команданың символдық түрде жазылуы.

Стек дегеніміз оған жазылған соңғы элемент бірінші оқылатын принциппен ұйымдастырылған жад аймағы. Стек арнайы стек сегментіне орналастырылады.

Т

Таңбасыз бүтін сандар - оң сандар немесе нөл.

Тікелей операнд- операнд команданың өзінде көрсетілуі, немесе регистрлердің бірінде орналасуы

Трансляциялау- ассемблердің (ТASM немесе MASM-ның) көмегімен адамға түсінікті жазылған, бастапқы программаны, процессорға түсінікті, объектілік программаға түрлендіру процесі.

Түтініктемелер- программаның мағынасына әсер етпейтін, трансляциялану кезеңінде ескерілмейтін программада түсініктемелер жазу үшін қолданылатын ассемблер тілінің құрылымы.

І

Ішкі шиналар- процессорда жүйелік шиналар тәрізді параллелді өткізгіштер жиынтығы болып келетін, процессордың жеке блоктарын олардың мәліметтер алмасуы үшін жалғастыратын шиналар

Ш

Шешім қабылдау командалары- программаның орындалу алгоритмі бойынша машинада жазылған командалардың қалыпты ретін өзгертіп отыру қажет болған жағдайда, яғни келесі орындалатын командаға өту үшін қолданылатын командалар. Бұл командаларды программалау тілдерінде қысқаша өту командаларды деп атайды.

Дәріс №1.

Наши рекомендации