Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
1. детекторлар программалары(Mc Afee Associates Scan Norton Antiviru AVSP бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.
2. Фоагин немесе доктор( Aids Test) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады”, бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу ” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді.
Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.
3. ревизор (тексеруші) прграммалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап , содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.
4. Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен доктарлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қана қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.
5.Фильтр программалары резидентті түрде компьютердің жедел жадысна орнатылады да көбею және қауіп төндіру вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыға хабарлайды .
6. Вакцина – программалар (немесе иммунизаторлар) дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны , яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екендеп түсінеді.
56. Ақпаратық – коммуникациялық технология
Ақпаратық-коммуникациялық технология – тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріккен әдістер , программалық-техникалық құрылғылар және өндірістік үрдістер жиынтығы .
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңы он жлдағы ғылыми-техникалық революция мен әлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады. АКТ пайдалану бәсеклкес экономиканы көтеру үшін , әлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге , жергілікті басқару мени мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші рөл атқарады.
Экспеттердің жобалауынша мемлекеттік басқаруға ақпараттық коммуникациялық технологияның енгізілуі экономиканың дамуын тездетеді , бюрократиялық үрдістер шығыны азаяды , мемлекеттік ведомстволардың еңбек өнімділігі мен жұмыстарының тиімділігін арттырады және азаматтық қоғамды қалыптастыруда әр түрлі реттегі ақпараттарды алуда халықтың мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік қызметтерді тиімді етіп құру , бюрократиялық барьерлердің әлсіреуіне алып келеді. Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі бағыттар бойынша анықталуы мүмкін:
Мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас ;
Мекемелердің ішкі жұмыстары ;
Билік ұйымдарының бір-бірімен өзара қарым-қатынас ;
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен мекекмелердің мемлекеттік билік ұйымдары мен өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттырады. Билік ұйымдарының жұмсы туралы ақиқат , оперативті , толық өзекті ақпарттар веб-сайтта жазылға . Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады , мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді азайтады.
АКТ негізінде “бір терезе қағидасы ” деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым-қатынасы бір нүкте арқылы енеді.
АКТ-ң енгізуде тікелей экономикалық эффект байлансты: бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату; құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару саны мен; мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқавруы мен;
Қазіргі уақыттағы АКТ азаматтардың қызығушылығына бағытталған электрондық үкімет құруға мүмкіндік береді.
Электрондық үкімет құру тарихы ақпараттық технологияның дамуымен қатар жүріп келеді.
58.Электронды үкіметті қалыптастыруконцепциясының негізгі есептері
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1. Нормативтiк құқықтық жəне əдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру
2. .Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3. е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4. e-Үкiметтiң инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5. Ведомствоаралық жəне үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру жəне дамыту;
6. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру жəне дамыту;
7. Халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
8. Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету .
57. “Электрондық үкімет” жүйесінің компоненттері
«Электронды үкімет» жүйесі үш негізгі компоненттен тұрады:
Азаматтарға бағытталған компонент: мемлекеттік ұйымдармен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2C). Азаматтарға үкіметтік қызметтерді пайдаланудың жылдамдығын ұлғайту. Азаматтар үшін кез келген ведомство, кез келген қызмет немесе ақпарат ашық. яғни сұраныстардың орындалу жылдамдығын көтеру жəне сол сұраныстардың орындалу уақытын азайту.
Дербес секторға арналған компонент: мемлекеттік ұйымдар мен дербес секторлар арасындағы қарым-қатынас (халықаралық термин бойынша G2B), өзара қарым-қатынаста қағаз құжаттарды пайдалану қажеттілігін азайту, осылайша қажетті ақпаратты жинау мен өңдеуді тездету. Қызметтерді ұсынуда біріккен жүйе құру үшін мемлекеттік ұйымдар коммерциялық мекемелермен бірігіп өздерінің каналдарын бере алады. Жақсарған технологияны пайдалана білуі арқасында мемлекеттік сатып алулар ашық түрде өтетін болғандықтан мемлекет шығыны азаяды. «Үкімет-бизнес» модулі қалыпты процедуралардың бірі декларация немесе несиені рəсімдеуді ғана жеңілдетпейді, негізгі оның функциясы - қысқарту, жеделдету жəне үрдісті автоматтау арқасында азаматтарға өзінің жеке бизнесін құруға мүмкіндік береді. Өйткені жеке капитал тек экономика, əлеуметтік, мəдениеттің, техниканың жəне ғылымның дамуы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің дамуы үшін негізгі күш болып саналады.
Мемлекеттік басқару ұйымдарына негізделген компонент: (халықаралық термин бойынша G2G) АКТ көмегінің арқасында əртүрлі мемлекетті басқару органдарының біртұтас корпоративтік желідегі деректерінің интеграциясына, құжат айналымын оптимизациялау мен шешімдерді қабылдау жəне олардың орындалуының механизмін арттыру мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің жоғарылауына əкеледі.
Осы үш модуль азаматтардың, топтардың, қоғамның əлеуметтік белсенділігін арттырады