Жұмыстың орындалу реті
1 кезең. MS Access -ті жүктеу және жаңа деректер қорын құру
1. MS Access программасын жүктеңіз.
2. Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры(Новая база данных) белгісін және ОК батырмасын басыңыз.
3. Файл аты(Имя файла) жолына Университетатын теріп, Құрубатырмасын шертіңіз.
2 кезең. Кесте режимінде кесте құру
1. Главная-Режим (Режим-таблицы) басамыз.
2. Өрістеріне ат берілмеген және анықталмаған бос кесте пайда болады. 1- Өрістің (Поле1) атын ауыстырыңыз. Ол үшін меңзерді 1-ші өрістің кез келген ұяшығына орналастырып, тышқанның оң жағын басып,Атын ауыстыру(Переименовать) командасын орындаңыз. Өріске Оқу тобы деген ат беріңіз.
Поле 1 | Оқу тобы |
Поле 2 | Оқытушы |
3. 2- өріске Оқытушы атын беріңіз.
4. Кестені Топ атымен сақтаңыз. Кілттік өріс құру сұрағына жоқ жауабын беріңіз.
5. Конструктор режиміне көшіп, өрістердің қалай берілгенін қараңыз. Оқу тобы өрісіне тышқанның оң жағын басып, ашылған жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз.
6. Оқу тобы өрісінің түрін (тип) сандық (числовой) түріне өзгертіңіз.
7. Кестені сақтап, жабыңыз.
3 кезең. Тізім кестесін құру
1. Конструктор режимін таңдаңыз.
2. Өріс аттарын Атын ауыстыру (Переименовать) командасы арқылы өзгертіңіз:
Поле 1 | Код |
Поле 2 | Фамилиясы |
Поле 3 | Аты |
Поле 4 | Әкесінің аты |
Поле 5 | Оқу тобы |
Поле 6 | Курс |
3. Кестені Тізім атымен сақтаңыз. Кілттік өріс беру сұрағына теріс жауап беріңіз.
4. Конструктор режиміне көшіп, өрістер қасиетін қараймыз.
5. Код өрісі кілттік болсын. Ол үшін Конструктор-Ключевое поле немесе жанама мәзірден кілттік өріс (ключевое поле) жолын таңдаңыз. Код өрісінің түрін санауыш (счетчик) түріне өзгертіңіз.
6. Сәйкесінше Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты өрістерінің түрі - мәтіндік, ал оқу тобы, курс өрістерінің түрі - сандық болуы керек.
7. Меңзерді оқу тобы өрісіне орналастырыңыз.
8. Қасиеттер(Свойства) өрісінде орналасқан Подстановкабөлімін таң-даңыз, басқару элементінің түрі(тип элемента управления) – тізімі бар өріс (поле со списком) (18.1-сурет), жол көзі (источник строк) – Топ деп беріңіз.
21.1- сурет. Конструктор терезесі
9. Кестені сақтап, жабыңыз.
4 кезең. Кестелер арасында байланыс орнату
1. Режим таблицы –схема данных командасын орындаңыз. Кесте қосу (Добавление таблицы) сұхбаттық терезесінде Топ кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Тізім кестесін ерекшелеңіз және Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз.
2. Свойства базы данных терезесінде осы кестелердің шартты түрлері пайда болады. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесінің Жабу (Закрыть) батырмасын шертіңіз.
3. Тышқан меңзерін Топ кестесінің Оқу тобы өрісі атына шертіп, тышқанды ұстаулы күйде Тізім кестесінің Оқу тобы өрісіне апарыңыз және тышқанды босатыңыз. Байланыстарды өзгерту(Изменение связей) сұхбаттық терезесі пайда болады.
4. Деректердің бүтінділігін қаматамасыз ету (Обеспечение целостности данных)белгішесін қосыңыз. Егер екі өрістің түрі бірдей болмаса бұл орындалмайды.
21.2.-сурет. Байланыстарды өзгерту терезесі.
5. Байланысқан өрістерді каскадты жаңаруы(Каскадное обновление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл жағдайда Топ кестесіндегі оқу тобы номерін өзгерткенде автоматты түрде Тізім кестесіндегі оқу тобы номерінің де өзгеретінін білдіреді.
6. Байланысқан өрістердің каскадты жойылуы (Каскадное удаление связанных полей) белгішесін қосыңыз. Бұл, егер Топ кестесінде оқу тобы номерін жойғанда Тізім кестесіндегі сәйкес мәліметтің де жойылатындығын білдіреді.
7. Құру (Создать) батырмасын шертіңіз. «Бірдің – көпке» (Один-ко-многим) байланысы пайда болады.Свойства базы данных терезесін жабыңыз және сақтаңыз.
8. Топ кестесін ашыңыз және 5 жазылыммен толтырыңыз:
9. Кестені сақтап, жабыңыз.
10. Тізім кестесін таңдап 5 жазылыммен толтырыңыз.
11. Топ кестесін ашыңыз. Оқу топтарын 200, 201, 202, 203, 204 мәндерімен ауыстырыңыз.
12. Кестені сақтап, жабыңыз.
21.3.-сурет. Деректер сызбасы терезесі
Оқу тобы | Оқытушы |
Махмутова Ш. И. | |
... |
13. Тізім кестесін ашыңыз, ондағы оқу тобы мәндерінің өзгергенін қа-раңыз. Кестені жабыңыз.
14. Топ кестесін ашыңыз және ондағы бірінші жазылымды жойыңыз. Тексеру сұрағына иә жауабын беріңіз және кестені жабыңыз.
15. Тізім кестесін ашыңыз және онда орналасқан 200 номерлі топтың жойылғанына назар аударыңыз.
16. Кестені жабыңыз.
17. Тізім кестесін ашыңыз.
18. Кесте атына барып тінтуірдің оң жағын басып Экспорт командасын орындаңыз.
19. Экспорт объекта сұхбаттық терезесіндегі Файл түрі (Тип файла) жолындағы түспелі менюден MS Excel 3 жолын таңдаңыз.
20. Осы жолдың оң жағында орналасқан Экспорт батырмасын басыңыз. Сіздің MS Access деректер базасында құрған кестеңізді енді MS Excel электрондық кестесінде де ашып жұмыс істеуге болады.
21. Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын ашып MS Excel кеңейтілуінде сақталған Тізім файлын ашып қараңыз.
22. Жұмыс нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
23. MS Access терезесін жабыңыз.